Ынталы және ынжық адамдар арасындағы айырмашылық күн мен түн сияқты. Мәселе тиімді болудың 25 немесе 50 пайыздық емес, 5000 есе айырмашылығында болып тұр. Әсіресе басқаларға қарағанда, ақылды, зерделі, сергек адамдар туралы осылай ащылау айтуға тура келеді. Өміріміздің тиімді Н/РА теңгерімін ұстау үшін ынталы болу керек. Жеті дағдыны меңгеру үшін де ынта кажет. Қалған алты дағдыны меңгеру барысында әрқайсысын толық игеру проактивтіктің «бұлшықет» шымырлығына байланысты екенін байкайсыз. Әр дағды адамның әрекетіне жауагікершілік жүктейді. Сізге сырттан біреу әсер етеді деп күтсеңіз, онда сол ықпалдың ыңғайында қаласыз. Бірде тұрмыстық техника өндіретін жиырма шақты мекеменің қызметкерлерінен құралған топпен жұмыс істедім. Олар тоқсан сайын бейресми ортада бас қосып, тәжірибе бөлісетін, проблемаларын талқылайтын. Бұл өте күрделі экономикалық дағдарыс кезеңі еді. Осы сала дағдарыстан қатты жапа шекті. Дәрісті бастаған кезде, тыңдаушыларымның көңіл күйі жоқ еді. Бірінші күні «Басымызға не күн туды, неліктен бұлай болды?» деген сауалды талқыладық. Біраз сілкіністер болған. Нарық конъюнктурасы өте нашар еді. Жұмыссыздық өршіп түрды. Кездесуге қатысушылардың көпшілігіне өндірісін сақтап қалу үшін, достарын жұмыстан шығаруға тура келді. Бірінші күнгі кездесудің соңында олардың көңіл күйі бұрынғыдан бетер түсіп кетті. Екінші күні «Бізді келешекте не күтіп тұр?» деген сұрақты талқыладық. Жағдайдың даму тенденцияларын сараптадық; бұл өзгерістер біздің келешегімізге қалай эсер
ететініне байланысты болжамдар айттық. Екінші кездесу алдыңғысынан да зор күйзеліске ұшыратты. Жақсы өзгерістер үшін жағдай қазіргіден де шамалы болуға тиіс екенін бәрі іштей сезді. Сондықтан үшінші күні «Жағдайға реакциямыз қандай? Қолымыздан не келеді? Осы жағдайда қандай белсенділік танытуымыз керек?» деген сияқты өте өзекті сауалдарға тоқталуды тапқырлығын біріктіруге қабілетті. Ұйымдардың сыртқы жағдайға бейімделуі шарт емес; олар өздері біріктірген адамдардың құндылығы мен мақсаттарын жүзеге асыру жолында ынта білдірсе жеткілікті.
Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы