ӘЛЕУМЕТТІК АЙНА

 

Өзіміз туралы түсінігіміз тек әлеуметтік айна арқылы, яки қазіргі әлеуметтік
парадигмаға, сонымен қатар айналамыздағы жандардың пікірі, ішкі ұстанымдары мен парадигмасына байланысты қалыптасса, онда мұндай көзкарас қисық айнадағы сұлбаға ұқсап кетеді.
Сен ылғи кешігіп жүресің!
Неге бөлмең үнемі шашылып жатады?
— Циркте өнер көрсететін адамсың-ау.
Шошқа құсап жейсің.
Оп-оңай! Қалай түсінбейсің?
Мүндай бағалау шашыраңқы, объектив емес. Көбіне бұл пікірлер сіздің шынайы болмыс-бітіміңізден гөрі осылай тілін безейтін жандардың кемшілігі мен басындағы проблемасының проекциясы болып шығады. Қазіргі заманғы әлеуметтік парадигманың осындай көріністерінен біздің мінез-құлқымыз түрлі шарттылық пен бағдарламаларға бағынышты екенін байқауға болады. Шарттылықтардың тіршілігімізге жүргізген билігін мойындап, бізді қалыпқа салып шектейтінін, ықпалына төтеп бере алмайтынымызды айтқанда, бұрмаланған карта жасап шығарамыз. Жалпы алғанда, адам болмысын түсіндіру үшін қолданылатын әлеуметтік картаның — детерминизмнің кейде жеке-дара, кейде әртүрлі комбинацияда қолданылатын үш теориясы бар:
Генетикалық детерминизм теориясына сенсек, бойыңыздағының бәрі ата
тегіңізден біткен. Сондықтан темпераментіңіз осындай. Атаңыз бен әжеңіз тік мінезді болған, ол сіздің ДНҚ-да сақталған. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Оның үстіне сіз ирландықсыз. Ал ирландықтарға бұл мінез тән.
Психикалық детерминизм теориясы мінездің қалыптасуында ата-ана рөліне басымдық береді. Яғни тұлғалық қасиеттеріңіз бен мінез-құлқыңыз бала
кезден, сәби шағыңыздан қалыптасқан. Сондықтан сіз жұрт алдына шығып
сөйлеуге қымсынасыз. Ата-анаңыз солай тәрбиелеген. Қате жасаған сайын
өзіңізді кінәлі сезінесіз. Өйткені эмоциялық жадыңыздың терең қатпарында
кішкентай, қорғансыз, тәуелді болған кезіңіз жатталып қалған. Бір нәрсені қате жасағанда немесе сізден артық дүниені күтіп, сол үдеден шыға алмай қалғанда, эмоциялық жазалауға, терістеуге, біреумен салыстыруға ұшыраған жағымсыз сәттерді ұмыту мүмкін бе? Ал қоршаған орта детерминизмі теориясына сенсек, бәріне кінәлі бастығыңыз, әйеліңіз, не бейбақ балаңыз; қазіргі қаржылық ахуал, мемлекеттің сүреңсіз саясаты, тағысын тағылар. Қысқасы, айналаңыздағы біреудің немесе бір нәрсенің кесірінен осындай күйге душар болып отырсыз. Бұл карталардың бәрі Павловтың иттерге жасаған тәжірибелік зерттеуімен жиі салыстырылатын «стимул-реакция» теориясына негізделген. Негізгі мәні — біз қандай да бір тітіркендіргішке белгілі бір әрекетпен жауап қайтаруға жадыланғанбыз. Реактив болу моделі Жалпы, детерминистік карталар территорияны қаншалықты нақты сипаттайды? Бұл айналар адамның шынайы болмысын қаншалықты анық көрсетеді? Өздігінен орындалатын болжамдарға айналып кетпей ме? Өз ішіміздегі бекітілген принциптерге сай ма?

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *