Түйелі қойшы – тұрған қойшы,
Төбесінен ұрған қойшы.
Темірші көміршіге үйір.
Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген.
Темірдің бір басы ыссы,
Бір басы суық.
Тақыр жерге шөп шығарған.
Отпен кіріп, күлмен шығып.
Таудан тас арқалаған.
Тынбай жүрген тасбақа,
Тәй – тәй басып түйеден озар.
Той сылтауы мен тон бітер.
Ұсталы ел озар,
Ұстазсыз ел азар.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Ұрыншақ атқа жал бітпес,
Еріншек ерге мал бітпес.
Ұлы істе ұят жоқ.
Ұят деген – тайпа ел.
Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
Ұйқышыл жастық таңдамайды.
Ұйықтаған ұйқы алады,
Ұйықтамаған жылқы алады,
Еріншек дүниеден құр қалады.
Ұстаны соққан
Пышағынан таниды.
Ұсынған мойынды қылыш кеспейді.
Ұзынсыз қысқа болмас,
Үлгісіз ұста болмас.
Ұстаның айласы көп, ақылы жоқ.
Шоқ қайдан болса, жылу содан.
Шабандоздың қолы қатты, тақымы тас.
Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі – ортақ.
Шаруаның бірі – бес,
Диханшылық оған ес.
Шегірткеден қорыққан егін екпес,
Бейнеттен қорыққан мал жимас.
Шаруаның мұңы бір.
Шаруа он жылда,
Диқан бір жылда.