Батырлық, жігіттік, ерлік туралы мақал-мәтелдер

Жігітті досына қарап сына.
Жігіттің дені сау болса – сол дәулет.


Жігіттің қосы оңбайды, ісі оңбайды.


Жарлы болатын жігіт – байталын атқа сатады,
Жалғыз болатын жігіт – ағайынын жатқа сатады.


Жақсы ат көптікі, жақсы жігіт көптікі.


Жігітті тоқтық қосады, тоқтық қоспаса,
Жоқтық қосады.


Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.


Жігіттің бір терлегені, есектің бір осырғаны.


Жүйрік алысқа, жігіт намысқа шабады.


Жігіттің жігіті – түсінде жылқы көреді.


Жылқыда да жылқы бар,
Қазан аты бір бөлек.


Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек.


Жақын таласса , жатқа жем.


Жігіттің жайын
Жолдасына қарап жоры.


Жаман жігіт жолдасын жауға алдырар,
Өзін ұятқа қалдырар.


Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз жігіттің айласы көп.


Жақсы жігіт
Досының жайын ойлайды.


Жаман жігіт
Басының қамын ойлайды.


Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.


Жігіттің сорлысын
Жалқының жолдасы теңейді.


Жалғыз жігіт жарымас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *