НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ?

 

Сөзіміздің соңында Мерилин Фергюсонның айтқанын еске түсірейікші.
«Ешкімді зорлықпен өзгерте алмайсың. Эр адам — тек іштен ғана ашылатын, өзінің «Өзгеріс қақпасының» күзетшісі. Біз оны ешқандай дәйекпен, әлде үндеумен аша алмаймыз». Егер сіз осы жеті дағдының өзегіндегі принциптерді терең саралап, оларды өмірде жүзеге асыру үшін «Өзгеріс қақпаңызды» ашсаңыз, өміріңізде оң өзгерістер орын алатынын растауға дайынмын. Біріншіден, сіз эволюциялық жолмен дамығанмен, түпкі нәтиже революциялық болады. Тек Н/РА теңгерімі принципін толық жүзеге асырудың өзі көптеген адам мен үйымдарды жаңғыртатынына келісетін шығарсыз? Алғашқы үш дағдыға — жеке жеңіс дағдысына «Өзгеріс қақпасын» ашудың нәтижесінде өзіңізге сеніміңіз едәуір артады. Адам өзін басқа қырынан ашып, мінезін, ішкі құндылықтарын, таңғаларлық қабілеттерін таниды. Ішкі қүндылықтарына сүйеніп, өмір сүрген адам өзін тұтас тұлға ретінде көреді, өзін-өзі иегеру қабілеті мен ішкі ұстаным арқасында өзін сергек әрі сабырлы сезінеді. Сіз өзіңізді іштей бағалайсыз. Айналаңыздағы адамдардың пікіріне мұқтаж болмайсыз немесе өзіңізді өзгемен салыстырмайсыз. «Дұрыс», «дүрыс емес» деген бағалаудың мәні өз-өзіңізді ашудың маңыздылығымен тіпті де салыстыруға келмейді. Бұл біртүрлі көрінуі мүмкін. Бірақ сіз туралы басқалар не ойлайтынына азырақ бас қатыра бастағанда, бірден басқалардың өздері туралы, өз әлемі, сондай-ақ сізбен қарым-қатынасы туралы қандай пікірде екені көбірек ойландырады. Бұдан былай сіздің эмоциялық ахуалыңыз басқа адамдардың осалдығына тәуелді болмайды. Оның үстіне сіз өзгерісті жеңіл қабылдайсыз, себебі жан дүниеңіз сол күйі қалады. Келесі үш дағдыға есік ашқан соң — ортақ жеңіс дағдылары – бұрындары маңызды саналған, белгілі себептермен үзілген қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің, нығайтудың жолын табасыз. Жақсы қарым-қатынастар бүрынғыға қарағанда жарқын, берік, терең, тагылымды қарым-қатынасқа ұласады. Жетінші дағды, толық меңгерген жағдайда, алғашқы алтауын күшейтеді. Ол адамды, шын мәнінде, тауелсіз етіп, бірақ тиімді өзара тәуелділікке қабілетті жасайды. Осы дағдының арқасында сіз таусылып бара жатқан «батареяңызды» қуаттап аласыз. Қазіргі сәтте жағдайыңыз қандай болмасын, сіз бұрыннан қалыптасқан дағдыларыңызға кіндігіңізден байланған жоқсыз. Мінез-құлықтың ескі, өзін ақтамайтын, зарарлы сипаттарынан арылып, бәрін түпнегізінде тиімділік, бақыт пен сенімді қарым-қатынас жатқан жаңа дағдыларға ауыстыра аласыз. Осы дағдыларды меңгерген сайын, өзгеріс қақпасын ашуға ынталанып, жетілуге тырысыңыз. Төзімді болыңыз. Өзіңді тану — өте нәзік әрі пайдалы процесс. Өз күш-қуатыңды өзіңе жұмсағаннан артық инвестиция жоқ. Әрине, бәрі
бір сәтте бола салмайды. Алайда дағдылардың пайдасын түсініп, сізді рухтандыратын нәтижені лезде көресіз. Томас Пейн: «Оңай қол жеткізген нәрсені бағаламаймыз. Ақысы қымбат дүниені ғана бағалаймыз. Барлық дүниенің бағасын тек Тәңір біледі»* дейді.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *