АЙ

 1. Жердің табиғи серігі; түнде жарық сәуле түсіріп тұратын аспан денесі. 2. Жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін уақыт өлшемі; отыз күндік мерзім. Ай қораланды – айдың беті мұнартып, төңірегі шеңберленді. Айға шапты – қолынан келмеске ұмтылды. Айда аяқ, жылда жілік жоқ – ай мен жыл бөлініп жарылмай, білінбей өте береді.   д.  м.  Айдан айдай анық – бесенеден белгілі, ап-айқын. Ай десе аузы бар (жоқ), күн десе көзі бар жоқ – асқан сұлу, өте көрікті. Айды аспанға бір шығарды мысқ. – бір іс істеп, жұртты таң қалдырды, атын шығарды. Айдың аманында – ел аман, жұрт тынышта. Ай жүзді – сұлу көркем (әйел). Ай қабақ – көркем қыз, сұлу әйел. Ай қарадың ба? – не бітірдің? (не істедің?  д.  м.) Ай маңдай (лы) – әдемі, көркем. Ай мен күндей – асқан сұлу көркем, әдемі. Ай мүйіз (ді)  фольк.  – сәнді, көркем мүйізі бар. Айы жеткен айында, күні жеткен күнінде – әр нәрсенің өз уақыты бар.   Айы жетті – босанатын кезі болды, уақыты таянды. Айы оңынан туды – жолы болды, сәті түсті. Айы өтті – зәру болды, ділгірлік етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *