Достық, ізгілік, дұшпан туралы қазақша мақал-мәтелдер

Жолдастың жолы кең.


Жолдасын тастаған жолда қалар.


Жолдасы жақсының олжасы жақсы.


Жолдас қадірін жорықта білерсің,
Дос қадірін соғыста білерсің.


Жолдасын жамандаған,
Жолдассыз қалады.


Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа.


Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.


Жұдырық жең ішінде түйілер.


Жұмса жұдырығында,
Ашса алақанында.


Жіңішкені үзу оңай,
Жұқаны таптау оңай.


Жығылғанды жер көтереді.


Жүректің жолы ыстық,
Білектің жолы суық.


Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.


Алыстағы дұшпаннан ,
Қасыңдағы қас жаман.


Аңдыған жау алмай қоймас.


Атаң да болса бір жолдас.


Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.


Аттыға жаяу жодас болмас.


Ескі дос қосқанның сауабы бар,
Жаңа дос қадіріңе жетпейді


Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.


Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.


Жақсымен жолдас болсаң –
Жарты жолға жеткенің.


Жора-жолдас не керек, жауға бірге шаппаса.
Арғымақ мініп не керек, жабыдан озып артпаса.


Жігіттің жайын жолдасына қарап жоры.


Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, досыңа қыл.


Жау жаманы айызын өліден қайтарады.


Жақсы жолдас – жаныңа жолдас,
Жаман жолдас – малыңа жолдас.


Көп алдында абыройыңды төккен досыңнан,
Аз алдында құрмет көрсеткен дұшпан артық.


Кей адам дұшпанмен дос болады,
Досымен қас болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *