ЫНТА БІЛДІРУ

 

Адам болмысына әсер ету нысаны болғаннан гөрі әрекетке талпыну тән.
Бұл, бір жағынан, бізді белгілі бір жағдаяттарға орай, қалай әрекет ететінімізді өз бетімізше таңдау мүмкіндігін берсе, екінші жағынан, бізді сол жағдайдың моделін өзіміз жасауға құлшындырады. Ынта білдіру деген беймаза, дөрекі, өктем болу дегенді білдірмейді. Бұл — жағдайдың белгілі бір бағытта өрбуіне өз жауапкершілігіңді сезіну. Бірнеше жыл бойы жақсы жұмысқа ұмтылған жандарға тек ынта білдіруге кеңес бердім: яғни «жеке қызығушылығыңды анықта, қабілет-қарымыңды байқа, қызығушылық танытқан үйымға қатысты саланы, тіпті олардың бетпе бет келетін проблемаларын мұқият зертте, содан соң ұйымның түйткілдерін
шешуге көмектесе алатыныңды көрсететін шағын презентация дайында» деп
тапсырма беретін едім. Мүндай әдіс «шешімді сату» деп аталады. Бизнесте жетісгікке жетудің негізгі кілті. Әдетте адамдар бұған келісетін: көпшілігі бұл амал лайық жүмыс табуға, қызметте жоғары өрлеуге көмектесетінін біледі. Бірақ ойындағысын жүзеге асыруға келгенде, дұрыс әрекет жасай алмайды, ынта білдірмейді. Сылтауының сиқы:
— Қызығушылығым мен қабілетімді анықтап беретін тестілеуден өтетін
жер таппай жүрмін.
— Сол сала мен ұйымның проблемаларын зерттеудің жолы қалай? Маған
ешкім көмектескісі келмейді.
— Өтімді презентацияны қалай дайындау керек екенін білмеймін.
Көп адам жағдай өздігінен шешіле салады деп ойлайды, әйтпесе біреу олардың қамын ойлауы қажет сияқты көрінеді. Ақырында, жақсы жұмысқа проактив жандар ғана қол жеткізеді: өйткені олар түйткілді талқылап бас ауыртпайды, шешу жолдарын іздейді, ынта білдіреді, ұстанымдарына арқа сүйей отырып, өз міндетін орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Мәселен, отбасымыздың бір мүшесі (мейлі ол ең кішкентайымыз болсын)
жауапкершіліктен қашқақтап, басқа біреудің дайын шешім ұсынғанын күтсе,
бәріміз бірауыздан оған:
— Өзіңнің «Т» мен «Ы-ңды» (тапқырлығың мен ыңтаңды) қос! — дейміз.
Бөгеліп қалғанын білген ол да көбінесе бізге айтқызбастан:
— Әй, осы менің «Т» мен «Ы-ым» қайда кеткен? — деп дереу қарекетке
көшеді.
Адамдарға жауапкершілік туралы ескерту оларды кемсіту үшін емес, қолдау
үшін айтылады. Проактив болу — адам табиғатының бір қыры, кейде проактив
болу гені мүлгіп кетуі мүмкін. Бірақ ол бәрібір әр адамның бойында бар. Баска адамдардың мінезіндегі проактивтікке қүрметпен қарау арқылы біз оларға әлеуметтік айнадан өте анық, еш бұрмаланбаған сүлбасын көрсетеміз. Әрине, әр тұлғаның естілігі әртүрлі деңгейде екенін ескеру қажет. Эмоциялық түрғыдан тәуелді адамдардан тиімді шығармашылық байланыс күтуге болмайды. Бiрақ біз олардың табиғатына тән қасиеттерін нығайтып, өзіне сенімін күшейте аламыз. Сөйтіп, қолда бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз проблемасын өзі шешуіне мүмкіндік береміз.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *