Дәм татыру


Қазақтар асты дәм деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда: «Дәмдес болып едік, үйінен дәм татып едік» деп, ренжігенде, өкпелегенде «дәм тұзым атсын, дәм тұзыма салдым» деген сөздердің ұлт тұрмысы мен өмір жолы мен таным-түсінігінде, наным сенімінде өзіндік дара орны бар. Өйткені әр қазақ өздерінің жақын-жуығы мен ілік-жекжаттарына ғана емес, ел сыйлаған белгілі, құрметті азаматтарына, қадірлі ақсақалдарына, на-әжелеріне өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, елдік, адамдық парыз деп санаған және ол жолдан күні бүгінге дейін тайған жоқ. Тек таныстар емес, кез-келген жолаушы, үйге келген бейтаныс кісіге де дәм татырай жібермеген. Себебі, ұлт ұғымында дәмде, аста, тамақта, кие, қадыр, қасиет,ырыс,береке, тірлік бар деген терең түсінік тым ертеден-ақ қалыптасқан. Дәм татырудың қоғамдық, әлеуметтік, елдік істерде қызметі өте зор болған. Ең алдымен, әдейі шақырып дастарқаннан дәм татыру- ата салт, қазақи тәртіп әрі жол жоралғы, әдеп. Екіншіден ол сыйлаудың, аса құрметтеудің, жақсы көңілдің айғағы. Үшіншіден қай жерде де, қай күнде болмасын сыйлас, қамқор, тілектес бола жүрудің кілті. Дәмдес болған адамдар бір-біріне ел дәстүрі бойынша қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, табысына және қуанады. Қуаныш, қайғысынада да ортақтас болады. Бұл ғасырлар бойы санаға сіңген салиқалы салт, бұлжымас әдет. Демек дәм татыру, дәм тату таза адамгершілік, достық, бірлік белгісі. Бұл жақсы үрдіс халықпен бірге жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *