Әлбетте, парадигма ауытқуы бір сәтте бола салмайды. Менің метродағы
күтпеген жерден саңылауыма түскен сәуле сияқты емес, Сандра екеуіміздің баламызға қатысты парадигмалық ілгерілеуіміз әлдеқайда баяу, сатылы, күрделі болғаны рас. Ұлымызға қолданған амал тұлғалық этиканың көпжылғы әсерінің нәтижесі ғана болыпты. Бұл ата-аналық міндетімізді мінсіз атқару мен балаларымыздың жетістіктерін бағалау туралы санамызға әбден сіңісті болып қалған парадигманың көрінісі ғана екен. Осы базис парадигманы өзгертуге шамамыз
* Торо Генри Дэвид (1817-1862) — америкалық жазушы, ойшыл, трансцен-денталист. Жетіп, бәріне басқаша көзбен қарай бастағанда, өзіміз де өзгердік, жағдай да
оңалды. Ұлымызға басқаша көзбен қарау үшін, Сандра екеуіміз өзгеруімізге тура келді. Біздің жаңа парадигмамыз мінезімізді шыңдауға шындап кіріскенде пайда болды. Парадигманы мінезден бөле-жаруға болмайды екен. Адам үшін бар болу — кө/л/деген сөз.Көргеніміздің бәрі болмысымызбен тығыз байланысты. Таныммен қатар, өзімізді өзгертпесек, алысқа ұзамас едік. Немесе, керісінше. Метро вагонында бастан кешірген бір сәттік парадигманың ауытқуы, танымымның өзгеруі мінезімнің қандай екенін көрсетті әрі сонымен шектелді. Жағдайдың барысын жедел аңғарса да, жорта аяушылық білдіріп не өзін сәл кінәлі сезінгендей қалып танытып, әрі қарай әлгі қайғыдан қан жүтқан адамның жанында аузына су толтырып алғандай, үндемей отыра беретін адамдардың бар екеніне сенімім кәміл. Екінші жағынан, жағдайдың қиындығын жан-жүйкесімен сезініп, ол адамға жүбарқату сөздерін аямай, қол ұшын созуға менен гөрі дайын адамдардың бар екеніне де дәл солай сенімдімін.
Парадигмалардың күші бар. Себебі сол арқылы әлемді көретін «призмаларды» түзеді. Парадигма ауытқуының күші — кез келген сапалы өзгеріске тән күш. Ол парадигма ауытқуының бір сәттік әлде баяу, күрделі процесіне тәуелді емес.
Стивен Кови