Достық, жолдас, құрбы-құрдас туралы қазақша мақал-мәтелдер

Құрбысының асқаны құдасынан біледі.


Құдай қосқан құда болады,
Пайғамбар қосқан дос болады.


Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.


Құрдас тапқан құл азбас,
Жолдас тапқан ұл азбас.


Қырық атан ұстама, қырық тамыр ұста.


Құдайдың бергені қолдануға жақсы,
Достың бергені мақтануға жақсы.


Мұзға сүйенбе, жауға сыйынба.


Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан бір дос жақсы.


Мың досың болса да,
Біреуінің орны бөлек.


Отпен ойнама өртенерсің,
Доспен ойнама өкпелетерсің.


Оқ табылса, құс кез келмейді,
Ас табылса, дос кез келмейді.


Өзіңді ер деп білсең,
Дұшпаныңды шел деп біл.


Өз зайыбыңа дұшпанның көзімен қара.


Өзің қорықпасаң жау қорқады.


Өткен-кеткен жауыңды,
Жамылғы алып қума.


Өз қорлығыңнан жат қорлығы күшті.


Пайданың зоры –
Дос үшін шеккен зиян.


Сыртқы жау екі ұшты,
Ішкі жау қорқынышты.


Сыр айтқанда досыңды,
Дұшпаным деп ұқ.


Сырты қар болғанмен іші сары.


Сыртын көріп, ішінен түңілме,
Қарасын көріп, күшінен түңілме.


Сабы шотпен отын жарма,


Сабырсыз доспен жауға барма.


Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла,
Үй алмас бұрын көршіңді сайла.


Сары жаудың бәрі жау.


Су – тілсіз жау.


Соқырды қарауылға қойсаң ,
Үстіңе жау келтірер.


Сүйек тамыр сүйенісіп күн көреді,
Ауыз тамыр айтысып, ақын алады.


Тамыр түбі дау,
Құрдас түбі жау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *