Тұрақты принциптерге арқа сүйеген жекелеген жандардың, отбасының немесе бір ұйымның толайым табысы ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Бәрі мұндай адамдардың күш-қуаты мен кемелдігіне, осындай отбасылардың ынтымағы мен бірлігіне, ұйымдардың бейімделгіштігі мен синергиялық мәдениетіне тамсанады. Адамдар сол кезде өзінің негізгі парадигмаларынан туындайтын әдеттегі сұрақтарды қояды: «Бұған қалай қол жеткіздіңіз? Маған өз әдісіңізді үйретіңізші!». Шын мәнінде, олардың сұрағының мәні мынау: «Маған проблемамды тез шешуге көмектесетін рецепт беріңізші!». Әлбетте, олардың сұрағанын беретін үйретушілер де табыла кетеді. Олар меңгерген дағды мен машық белгілі бір уақыт аралығында біршама тиімді көрінуі ықтимал. Осы «әлеуметтік аспириннің» көмегімен кейбір шиеленіскен мәселелерді шешуге болар. Бірақ мәселенің себеп-салдары бәрібір сақталады. Уақыт өте келе, жаңа қиындықтар пайда болады. Адамдар неғұрлым оңай шешім іздеп, проблеманың сыртқы сипатына назар аударған сайын, соғұрлым жағдайды ушықтырып жібереді. Бір сөзбен айтқанда, біздің проблеманы көруіміздің өзі проблема тудырады. Осы тараудың басында келтірілген жиі кездесетін түйткілдер туралы қайта оқып шығыңыз да, соны жазған авторлардың ой-өрісіне түлға этикасы қаншалықты эсер еткенін пайымдаңызшы. Қызметкерлерді басқарудың сан алуан курстарынан өттім. Қарамағымдағылар бар ынтасымен жүмыс істесе екен деп тілеймін. Оларга мейлінше оң қабақ танытып, дүрыс қарым-қатынас жасаут барымды саламын. Алайда олардың тарапынан еш ниеттестік байқай алар емеспін. Егер мен бір күнге ауырып, үйде жатып қалсратындай көрінеді. Неліктен оларға мойнындағы жауапкершілікті сезінуді үйрете алмай қойдым? Әлде жауапкершілігі жоғары басқа қызметкерлерді жұмысқа алсам ба екен? Тұлға этикасына сенсек, бұл жағдайда қандай да бір әрекет жасауыма болар еді: қызметкерлерді ширатып алу; етек-жеңін жинап, қолда бардың қадірін білу үшін бір «сілкілеп» алу немесе оларды нәтижелі жұмыс істеуге жетелейтін, мотивация беретін тренингтер іздеп тапқан жөн. Болмаса, жұмысты жақсы істейтін жаңа қызметкерлер алу керек еді. Бірақ менің осывдай пейілсіз қарым-қатынасыма қарап, қызметкерлерімнің көкейінде белгілі бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Мысалы: Мені олардың мүддесі қызықтыра ма? Мен оларды жансыз механизм сияқты пайдаланып жатқандай сезінбей ме? Бәлкім, шынымен солай шығар? Байыппен қарасақ, мен оларды, шынында, солай елестетпеймін бе? Бәлкім, қарамағымдағыларға деген көзқарасым, қарым-қатынасым түйткілдің бір төркіні шығар? Жұмыс бастан асады, ал уақыт тапшы. Үнемі асығып-аптығып жүремін, күні бойы жан-жақтан қысым көремін. Күн сайын сол. Аптаның жеті күні. Тайм-менеджмент семинарларына қатыстым. Неше түрлі жоспарлау жүйелерін жасап көрдім. Біраз нәрсе үйрендім. Біраң бәрібір өз қалауымдай бақытты әрі нәтижелі, алаңсыз өмір сүріп жүрмін деп айта алмаймын. Тұлға этикасына салсақ, уақытымды тиімді қолданудың бір жолын табуым, яғни қандай да бір семинарларға қатысу немесе уақытты жоспарлау туралы кітаптар оқуым керек. Алайда менің өнімді еңбек етуім проблеманы толық шеше ме? Аз уақытта көп жұмыс атқаруым мазасыздықтан қутқара ма? Бұл өз бетінше өмір сүруіме кедергі келтіретін адамдар мен жағдайға реакциямды ушықтырып жібермей ме? Мұнда әлдеқайда маңызды және терең, менің уақытымды, өмірімді, мінезқұлқымды қалай қабылдайтынымды дөп басатын, ішімде жасырын жатқан парадигма жоқ па екен?Отбасылық өміріміздің қиюы қашты. Ұрсыса береміз дей алмаймын, 61-рак, енді бір-бірімізді жақсы көрмейміз. Кеңесшіге барып көріндік, ақыл сүрадық. Әртүрлі тэсіл қолдандық. Алайда баяғы ыстық сезімді қайта маздата алмаймыз. Тұлға этикасы мұндайда тығырықтан шығуға көмектесетін қандай да бір кітап не бір арнаулы семинар болуға тиіс деп ескертеді. Сол жерге барып, өз сезімімді өзгелермен бөліссем, әйелім мені жақсырақ түсінуді үйренер еді. Әлде мұның бәрі бекер, тек басқа біреумен көңіл қоссам аңсаған махаббатымды табамын ба? Бәлкім, әйелімнің кінәсі жоқ шығар? Оның бойындағы кемшіліктері көрініп қалуына мен себепші болармын? Соның кесірінен өз өмірімді оның маған деген көзқарасына тәуелді ететін шығармын? Бәлкім, проблеманың бәрі махаббат пен неке туралы жеке көзқарасымды көрсететін парадигмадан туындайтын шығар? Жоғарыдағы мысалдардан тұлға этикасы парадигмасы біздің проблеманы қабылдауымызға және оны шешуге тырысу үшін, амалдарды таңдауымызға қаншалықты эсер ететінін енді байқаған боларсыз.
Бүгінгі таңда көп адам тұлға этикасы беретін бос уәдеге сенбейтін болды. Ел ішінде әртүрлі ұйымдармен жұмыс істей жүріп, мен сыни ойлауға қабілетті басшылардың кейде күлкіңді келтіретін қарабайыр, қызықты оқиғалардан айтар түгі жоқ «психологтер» мен «мотиваторларға» ықыласы жоғалғанын байқадым. Ойлы адамға керегі — мән. Олар үшін тұтас процесс маңызды. Мүндай жандар «әлеуметтік аспирин» не «әлеуметтік пластырь» секілді жедел жәрдемге емес, одан күштіге зәру. Өзінің әбден асқынған проблемаларын оңтайлы шешіп, үзақмерзімді нәтижеге жеткізетін принциптерге көңіл аударғысы келеді.
Стивен Кови