Мәлік ата ұлықтайтын бір бабам
Ұрпақтарға ұлағат жол нұсқаған
Керек боп тұр дәл өзіңдей ғұлама
Ұлт бірлігін бой тұмар ғып ұстаған
Тәубе дейміз осы күнге жеткізген
Бір басынан неше нәубет өткізген
Елің барда ұмытпайды еңбегің
Есіміңіз ескерілсе тек бізден
Мұнымен қойылған жоқ жыр нүкте
Талай-талай жағдайлар бар тірлікте
Ғалым ата, Батыр ата ерлігің
Үндейтіндей баршамызды бірлікке.
Көп жыл еткен еңбектерің ақталған
Абыройын асқан ата, мақталған
Өлді деуге бола ма екен өзіңді,
Қазағымның жүрегінде сақталған.