Ер, еңбек, ауыл туралы қазақша мақал-мәтелер

Артылған нанды тастама.


Арпа егіп бидай орамын деме.


Ара шақты деп араз болма,
Балы бар.


Ащы еңбектен тәтті нан.


Аузың айтқанды қолмен істе.


Ат аяған арымас, ас аяған жарымас.


Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.


Бай малын жейді,
Кедей жанын жейді.


Балық аулай алмаған суды лайлайды.


Біткен іс- піскен жеміс.


Бекер жүргенше, бекер істе.


Еңбексіз тапқан мал есепсіз бітеді.


Ексең орасың, берсең аласың.


Екі қолға бір күрек.


Ердің атын еңбек шығарар.


Еңбек түбі- зейнет.


Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.


Еңбекпен бақыт егіз.


Еріңбеген етікші болар.


Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды.


Ебін тапқан екі асар.


Еңбегі аздың – өнбегі аз.


Екі желеу бір сылтау.


Еріншекке жоқ сылтау.


Ертеңі көбейген істе береке болмайды.


Егінші мәрт- жер – жомарт.


Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.


Ердің атын еңбек шығарар.


Ер дәулеті- еңбек.


Еңбек патшалықты асырайды.


Ер – егіз, еңбек – жалғыз.


Епсіздің еңбегі еш.


Еңбегін- дәулетің.


Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *