Ең, жұмыс, ұсталық тағы басқа тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер

Қолыма жұмыс бергенің,
Жаныма тыныс бергенің.


Құлдай қызмет етсең,
Бектей жатып жейсің.


Қызмет қыл да, міндет қыл.


Қарманған қарап қалмайды.


Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.


Ағашты көлеңкеген,
Еккенге рахмет айтады.


Қойшыны таяғы,
Қасқырды аяғы асырайды.


Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.


Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,
Аузы қимылдаған адамға аштық жоқ.


Қимылдаған қыр асар.


Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.


Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын.


Қыстай қайрап, жаздай шапқан кетпеннің,
Кетпен шауып мұратыма жеткенім.


Қамданған қапы қалмайды.


Құс топтанса ұшайын дегені,
Ел топтанса көшейін дегені.


Мал баққанға бітеді,
Отын жаққанға бітеді,

Егін еккенге бітеді,
Жерін тауып, сепкенге бітеді.


Мехнат түбі – кейіс,
Рахат түбі – пейіш.


Мал таба білмеген,
Пайда таба білмейді.


Малды жақсы баққанның,
Өзіңе пайда тапқаның
Малды жаман баққанның,
Келген бақты қаққанның.


Мал жайған малдың
Жайылғанына тояды.


Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.


Малды баға біл,
Бабын таба біл.


Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *