Ерлік, батырлық, жігіттік туралы мақал-мәтелдер

Ай толғанын білмейді, жігіт болғанын білмейді.


Абыройлы болар жігіттің алғашқы ұрлығы ашылады.


Ақын жігіт – дауға жоқ,
Батыр жігіт – жауға жоқ.


Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тидірмес.


Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.


Аты атанбаған жігіттен,
Аты атанған төбе артық.


Арманы жоқ жігіттің, пәрмені жоқ.


Арғымақ атқа оқ тисе,
Жабыдай болып туламас.


Ер жігітке оқ тисе,
Жамандай болып шуламас.


Арыстанда бір жігіттің күші,
Қырық жігіттің жүрегі бар.


Ары таза жігіттің, жаны таза.


Адам болар жігіттің, жары өзіне лайық,
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық.


Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат.


Ақылға ден қоя біл,
Ашу өртін өшірген.


Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.


Айыл – тартпаның батқанын иесі білмес, ат білер.


Ағайынның қадірін ағайын білмес, жат білер.


Ақыл қонбаған жігітке , бақ та қонбайды.


Азаматын көр де, ауылын таны.


Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.


Бай болатын жігіт айырбасшал болады,
Адам болатын жігіт қарындасшыл болады.


Батырды – жауда,
Данышпанды – ашуланғанда ,
Досты – жоқтықта сына.


Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.


Батыр тапса барша жер,
Бақыл тапса басып жер.


Батыр болсаң, жау қайтар.


Батыр майданда, болат қайнауда шынығады.


Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.


Баулыған батыр болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *