1990 жылы, менің ең жақсы досым Майк, әкесінің империясын,
өз қолына алды, оны ол әкесінен де артық басқара бастады. Біз екі-үш
жылда бір рет, гольф ойыны алаңында кездесіп тұрамыз. Олардың,
әйелімен екеуінің байлығын, Сіз көз алдыңызға елестете де алмайсыз.
Бай әкенің қаржы империясы, сенімді қолға тиді, енді Майк өз баласын мұрагерлікке дайындап, бізді кезінде әкесі қалай тәрбиелесе, ұлын солай тәрбиелеуде. 1994 жылы, мен 47 жасымда жұмыс істетуді тоқтаттым. Менің әйелім Ким 37-де. Біз жұмысты мүлдем тастап кеткен емес едік. Күтпеген бір өрескел жағдай болмаса, біздің жұмысты істегенімізден, не болмаса істемегенімізден жағдай өзгермеген болар еді, өйткені біздің байлығымыз, қандай да жағдай болмасын, инфляцияны қосып
есептегеннің өзінде, автоматты түрде көбейіп отырған еді. Шамасы, бостандық деген, осы болар. Капитал жүргізуіміздің үлкендігі соншалықты, сырттан ешкімнің
кӛмегінсіз, табыс әкелетін. Бұл ӛз қолыңмен отырғызған ағаш тәрізді. Сіз жылдар бойы, оған су құюмен боласыз, бірақ бір кезде ол Сіздің көмегіңізді қажетсінбейді. Себебі: оның тамырлары айтарлықтай тереңге кетіп, енді ол үлкен кӛлеңке түсіріп, Сізді қуанышқа бөлейді. Майк өз империясын басқаруды қалады, ал мен демалысқа кеттім. Мен адамдармен сӛйлесіп, пікірлескенімде, олар менен көбіне-көп, мынандай сұрақтарға жауап беруімді өтінетін: «Қалай бастауға
болады?» «Қандай кітапты оқып шықкан дұрыс?». «Өз балаларымызды қалай тәрбиелеуге болады?», «Табыс кілті неде?»
немесе «Миллионды қалай табуға болады?»
Осылар жӛнінде кеңес берулерін сұрайтын. Мұндай жағдайларда, мен бір уақытта оқыған мақаланы есіме түсірем.
Роберт Киосаки