Мақал-мәтелдер

Мал баққандікі,
Жер жұртқандікі.


Мал жоқшысы – малшы,
Ұлпан жоқшысы – аңшы.


Менде болсын,
Менде болмаса, елде болсын.


Миға еріген егде азбайды,
Милыға ерген, ел азбайды.


Молалы жерде көл болар,
Көлді жерде ел болар.


Назыңды ер көтерер,
Ер көтермесе, ел көтерер.


Өзің асырамаған жасық,
Өзгені асырамайды.


Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызар.


Өнерлі істе жеміс бар,
Өрелі істе жеңіс бар.


Өзің таппаған дүниенің қадірі жоқ.


Өзің илеген терінің пұшпағы.


Өз қотырын өзі қасиды.


Өмірі зақым жылқы бақсың,
Үзеңгісін ұзын тартсың.


Өткір пышақ, семіз ет –
Тураушының қолында от.


Өткір қырғыш қазан түбін теседі.


Өз қадірін білмеген –
Ел қадірін білмейді.


Өзім үшін туыппын,
Жұртым үшін өліппін.


Өзін – өзі білген ер бақытты,
Өзін – өзі билеген ел бақытты.


Өсер халықтың арманы көп,
Өшер халықтың жанжалы көп.


Өз халқының қарғысын алған,
Өзге халықтың алғысын алмас.


Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.


Өзінің елін таныған ер,
Әрбір істің қамын жер.


Өзінің елін танымаған ер,
Намысын сатып, арын жер.


Өңкей тентек ел болмас.


Сусыз жерде қамыс жоқ,
Азған елде намыс жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *