Мақал-мәтелдер

Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымағы кетсе, өкініші кетпес.


Ылдым – жылдым екі асар, еңсесі қатқан бір асар.


Ісім жақсы деме, халыққа ойлат,
Суды саяз деме, таяқ байлат.


Іргесі берік елді ,
Жау ала алмас.


Бірлігі бар елді,
Дау ала алмас.


Істемеген, тістемес.


Іздеген мұратқа жетер,
Жалқаудың өмірі кіжінумен өтер.


Іздеген табады, сұраған алады.


Ісі жоқтың, асы жоқ.


Істемеген – тістемеген.


Ізденбеген ілгерілемейді.


Іздеген мұратына жетер,
Жалқаудың өмірі босқа өтер.


Іздеген мықан ағашын да табады.


Іздесең табасың,
Алыссаң аласың.


Істеу қиын, сынау оңай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *