Құралайдың суы


Ертеде астролог, метеоролог мамандар болмаса да ата-бабаларымыз ауа райын табиғат құбылысына қарап болжай білген. Кең-байтақ даламызда көшіп-қонып жүріп ауа райын мұқият бақылаған. Қоныс аударуға артынып-тартынбас бұрын күн райын бағамдап барып, жолға шыққан екен. Жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын, өлкемізге тән жайттарды жадына тоқып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
Қыста киіктер қары жоқ немесе оның қалыңдығы 15-20 см ден аспайтын жерлерді мекендейді.осы жерден, оңтүстіктен, наурыз айында немесе сәуірдің басында құстар сияқты солтүстікке аттанады.Осы уақытта ұрпақ әкелетін ұрғашылары тыныш орындарды іздеп, өздеріне қаупсіз жерлерге кетеді. Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды аз жинайды. Киіктер мамыр айының 25-30 аралығында төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын – шашын болады, күн суытады. Қазақтар оны «Құралайдың суығы» деп атайды. Олардың төлі аптап ыстыққа шыдамайды екен, сол үшін Алла тағаланың мейірімімен жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылады. Ал «Құралай салқынынан» кейін жаз толықтай күшіне енеді. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі –үш сағаттан соң аяқтанып кетеді,ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен де қуып жете алмайсыз. Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтықта ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделіп алған киіктердің тағы бір ерекшелігі–ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Сонымен бірге көп лақтың ішінде өз төлін шатаспай табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *