ПРИНЦИПТЕРГЕ СҮЙЕНЕТІН ПАРАДИГМА

 

Мінез этикасы адамның тиімділігіне бағдар болатын принциптер бар деген іргелі идеяға негізделеді. Бүл — адамзат баласының табиғи болмысы, өмірде бар, физикадағы тартылыс күші заңы секілді даусыз әрі бүлжымас түсінік. Осы принциптер бар екені әрі олардың құдіреті туралы әскери-теңіз институтының Proceedings журналында жарияланған Фрэнк Кохтың парадигма ауытқуына қатысты тәжірибесін сипаттайтын бір әңгімесінде жақсы баяндалған:
«Оқу эскадрасының екі әскери кемесіне бірнеше күнді дауыл тыншымаған
ашық теңізде өткізуге тура келді. Мен бас кемеде қызмет еттім. Ымырт үйірілгенде, вахтаға шықтық. Туман қалыңдап, көз байланды. Сондықтан капитан мінберде команданың қимылын бақылап турды. Сәлден соң қою қараңғылық басты. Бір уақытта алға қараушы айғай салды:
— Тура алдымызда от жылтылдайды.
— Бір орында ма, әлде қозғалып келе ме? — деп сұрады капитан.
— Бір орында, капитан! — деп жауап қатты алға қараушы. Бұл біздің басқа
кемемен соқтығысып қалу қаупі бар жолмен келе жатқанымызды білдіреді.
Енді капитан белгі берушіге бұйырды:
— Ана кемеге белгі бер: «Соқтығысып қалуымыз мүмкін, бағытты жиырма
градусқа өзгертіңдер!
Жауап мынадай болды:
— Сіздер бағытыңызды жиырма градусқа өзгерткеніңіз абзал!
Капитан тағы бұйырды:
— Қайта белгі соқ: «Мен капитанмын, курсты жиырма градусқа өзгертіңдер!
— Мен екінші санаттағы теңізшімін, — деген жауап белгі келді. — Бағытта
жиырма градусқа өзгертуге кеңес беремін. Капитан кәдімгідей ашуға мінді.
— Белгі бер! — деп шаптықты ол. — Мен әскери кемемін! Дереу курсты жиырма градусқа өзгертіңдер. Мұнысына мынадай жауап алдық:
— Мен маякпын!
Ақыры бізге кеме бағытын өзгертуге тура келді».
Капитан да, осы үзіндіні оқыған біз де бастан кешірген парадигма ауытқуы
жағдайды мүлде басқа қырынан танытты. Бұған дейін капитанның шектеулі
қабылдауының кесірінен бұрмаланған шындықты анық көрдік. Осы шындықты ұғынудың тұман арасында түртінектеген кемедегі капитан үшін де, біздің күнделікті өміріміз үшін де маңызы зор екені айтпай-ақ түсінікті.
Принциптер шамшырақ секілді. Олар бұзуға болмайтын табиғи заңдылықтар. «Он принцип» фильмін түсірген Сесиль Б. де Милль принциптерге қатысты
былай деген екен: «Біз заңдылықтарды өзгерте алмаймыз. Сол заңдылықтарға өзіміз соқтығысып қалуымыз мүмкін».
Өз өмірлерінде және кез келген қарым-қатынаста адамдар тек өз тәжірибесі мен өмір сүру салтында орныққан, парадигмалар мен карталар анықтап
берген дүниені ғана көреді. Алайда мұндай карталар белгілі бір территорияның өзі емес. Олар «субъектив шындық», яғни сол территорияны сипаттауға талпыныс қана.
«Объектив шындық» немесе сол территорияның нақ өзі принциптерден —
«маяктардан» тұрады. Олар адамзат дамуы мен игілігіне жол нүсқайды. Бүл —
әр өркениетті қоғамның тінін тарихи бастауынан бері көктей өтіп келе жатқан, кез келген берік, өркендеген отбасы мен ұйымға тамыры байланған табиғи заңдылықтар. Біздің санамыздағы осы территорияның сипат-тамасының дәлдігі жалпы территорияның бар не жоқ болуына эсер етпейді. Мұндай принциптердің немесе табиғи заңдылықтардың шынайылығы тарихи дамудың кезеңдерін терең зерделей алатын жандарға анық көрінеді. Бұл қағидаттар қарсы алдымыздан ұдайы шыға береді. Қоғамның қиындықты еңсеріп, тұрлаулы тұрақтылыққа орнығуы, әлде ыдырап, күйреуі қоғам мүшелерінің осы принциптерді дұрыс қабылдауына, соған сай өмір сүру қабілетіне байланысты. Мен айтып отырған принциптер — бұл эзотериялық, құпия, діни идеялар емес. Жалпы, осы кітапта айтылатын бірде-бір принцип белгілі бір дін немесе наным-сенімге, тіпті өзім сенетін дінге де толыққанды тән емес. Оларды барлык ірі діндердің, сонымен қатар көптеген іргелі философиялық және этикалык жүйенің құрамдас бөлшегі десек болады.
Бұл — дәлелдеуді талап етпейтін ақиқат, мұны кез келген жан мақұлдайды.
Осы принциптер немесе табиғи заңдылықтар адамның, адамзат санасының,
адамзат ар-ұжданының бір бөлшегі деп қабылдасаңыздар болады. Бұл принциптер әлеуметтік шарттылықтар мен адамдардың оларға адалдығына, әлде сол шарттылықтардың қысымына түсіп, бағынғысы келмегеніне қарамастан, барша пенде атаулыға тән. Әділдік принципін алайықшы. Теңдік пен әділ сот жайындағы бүкіл ойпайымымыз осыдан шығады. Меніңше, адамға тумысынан эділдік тән. Тіпті бұрын-соңды негатив шарттылық тәжірибесі болғанына қарамастан, солай. Әділдікті анықтау мен әділетке жетуді түсіндіру жолдарында біраз айырмашылық бар, бірақ жалпы әділет идеясына ешкім шәк келтірмейді.
Келесі мысал — адалдық пен шыншылдық принциптері. Олар сенімнің іргетасын қалайды. Сенім болмаса, ынтымақтасу, ұзақмерзімді тұлғалық даму мен тұлғааралық өзара қарым-қатынасты дамыту мүмкін емес.
Кезекті принцип — адамның ар-үжданы… Бұл қүндылық АҚШ-тың Тәуелсіз-дік декларациясы негізінен алынған: «Біз барлық адамдар тең және Жаратушыдан нығмет етілген әр адамның өмір сүру, бостандық жэне бақытты болу сияқты ажырамас қүқығы бар деген баршаға аян, дәлелдеуді қажететпейтін ақиқатқа сүйенеміз».
Тағы бір принцип — қызмет ету немесе ортақ іске үлесқосу идеясы. Одан
кейінгісі — сапа мен кемелдік. Бұдан бөлек, әлеуетті мүмкіндіктер принципі
бар. Яки біз дамудың бастапқы сатысындамыз, әрі қарай өсіп дамуға, өзіміздің әлеуетімізді кеңірек ашуға, қабілетімізді жетілдіруге мүмкіндігіміз бар деген идеяға саяды. Әлеуетті мүмкіндіктер қағидаты өсу принципімен жетілу жолында төзім, тәрбие, жігер тәрізді қасиеттерді қажет ететін қабілеттердің ашылу процесімен тығыз байланысты.
Принциптер әрдайым практикамен тиянақталуға тиіс емес. Практикалық
қызмет немесе іс жүзіндегі әрекет екеуі екі басқа. Яғни бір жолы жүзеге асқан дүние, келесі жолы нәтижелі болмауы мүмкін. Екінші, баласын да тура тұңғышындай тәрбиелеуге тырысқан ата-аналар осы сөзімді қостайтыны анық.
Әртүрлі жағдайда әртүрлі әрекет жасасақ та, принциптер жалпыға бірдей, терец әрі түғырлы ақиқат саналады. Оларды жекелеген адамдарға, отбасына, сан алуан жеке және қоғамдық ұйымдарға қолдана беруге болады. Осы ақиқаттар дағдыға айналса, онда адамдардың көп ережені сан түрлі жағдайларға қолдануына мүмкіндік туар еді.
Принциптер қүндылық емес. Қарақшылардың да өз құндылығы болуы
мүмкін. Алайда олар біз сөз етіп отырған іргелі принциптерді бұзады. Принциптер — территория. Ал құндылықтар — карталар. Шынайы принципті бағаласақ, ақиқатты, яки айналадағы құбылыстың бәрін сол күйінде қабылдауды үйренеміз.
Принциптер, сөзсіз, тиянақты және түрақты құндылықтарға ие адам мінезқұлқының бағыттаушы бағдары іспеттес. Олар берік, талассыз, өйткені айдан анық. Принциптер айқындығын түсінудің ең оңай жолы — осы принциптерге қайшы келетін дүниелерге сүйеніп, жасампаз өмір сүруге тырысудың қаншалықты мағынасыз, көкейге қонымсыз екенін елестетіп көру. Біреудіңәділетсіздікті, алдауды, үждансыздықты, дарынсыздықты, азғындықты баянды бақыт пен жетістіктің кепілі дейтініне күмәнім бар. Адамдар осы принциптердің қалай анықталатыны, көрініс беретіні, жүзеге асатыны туралы қызу пікір таластыруы мүмкін. Алайда кез келген адам іштей осы принциптердің бар екеніне сенеді. Біздің картамыз немесе табиғи заңдылықтармен байланысты парадигмамыз неғүрлым тығыз болған сайын, соғұрлым нақтылығы әрі функционалдығы артады. Ішкі үстанымымыз бен мінез-қүлқымызды өзгертуге бағытталған кез
келген әрекеттен гөрі нақты картаның тұлғалық және түлғааралық тиімділігімізді арттыруға көмегі әлдеқайда зор.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *