Достық, жау, дұшпан туралы қазақша мақал-мәтелдер

Жолдас қадірін жорықта білерсің,
Дос қадірін соғыста білерсің.


Жау қолына түскенде,
Жақсы жолдас жанын берер.


Жаудың азы да бір, көбі де бір.


Жауда бір үйің болсын.


Жауға жалынба, досқа тарылма.


Жауға батыл бол, дауға бақыл бол.


Жау сырыңды алса, қырыңды алар.


Жау төнгенде батыл бол,
Дау төнгенде ақыл бол.


Жасанған жауды күттірме,
Жасаулы табақты күттірме.


Жаман дос көлеңке
Басыңа бақ қонса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңа бұлт төнсе ,
Іздеп таба алмайсың.


Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десее,
Қолыңа қылыш, қалқан ал.


Жаусыз жақынын жейді,
Ішіндегі пақырын жейді.


Жауға сыртыңды берсең де,
Сырыңды берме.


Жарқанатқа жарық қас.


Жау сырыңды алса, қырыңды алар.


Жауға барсаң бәрің бар,
Дауға барсаң бірің бар.


Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.


Жаңадан дос тапсаң да,
Ескі досыңды ұмытпа.


Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.


Жер асыңнан жемес асың көп болсын.


Жолдасың жақсы болса, жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса, қолым ұзын деме.


Жора-жолдас не керек,
Жауға бірге шаппаса.


Арғымақ мініп не керек,
Жабыдан озып артпаса.


Жартыны жарып жеген татулық.


Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, досыңа қыл.


Жақсы дос пайдасынн тигізбесе де,
Зиянын тигізбейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *