Жау, дұшпан, достық туралы қазақша мақал-мәтелдер

Кезенген жаудың көрінен сақтан,
Сойқанның сөзінен сақтан.


Күле кіріп күңіре шыққаннан сақтан,
Күні шығып тұрып жауғаннан сақтан.


Күшіңе қарай жүк көтер,
Мінезіңе қарай дос таңда.


Күлме досыңа, келер басыңа.


Күншіл дос
Озып бара жатсаң етегіңнен басады,
Қалып бара жатсаң қасыңнан қашады.


Күле кіріп, күңірене шығар.


Көшсең апаттан құтыласың.


Қашсаң жаудан құтыласың.


Көптеген жау қашырады,
Көмектескен қонақ аттандырады.


Қауіп бар жерде – қатер бар.


Қауіп кімнен – қатер сонан.


Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман.


Қимас доспен сыйлас.


Қимас досың сұраса,
Қимасыңды бергейсің.


Құрдас тапқан құл азбас,
Жолдас тапқан ер азбас.


Қашпаған жаудың күші бар.


Қауіп қайдан болса,
Қатер содан.


Құданы Құдай қосады,
Досты періште қосады.


Қасың мен досыңды,
Қас-қабағы танытар.


Құданы Құдай қосады,
Досты періште қосады.


Қас болып, дос болғанға мақтан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.


Қырық атан ұстама,
Қырық тамыр ұста.


Қасыңның жылмаңдағанынан,
Досыңның түнергені артық.


Қатыныңмен дос бол,
Үйіңе береке кіреді.


Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.


Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.


Құдайдың бергені қолдануға жақсы,
Достың бергені мақтануға жақсы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *