Мұрты өскендердің өздері кәпір,
Шашы өскендердің елі кәпір.
Молла «бер» деген сөзді білмейді,
«Ал» деген сөзді біледі.
Молланың сәлдесі
Ақ болғанмен, ниеті қара.
Молла молладан ілім алады,
Қоңсы қоңсыдан тәлім алады.
Молланы мазарда көр,
Делдалды базарда көр.
Моллаларға мал қайғы,
Момындарға жан қайғы.
Момының ісін Құдай жөнге салады.
Мал – байдікі, жан – Құдайдікі.
Момынның есебін қу табады,
Қудың есебін Құдай табады.
Момынның ісін Құдай оңдайды.
Мінсіз Құдай, кірсіз су.
Надан молла намазқой.
Отыз күн оразаның бір айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
Ораза, намаз тоқтықта,
Иман кетер жоқтықта.
Ораза, намаз тоқтықта,
Қарны ашқан молланың
Сәлдесі қалар боқтықта.
Өлтіретін молла көп,
Өртейтін кітап көп.
Өзі саққа – Құдай жақ.
Өзі екі етем десе,
Тәңірі бір етер, не жоқ етер.
Періштенің сұрағаны болмайды,
Алланың қалағаны болады.
Періштенің де бес міні бар.
Пайғамбардың қасында шалдияр кісі ме?
Сауатсыз молланың сәлдесі үлкен.
Сәлдесіне шоқ түскен молладай.
Сен құдайға жеткенше, мен үйге жетейін.
Сорлының тамағың,
Дүмшенің біссімілләсі тауысады.
Сәті түсерде сәл ерсе себеп болады.
сүйенгеніңнен сыйынғаның күшті болсын.
Себептен себеп, топырақтан имарат.
Себепсіз аяққа тікен кірмейді.
Сопы үгітшіл келеді,
Молла үмітшіл келеді.
Сайрамда бар сансыз баб.
Сұрай- сұрай Меккеге барады.