Жалқау атының арықтығын жерден көрнеді,
Жауырлығын ерден көреді.
Жалқауға бұлт жүк.
Жалқау тек жатар,
Жатқанның ырысы қайтар.
Жалқаулық –жаман ауру.
Жетесізге сөз өтпейді.
Жерлі құланды,
Терлі құнан аудырар.
Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбегімен ер көгерер.
Жалқау көп ұйықтайды,іс жатпайды,
Жұмыс тапсырса,мойынсынбай қылжақтайды.
Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді,
Жаманға ақыл орнынан күлкі береді.
Жалғанға жалқау нанады,
Не аңқау нанады.
Жаңбыр жауса жер тоқ,
Егін ексе ел тоқ.
Бұлақ ақса көл тоқ,
Еңбек етсе ер тоқ.
Жүріп шаршаған тұрып тынығады,
Тұрып шаршаған отырып тынығады,
Отырып шаршаған қалай тынығады?
Жөндей алмаған бұзып тынады,
Жалғай алмаған үзіп тынады.
Жұмысы жоқтың –ырысы жоқ.
Иі қанбаған қайыс арқан болмас.
Ине де икемді қолға үйір.
Ине өз тесігін тіге алмайды.
Иттен қорыққын дуаналық қылмайды.
Кісіден тілегеннің екі көзі шығады,
Еңбегіне сенгеннің екі бүйірі шығады.
Кім еңбек етсе –сол тоқ.
Кері кеткен еріншек,
Керсен сұрауға ерінеді.
Кәсібі бардың – несібі бар.
Кәсіп , кәсіп түбі –нәсіп.