«Жасампаз жандардың жеті дағдысын» меңгермес бұрын, мен сіздерге осы
кітаптан алған мағлұматтың бағасын арттыратын парадигманың екі қозғалысын ұсынғым келеді.
Біріншіден, мен сіздерге бұл кітапқа оқып, қайтадан сөреге жинап қоя салатын көп кітаптың бірі ретінде қарамауыңызды өтінемін. Сіз оны бірінші рет жалпы түсінік үшін шолып шыға аласыз. Бірақ бұл — сіздің өзгеруіңіз бен жетілуіңіздің басынан аяғына дейін қолыңызда жүретін қолғанат кітап. Мұндағы материал рет-ретімен баяндалады. Әр дағдыны түсіндіріп берген соң, практикалық кеңес беріледі. Сондықтан кез келген сәтте әр дағдыны жеке-жеке қайталап, мүқият үйренуіңізге болады. Еңбектің мазмұнын терең түсініп, оны пайдалануыңызға қарай әр дағдының негізінде жатқан принциптерге қайта оралып отыруға болады. Сол арқылы өзбіліміңізді еселеп, икеміңіз бен ниетіңізді дамыта аласыз. Екіншіден, шәкірт рөлін үстаздыққа айырбастап, материалға қатысты парадигмаңызды өзгертуді үсынғым келеді. «Іштен сыртқа» тәсілін қолдана отырып, кітапты оқып шығыңыз, сосын алдыңызға 48 сағат ішінде оқығанымды біреумен талқылаймын деп мақсат қойыңыз. Мысалы, 48 сағат ішінде біреуге Н/РА теңгерімінің мәнін түсіндіріп бересіз десе, кітап оқуға деген құлқыңыз өзгерер ме еді? Мүны дәл қазір, осы тараудың соңғы бөлімін оқи отырып осылай жасап көріңізші. Оқығаныңыз санаңызда сайрап түрған кезде, бүгін не ертең жұбайыңызға, балаңызға, қызметтесіңізге, досыңызға мазмұндап айтып беретіндей оқыңыз. Сіздің ойлау, эмоциялық процесіңізде өзгеріс байқалды ма? Келесі тарауларға осындай тәсілді қолдансаңыз, онда оқығаныңызды әлдеқайда жақсы түсінетіңізге кепілдік беремін. Оқығаныңызды жадыңызда жаттап қана қоймай, өз танымыңызды тереңдетесіз. Кітаптан алған мағлүматты байыбына барып қабылдағандықтан, біліміңізді өмірде қолдануға құлшынысыңыз күшейеді.
Оның үстіне білгеніңізді басқалармен бөліскенде, теріс эмоциялар мен қате
түсініктің құрсауынан арыла бастағаныңызды байқап таңданасыз. Сізден «сабан алған» адамдар сізге өзгеріп, жетілу, ізденіс үстіндегі тұлға ретінде қарайды. Олар сізді қолдап, осы жеті дағдыны меңгеру жолында (мүмкін өздері де қосылар) көмектесуге ниет танытуы әбден мүмкін.
Стивен Ковидың «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабынан үзінді.