ҮШ ТҮРЛІ РЕСУРС

 

Ресурстың негізгі үш түрі бар: физикалық, қаржылай және адами ресурстар. Әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық. Бірнеше жыл бұрын физикалық ресурс — көгалшалғы (газонокосилка) сатып алдым. Үнемі пайдаланып келдім. Бірақ оның мүлтіксіз жумыс істемеуін қадағаламадым. Көгалшалғым екі маусым жақсы қызмет етті. Сосын бір жерінен ақау шығып, бүзылып қалды. Техникалық жөндеуге апарып, пышақтарын қайратып, қалпына келтірмекші едім. Сөйтсем, моторының қуаты қайтыпты. Көгалшалғым жарамсыз болып қалды. Егер мен ресурс пен амалға (РА) шалғымның мүлтіксіз жұмыс істеуін созу үшін инвестиция салсам, нәтижесін (Н) әлі күнге дейін көрер ме едім, яғни көгалдағы шөпті уақытылы қырқып түрар ма едім. Есесіне, көгалшалғыны жөндетуге оны техникалық тексерістен өткізіп түрумен салыстырғанда, әлдеқайда көп уақыт пен қаржы жүмсадым. Тез қайтарымға, жылдам нәтижеге қол жеткіземін деген сайын, қымбат физикалық ресурстарды (көлік, компьютер, кір жуғыш машина, тіпті тәніміз бен қоршаған ортаны) бүлдіреміз. Н мен РА арасындағы теңгерімді сақтау физикалык ресурстарды тиімді пайдалануға септігін тигізедіН/РА теңгерімі қаржылай ресурстарды пайдалануға да осылай эсер етеді. Адамдар ылғи капиталды дивидендімен шатастырады. Негізгі капиталыңызға қол сұғып, түрмыс деңгейіңізді жақсартқан, мысал тілімен айтсақ, көбірек «алтын жұмыртқа» алған кезіңіз болды ма? Капитал азайған сайын, оның дивиденді
не табысәкелу қабілеті кеми береді. Азайған капитал көбесі сөгілген қар сияқты шетінен мүжіліп, ақыры негізгі мұқтаждықтарыңды өтеуге де жетпей қалады.
Біздің ең маңызды қаржы ресурсымыз — ақша табуға қабілетіміз. РА қабілетімізді үнемі жетілдіріп отырмасақ, мүмкіндігімізді шектеп аламыз. Жағдайдың ырқынан шыға алмай, соның кесірінен «бастығымыз не әріптестеріміз не ойлап қалды екен» деп мазасызданамыз. Экономикалық тұрғыда тәуелді болып, үнемі қорғануға мәжбүр боламыз. Бүл өте тиімсіз.
Сол сияқты адами ресурс үшін Н/РА теңгерімінің маңызы айрықша. Тіпті
төтенше маңызы бар десек те болады. Себебі физикалық және қаржы ресурстарын адам басқарады. Некедегі екі адам ортадағы қарым-қатынасты жақсартуды жайына қалдырып, «алтын жұмыртқа» табуға кірісіп кетсе, уақыт өте безбүйрек, бейқам жандарға айналады. Терең әрі берік қарым-қатынасқа ауадай қажет мейірімділік, ілтипат көрсетуді ұмытып кетеді. Ендігі жерде бірінен-бірі айла-шарғысын асырып, тек өз қара бастары туралы ойлайды; өзінің дұрыстығын дәлелдеп, сыңарының шалыс басқанын аңдиды. Махаббат, сүлулық, жылу мен пәктік — енді ештеңенің мәні қалмайды. Қаз әбден жүдеді деген осы. Ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы туралы не айтуға болады? Бала кішкентай күнінде біреуге тәуелді, қорғансыз. Мұндай кезде РА-ны дамытуды — баланы оқыту, онымен сөйлесу, тыңдау, түсінуді ескерусіз қалдыру оңай. Оның орнына өз беделіңді пайдаланып баланы басқару, қалағаныңды дер кезінде, ойыңдағыдай істеткізу әлдеқайда жеңіл. Сіз ересексіз, ақылдысыз, сондықтан сіздікі әрдайым дұрыс болып көрінеді. Ендеше, балаға не істеу керегін айтқанның не сөкеттігі бар? Болмаса айғай сал. Қорқыт, үркіт. Дегеніңе көндір. Әйтпесе баланың ығына жығылып, оның қалауын орындауға болады. Танымалдықтың «алтын жұмыртқасына» қызыққаннан баланы шамадан тыс өбектеп, бетінен қақпай өсіруіңіз мүмкін. Мұндай бала тәртіпсіз, жауапсыз, жеке ұстанымы жоқ жан болып өседі. Авторитарлық не бетімен жіберу тәсілдерінің екеуі