Құран сөзі – құдай сөзі.
Қол қолды табар,
Шариғат жолды табар.
Құлқуалламен қойды құртты,
Ассалаумен асты құртты.
Енді жан-жағын қармауды шығарды.
Құдайдан безгенді шайтан сүйеді.
Құдайдың күнінің жаманы жоқ.
Қара жерді жамандама,
Қайтып сонда барасың.
Құдай деген құнықпайды.
Құдайғада сенеді, албастыға да ереді.
Құдаға бола құдайыңнан айрылма.
Құдайға сенемін деп жолыңнан қалма.
Құдай құмырсқаға кәрін тіксе, қанат бітіреді.
Құдайын берейін десе,
Жұдырыққа тас сынады.
Бермейін десе,
Бұршаққа тіс сынады.
Құдайдан сұрағанның
Екі бүйірі шығады.
Адамнан сұрағанның
Екі көзі шығады.
Молланың тілі сынық,
Төрелінің тісі сынық.
Молла ашықса базар кезеді,
Сопы жұтса мазар кезеді.
Мүләйімсіге молладан без,
Ала шұбар жыланнан без.
Молла білгенін оқиды,
Қарға көргенін шоқиды.
Мол берсең молла да бәйек болады.
Молладан хат қалады,
Жақсыдан зат қалады.