ПРОАКТИВ БОДУДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

 

Адам табиғатының іргелі приниципін ашқан Франкл өзінің нақты жеке картасын сипаттап берді. Ол соның негізіне сүйене отырып, адамның кез келген жағдайда тиімділігі жоғары әрі ең маңызды — проактив болу дағдысын дамытты. Қазіргі заманда проактивті термині менеджмент туралы әдебиеттерде кеңінен қолданылғанымен, бұл сөздің мағынасын қарапайым сөздіктен іздеп таппайсыз. Ол жай белсенділіктен әлдеқайда кең мағынаға ие. Бұл «Адам болып туған соң, өз өмірімізге жауаптымыз» дегенді білдіреді. Біздің мінез-құлқымыз қоршаған ортаның әсерінен емес, өз шешімімізден қалыптасады. Сезімімізді өз құндылығымызға бағындыра аламыз. Болып жатқанның бәрі өзімізден басталады, жауапкершілік жүгін де өзіміз арқалаймыз. «Жауапкершілік» сөзінің түбірі «жауап» — болып жатқан оқиғаларға жауабымыз. Жасампаз жандар жауапкершіліктен жалтармайды. Олардың мінезқұлқы — сезіммен қабылданған айналадағы жағдайдың ықпалы емес, құндылықтарға сүйенген саналы таңдауының нәтижесі. Біз табиғатымыздан проактивпіз. Өміріміз түрлі жағдайдың түтқынына айналса, ол біздің саналы не бейсана таңдау жасағанымызды білдіреді. Яғни сол
күштердің бізді билеп-төстеуіне өзіміз ерік бергенбіз. Осындай таңдау жасау арқылы біз реактив боламыз. Реактив адамдар көбіне қоршаған ортаның физикалық жағдайына бағынышты. Күн райы ашық болса, олар өздерін жақсы сезінеді. Ауа райы жайсыз болса, көңіл күйіне, жұмыс істеу белсенділігіне эсер етеді. Проактив адамдардың ауа райы өз ішінде.
Далада жаңбыр жауып тұр ма, күн шақырайып тур ма — оларға бәрібір. Мұндай жандарды құндылықтары алға жетелейді. Жұмысты жоғары деңгейде атқару құндылық саналса, ол ешқашан ауа райына тәуелді болмайды. Сонымен қатар реактив адамдар көбіне әлеуметтік ортаға, «әлеуметтің
ахуалына» тәуелді. Айналасындағы адамдар оған ілтипатпен қараса, оның да
көңілі орнықты. Жаман қарағанын сезсе, дереу тұйықталып, қорғануға көшеді. Реактив адамдардың эмоциялық ахуалында қоршаған адамдарға тәуелділік пайда болады, өзгелердің әлсіздігі оған эсер етуіне өзі-ақ бейіл.
Импульсив реакцияны өз қүндылығына бағындыру тек проактив адамдарға тән. Реактив адамдар сезімге, жағдайға, шарттарға, айналасына тәуелді.
Проактив жандар өз мұқият сұрыптаған, қабылдаған құндылықтарға сүйеніп
өмір сүреді. Проактив адамдарға да сыртқы факторлар эсер етеді: физикалық, әлеуметтік немесе психологиялық. Бірақ олардың стимулдарға реакциясы, мейлі ол саналы не бейсана болса да, жеке құндылықтарына негізделген таңдау болмақ. Элеонора Рузвельт бірде былай депті: «Өзіңіз келіспейінше, ешкім сізге қиянат жасай алмайды». Ганди де осыған ұқсас пікір айтқан: «Өзіңе деген құрметті ешкім тартып ала алмайды. Тек өзің айырылып қалмасаң болды». Басымыздағы жағдайға көндігу, бағынышты болу бізге сол жағдайдан бетер зиян. Әрине, бұл пікірді бірден қабылдай қою қиын. Әсіресежылдар бойғы бақытсыздығының себебін сыртқы жағдайдан, басқа адамдардан іздейтіндерге тіптен ауыр. Адам «Кешегі таңдауымның кесірінен бүгін осындай халге жеттім» деп ашық мойындамайынша, «Басқа таңдау жасадым» деп айта алмайды. Бірде Сакраментода проактив болу тақырыбында лекция оқып түрып, мынадай жайтқа тап болдым. Бір әйел орнынан түрегелді де, көңілі өрекпіп, бірдеңелерді тез-тез айта бастады. Аудитория өте үлкен еді. Тыңдармандардың бар назары әлгі кісіге ауды. Бір уақытта әйел есін жиып алды ма — қатты қымсынып қалды. Дереу орнына отыра қойды. Шамасы, өзін ұстау қиынға тиді-ау. Жанындағы адамдарға бірдеңе түсіндіріп жатты. Оның толқығаны, өзін бір сәтке бақытты сезінгені бал-бұл жанған жүзінен байқалып тұрды. Не болғанын білу үшін, үзілісті тағатсыздана куттім. Үзіліс кезінде әлгі әйелдің жанына таяп келіп: — Сізді сонша не мазалағанын айтып бермес пе
екенсіз? — деп сұрадым.
— Басымнан кешкен жағдайды елестете де алмайсыз, — деп есіле сөйледі
ол.
— Мен бір байбаламшыл, жақсылықты түсінбейтін кесір жанның күтушісі
болып жұмыс істеймін. Не істесем де жақпадым. Ол мені бір де бір рет мактамады, адам құрлы көрмейді. Көзіне түссем, ұрса жөнеледі. Әйтеуір бір мін табады. Бұл кісі өмірімнің берекесін қашырды. Соның кесірінен ашуымды үй ішіндегілерден алатын болдым. Басқа күтушілер де сондай күйде. Тезірек құтылсақ екен деп құдайдан тілеп жүр едім. Осы сәтте сіз жолыға кеттіңіз де: «Өзің рұқсат етпейінше, саған ешкім және ештеңе зиянын тигізе алмайды. Осындай бейшара өмірді таңдаған өзің» дедіңіз. Қысқасы, мен бұл сөзіңізбен басында келісе алмадым. Бірақ осы ой басымнан кеткен жоқ. Мен өз-өзіме «Жағдайға басқаша қараудың жолын таңдауға жігерің жете ме?» деп сұрақ қойдым. Расында, мүндай азап өмірді өзім тіленіп алыппын. Шындық шымбайға батса да, сіздің сөзіңізден кейін оған жігерім жететінін, бақытсыз болмаудың амалын таба алатынымды ұқтым. Сол кезде байқамай, орнымнан ұшып түрегеліппін.
Құдды мені Сан-Квентин түрмесінен босатқандай күй кештім. «Азатпын! Абақтыдан шықтым! Бұдан былай бірде-бір адамның қатынасы менің өмірімді баскара алмайды» деп айғай салғым келді. Бізге басымыздағы жағдай емес, сол жайтқа көзқарасымыз ауыр тиеді. Әрине, кейбір оқиғалар бізге моральдық тұрғыдан жапа шектеріп, материалдық қиындықтарға душар етуі мүмкін. Бірақ мінезіміз, ішкі болмысымыз одан зардап шекпеуге тиіс. Өміріміздегі қиын сәттер мінезімізді қайрап, ішкі күшімізді — келешекте бетпе-бет келетін қиын жағдаяттарды жеңуге, өзгелерді құлшындыруға қажет еркіндігіміздің бауырын жазып, қанатын қатайта түсуге тиіс. Франкл — қиналған кезде болмысындағы ішкі еркіндікті жетілдіре білген, сонысымен айналасындағы адамдарға оң ықпал еткен ерекше жандардың бірі. Сол секілді Вьетнамда түтқынға түскен америкалық солдаттардың әңгімесі
ішкі еркіндіктің алапат күші мен оның түрме тәртібіне, түтқындарға әсеріне сенімді дәлел болады.
Өлерінен бір күн бүрын Кэролдың жүзіне қарап түрып, одан ауыр дерт иліктіре алмаған ерекше қажыр-қайратты сезгенімді ешқашан ұмытпаспын. Оның жанарынан жақсылық жасап, жақындарына қызмет еткісі келетін жанның өр мінезі, сүйіспеншілігі, қамқорлығы, ризашылығы білініп тұрды.
Көп жыл бойы мен тыңдаушыларымнан «Өлім аузында жатса да, соцғы минуттарға дейін еңсесін түсірмей, айналасына қүштарлықпен, жанашырлықпен қараған, өзгелерге пайдасын тигізгісі келіп тұратын жандардың қасында болып көрдіңдер ме?» деп жиі сүрайтын едім. Әдетте тыңдаушыларымның төрттен бірі ғана сүрағыма «иә» деп мақұлдап жауап береді. «Сол адамдарды есте сақтайсыздар ма?» деп қайта сұраймын. «Сондай адамдарды көргенде, іште бірдеңе өзгерді ме — оның қайсарлығынан уақытша болса да жігерлендіңіздер ме, тұла бойыңыз дір етті ме, оны көргеннен, бойыңызда аяушылық сезім оянды ма?» деп тағы нақтылап сұраймын. Әдетте бұған адамдар ылғи «иә» деп жауап беретін. Виктор Франклдың пікірінше, құндылықтың негізгі үш түрі бар: тәжірибелік — тәжірибе жасау арқылы ашқанымыз; жасампаздық — өмірімізге өзіміз
енгізгеніміз; қатынас — айықпас ауыр дерт сияқты қиын жағдайға реакциямыз. Адамдармен ұзақ жылғы араластықтан үққаным: Франклдың «ең мықты құндылық — қарым-қатынас құндылығы» деген ойының дұрыстығына көз жеткізеді. Басқаша айтқанда, басымыздан өткен жағдайды қалай қабылдайтынымыз, яғни оған реакциямыз өте маңызды. Ауыр жағдайлар көбіне парадигма ауытқуына түрткі болады. Адамның әлемге, әлемдегі өзіне және өзгеге көзқарасын, сондай-ақ өмірдің олардан не талап ететіні туралы түсінігін өзгертеді. Адамдардың көзқарас көкжиегінде бізді, яки адам баласын асқақтатып, рухтандыра түсетін қарым-қатынас құндылықтары жатыр.


Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *