Ел, жер, халық туралы қазақша мақал-мәтелдер

Ел еміренсе,сен тебірен.


Ел тілеуін тарықпай бермейді.


Ел не демейді,есек не жемейді?!


Ел аузы дуалы.


Ел аузына елек қойып болмас.


Ит семіз,малы арық-жер азғаны,
Ынтымағы болмаса-ел азғаны.


Көшпелі ел тағанақсыз болмас,
Той мен ас айтыссыз,жыраусыз болмас.


Кең киім тозбайды,
Кеңесшіл ел азбайды.


Кеңесте кеңдік көп.


Көп келіссе,кірекеш түйесін сояды.


Көптен бөлінген үй оңбас.


Кеңесті ел –кемімес.


Көп түкірсе көл болады,
Көп біріксе ел болады.


Көшкен елдің көмеші болса,
Елу елдің ерулігі бар.


Көшпелілердің қоры болғанша,
Егінші ердің көлі бол.


Кеңесті ел – кем емес.


Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.


Қара жерді жамандама, қартайып сонда барасың
Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.


Қаз бен үйректің панасы көл,
Жетім мен жесірдің панасы ел.


Қармақтың дәні болғанша,
Бидайдың сабаны бол.


Қатардан ассаң да,
Халықтан аспақ жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *