ПАРАДИГМАНЫҢ АУЫТҚУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮШІ

Біздің эксперименттегі ең маңызды нәрсе — өзгеріс сәті, парадигманың
ауытқуы. «Міне, дәл осы!» дейтін күй — біреудің қүрамалы суреттен басқа бейнені көргендегі бастан кешкен әсері. Адам бастапқы қабылдаумен неғүрлым тығыз байланыста болса, екінші бейнені көргенде, оның ішкі дүниесінде соғұрлым ерекше сезім оянады: құдды бір жүрегінде шам жанғандай. Парадигманың ауытқуы терминін алғаш рет Томас Кун өзінің әйгілі «Былыми революцияның құрылымы» (The Structure of Scientific Revolutions) кітабында этап өткен. Кунның айтуынша, ғылым саласындағы кез келген ауыз толтырып айтарлық жетістіктер адам дәстүрден, ескіше ойлау дағдысынан,таптаурын парадигмадан ірге ажыратқанда басталады екен.
Ежелгі мысырлық астроном Птоломейге* Жер планетасы ғаламның кіндігі
болып көрінген. Алайда Коперник парадигманы алға жылжытып, Күн – ғаламның орталығы деп жариялады. Содан үлкен қарсылыққа тап болып, қудалауға ұшыраған. Бірақ осы сәттен бұрынғы дүниенің бәрі басқаша түсіндірілетін болды.Птолемей Клавдий (90-160 жылдар шамасы) — ежелгі грек ойшылы. Ол бір орнынанқозғалмайтын Жердің айналасындағы өзге ғаламшарлардың қозғалысы туралы математикалық теорияны ойлап тапқан. Александрия тұрғыны.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *