Еріншектен мізбақбас туады.
Еріншектің егіні піспес.
Ескі киімді баптағаның,жаңа киімді сақтағаның.
Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын жеккен білер.
Еріншекке есік де асу көрінеді.
Ескіні жамаған сайын жыртылар.
Еңбектің түбі- рахат.
Еңбексіз елге сыймас.
Еңбекшінің мұртын балта кеспес.
Еңбек бейнет емес, зейнет.
Ерінбеген емер,жалықпаған жеңер.
Ерінбеген елге жетеді.
Ерінбегеннің еңбегі оңады,
Еңбегі оңғанға қыдыр қонады.
Ерінбек еңбек қыл,
Жалықбай өнер біл.
Ерінген екі істейді.
Еріншек адам-еміншек.
Еріншек түске дейін ұйықтайды.
Еріншекке шегіншек тап болар.
Еріншетің ісі –екі.
Ердің артың еңбек шығарар.
Ертен жат ат ерте тұр,
Бір піспекті артық ұр.
Ерте тұрған өкінбес.
Епті етегін жабады,
Епсіз мүрдем қабады.
Ерінбесең ұста боларсың.
Ез, езден без.
Екі ұштыны бір күшті қосар.
Еңбек өмір ажары.
Еңбек – дәулет, бедел- сәулет.
Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
Есебін таппағаны-
Есіктен жаңылғаны.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.