де сіз үшін бірінші орында «алтын жұмыртқа» түрғанын көрсетеді. Сіз билікке ұмтыласыз, әлде ұнауға тырысасыз. Ендеше, қаздың халі нешік? Басқаша айтқанда, бірнеше жылдан соң балаңыздың жауапкершілігі, тәртібі қандай болмақ? Дұрыс таңдау жасауға, алға қойған мақсатына жетуге қабілеті жете ме? Ал сіздің онымен қарымқатынасыңыз қалай болмақ? Дағдарысқа душар болатын жасөспірім кезеңінде сіз оны мұқият тыңдай аласыз ба, оны шын жақсы көретініңізді, тұлға ретінде бағалайтыныңызды сездірте аласыз ба, сізге сенім арта ма? Балаңызбен қарым-қатынасыңыз онымен тіл табысып, көкейіңіздегіні жеткізетіндей, оған ықпал ететіндей жақын бола ма? Мәселен, қызыңыз өз бөлмесін жинап қойғанын қалайсыз. Яғни сіз тез арада Н-ге, «алтын жұмыртқаға» қол жеткізгіңіз келеді. Ал сіздің қызыңыз – әлгі «алтын жұмыртқа» табатын қаз сияқты ресурс делік. Н /РА теңгерімі дұрыс болса, қызыңыз бөлмесін ешбір басы артық ескертусіз қуана-қуана жинап шығар еді. Бұл — өзінің міндетін түсінгені. Ал ішкі тәртібі өз міндетін орындауға баулиды. Яки қызыңыз — бағалы ресурс, әлгі «алтын жұмыртқа» табатын қаз сияқты. Алайда сіз үшін нәтиже маңыздырақ болса, сіз «бөлмені жина!» деп қызыңызға ұрсасыз, «дереу жина!» деп қыспаққа аласыз. Тіпті шу шығарып, қоқанлоқы көрсетерсіз, яки тезірек «алтын жұмыртқа» алу үшін қаздың денсаулығы мен бас амандығына қауіп төндіресіз. Осы орайда, РА-ға қатысты қыздарымның біреуімен арадағы қарым-қатынаста орын алған қызық жайтпен бөліскім келіп тұр. Бірде қызымыз екеуіміз кешті көңілді өткізбек болдық. Қолым қалт ете қалса, балаларыммен қуанақуана бірге уақыт өткіземін. Кейін келе түсіндік. Балалар осындай бірге өткізген сәттерді асыға күткенде, жандары кәдімгідей қуанышқа бөленеді екен.
Сонымен қызыма былай деп тіл қаттым:
— Күнім, бүгінгі кешті толықтай өзіңе арнаймын. Не калайсың?
— Білмей тұрмын, әкетай.
— Сонда да ойланып көрші, — деп бастырмалаттым мен де, — Не істегің
келеді?
Ол сәл ойланып барып:
— Сен бәрібір менің қалағанымды істегің келмейді ғой, — деді.
— Неге олай дейсің, жарқыным, — дедім мен. — Сенің тілегіңді орындаймын! Не таңдасаң да дайынмын.
— «Жұлдыз шайқастары» фильміне барғым келеді, — деді қызым. — Бірақ
сен ол киноны үнатпайсың. Саған жалпы фантастикалық фильмдер үнамайды.
Ылғи ұйықтап қаласың. Сондықтан, әкетай, киноға бару міндетті емес.
— Ештеңе етпейді, қызым, сенің қалауың — менің қалауым.
— Алаң болма, әкетай, үнемі екеуара серуеннің соншалық қажеті жоқ.
Сосын сәл үндемей тұрды да, біраздан соң:
— Саған неге «Жұлдыз шайқастары» үнамайтынын айтайын ба? Себебі
сен рыцарь-джедайлардың философиясы мен мағынасын түсінбейсің, — деді.
— Не? Не дейсің?
— Сен адамдарға не үйрететініңді есіңе алшы, әкешім. Рыцарь-джедайлар
да тап соны үйретеді.
— Солай ма? Онда «Жүлдыз шайқастарын» дереу көруіміз керек.
Сөйтіп, екеуіміз киноға келдік. Ол қасыма жайғасты да, өзінің парадигмасын алақанға салғандай айтып берді. Мен әп-сәтте қызымның шәкіртіне айналып шыға келдім. Ғажап! Жаңа парадигмамның арқасында мен рыцарьджедайларды даярлау философиясы өмірдің әртүрлі ситуацияларымен қалай жанасатынын ұқтым. Қол жеткізген нәтиже (Н) жоспарланбаған еді: ресурс пен амалға (РА) жұмсалған инвестициямның қайырымы ретінде алдымнан осындай күтпеген, пайдалы нәтиже шыға келді. «Алтын жүмыртқаның» рақатын көрдік. Қазымыздың қарны тойды. Яки қызыммен арадағы қарым-қатынасымыз сапалы болды.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *