ЖАСАМПАЗ ЖАНДАРДЫҢ 7 ДАҒДЫСЫ

«Жасампаз жандардың жеті дағдысы» алғаш жарияланғалы, әлем едәуір өзгерді. Өмір қиындап, күрделене түсті, ол бізге бүрынғыдан да биік талаптар
қоюда. Біз индустриялық дәуірден ақпараттық немесе зияткерлік еңбек дәуіріне көшудеміз. Жеке өмірімізде де, отбасымызда да, жүмыс істейтін ұйымдарда да біз бүдан он немесе жиырма жыл бұрын елестетудің өзі мүмкін емес мәселелер мен міндеттерге тап келудеміз. Бұл міндеттер жай ғана басқа деңгейдің өлшемімен анықталмайды — олардың табиғаты мүлдем бөлек.
Қоғамдағы бүл түбегейлі өзгерістер және цифрлық технологияға сүйенген
ғаламдық нарықтағы қуатты қозғалыстар көп адамды маған мынадай сұрақтар қоюға мәжбүрлеуде: «Жасампаз жандардың жеті дағдысы бүгінгі таңда өміршеңдігін сақтап қала ма?». Оның артынан екінші сұрақ келеді: «Олар он, жиырма, елу, жүз жылдан соң да төзімділік таныта ма?». Бұл сұрақтарға мен әрқашан былай деп жауап беремін: өзгерістер неғүрлым елеулі болып, міндеттер күрделене түссе, жеті дағдының өміршеңдігі соғұрлым арта түседі. Оның себебі қарапайым: біздің түйткілдеріміз бен түңілуімізден туындаған күйзелістер әмбебап және өзінің көкейкестілігін жоймайды, ал мәселелердің шешімі әрқашан адамзат тарихындағы кез келген дамыған, орнықты қоғамға тән мәңгілік, көзге көрініп түрған, жалпыға бірдей принциптерге сүйенеді. Бұл қағидаларды мен ойлап тапқан жоқпын, мен бар болғаны оларды қалыпқа келтірдім және дәйекті жүйеге топтастырдым.
Өзім өмірден алған ең маңызды сабақтың бірі мынандай: асқан биік мақсаттар мен ең қиын міндеттердің орындалуына қол жеткізгіңіз келсе, онда
өзіңіз жеткіңіз келген нәтижелерді анықтайтын қағидаларды немесе табиғи
заңды қалыптаңыз және сол ұстаныммен жүріңіз. Біз қай қағидаларды қалай
қолдануымыз керегін айтарлықтай дәрежеде біздің бірегей талантымыз, артықшылығымыз бен шығармашылық қабілетіміз анықтайды. Дегенмен, түптеп келгенде, кез келген істегі жетістік адамға осы жетістік байланысты болған қағидаларды басшылыққа алу арқылы келеді. Көп адам, ең болмағанда, санасына сәл салмақ түсірген адам басқаша ойлайды. Бірақ неғұрлым тереңірек барған сайын, принципті шешімдер біздің бұқаралық мәдениетте қабылданған іс-әрекет пен ойлау машығынан түбегейлі түрде өзгеше екеніне сіздің көзіңіз соғұрлым көбірек жете түседі. Бұл өзгешелікті әрбіріміз бетпе-бет келіп жүрген, неғұрлым кең тараған бірқатар мәселелермен айшықтауға рұқсат етіңіздер. Қорқыныш және қорғансыздық. Қазір қорқыныш сезіміне бой алдырып жүргендер көп. Олар өз болашағы үшін үрейленеді, жұмыс орнында өзін қауқарсыз сезінеді. Жүмысынан және өз отбасын асырау қабілетінен айырылып қалудан қорқады. Бұл дәрменсіздік оларды жігерсіз жалтақ өмір сүруге және жұмыста да, үйде де өзгелерге бағыныштылыққа мойынсұнып келісуге алып келеді. Біздің мәдениетіміздің бұл түйткілге қайтарар жаттанды жауабы — тәуелсіз болған үстіне тәуелсіз бола түсу. «Мен бар күшімді «өзіме және өзімдікіне» жұмылдырамын. Мен өз жұмысымды орындаймын, әрі жақсы орындаймын, ал жұмыстан соң өзімді, шын мәнінде, рақатқа бөлейтін нәрсемен айналысамын». Тәуелсіздік, әрине, маңызды, тіпті өмірлік маңызы бар құндылық. Бірақ мәселе мынада — біз өзара тәуелді әлемде өмір сүреміз және біздің ең көрнекті жетістіктеріміз, бойымызда бар қабілеттен бөлек, бізден тағы да өзара тәуелді ептілікті, икемділікті талап етеді.

СТИВЕН КОВИ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *