Жарық дүниеге келіп, өмір сүріп жатқан әр адамның өзіне тән, еншілеген жеке есімі болатыны сияқты кез келген халықтың да өзіне тән, өзіндік халықтық атауы бар. Жеке адамды сол өзіне тән есімі арқылы қалай өзгелермен шатыстырмай, тани алсақ, белгілі бір кезеңде пайда болып, уақыт аясында қалыптасқан халықты да өзіне тән халықтық атауы арқылы өзге халықтардан ажыратып, нақты танып-біле аламыз. Бірақ, солай дей тұрғанмен, жеке адам есімдері мен халықтық атаулардың кейде түрлі тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты түп мағынасынан ауытқып, кейде жекелік, кейде жалпыламалық мәнді иеленіп, берер ұғымының нақтылығына нұқсан келтіретін кездері де болады. Мұндай жағдайлар көшкінші халықтарда сиректе болса кездесетін кісі есімінің халықтық атауға немесе халықтық атаудың кісі есіміне айналып кететініне және халықтардың өзара бірігулері мен іштей ыдырауларының нәтижесіне қарай болып жатады. Мұндайда жаңылыс баспас үшін сол халықтық атауға ие халықтың уақыт өзгерістеріне қарай тұтас тарихындағы бастан кешкендерін жан-жақты зерттеп, зерделей білу қажет. Бұл бағыттағы ізденістің алғашқы қадамы, ең алдымен, халықтық атаудың (этнонимнің) атаулық мәнін, сөздік тегін (этимологиясын) анықтаудан басталары белгілі. Өйткені не нәрсенің болсын, атын танып, біліп алмай тұрып, оның затын өз мәнінде ұғыну қиын. Сондықтан біз де түрік халықтары жөніндегі әңгімеміздің әлқиссасын олардың ортақ халықтық атауы «түріктің» атаулық және сөздік мәнін зерделеуден бастауды құп көрдік.
Генетик ғалымдардың ДНК зерттеулерінің қорытындыларына сүйеніп анық тағанындай, адамзат баласының Жер-ананың киелі бір нүктесінде бір тектен жаралғаны рас болса, онда олардың жаратыла салып, әрқайсысының әр тілде сөйлеп кетпегені де, тілдік мешеуліктен шығу жолындағы ұзақ уақытқа созылған ізденіс, талпынысының нәтижесінде өздері өмірге әкелген сөздерді ортақ пайдаланғаны, яғни бір тілде сөйлегені де зерде мойындар шындық. Олай болса, кейін әр өрісте жетіліп, қалыптасқан, бұл күнде өзара туыстық ор тақтастығына қарай топтастырылып, бірнеше тілдік жүйеге бөлінген әлем халықтарының тілдерінің бастау негізі де осы түпкі бір тіл екеніне де күдік бол маса керек. Сондай-ақ адамдардың алғашқы қауымдық ұйысуларына да осы түпкі тіл ұйытқылық қызмет атқарды дей аламыз. Өйткені шартты түрде болса да, Адам-ата мен Хауа-анадан басталған адамзат баласының ұзақ ғұмыр жолының бастауында тұрған, тіршілік үшін күрес түйсігі (инстинктісі) біріктірген жан иелерінің топ-топ болып күн кешкен сонау терімшілік дәуірінде-ақ мылқаулық мешеулігінен шығып, тілді қатынас құралына айналдыра бастағанда бар сөзді бір күнде ойлап таппағаны, болмаса басқа бір планетаға өкіл жіберіп үйренбегені анық. Сондықтан әу баста сөздік қоры нөлдік деңгейдегі алғашқы адамдардың күнкөріс тіршілігі барысында жер түгінің сыбдырына, желдің уіліне, судың сылдырына, аңқұстың дыбысына, найзағайдың гүріліне… қысқасы тіршілік атаулының тірлік тынысына құлақ түре жүріп, соны еліктей қайталау арқылы дыбыстан сөз құрап, оған тиісті мағына беріп, өздеріне тән ортақ түпкі тілдің тұсауын кескен деп пайымдай аламыз. Бұлай пайымдау ғылымға да қайшы келмейтін сияқты. Өйткені глоттогенез (тілдің пайда болуы туралы ғылым) проблемаларын зерттеуші ғалымдардың «Шығыс Африка жерінде өсіп-өніп, күншығысқа қарай өріс ұзартқан Есті Адамдар әу баста ортақ бір тілде ұғынысқан» деген болжамдарында да, ғылыми сөздікте берілген: «Африка жерінде әр түрлі қауымдардың бір-біріне сіңісіп араласуынан арғы түпкі тілдің негізі қаланды, кейінгі дәуірлерде тарам-тарам салағ а бөлінетін макросемьялық топтардың ішкі диалектілері жіктеле бастады, (Лингвистический энциклопедический словарь. – М., 1990. – Стр.108-109) деген тұжырымында да осы оймен ортақ үндестік бар. Сондай-ақ тілдік түпкі тектің ортақтығын іздеу барысында тілші ғалымдардың үнді-еуропа, орал-алтай, афразия, дарвид және кавказ тілдерінің туыстығы жөніндегі ортақ теорияны өмірге әкелгені де белгілі.
Ғылымда тілдердің макросемьясының бастау қайнары болған түп тілге «ностра тілі» деген ат берілген. Оны алғаш ғылыми айналымға енгізген адам – даниялық зерттеуші Хольгер Педерсон деген ғалым көрінеді (Ностра – латынша: noster, nostra – «біздікі» деген мағынаны білдіреді.) Ол Еуразия мен Солтүстік Африканы мекендеген халықтар сөйлейтін үндіеуропалық, афразиялық және оралалтайлық тіл топтары әу баста ортақ бір тілден өрбіген деген ностра болжамын ХХ ғасырдың басында айтса, арада жарты ғасыр уақыт өткенде орыс зерттеушісі В. М. Иллич-Свитыч осы ностра тілінің ғылыми негізділігін жан-жақты дәлелдеп берумен бірге алтайлық ата тілдің түрлі бұтақтарға тарамдалуы үндіеуропалық ата тілден әлдеқайда бұрын болғанын да алғаш алға тартты (Иллич-Свитыч В.М. Опыт сравнения ностатических языков (семитохамитский, картвельский, индоевропейский, уральский, дарвидиский, алтайский). Введение Сравнительный словарь. – М., 1971. – Стр. 69).
Бұл арада жалпы тілді тудырушы адамдардың өздері болғандықтан, олардың өз ғұмырында түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларға қарай әр тарапқа өріс тартып, барған жерлерінде дербес жеке мемлекеттерге айналып, өзіне тән ерекшелігі бар тіл қалыптастырып, кейін бір-бірімен қатынасқа түсуі арқылы сол тілдердің өзара ауыс-түйісіне жол ашып, соның есебінен әрқайсысы өздерінің тілдік қорын байытқан заңдылықтары да есте болғаны жөн. Бұл өз тарапынан, жоғарыда айтқанымыздай, тілдік қорымыздың түп негізін қалаудағы адам қызметіне табиғаттың игі ықпалы болғанын түйсінуімізбен бірге тілдің дамып, жетілу тарихын дұрыс танып, түсінуімізге де көмектеспек. Сонда әңгімеге арқау еткелі отырған түрік тілінің қайнар бастауының да табиғаттан тамыр тартып, өркен жайғанын пайымдау да, жаңағы Иллич-Свитычтың «алтайлық ата тіл үнді-еуропалық ата тілден әлдеқайда бұрын тармақталған» деуінің мәнін түсіну де онша қиындық туғызбайды.
Біздің пайымдауымызша да, түрік тілінің қайнар бастауы – тұнық, одан өзге тілдердің қоспасы байқалмайды. Түрік тілдерінің сөздік қорындағы кейбір сөз түбірінің дыбысталу әуезінің табиғаттың төл үнімен үйлесіп жатуы да осыны дәлелдейді. Өйткені олар адамның қатысынсыз табиғаттың өзінде бар дыбыстар. Олардың сырт түрін өзгертіп, құбылуы – кейінгі уақыттың, тілдік даму дың ішкі заңдылықтары негізінде түлеп, жетілудің, есеюдің нәтижесі.
Сайып келгенде, мұның бәрі, түрік тілінің адамзат баласының тіл байлығының бастауы болған ортақ түпкі бір баба тілден тамыр тартқанын, яғни оның ежелгі көне тілдердің бірі екенін түйсінуге мүмкіндік береді. Бірақ ол, түрік тілі – қазіргі бар тілдердің барлығының түп бастауы дегенді білдірмейді. Басқаша айтқанда, түрік тілінің де сол түпкі ортақ тамырдан нәр алып, өз алдына жеке бұтақ болып өсіп шығып, өркен жайған ежелгі көне тілдердің бірі екенін тұщынуға көмектеседі. Осыдан оның әу баста «түрік тілі» деген атаумен танылмағанын да, сол секілді осы тілде сөйлеген халықтардың да әуелден ортақ «түрік» деген атауды иеленбегенін де аңғаруға болады. Өйткені ол кезде осы тілді өмірге әкеліп, оны қатынас құралы ретінде тұтынушылардың өздері тілдік тұрғыдан да, халықтық тұрғыдан да алғанда ортақ бір атауды иеленетіндей бірлікте болмағаны хақ. Сондықтан тіл бастауына қатысты айтылған пайымдауларда қолданылданылған «түрік тілі» атауын шарттылық мағынада ғана қабылдаған жөн.
Ежелгі халықтардың бастау тарихы жөніндегі зерттеулер нәтижелерін сана сүзгісінен өткізіп, байыптай зерделесек, осы шартты түрдегі «түрік тілін» қолданған ежелгі адамдар алғашқыда терімшілік тұсындағы үйірлестік топтасудан шығып, кейінгі рулық, тайпалық құрылымға ұйысқанда, әр ру, әр тайпа өзіндік атауға ие болып, сол атауларымен төңірегіне таныла бастаған секілді. Бірақ бұл кезде де бұлардың қолданысындағы тіл бәріне ортақ болғанымен, оның атауы біреуге еншіленіп, баршаға ортақ бір атаумен аталмаған, әр рудың, әр тайпаның өз тілі ретінде, солардың атымен аталып жүрген сыңайлы. Ол тек кейін әлгі рулар мен тайпалар географиялық-аумақтық орналасу ыңғайына қарай тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзара бірігіп, үлкен ірі этносаяси бірлестіктер құрғанда, сол бірлестіктің атымен аталу арқылы барып ортақтық сипатқа ие болған. Қазіргі тарихта түрік тілінің негізгі тармақтары есебінде, мысалы, «қыпшақ тілі», «ғұз тілі» («оғыз тілі») деп аталудағы қыпшақ та, ғұз да осындай үлкен этносаяси бірлестіктердің аттары. Бұлар этникалық атаулар емес. Кейін осындай ірі бірлестіктерден өз кезегінде түрлі мемлекеттер пайда болып, түрлі халықтар қалыптасқанда бұрынғы бәріне ортақ бір тіл де тармақтанып, әрқайсысы әлгі халықтардың атымен аталып кете барған. Мысалы, жаңағы қыпшақ бірлестігінен тарамдалған кейінгі құмықтың, балқардың, қарашайдың, ноғайдың, башқұрттың, татардың, қарақалпақтың, қырғыздың, қазақтың және сол секілділердің атымен аталып, солардың тілі ретінде танылып кеткені тәрізді. Бірақ мұндай тармақтанулар әлгі жеке атауға ие болғандардың тілдік тұрғыдан да, халықтық тұрғыдан да, түп тамырының бір екенін жоққа шығармайды. Ғалымдардың өз зерттеулерінде осылардың түп бірлігін білдіру қажет болғанда бастаудағы ортақ атауымен жалаң атамай, оған «тектес», «тілдес» деген сөздерді тіркеп қолданатындары да содан. Мысалы, мұны нақты осы түрік атауына қарата айтсақ, бұл жекелік ұғымдағы «түрік тілі», «түрік халқы» дегеннің орнына жинақтаушы мәндегі «түрік тектес, түрік тілдес халықтар немесе тайпалар» деген тіркестерді қолданатынымыз сияқты.
Тектес, тілдес халықтарды бір шаңырақ астына біріктіріп, бәрінің ортақ атауы ретінде танылған осы «түрік» атауының қай кезде пайда болғанын айғақтар нақты дереккөздер жоққа тән. Барында білімді зердені қанағаттандыратындай нақтылық жоқ. Оларды басқа дереккөздердің жанама мәліметтерімен тұздықтап отыру қажет. Жазба дереккөздері берер дерек бойынша: түрік – х.э. кейінгі VI ғасырда Алтайда пайда болған халықтың аты және соның тілінің атауы. Ал түп негізі Таураттан алынып, Алла тағаланың Адам ғалаиссаламды жаратқанынан бастап, бері қарай тарататын халықтың ауызша тарихының дерегі бойынша: ол – Нұх пайғамбардың бүкіл адамзат баласы ғұмырнамасының бастауында тұрған үш баласының бірі – Йафеттің сегіз ұлының үлкенінің есімі. Бұл дерек бойынша бүгінгі бар түрік тектес халықтардың бәрі Йафеттің осы Түрік деген баласынан тарап, өсіп-өнген ұрпақ делінеді.
Екі деректе де бірін-бірі айғақтап, толықтырар ортақтық жоқ: бірі есте жоқ ескі заманға әрі тартса, бірі жаңа заманға қарай бері тартады. Қайсысы шындыққа келеді, тап басып тану қиын. Көмекке келер, бағыт берер зерттеу еңбектер тағы жоқ. Өйткені ғылымда «түрік» атауының сөздік төркінін (этимологиясын) анықтауға ғана мән беріліп, ал сол атауға ие халықтың тарихы, оның шығу тегі зерттеу аясынан мүлде тыс қалып келеді. Мұндай олқылықтың орын алуы да сол баяғы көшкінші халықтарға «жабайы», «тағы» деп қараған сыңаржақ көзқарастың зиянды салдары екені даусыз. Жазба деректерде ежелгі көшкінші халықтардың біразының аттары белгілі болғанымен, олардың бірдебірінің заты жөнінде түк мәлімет болмайтыны да содан. Өйткені олардың бастау тарихы кезінде зерттеліп, кімнің кім екені, қайдан шығып, қайда барғаны, онда не болғаны басы ашылып анықталмағандықтан, жазба дереккөздері арқылы тек аты ғана мәлім әлгі көшкінші халықтың қай-қайсысының да шығу тегі мен оның атауының тарихы кейінгі зерттеушілерді қызықтырмайды, тіпті қызыққанымен, оны ғылыми негізде танып, білуге ешқандай мүмкіндіктің жоғын біледі. Сол себепті оған уақыт шығындап, көңіл бөліп, зерттеп әуре болмайды, жазба дереккөзі арқылы мәлім болған ежелгі көшкінші халықтың кез келгенінің тарихын сол жазбада көрсетілген кезден ғана бастап, бері қарай жалғастырып тарта береді. Қытайдың Вій (Вэй) әулетті жылнамасы мен Орхон жазбаларында берілген деректер арқылы танылған түріктер жөніндегі «түріктер – х.э. кейінгі VI ғасырда Алтайда пайда болған жас халық» деген тұжырымның жасалуы да, сондай-ақ олардың шыққан тегі мен халықтық атауы тарихының ғалымдар тарапынан зерттеліп, қаузалмауы да сондықтан. Бұл туралы бұдан бұрынғы зерттеу еңбектерімізде арнайы сөз еткенбіз. Қызығушылық танытқан жан болса, содан оқып білуіне болады. Сол себепті бұл арада оған қайыра тоқталып, қайталап жатуды жөн көрмедік. (Қараңыз: Қ. Салғараұлы. Түріктер. – Астана, Ежелгі көшкінші халықтардың бастау тарихы мен оның халықтық атауларының кезінде жан-жақты зерттеліп, мән-мағынасының толық ашылмауы салдарынан, солардан тарап кейін өз алдарына жеке халық болып қалыптасқандардың шыққан тегін, халықтық атауларының төркінін анықтауда бұл күнде елеулі қателіктерге ұшырап, атауларды бірін-бірімен шатастыруға жол беріліп келеді. Мұны, мысалы, кейінгі зерттеушілердің тектес, тілдес халықтарды бір шаңырақ астына біріктіретін байырғы «түрік» атауы мен ғұз бірлестігінің құрамындағы басқа тайпаның «торк» атауын бір атау санап, олардың сөздік мағынасын да бір деп пайымдайтындарынан анық көруге болады. Зерттеушілердің бұл орайдағы дәлелдеулерінде азды-көпті айырмашылықтар болғанымен, ой түйіндері белгілі түрколог Н.А. Баскаковтың «Нет никаких сомнений в том, что этноним торки – русская адаптация названия племени төрк – түрк (тюрк)» деген пікіріне саяды.(Баскаков Н.А. Тюркская лексика в «Слове о полку Игореве». – М., 1985. – Стр. 59.)
Бірақ, бұл – негізінен көшкінші халықтардың шығу тегінің бастау тарихын салалай тарқатып, сабақтастыра, салыстыра зерттемеуден, соны жан-жақты зерделемеуден туған қате пайымдау. Дұрысында: түрік – жоғарыда айтқанымыздай, ежелгі замандарда Ұлы Даланы мекендеген тектес, тілдес ру-тайпалардың басын біріктірген үлкен этносаяси бірлестіктің аты. Бұл – тур сөзіне «ік» жұрнағы жалғану арқылы (түр+ік) жасалған атау. Мұндағы тур (тұр, түр) «Авестада» айтылатын ежелгі замандағы тектес, тілдес көшкінші ру-тайпалардың ортақ атауы. Ал «ік» – белгілі бір ұғымды білдіретін түбір сөзге жалғану арқылы сол сөзге жинақтаушылық мән дарытып, басқа жаңа ұғым тудыратын өнімді жұрнақ. Мысалы, «біл» – «біл-ік» ұғымдарын алалық. Мұндағы «біл» есту, көру, оқу арқылы бірдемені тануға, ұғынуға үндесе, «білік» әлгі естуден, көруден, оқудан тұщынып түйгеніңнен жинақталған таным-түсінік. Осы тәріздес түрік сөзі де ежелгі тур (тұр) тайпа бірлестігі негізінде біріккен өзге көшкінші тайпалардың тектес, тілдес ортақтастығын білдіретін жиынтық мағынаға ие.
Алайда түрік халықтарының бастау тарихынан хабарсыз зерттеушілер халықтық атаудың (этнонимнің) төркінін (этимологиясын) сөздің жаратылысын, түп мағынасын зерделемей, оның кейінгі замандарда өзгеріске түскен ауыс палы мәніне, содан туындаған, кейіннен құрастырылған Сөздіктерде бар сөздердің ұқсастығына алданып, солар арқылы ой түйіндеуге мәжбүр. Ондайлар және баршылық. Олардың, мысалы, бір түрік сөзінің мағынасын «жасаушы, адам»; «тастау, жайына қалдыру»; «күш, қуат» және осы тәріздес әр түрлі ұғымдарға апарып телуі – осының айғағы. (Қараңыз: Vambery H. Die primitive Culture der turko-tatarischen Volkes auf Grundsprachlicher Forschungen. Leipzig,1879.; Bazin I. Nites sur ies mots oguz et turk. –Oriens 1953. vol.6.2.; Zajaczkowski A. Zwiazki jezykowe polowiecko-slowianskie. – Prace Wroclawskiego towarzstwa naukowego. Ser. A. 1949 34.; Nemeth J. Der Volksname turk. – Korosi Csoma Archivum, Leinden6 1927, bd.2, 11, 4). Бір ғажабы, түрік сөзінің мағынасын әрқайсысы осылайша әр қилы түсіндіргенімен, олардың бірде-біреуі әлгі өзде рі айтқан ұғымдағы сөздердің қандай заңдылық бойынша тілдес, тектес бірнеше халықтың ортақ атауына айналғанын айтпайды, ойларын дәлелдеп тарихи айғақ келтірмейді, нақты дерек бермейді. Осыдан келіп, көшкінші халықтардың тарихи болмысымен қиыспайтын, тек сөздіктерде бар ұқсас сөздердің әр кезеңде қалыптасқан мағынасына негізделген әр түрлі болжамдар саны көбейе береді. Алайда бұлардың ешқайсысы шындыққа жетуге, атаудың төл мағынасын ашуға көмектеспейді. Бар қызметі: бір қателіктен кейін тағы бір қателіктің өмірге келуіне себепші болу ғана. Сондайлардың бірі, мысалы, түрік атауының түп негізін қазақ, моңғол, бурят және тағы басқалардың тілдік қорында кездесетін төркін сөзінен іздейтіндердің болжамы. Олар аталған халықтардың тіліндегі, мысалы, қазақша: төркін, моңғолша: түркүн, бурятша: төрхүм сөздерінің түбірінің түрік сөзіне ұқсайтынын негізге алып, соны әрқайсысы өз танымтүсінігіне орай атаудың шығу тегі етіп көрсетуге күш салады. (Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников. (VII-IХ вв.) – Л., 1980. – Стр. 51). Алайда олар бұл сөздердің дыбысталуында ұқсастық болғанымен, мағыналық жағынан бір-біріне еш қатысы жоқ, өз алдына жеке сөздер екеніне мән бермейді. Төркін – түркүн сөздері мағынасы жағынан тұрмысқа шыққан әйелдің ата-анасын, ағайын-туғанын, ел-жұртын, бір сөзбен айтқанда, барлық туысқандарын білдіретін жинақтаушы сөз. Бұл сөздің түрік атауының баламасы бола алмайтынына бүкіл түрік халықтарының тұтас тарихында туыстық-іліктік мағынадағы сөздердің халықтық атауға айналғанына айғақ болар бірде-бір дерек кездеспейтіні де құптай түседі. Бұлай атау дәстүрде жоқ.
Осы айтылғандардың бәрі түрік халықтарының бастау тарихының зертеліп, танылмағанының салдарынан екені аян. Торк атауы мен түрік атауын бір сөз деушілердікі де сол тарихты жете білмегендіктен. Білсе, жоғарыда айтқанымыздай, тектес, тілдес бірнеше халықтың басын біріктіретін түрік атауын ғұз (уз) бірлестігінің құрамындағы бір тайпаның атымен шатастырмас еді. Торктың түрік атауына дыбысталу ұқсастығы болмаса, мағыналық түк қатысы жоқ. Торк – көне түрікше билік, заң деген мағынаны білдіретін тор және тұқым деген мағынадағы ұрық сөздерінің бірігуінен жасалған атау: тор+ұрық= торық= торк. Бұл ретте көне орыс жылнамаларында айтылатын торк, тілші ғалымдар пайымдағандай, түрік атауының емес, торық (торығ) сөзінің орыс тілінде бұрмаланған түрі. Бұдан торктың сөздік мағынасы билеушілер тұқымы, билік құрушылар әулеті дегенді білдіретін көруге болады. Сонда бұл мағыналық жағынан кейінгі ХІІІ ғасырдан кейін пайда болған төре (төр+ие) атауымен бір мәндес болып шығады. Айтылғанды өз мағынасында түсіну үшін қазіргі қазақ халқын құраған ру-тайпалардың бірі болып есептелінетін төре руын тек кешегі атақты Шыңғыс хан мен оның балаларынан өсіпөнген ұрпақтың ғана құрайтынын еске алсаңыз жетіп жатыр.
Мұны тарихи тұрғыдан былай түсіндіруге болады. Далалықтардың бүкіл тарихы бірігулер мен ыдыраулардан тұратыны, біріккенде далалық ірі мем- лекеттер құрып, ыдырағанда жеке хандықтарға, иеліктерге бөлініп кететіні жөнінде талай жазылған. Осындай бірігулер негізінде құрылған далалық империялардың билігі басына келген әулет далалықтардың ел билеудегі қалыптасқан дәстүрлі заңдылығы бойынша мұрагерлік жолмен қашан сол империя құлап, келесі жаңа империя құрылғанша билік тізгінін уыстарынан шығармай, өздерінен тараған ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырған. Мұндай далалық империялардың қай-қайсысы да, тарих дерегіне қарағанда, кемі екі-үш ғасыр уақыт өмір сүрген. Ал империя құлап, жеке-жеке хандықтарға бөлініп кеткен кезде де сол хандықтардың билігі басында бұрынғы билеуші әулеттің ұрпақтары отырған. Бұл үрдіс қашан басқа жаңа империя шаңырақ көтеріп, басқа әулет билік басына келгенше жалғаса берген және бұл да екі-үш ғасырға созылған. Міне, осылайша ұзын-ырғасы алты-жеті ғасырға ұласқан уақыт ішінде бірыңғай билік басында болып келген әулеттің ұрпақтары өсіп-өніп, өз алдарына жеке іргелі ру құрайтын дәрежеге жеткен. «Тарих атасы» атанған Геродоттан бастап, кейінгі тарихшылар мен саяхатшылардың еңбектерінде ежелгі замандада Ұлы Даланы мекендеген көшкінші халықтар жайында сөз болғанда, солардың біреуін үнемі өзгелерінен ерекшелеп, «бұларды «патша тұқымы» деп атайды» деп, бөле-жара атап көрсетіп отыратындары осындай билеуші әулеттің ұрпақтарынан құралған ру-тайпалар. Мысалы, Геродоттың өзінің әйгілі «Тарихында»: «… бұлардың бәрін сколоттар, яғни «патша тұқымы» дейді» деген дерек беріп, оларды және барлық жерде «царские скифы» деп ерекшелеп отыратынының сыры да осында. (Геродот. История в девяти книгах. – Л., 1972. – Стр. 188). Торығ (торк) атауын да, міне, осындай жолмен заманында ғұз бірлестігі негізінде құрылған бір мемлекеттің билеушілері ұрпағының ұзаққа созылған билігі барысында өмірге келген атау деп білген жөн.
Бастау тарихы жазылмаған, зерттелмеген, оның үстіне «ештен кеш жақсы» деген қағидамен, кейін ізденіп, бірдеме білуге көмегі тиер өзінен қалған жазба дерегі жоқ халықтың халықтық атауының (этнонимнің) пайда болған кезін анықтау да, соған орай оның төркінін тап басып тану да оңай шаруа емес екені түсінікті. Нақтылығы жоқ түрлі болжам-топшылаулардың көбеюінің де негізі осында. Бұл сөз болып отырған түрік атауына да тән. Сондықтан да «түрік атауы қашан және қалай пайда болды» деген сұраққа әлі нақты жауап берілген жоқ. Орхон жазбалары мен қытай тарихнамаларының дерегіне сүйенген ресми тарих оның пайда болу мерзімін х.э. кейінгі VI ғасырға теліп, әйгілі Түрік қағанатының атымен байланыстырады. Бірақ бұл тұжырымды ғылыми тұрғыдан негіздемейді, басқаша айтқанда, қағанат атына ие болған түріктің қайдан, қалай пайда болғанын дәйекті дерекпен тиянақтамайды.
Жалпы далалық дәстүр бойынша жаңадан құрылған мемлекеттің, яғни хандықтың, қағанаттың аты соны құруға ұйытқы болған халықтың не тайпаның атымен, болмаса соларға сол кезде жетекшілік еткен атақты басшының есімі мен немесе сол кезеңдегі тарихи жағдайға байланысты жалпы бәріне ортақ, өзара кие тұтатын жер-судың атауымен аталатыны белгілі. Ал VI ғасырда құрылған қағанаттың түрік аталауына, бізге жеткен дереккөздері бойынша, бұлардің бірде-біреуі негіз бола алмайды. Өйткені қағанаттың негізін қалаушы тайпаның атауы – қыпшақ (ресми тарихтың танымы бойынша: «ашина»), жетекшілік еткен көсемнің аты – Бумын (Момын), жерінің атауы – Алтын тау (Боғда тауы) екені белгілі. Мұның сыртында әлдеқалай бір себебі болған шығар деуге, Түрік қағанатының құрамына енген тарихқа белгілі ірілі-ұсақты басқа ру-тайпалардың ішінде де түрік деп аталатын ру-тайпа аты кездеспейді. Алайда соған қарамастан, қағанат «Түрік елі» (Түрік қағанаты) деп аталады, ал оның халқын ресми тарих «түріктер», «көк түріктер» деп әйгілейді. Сонда бұған дейінгі арғы-бергі тарихта еш жерде кездеспейтін бұл түрік атауы қайдан пайда болды? Түрік елінің халқының атына анықтауыш ретінде «көк» сөзінің тіркелуіне не себеп? «Көк» сөзі бұл арада қандай мағынаға ие: бояу түсінің түрі ме, әлде Тәңір атының символдық баламасы – аспан ба ? Бұл сауалдарға да жауап жоқ.
Бұған қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда, халықтың ауызша тарих дерегінде тілге тиек, ойға талшық болар дәйек бар. Бұл ретте шежіре-тарих адамзат тұқымын әлемдік топан су тасқынынан аман алып қалған Нұх кемесі нің Шам жұртындағы Мосул шаһарына таяу жердегі Жуды тауына қайырлағанын баяндай келіп былай дейді: «…Осы арада олардың (адамдардың) бәрі ауырып, тек Нұхтың өзі әйелімен және үш ұлы әйелдерімен аман қалды. Қалғандары о дүниеге сапар шекті.
Бұдан кейін Нұх үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа; Сим (Сам) атты ұлын Иран жеріне; Иафет (Иафес) атты ұлын солтүстік жаққа жіберіп, оларға былай деді: «Адамның ұрпақтарынан сен үшеуіңнен басқа ешкім қалған жоқ. Сол себепті үшеуің үш жұртты мекендеңдер. Қашан бала-шағаларың көбейеді, солай әрқайсысың сол барған жерлеріңді игеріп, өз алдарыңа жұрт болыңдар.
…Иафет әкесінің әмірімен Жуды тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суларының бойына барып, қоныс тепті. Онда екі жүз елу жыл өмір сүріп, қайтыс болды. Иафеттен сегіз ұл бар еді. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Рус, Миң, Шын, Кеймари, Тарих. (Хондемирде соңғы екеуінің есімі: Кеймал, Тареджа). Иафет өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «сендер Түрікті патшамыз деп мойындап, оған бағыныңдар» деді». (Абульгазы бахадур-хан. Родословное древо тюрков. – М., 1996. – Стр. 15-16.; Хондемир. История монголов от древнейших времен до Темирлана. – С-Пб., 1854. – Стр. 2.) Ауызша тарих дерегі бойынша осыдан Түріктің және оның елінің тарихы басталады.
Бұған қарағанда, кісі есімі болсын, елдік атау болсын, қалай болғанда да, түрік атауының, кем дегенде, төрт мың жылдық тарихы бары көрінеді.
Осы орайда ежелгі қыпшақтар тарихын зерттеуші қазақтың белгілі ғалымы С.М. Ақынжановтың: «В древних этногенетических легендах о происхождений того или иного народа каждая деталь сюжета имеет скрытую генетическую подоснову, в каждой атрибутике сюжета имеется зашифрованный намек на действительные события из жизни определенного этнического коллектива» деген тұжырымы ойға оралады. (Ахынжанов С. М. Кыпчаки в истории средневек ового Казахстана. – А., 1989. – Стр. 55). Расында да, шежіре-тарих дерегінің мәнмағынасын танып-білмей жатып, бұрынғы қалыптасқан әдетпен бәрін теріске шығара бермей, оның астарына үңіліп, не айтпағын өз болмысында тани алсақ, ғалым пікірінде шындық барына көз жеткізу онша қиындық туғызбайтын секілді. Мәселеге осы тұрғыдан келіп, жоғарыда айтылған аңызды ауызша шежіретарихтың дерек беру тәсілі бойынша зерделесек, Түріктің патша болуы және оның балаларының есімдерінің басқа емес, тарихқа белгілі байырғы бірбір халықтың атауы болып келуі, ерте заманда Еділ мен Жайықтың арасында Түрік деген атпен танылған бір мемлекеттің болғанын және оған «Түріктің баласы» деп көрсетілгендердің кезінде осы Түрік еліне бағынышты болған елдер екенін аңғару онша қиындық туғызбайды (Билеуші елдің басшысының өзіне бағынышты бодан елдің билеушісін «балам» деп атайтын ежелгі дәстүрді еске алыңыз).
Ал әлгі ежелгі Түрік мемлекетінің мерзімдік тұрғыдан қай кезде болғанын нақтылау қажет болса, бұл ретте көне дереккөздері әлемдік әйгілі топан су тасқыны жөнінде екі мерзімді атайды. Оның бірі – «Энума Элиш» поэмасында көрсетілген вавилондық мерзім – х.э. дейінгі 2379 жыл, екіншісі – Тауратта көрсетілген еврейлік мерзім – х.э. дейінгі 2355 жыл (Шитников А.В. Изменчивость общей увлаженности материков северного полушария. //Записки Геогр. Общ-во. Т. ХVІ. – М.-Л., 1957. – Стр. 220-221, 262.) Мұның бәрі, қалай болғанда да, ресми тарих ғылымында көрсетілгеніндей, түрік атауының ортағасырда пайда болмағанын, оған дейін де бар ежелгі атау екенін білдіреді. Ал ортағасырлық түріктер болса, ел жадында сақталған осы айбарлы атауды кейін тектес халықтарды біріктіруші ұран ретінде қайта жаңғыртып, тарих сахнасына жаңа тұрпатта алып шығарушылар ғана. Мұның солай екенін ортағасырлық түріктердің ұстанған «мәңгі ел» идеясы да растай түседі.
Айтылғанның ақиқатын тану үшін VІ ғасырда шаңырақ көтерген атақты Түрік қағанатының тарихына барынша байыппен зерделей үңілген жөн. Сонда өз заманының заңғар ойлы билеушісі болған Бумын (Момын) қағанның төңірегінде теңдесі жоқ қуатты мемлекет құруға бағыт алғанда оны басқа емес, неге «түрік» деп атауды қалағанын пайымдауға мүмкіндік туады. Өйткені Бумын қаған өздерінен бұрын бір кезде төңірегіне түгел билік жүргізген әйгілі Түрік деген атақты мемлекеттің болғанын жақсы білген. Бәлкім ол кезде даңқы аспандаған ежелгі Түрік елі, оның батырлары туралы жыр-дастандар халық жадында сақталып, айтылып та жүрген болар. Тіпті тобалар талқандаған Пинлиән патшалығынан бөлініп қашып келіп, Алтын тауға паналағандардың бір кездерде сол ежелгі түрік мемлекетінің құрамында болған жұрт болуы да, Бумынның өзі өзін сол ежелгі түріктердің ұрпағымын деп санауы да бек мүмкін ғой. Осыған орай жыужандар бодандығында жүдеп-жадап жүрген түрік тектес тайпалардың (халықтардың) басын бір шаңырақ астына біріктіріп, азаттық әперуді көздегенде, Бумынның жұрттың сол бір даңқты Елдікті, қаһармандық Ерлікті аңсаған арман-аңсарын ескеріп, соған сай осы ежелгі түріктердің атақдаңқын қайта жаңғыртып, «біз де сондай ел боламыз» деп, оны халық рухын көтеріп, азаттыққа құлшынтуға пайдаланған дей аламыз (Осман империясы құлауға айналғанда халық рухын көтеруге түрік атауын ту қылып көтеріп, оғыздардың бір бұтағының Түрік еліне айналғанын еске алыңыз). Тарих сахнасынан шығып қалған, бұған дейін еш жерде аталмаған, Түрік атауының алтыншы ғасырда бұлттан шыққан күндей жарқ етіп қайта пайда болуының бар сыры да осында болса керек. Сондай-ақ Бумын қағанның жыужандар билігін құлатып, тәуелсіз дербестікке ие болысымен, жеделдетіп, арнайы заң шығарып, елін «Мәңгі ел» («Бәңгі ел») деп атандыруы да айтылған ойдың дұрыстығын айғақтай түседі. Өйткені мұнда көреген басшының «байырғы түріктердей ірі мемлекет құрдық, бірақ біз олардай жойылып кетпейміз, мәңгі ел боламыз» деген идеясы «менмұндалап» тұр. Оның қаған болып, таққа отырысымен, ел билеудің ежелден қалыптасқан қағидасын шұғыл өзгертіп, арнайы заң шығаруы да осы идеясын жүзеге асыру мақсатынан туғаны анық. Қалай болғанда да, бүкіл тірлігінен нені болсын келер күндер мүддесі тұрғысынан ойлап, аптықпай ақылмен шешетіні көрініп тұратын Бумын қағандай дана басшыны өзіне дейінгі небір дәуірлеген далалық ірі мемлекеттердің уақыт өте келе неліктен іштен іріп, ақырында тозтоз болып, бөлшектеніп, кім көрінгенге жем болатыны ойландырмай қоймасы анық. Ал ойланған жанның қалайда белгілі бір шешімге келері аян. Бумын қаған да ойласа келіп, бұрынғы мемлекеттердің құлдырауының басты себебі – мұрагерлік жолмен әке өлсе, баласын таққа отырғызатын ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша ел билігі тізгінінің бір кездерде ақылы толмаған жас балаға берілуінде, оның билікке ие бола алмай, мансапқұмар шонжарлардың қолындағы жанды қуыршаққа айналып кете беретінінде екеніне көз жеткізген секілді. Оған оның қағандық билікке ие болысымен, алдымен осы заңның, яғни әке өлсе орнына баласын мұрагер ететін заңның күшін жоюы дәлел. Билік тізгіні әр кез берік мықты қолда болмаса, оған қызығушылардың аз болмайтынын, соған орай түрлі таластартыстың туындап жататынын өз тәжірибесінен де жақсы білгендіктен де, ол билік тізгінін қаған өлгеннен кейін оның артында қалған жас баласына емес, ел билеудің қиындықтарын кезінде ел билеушісімен бірге көріп ысылған, мол тәжірибе жинақтап, халық сеніміне ие болған жақын тетелес інісіне табыстауды арнайы заңмен бекіткен, кейінгіге мұра еткен. Бумын өлгеннен кейін таққа оның есімі елге танылған батыр баласы Мұқан (Мугән) отырғызылмай, інісі Ысты-бидің (Істі-мидің) отыруы, одан кейін де тақты өлген қағандардың балалары емес, олардың тетелес інілерінің иеленуі – жоғарыда айтылған ойлардың шындыққа шет еместігін дәлелдей түседі. Мұндай жағдай Түрік қағанатына дейінгі далалық мемлекетердің бірдебірінде болған емес!..
Сонарда із танымаған аңшы олжасыз оралады
Сонымен, түрік тектес халықтардың бастау тарихына қатысты екі тұжырым бой көрсетті.
Оның бірі, қазіргі ғылыми айналымда жүргені – бүгінгі тарихи сананы мойындатып отырған, «түрік халықтары – х.э. кейінгі VІ ғасырда Алтайда пайда болған жас халық» деген ресми тарих ғылымы қалыптастырған тұжырым.
Екіншісі – түрік халықтарының бастау тарихын есте жоқ ескі замандар қойнауынан шығарып, жалпы адамзат баласының ортақ бастауымен сабақтастыра жалғастырып, бүгінгі күнмен ұштастыруға талпынған біздің пайымдауымыз. Бұл – бұған дейін арнайы сөз болмаған тақырып.
Жоғарыда айтылған ғылыми тұжырымдаманың табан тірер негізі, алға ұстар айғағы – Орхон-Енесей ескерткіштеріндегі және қытайдың әулеттік шежі релеріндегі жазба деректер, солар арқылы әлемге танылған әйгілі Түрік қағанатының тарихы. Қазіргі таңдағы екінің бірінің ауызында жүрген «Алтай – түріктердің алтын бесігі» деген ұғым да осы тұжырым негізінде қалыптасқан.
Алайда бұл тұжырымның дұрыстығына елеулі күмән бар. Біздің пайымдауымызша, бұл орайдағы бар жаңсақтық осы тұжырымды жасаушылар мен оны ғылымға енгізушілердің әу баста мемлекет тарихы мен халық тарихының ара-жігін ашып, ажыратпай, екеуін бір ұғым ретінде қабылдауынан басталған секілді. Ресми тарихтың түрік халықтарының (тайпаларының) бастау тарихын VІ ғасырда шаңырақ көтерген Түрік қағанатының, яғни олар құрған мемлекеттің тарихынан бастаулары осы ойға жетелейді.
Ешбір халық ғайыптан пайда болып, мемлекет құрмайды. Өмірде бар халықтар ғана белгілі бір тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қажеттілігінің орайына қарай тарихи мүмкіндіктерді пайдаланып, белгілі бір кезеңде жаңадан өз мемлекетін құра алады. Сол себепті кез келген мемлекеттің құрылған кезі оны құрушы халықтың (тайпалардың) пайда болуын көрсетпейді. Өйткені ол халықтар одан бұрын да болған, олардың ата-бабалары бұған дейін де басқа бір мемлекеттің құрамында жүрген. Бұл – көз көріп жүрген өмір шындығы.
Осы шындық түрік халықтарының тарихына да қатысты. «Түрік» деген атты иеленді екен деп, бүкіл түрік тектес халықтардың бастау тарихын орта ғасырда мемлекет құрған түріктердің тарихына телу жаңсақтық болмақ. Жоғарыда айтқанымыздай, ортағасырлық бұл түріктердің де көктен түспегені, олардың ата-бабаларының да қағанат құрғанға дейін түрлі мемлекеттердің құрамында сан алуан тарихи оқиғаларды бастан кешіргені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ендеше осындай шындықты біле тұрып, түрік халықтарының бастау тарихын Түрік қағанатының құрылған кезінен, яғни VІ ғасырдан бастау – қай тұрғыдан алғанда да шындыққа келмейді. Біздің түрік халықтарының шығу тегіне қатысты қазіргі ғылымда қалыптасқан тұжырымды терістеп, өз пайымдауымызды көпшілік назарына ұсынумыздың негізгі де осы бір қарапайым қағидадан басталады.
Солай дейтұрғанмен, түрік халықтарының бастау тарихын, біз ұсынғандай, адамзат баласының бастау тарихымен сабақтастырып, тамырластыра тарату да, оған тарихи санасы басқаша қалыптасқан бүгінгі оқырманды сендіру де оңай болмасы белгілі. Айтқаныңа айғақ, көнелікке куәлік талап етіледі. Қиындық та осында. Өйткені есте жоқ ескі замандар оқиғаларының шындығын алға жа йып көрсетер қолымызда арнайы нақты жазба деректер де, айғақ етіп алға тартар құжаттар да жоқтың қасы.
Бірақ, соған қарамастан, ізденгеннің ізгі ниетін жүзеге асыруға көмегі тиер, білімді зерденің талдап тануына талшық етуіне мүмкіндік берер мағлұматтардың ұшырасып қалатынын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл ретте ел жадында жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, кейінгіге жеткен халықтың ауызша тарихының: мифтік әңгімелер мен аңыздар дерегінің, сондай-ақ тілдік мұралардың, археологиялық қазба материалдардың берері аз емес. Тек соны сараптай білер сана, көре білер көз болсын деңіз.
Бұл ретте, ең бастысы, зерттеушінің де, оқырманның да қалыптасқан қағидалар шектеуінен шығып, «түріктердің де ежелгі халық болуы мүмкін-ау» деген ойды бір сәтке болса да санасына қонақтата алуы шарт. Олай болмаған күнде «түріктердің х.э. кейінгі VІ ғасырдан бұрын болуы мүмкін емес» деген санада қалыптасқан соқыр сенім жоқты табуға, барды көруге жол бермейді, ескі сүрлеуден шығармайды, айтқаныңды қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Осыған орай, неге болсын тек тиімділігі, пайдалылығы тұрғысынан қарап, «уақыт – алтын» деп есептелінетін мына қарбаласы мол қауырт заманда тарихты өздері танып, түсінуге мүмкіндігі аз оқырманға осы бағытта алда айтылар ойларымыздың төбеден түскендей тосындық танытпауы үшін, алдымен, оларға ежелгі дүниенің ескі карталарын зерделей қарап, ондағы ежелгі өркениет ошақтары орналасқан өңірлердегі белгіленген елдік атаулар мен жер-су аттарына байыптай назар аударуды ұсынар едік. Сонда олар әлгі атаулардың (этнонимдердің, топонимдердің, гидронимдердің) арасынан толып жатқан таза түріктік ұғымдағы атауларды өз көздерімен көрер еді. Көрген соң, сөз жоқ, «ау, көне заманда түріктер болмаса, христиан эрасынан бұрынғы төрт мыңыншыүш мыңыншы жылдарда Оңтүстік Еуропа, Египет, Алдыңғы және Кіші Азия жерлерінде бұл атаулар қайдан, қалай пайда болған» деген ойға қалар еді. Әсіресе, адамзат баласы салған қалалардың ең көнесі деп танылған екі қаланың бірдей «Йер-қон» («Жер-қон») аталуы және оның біреуінің көне Палестина жерінде, екіншісінің атақты Ніл-дарияның орта ағысында (ертеде гректер Египетті жаулап алғаннан кейін ол «Йерқонполь» аталған – Қ.С.) орналасқа нына қарамастан, аттарының сонау Шығыстағы Алтай түріктерін ің атақонысы делінетін ежелгі «Ергенеқонмен» еншілес болуы – кім-кімді болсын нақты сендіріп тастамағанымен, «түріктердің ежелгі халық болуы да мүмкінау» деген ойды түйсінуіне аз да болса ықпал етер еді. Ал мұның өзі тыңнан із салған зерт теушіге қараңғы қапасқа тар тесіктен түскен әлсіз сәуледей әсер етері хақ.
Тек, осы орайда, ескерерлік бір жай бар. Ол – көне карталарда кездесетін түріктік ұғымдағы әлгіндей атаулардың бәрінің бірдей төл жаратылыс болмысын сақтай алмай, кейбірінің картаға түсіруші басқа тіл өкілдерінің шектеулі тілдік мүмкіндіктерінің әсерінен әр түрлі деңгейдегі өзгеріске (транслитрацияға) ұшырайтындығы. Бұл – және басқа тіл өкілдерінің әдейі бұрмалаған қырсыққыңырлығы да емес, тілдік ерекшелігінің салдары.
Қолда бар ескі карталардың бәрі – ежелгі грек, латын тілді ғалымдардан (мыс. Страбоннан, Птоломейден) қалған мұралар. Түрік тілінің қорындағы сөздерді дәл төл болмысында, бұзбай, өзгеріске ұшыратпай беруге бұл тілдер дің мүмкіндігі жоқ. Өйткені ежелгі грек алфитінде барлығы – 24 әріп, латында – 23 әріп қана болған (Н.Ю. Дроздов). Ал түрік тіліндегі сөздердің мағынасын бұзбай дәл беру үшін 42 әріп керек. Сондықтан көне грек тілділер де, көне латын тілділер де естіген түрік сөздерін өз тілдерінің дыбысталу (графемалық) мүкіндігі аясында беруге мәжбүр. Мысалы, ежелгі тұр тайпа бірлестігі халықтарының «Тұрұя» қаласын «Троя» деп беретіндері сияқты.
Көне заман карталарын осылайша зерделеп бір қарап шыққаннан кейін оқырмандарымыздың енді адамзат баласының жаратылыс тегіне байланысты қазіргі заман генетиктерінің зертханаларда тұсауы кесілген кейінгі жаңалығын ой елегінен өткізе тағы бір қарап шығуын қалар едік. Өйткені генетик ғалымдар өмірге әкелген бұл тұжырымды әзірге ешкім терістей алған жоқ. Оқырманға жеңілдік үшін енді осыған қысқаша болса да тоқтала кетелік. Генетика ғылымының соңғы жетістігі – ДНК тәсілінің көмегімен ғалымдар, жоғарыда айтқанымыздай, молекулада жазылған адам баласының мұрагерлік ақпарат қазынасына еніп, жаралыстың тылсым құпиясын ашуға мүмкіндік беріп отыр. ДНК молекуласы біздің биологиялық түр ретіндегі көптеген ерекшелігімізді анықтап берді.
Бар мәселе – сол молекулада «жазылған» мәтінді (тексті) дұрыс оқып, танып-білуімізге байланысты екен. Адам баласының өзге биологиялық түрлерден өзгешелігінің негізінде оның гентикалық мәтін ерекшелігі жататын көрінеді. Өйткені бұл мәтінде нуклеотидтердің молекулярлық «әрпінің» реттілігі жазылған. Ал генетикалық «әліппеде» мұндай нуклеотид-әріптердің саны төртеу ғана екен: А (аденин), Т (тимин), Г (гуанин) және Ц (цитозин).
Тек осы «әріптердің» кезектесуімен әр түрлі адамдардың тұқымтек ерекшелігі айқындалады.
Генетиктердің түсіндіруінше, адамның ұрпаққа әр түрлі жолмен берілетін тұқымтегі үш бөліктен тұратынға ұқсайды. Оның біріншісі – балаға әкесі мен шешесінен берілетін хромосома . Екіншісі – Х және Ү таңбаларымен белгіленетін жыныстық хромосома. Осының «Ү-хромосома» түрі тек еркектерде болады және ол аталық желі бойынша әкеден ұлына ғана беріледі. Үшіншісі – митохондриальды ДНК (мтДНК). Ол өзге хромосомалар секілді ядрода емес, клеткалар цитоплазмасында болады және тұрақты түрде тек аналық желі бойынша балаларына беріліп отырылады. Келесі ұрпақта мтДНК тек қыздарға беріледі, ал ұлдар анасынан берілген мтДНК-ны ұрпағына жалғастыра алмайды. МтДНК молекуласында қалыпты жағдайда 16569 нуклеотид болады.
Өткен ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының аяғына қарай ғана тұқымтек зерттеуші ғалымдар осы мтДНК-ны «оқу» мүмкіндігіне ие болған көрінеді. Осыдан кейін барып, бір бағытта бірлесе жүргізген әр елдің генетик ғалымдарының көптеген зерттеулерінің нәтижесінде жекелеген адамдардың ғана емес, әр түрлі нәсілдердің де өздеріне тән мұрагерлік белгілері болатыны анықталған. Сөйтіп адамның митохондриальды генетикалық қорының таралуы аймақтық ерекшелікке қарай белгілі бір түрлерге жіктелетіні белгілі болған. Осы тұрғыдан алғанда, мысалы, Еуропа халықтарының тұқымтектік қорында (генофондында) мтДНК-ның, латын әрпімен белгіленген, HV, H, V, J, T, U, K, I, W, X деп аталатын он түрі, Азия халықтарының тұқымтек қорында A, B, C, D, E, F, G, Y, тZ, M деп аталатын он түрі, ал Африка халықтарында L деп аталатын бір түрі ғана болатыны анықталған.
Калифорния университетінің профессор Алан Уилсон бастаған генетик ғалымдары ғылымға белгілі түрлі нәсілдердің (африкалық, еуропалық, азиялық) өкілінен 147 адамның мтДНК молекуласындағы тұқымтек ақпарат құрамын арнайы зертханада зерттеуден өткізіп, сараптаған кезде олардың бәрінің тұқымтектік түп негізінің ортақ бір желіден таралғанын көрсеткен. Ұрпақтанұрпаққа үздіксіз беріліп отыратын клеткалық материалдарды анықтау үшін әр түрлі елдің әйелдерін тест арқылы тексеруден өткізген кезде барлық әйелдердің тұқымдық мәліметтерінің негізі афр икалық ежелгі түпкі текпен бірдейлігі белгілі болған. Алан Уилсонның тобы осындай жолмен алынған деректердің бәрін қорытындылай келіп, адамзат баласының түпкі жаратылыс тегінің пайда болған жері – Шығыс Африка деген тұжырымға келген (Янковский Н.К., Боринская С.А. Наша история записанная в ДНК. // Природа. №6. 2001.). Олардың бұл тұжырымдарының ғылыми тұрғыдан негізді екенін бұларға қатыссыз, өз беттерінше дербес зерттеу жүргізген Ресейдің
Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының И.А. Захаров бастаған генетик ғалымдары да дәлелдеп шыққан.
Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Жалпы генетика институты директорының орынбасары Илья Артьемевич Захаров бастаған топ «қазіргі әлемдегі барлық адамзат баласы – он еркек пен он сегіз әйелден жаралған, солардың кейінгі өсіпөнген ұрпағы» деген жаңалықты тұжырымдарын жария етті (Захаров И.А. Адам и Ева жили на Юге Африки. Trud.ru . №193 за 25.10.2002 г.) Ал бұлар, яғни адамзат баласының арғы тегінің түп бастауында тұрған осы 10 еркек пен 18 әйел, түптеп келгенде, әр халықтың ауызша аңыз-әңгімелері мен діни жазбалары арқылы баршаға белгілі Адам-ата мен Хауа-ананың (Еваның) балалары көрінеді. Ғалымдардың топшылауынша, Адамата мен Хуаананың жер бетінде пайда болғанына 200 мың жылдай уақыт өткен. Қалай дегенде де, ДНК молекуласының ақпараты мен адам баласының жадында сақталған мәліметтің бұлайша дәл келіп, бірдей шығуы таңқаларлық құбылыс! Арада 200 мың жыл өтсе де, жадыны жаңылдырар түрлі ағымдар ықпал етсе де (адамды маймылдан шығарған Ч. Дарвин ілімін еске алыңыз), адам өзінің адамдық тегінің ақиқатын ұмытпағаны ғой!..
ДНК зерттеулерінде қолданылып жүрген қазіргі заманғы ерекше сезімтал аппараттар арқылы жүргізілген кейінгі зерттеулер адамзат баласының түпкі тұқымтегіне қатысты деректерді одан әрі нақтылай түсуге жол ашты. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда генетик ғалымдар әлемдегі барлық адам баласының түп анасы деп танылған, жоғарыда айтылған, 18 әйелдің жетеуінен тек еуропалықтардың ғана тарағанына куәлік беріп отыр. Жалғасқан зерттеу барысында қазіргі еуропалық адамның қайсысының осы жеті әйелдің қайсысынан өсіп-өніп, тараған ұрпақ екенін нақты танып-білу үшін ғалымдар олардың әрқайсысына жеке-жеке есім де беріп үлгірген. Мысалы, ағылшынның генетик ғалымы Брайен Сайкес еуропалықтардың түп анасы делінген әлгі жеті әйелге – Урсула, Ксения, Елена, Велда, Тара, Катрин және Жасмин деген есім берген.
Адам тегін анықтауда зерттеу аппаратының мүмкіндігінің артқандығы сондай, қазір Англияда осы бағытта арнайы құрылған шағын фирмаға кез келген еуропалық адам 180 доллар төлеп, өзінің осы жеті әйелдің қайсысынан тараған ұрпақ екенін анықтай алатын көрінеді. Ол үшін әр адам әлгі фирмаға тиісті ақшаны аударғаны жөніндегі түбіртек (квитанция) пен қағазға тамызылған бір тамшы қанын жіберсе жетіп жатыр.
Ағылшын әріптестерінен орыс генетиктері де қалысқан жоқ. Ағылш ындардың еуропалықтардың жеті әйелден тарағанын анықтап, оларға жеке есімдер бергенін білмей тұрып-ақ, өз зерттеулерінің нәтижесіне сүйенген орыс генетиктері де жоғарыда айтылған 18 әйелдің төртеуінен америкалық үндіс тер мен азиялық тыбалар (тувалар) мен алтайлықтардың тарағанын анық тап, әлгі төрт әйелге: Анай (Anay – A), Борбак (Borbak – B), Чачый (Chachyy – C) және Дарый (Daryy – D) деген есім берген (Захаров И.А. Центральноазиатское происхождение предков первых американцев. Первые американцы.
Осылайша генетика ғылымының кейінгі жетістігі нәтижесінде адамзат баласы зәузатының тұқымтегі жөніндегі таным-түсінігіміз бірте-бірте нақтылана бастаған. ДНК зерттеулері бұрынғы синантроптан кейінгі атате гіміз деп келген неандертальдықтардың қазіргі адамдардың тұқымтегіне түк қатысы жоқтығын да дәлелдеп, олардан еншімізді біржола бөліп тастады. Осылайша бүгінгі жер бетінде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың бәрінің тегі бір, бәрі Адамата мен Хауаанадан өсіпөнген балалардың кейінгі ұрпақтары екені расталды. Сөйтіп, Адам-ата мен Хауа-ананың кіндік қанының Оңтүстік Шығыс Африканың киелі топырағына тамғаны және олардың ұрпағының осы өңірден өсіп-өніп, көбейе келе әлемнің әр түкпіріне тарағаны мойындала бастады. Осыдан кейін барлық құрлықтың тұрғындарының бәрі Африкадан шыққан деген теория үстемдік алып, ол «Out of Africa» («Африкадан») деген атауға ие болды.
Ендігі мәселе: осы әлемнің әр түкпіріне тарап, екіжүзмыңдық жол жүріп, бүгінгі күнге жеткен түрлі халықтардың әрқайсысының тектік орайласуын және бір-бірімен тілдік түбірлестігін анықтау арқылы олардың жеке халық болып қалыптасуының шынайы тарихын жаңадан жазу қажеттігіне келіп тірелмек. Бұл жаңа ізденіске өріс ашады. Өйткені генетика ғылымының қазіргі адамзат баласын бір өңірде пайда болған бір тектің «жемісі» деп айғақтауы – сол бір тектен жаратылғандардың кейін қалай өзара бір-бірінен бөлек тектестік, тілдестік топтарға бөлінгенін саралау қажеттілігін талап етеді. Бұл орайда түрлі болжамдардың негізінде қалыптасып, ғылыми шындық ретінде қабылданып келген бұрынғы қағидалардың құрсауынан шығып, өткеннің болмысын жаңа таным-түсінік тұрғысынан сараптаудың да, сондай-ақ әр заманның өз кезеңінде халықтар тарихына жұқтырған саясат бояуының көз алдар қитұрқысына алданбаудың да маңызы ерекше.
Сонымен, адамзат баласының шыққан тегіне қатысты біраз мәселенің басы ашылғандай болды. Ең бастысы – баршамыздың түп тегіміз бір, бәріміз бір ата, бір анадан тарған ұрпақ екенбіз! Бәріміздің ортақ тарихымыздың бастауы Африкадан басталып, жер жүзінің әр тұсына желі тартады екен. Сондай-ақ заманында бір тектен жаралып, ортақ бір тілде сөйлеген Адам-ата мен Хауа-ана ұрпақтарының кейінгі еуропеоидтық, монголоидтық, негроидтық нәсілдерге жіктеле бастауының да алғашқы көрністері сол адамзат баласының түпкі атамекені – Африкада жүргенде-ақ белгі бере бастағаны да айтылады. Ал олардың саралануы – кейінгі қоныс аударулар барысында барып тұрақтаған аймақтарының табиғи жағдайына бейімделуімен тікелей байланысты көрінеді.
Генетика ғылымының жетістігі соған көз жеткізді. Бәрі мұхиттың арғы жағында, басқа құрылықта, түрік халықтары мекен еткен жерден тым шалғайда жатқан Американың ежелгі тұрғындары – үндістердің тұқымтегін анықтауға деген ұмтылыстан басталған.
Еуропа мен Америка ғалымдарының бірнеше ғасыр бойы Американың ежелгі тұрғындары – үндістердің шыққан тегін анықтау жолында тынымсыз ізденіп келе жатқаны, сол ізденіс барысында бірнеше болжамдардың айтылғаны да мәлім. Олардың бірі – Америка аборигендерін бұдан бұрынғы 1215 мың жыл шамасында Азиядан Беринг бұғазы арқылы үлкен бір толқын болып өткен ежелгі терімшілер мен аңшылардың ұрпағы десе, енді бірі Азиядан Америкаға мұндай қоныс аударулардың бір емес, бірнеше дүркін болғанын дәлелдеп баққан-ды. Олардың мерзімдік көрсеткіштері де әр түрлі болатын. Осының ішінде «Азиядан Америка құрлығына үш дүркін қоныс аудару болған» дейтін Джозеф Гринбергтің болжамы ғылыми ортаның назарын өзіне көбірек аударған сыңайлы.
Ол Американың ежелгі тұрғындарын жалпы үндістердің тіл ерекшелігіне қарай үш топқа бөледі:
Біріншісі – Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американы мекендейтін үндістер. Оларды ортақ бір атаумен «Америндтер» деп атайды. Бұлар мұнда бұдан 11 мың жыл бұрын келген.
Екіншісі – на-дене үндістері, яғни АҚШ-тың терістік шығысында, Канада да және Аляскада тұратын атапаски, апачи және навохалар. Бұлардың Аме рикаға келгеніне 9 мың жылдай болған.
Үшінші топтағы үндістер – бұдан 5 мың жыл бұрын Азидан Америкаға өткен эскалеуттер, яғни эксимостар және Алеут аралдарының ежелгі тұрғындары.
Археологтар мен антропологтар Дж. Гринбергтің бұл болжамымен келіспейді. Олар Америка үндістерінің бұл құрлыққа үш дүркін өткенін теріске шығармағанымен, қоныс аударуы мерзімінің бұл көрсетілген жылдардан әлдеқайда ерте басталғанын, оған кем дегенде 2030 мың жыл өткенін және ол кезде қазіргі Беринг бұғазының орнында құрғақ, жіңішке өзектің болғанын, үндістердің ата-бабаларының сол арқылы Азиядан Америкаға өткенін айтады.
Мерзімдік жағынан алғанда Дж. Гринбергке қарағанда археологтар мен антропологтардың бұл тұжырымдарының шындыққа келетінін Американың белгілі ғалымы Петер Андерхилл ДНК зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отырып, жақында жалпақ жұртқа жария етті. Ол зерттеу барысында Америка үндістерінің, жоғарыда айтылған, тілдік үш тобының еркектерінің хромосомасының өздеріне тән ерекшелігін анықтау арқылы олардың барлығының қандас туыстар екенін дәлелдеп берді. Оның айтуынша: мутацияның нәтижесінде үндістердің еркектерінің хромосомасында «американдық» типтің пайда болуы бұдан 30 мың жыл бұрын Солтүстік Американы мекендеушілердің алғашқы кезеңінде пайда болған және Американың бүкіл аборигендері осылардан тараған.
П. Андерхилдің зерттеу қорытындысының нәтижесіне сүйене отырып жасаған осы тұжырымынан кейін ғалымдар ендігі жерде Америка үндістерінің шыққан тегін Азиядан іздеу керектігіне біржола ден қойды. Бірақ оны апайтөс алып Азияның қай жерінен іздеу керек?
Міне, мәселе осыған тірелгенде нақты бір шешімге келу қиындыққа түседі. Сондықтан да әр елдің өкілдерінен құралған ғалымдар тобы Америка үндістерінің арғы түп аталарының жаңа құрлыққа Беринг бұғазы арқылы өткендігін ескере отырып, зерттеу жұмысын Азияның Америкаға таяу бөлігі Қиыр Шығысты мекендеген халықтардың: эксимостардың, чукчалар дың, коряктардың, нивхилардың, юкагирлердің, игансандардың, селькуптардың, кеттердің, эвенкилердің, удегейлердің ДНКсын зерттеуден бастайды. Алайда зерттеудің нәтижесі күткендегідей болмайды. Солтүстік және Оңтүстік Американың ежелгі аборигендерінде болатын мтДНК-ның негізгі төрт типі (А, В, С, Д) бұл халықтардың өкілдерінің бірде-біреуінен де түгелдей табылмайды, ең көп дегенінен – 3, ал қалғандарынан – 2, тіпті 1 ғана типі кездескен. Бұл нәтижеге қарап, әрине, әлгі өкілдері зерттелген халықтардың ешқайсысын да америкалық үндістермен тектес, қандас деуге болмайтын еді. Сондықтан үндістердің арғы бабаларының шыққан тегін Азияның басқа жерінен, басқа халықтардан іздеуге тура келеді.
Бұдан кейін ғалымдар Шығыстың басқа халықтарының, атап айтқанда, моңғолдардың, тибеттіктердің, қытайлықтардың, корейліктердің, вьетнам дықтардың генофондын тексереді. Нәтижесінде тибеттіктер мен қытайлықт ардың (Қытайдың солтүстігіндегілердің) және моңғолдардың вьетнамдықтар мен корейлерге қарағанда тұқымтектік ерекшелігі барлығы анықталады. Жиынтық жилігі 50 пайыздан төмен болғанымен, тибеттіктерден де, қытайлықтардан да, моңғолдардан да ДНК-ның «американдық» төрт типі (А, В, С, Д) түгелдей табылады. Осыған қарап, ғалымдар америкалық үндістердің ататегінің шыққан ежелгі отаны – Сібір емес, Маньчжурия немесе Моңғолия деген қорытындыға келеді.
Бірақ зерттеу мұнымен тоқталмайды. Америка ғалымдарының зерттеу қорытындысымен танысқан белгілі орыс ғалымы И.А. Захаров бастаған генетиктер өз тараптарынан ізденіс жасап, тыба халқының тұқымқорын (генофондын) тексеруге арнайы экспедиция шығарады. Осы жолы экспедиция мүшелері тыбалықтармен қатар Байкал көлінің сыртындағы буряттардың да генофондын тексереді. Жан-жақты жүргізілген тыңғылықты зерттеудің қорытындысы күтпеген жаңалықты нәтижені көрсетеді. Екі халықтың да тұқымқорынан ДНКның «америкалық» 4 типі түгел табылып, олардың (типтердің) тыбалықтардағы жилік жиынтығы, тіпті, рекордтық деңгейге, яғни 70-72 пайызға жетеді. Америкалық адам тегін зерттеу қоғамының сьезіне ұсынылған И. Захаров тобының осы зерттеу нәтижесіне көп ұзамай бұларға қатыссыз өз беттерінше зерттеу жүргізген профессор В.П. Пузыревтің тобы да қол жеткізеді. Ал бұл бұған дейінгі зерттеулер қорытындыларында жаңсақтықтың жоғының тағы бір айғағы еді.
Сөйтіп мтДНК дерегі бойынша тыбалардың америндтермен (америкалық үндістермен) тектес болуы – генетиктердің алдына Орталық Азияның түрік тіл дес басқа халықтарының да генефондын зерттеу қажеттілігін алға тартады. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының ғалымдары алтайлықтардың, хакастардың, шорлықтардың, сойоттардың генофондын анықтауға мүмкіндік беретін аса мол материал жинайды. Осыларды зерттеу нәтижесінде бұл халықтардың тұқымқорындағы мтДНК түзілісінде үндістерге тән А, В, С, Д түрлерінің түгелдей болуымен бірге алтайлықтарда тек еурпоидтарда болатын Х типінің де барлығы анықталған. Бұдан бұрын Х типі америкалық үндістердің ішінде, сирек те болса, америндтерден ғана кездескен болатын. Ең ғажабы, компьютерлік талдау арқылы алтайлықтардағы мтДНК түзілісінің тегін қуалағанда, ондағы Х типі кейінгі қоспа емес, қазіргі еуропалықтар мен америкалық үн дістерде (америндтерде) бар Х типінің түптегіндегі нұсқасынан да бұрын пайда болған ең ежелгі типіне жататыны анықталған. Ал бұл үндістердің Азиядан кеткендігінің және түрік тектес халықтардан шыққандығының бұлтартпас айғағы еді.
Осылардың бәрін таразылай келіп, ғалымдар Америка үндістерінің арғы түпкі тегінің шыққан жері енді Манчжурия да емес, Монғолия да емес, Байкал сырты мен Байкал бойы және Алтай-Саян аймағы деген тұжырымға келеді. Әзірге бұл тұжырымды теріске шығарар басқа деректі пікір айтылған жоқ. Бәлкім айтылмайтын да шығар. Сондықтан америкалық үндістердің түпкі ататегінің Америка құрлығына беттегенде алғаш өкше көтерген жері осы аталған өңірлер дегенге біздің де табан тірегеніміз жөн болмақ.
Қалай дегенде де, бұдан кейін, ендігі жерде Америка үндістерінің арғы тегі түрік халықтарынан шыққанына, олардың да түрік тектес халықтардың бір бұтағы екеніне ешқандай күдік болмаса керек. Мұның солай екенін, жоғарыда айтылғандардың үстіне, бүкіл адамзат баласын 18 әйелден таратқанда соның төртеуінің (Анай, Борбак, Чачый, Дарый) генетик ғалымдар тарапынан тыбалықтар мен алтайлықтардың және америкалық үндістердің ортақ арғы түп-анасы деп танылуының өзі де дәлелдей түседі. Өйткені тыбалар мен алтайлықтардың түрк халықтары екеніне ешкім күдіктенбесі анық.
Мұның бәрі, сөз жоқ, дәстүрлі тарих ғылымының осы күнге дейін «түрік халықтарын х.э. кейінгі VI ғасырда пайда болған жас халық» деп келген тұжырымдамасының негізсіз екенін және олардың ежелгі көне халықтардың бірі екенін сезінуге мүмкіндік береді. Өйткені, ғалымдардың анықтауынша, түріктердің Алтай-Саян өңірегінен Беринг бұғазы арқылы өтіп, Америкаға барғанының өзіне, ең кем дегенде, 20-30 мың жыл болған ғой. Ал бұл түрік тектес халықтардың, басқаны есептемегенде де, осыншама жылдық, яғни 20-30 мың жылдық тарихы бар деген сөз. Бұған енді олардың ата-бабаларының Африкадан Алтайға жеткенше неше мыңжылдықтарды бастан өткергенін қосыңыз.
Сонда түрік халықтарының адамзат тарихының бастауында өзіндік ізі бар ең ежелгі халықтардың бірі деудің қисынсыз еместігі тарихтан хабарсыз адамдарға да біршама айқындала түсері даусыз…
Міне, осылардан кейін оқырмандарымыз түрік халықтарының ежелгі көне халықтардың бірі екенін дәлелдеп, қолдарына түскен әр қилы деректер арқылы мамандықтарына орай өз пайымдаулары мен болжамдарын әр кезеңде алға тартқан палеозоология, палеогеология, палеогеография, археология, антропология, этнология, мифология, лингвистика, тарих және басқа ғылым салаларының мамандарының бұған дейін ескерусіз, назардан тыс қалып келген еңбектеріне түсіністікпен қарай бастайды ғой деген ойдамыз. Олай болса, бұл түсіністік әлгі аталған мамандық иелерінің еңбектеріне сүйене отырып, өз тарапымыздан айтқан біздің ой-топшылауларымызды да оғаш көрмей, өз мәнінде қабыдауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.
Осы сеніммен әңгімемізді әрі сабақтасақ, ой түйінін мифологиялық деректерден бастап таратуға тура келеді. Ол үшін, алдымен, «миф» дегеннің өзі не екенін біліп алған жөн. Бұл ретте маман пікіріне жүгінсек, Дж.Ф. Бирлайн мифке мынандай қысқа да қарапайым түсінік береді. Оның пайымдауынша: «Миф дегеніміз – адам баласы үшін барлық уақытта да бейне бір өзгермейтін, тұрақты нәрсе. Мифте бар жалпы модельдер, сюжеттер, тіпті ұсақ детальдер барлық жерде, затта да кездеседі» (Бирлайн Дж. Ф. Параллельная мифология. – М., 1997. – С. 15). Осыны қысқа ғұмырында қазақ мифологиясының өзіндік мектебінің негізін қалап кеткен аса зор талант иесі Серікбол Қондыбай марқұм былайша тарқатып, кеңінен түсіндіреді:
«Миф – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың естелік мұраларының жиынтығы. Миф, тіпті, біздің түйсігіміздің (подсознание) құрылымына кіреді. Ол, тіпті, сірә, біздің жанымызда, генімізде таңбаланған (закодирован) болуы керек.
Миф – жазба тарихтың басталуына дейінгі өткен оқиғалар туралы әңгіме. Сондай-ақ ол – болашақта болар оқиғалардың маңызын баяндайтын да әңгіме…
Миф – біздің бес сезіміміздің арғы жағында жатқан ақиқаттарды суреттейтін өзінше бір ғажайып тіл. Ол түйсіктегі бейнелер мен саналы ой тілінің аралығында жатқан құрылым кеңістікті толтырады.
Миф – адамды біртұтас қауымдастыққа топтастыратын «желім». Ол қауымның, ру-тайпаның, ұлттың өзін анықтауының, өз танымының негізі болып табылады.
Миф – адамгершілік, имандылық заңдарының барлық жиынтығында бар өте қажетті нәрсе. Адам баласының адамгершілік жөн-жосығы әрқашан да дін мен озарттан өніп шығады.
Миф – біздің өмірімізге белгілі бір мән-мағына беретін сенім-нанымдар жиынтығы. Миф адамдар мен қоғамның өздерінің айналасына жақсы және сайлы түрде үйренісіп кетуіне жағдай жасайды» (Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. 1-т. – А., 2008. – 12-б.)
Міне, миф туралы мамандар берген осынау анықтамалардан ортақ түйін шығарсақ, ол – адамзат баласының өзін қоршаған ортаны танудағы, басқаша айтқанда аспан, жер, су дүниелері және жерасты тірлігі, осылардың тұрғындары жөніндегі ең әуелгі бастапқы танымындағы түсініктері, дүниетанымы дегенге саяды. Басқаша айтқанда, миф – алғашқы адамдардың, яғни түп аталарымыздың болмысты танудағы ақиқаты, өзіндік тарихы. Олай болса, бұл – осылар арқылы қай халықтың ерте, қай халықтың кеш пайда болғанын белгілі бір дәрежеде шамалауға да мүмкіндік бар деген сөз.
Мұнда әр халықтың өз мифологиясының дерегі арқылы жеткен әр атаудың, әр ұғымның түпкі мәнін ашатын негізгі айғақ – тілдік көрсеткіш болмақ. Басқаша айтқанда, бір халықтың мифінде кездесетін мифологиялық атау сол халықтың өзінің тілінде сөздік мағынасын, ұғымдық мәнмазмұнын еркін, жанжақты ашып бере алса, ол – сол халықтың төл танымының жемісі, өз туындысы. Ал олай болмай, керісінше болса, яғни атау сөздің төркінін әлгі халық өз тілінде талдап таныта алмаса, онда ол бұл атауды басқа халықтан алған, басқа тілден ауысқан болып шығады. Басқаша айтқанда, ол атауды өмірге әкелген басқа халық, бұларға солардан ауысқан. Ал бұл өз тарапынан әлгі атауды өмірге әкелген халықтың осылардан атауды алып, өздеріне сіңірген халықтан бұрын бар көне халық екенін айғақтайды. Демек, алғашқылық та осы авторлыққа ие халықтың еншісінде.
Халықтардың көнелігін мифология деректері арқылы осы заңдылық бойынша анықтауға талпынсақ, ең алдымен, адам баласының бастапқы саналы дүниетанымын танытатын әлемнің жаратылысы хақындағы мифтерді талдаудан бастау парыз. Бұл ретте, жүгінеріміз, әрине, бүкіл оқулықтар мен әдебиеттер «көненің көнесі» деп бала күнімізден санамызға сіңірген ежелгі гректер мен ежелгі үнділердің мифтері болмақ.
Бұл ретте грек мифологиясы не дейді?..
Өте ежелгі таным-түсінік бойынша аспан мен жер біртұтас дүние делінген. Кейін осы тұтастық космогониялық үдерістердің нәтижесінде екіге бөлініп, аспан мен жер бір-бірінен ажырап шыққан. Бұл түсінік тек грек мифологиясына ғана емес, көптеген мифологиялық дәстүрлерге, оның ішінде түріктер мифологиясына да тән. Гректер осы біртұтастықтан бөлініп шыққан Аспанның құдайын – «Уран» деп атайды, ал жер құдайының аты – «Гея», ол – аспан құдайының жұбайы.
Ежелгі грек мифологиясының негізгі танымдық-сюжеттік жүйесін құдайлар дәуірі құрайтыны белгілі. Жалпы грек мифологиясындағы құдайлардың билік ету дәуірі үш кезеңге бөлініп қаралады.
Осының ең ежелгі дәуірі – жаңағы айтылған Уран дәуірі. Уран – аспан құдайының аты.
Ураннан билікті баласы Кронос «уақыт» тартып алады. Бұл екінші дәуір – Кронос дәуірі.
Кроностан билікті баласы Диос (Зевс) тартып алады. Бұл үшінші дәуір – баршаға белгілі олимпиялық құдайлар дәуірі.
Біз әдетте, мұндайда, қалыптасқан жалпы түсінік бойынша, миф гректердікі болған соң, ондағы құдай аттарын білдіретін сөздерді де грек тілінің туындысы деп қабылдаймыз. Солай болуы да заңды. Бірақ, солай дей тұрғанмен, кей жағдайда, ондай атаулардың басқа тілден енген сөз болу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз. Бұл да өмір шындығы. Сондықтан мифтік атаулар дың нақты қай тілдің тумасы екенін білу үшін олардың жеке сөз ретінде шыққан төркінін (этимологиясын) талдап, біздің жағдайымызда, грекше не мағына беретінін анықтау қажет. Мысалы, бұл арада, айталық, ең ежелгі жаратылыс бастауындағы аспан құдайының аты – «Уран» осындағы есімдік мағынасынан басқа нені білдіреді? Грек тіліндегі сөздік мәні қандай? Өкінішке қарай, мифтанушылар бұл сауалдарға нақты жауап бермейді. Тек дәстүрлі үндіеуропалық мифтану ғылымы «уран» сөзін үндіеуропалық ортақ ұғымды білдіретін сөз деп танып, оған лингвистикалық-мифологиялық негіз ретінде үндіиран (арий) мифологиясында Варуна, анатолиялық ежелгі халық – хеттердің мифологиясында теңіз құдайы – Аруна образдарының барлығын айғақ етіп, алға тартады. Сөйтіп «Уран», «Варуна», «Аруна» сөздері мен образдарының біртектілігі мойындалып, «Әлем халықтарының мифі» атты жинақты құрастырушылар: «…само имя Варуны исследователей сопоставляли с хетским морским божеством Аруной, с древнегреческим богом неба Ураном, наконец, славянским Волосом (Велесом), литовским Велясом и т.д. Поэтому при сохранения ряда неясности индоевропейские параллели к этому имени несомненны» (Мифы народов мира. 2 т. – Стр. 218.) деген тұжырым жасалынады.
Алайда қазақ мифологы С. Қондыбай бұл арада өзінен бұрынғы мифологтардың «екі не үш үндіеуропалық тілде бар дыбысталуы үндесетін сөздерді автоматты түрде ортақ үндіеуропалық сөз болады» дегенге саятын мұндай қағидалары барлық жағдайда дұрыс бола бермейтінін, олардың кейде жалған ортақ сөздерді туғызу мүмкіндігі барын ескермегенін алға тартады. Өйткені грек, үнді, орыс, иран тілдерінде кездескен үндес бір сөздің барлық кезде міндетті түрде ортақ үндіеуропалық сөз болуы екіталай дейді. Расында да, мұндай ортақ үндіеуропалық делінген сөздің әлгі аталған халықтардың тіліне түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты кезінде басқа бөгде тілден енуі де мүмкін ғой және мұндай мүмкіндікті ешкім терістей де алмаса керек.
Бұлай ойлауға ғалымдардың «варуна» сөзінің, оның басқа да үндіеуропалық параллельдерінің («уранның», «арунаның») этимологиясы «жалпыүндіеуропалық түбір» деп саналатын uer – «окружать, охватывать, огораживать» түсінігінен шығаратындығы да септігін тигізеді. Бұл орайда, алдымен, белгілі ғалым А. Акишевтің мына пікіріне назар аударған жөн. Ол: «Характерно что значение имени Варуны восходит к общеиндоевропейскому корню uer – «кружать» и т.д., а принадлежностью его является аркан. Окружение ассоцировалось с сотворением, приданием хаосу формы, превращением его в космос» (Акишев А. Искусство и мифология саков. – А., 1984. – Стр. 16), – дейді. Осыған байланысты марқұм С. Қондыбай «бұл жердегі «ортақ түбір» әртүрлі үндіеуропалық тілдердегі ұқсас сөздің ұқсас «ықтимал» түбір ін кездескен сөздің мағыналарына қарай реконструкциялаудың нәтижесінде анықталып отырылғанын, басқа тілдерде де бұл сөздердің параллельдерінің болу мүмкіндігінің ескерілмегенін» айтады ((Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. 1-т. – А., 2008. – 144-б.) Расында да, айтылғандарды зерделей сараптасақ, осы ғалымның пайымдауында шындық бар. Өйткені әңгіме өзегі болып отырған мифтік есім сөздерге де, үндіеуропалық ортақ түбір сөзге де түрік (түркі) тілінде параллель ұғымдар бар. Нақтырақ айтсақ, мысалы, ежелгі гректердің Уранына «Оран» сөзі, үндіеуропалық ортақ түбір «uer»ге «ор, иір» сөздері дыбыстық үндестігі жағынан да, мағыналық ұғымы жағынан да тікелей түріктік параллель болып табылады.
Уран грек мифологиясындағы ең ежелгі дәуірдегі аспан құдайының аты екенін айттық. Ғалымдар, жоғарыда айтқанымыздай, Уранның атаулық мәнін айтқанымен, сөздік төркінін саралап нақтыламайды, тек үндіеуропалық ортақ түбір «uer» сөзінің негізінде пайда болған дегенді айтады.
Ал түріктік Оранға келсек, ол – жерді қоршап жатқан алып жыланның аты, су иесі. Этимологиялық тұрғыдан талдасақ, оран – түрік тілінің сөз жасау заңдылығына сай – «ор» және «ан» деген екі сөзден құралған. Мұндағы «ор» ежелгі көне түрік тілінде су деген ұғымды білдірген. Архаикалық мифтерде «жерді ғаламдық су қоршап жатыр және оны алып жылан қорғайды» деген түсінік болғаны белгілі. Осыған орай, яғни жерді су қоршап жатыр деген тү сінікке байланысты ор сөзі кейін қоршау, орау мағынасына ие болған. Ал «ан» – көне түрік тілінде мекен, мекен иесі (мысалы: Тұран – тұлардың мекені, Британ – бриттердің мекені) деген ұғымды білдірген. Осы ор мен ан сөздерін ің бірігуінен пайда болған Оран сөзі мифтік түсініктегі жерді қоршап жатқан судың иесі, қорғаушысы жыланның атына айналған. Жалпы жылан ежелгі түрік халықтарының, оның ішінде арғықазақтардың (С. Қондыбай) сенім-нанымдар жүйесіндегі басты культтық мақұлықтардың бірі, басқаша айтқанда, жылан культі – мифологиялық танымның негізі болған. Түрік халықтарының кейбірінің жыланды кие тұтып, үйге кірген жыланға ақ құйып, құрметтеп шығаруы немесе оны бүкіл бір тайпаның тотемі етуі (жылан-қыз, жылан-ана, өзен қыздары), халықтық атауға (этнонимге) айналдыруы (Оран, Қай) осының дәлелі. Мысалы, ХІІІ ғасырда шығыс терістіктен келіп, Хорезм жерінде өз билігін жүргізген қыпшақтың іргелі бір тайпасы «Оран» (орыс деректерінде «уран») деп аталған. Тарихқа белгілі Отырар қаласын қорғаушылардың көсемі – атақты Қайыр хан (Алпдерек) осы оран-қыпшақтың перзенті бола тын. Сондай-ақ шығыс теріскейдегі тұтас бір жұрттың атының «Оранқай», мекенінің «Оранқай өлкесі» деп аталатыны да белгілі. Мұндағы оранға бірігіп тұрған қай сөзі де ежелгі көне түрік тілінде жылан, су, дария деген ұғымды білдірген. Осыдан келіп үндіеуропалық мифтану ғылымында «ортақ үндіеуропалық түбір» деп танылған «окружать, охватывать, огораживать» деген мағынаны білдіретін вер (uer) сөзінің де (вар, вир, вал, вел нұсқаларын қоса алғанда) ор (орау, қоршау, орам), өр (өру, өрмек), ир (иіру, жинау) секілді ежелгі түріктік ортақ түбір-етістіктермен тамырлас, туыстас екенін де ажыратуға мүмкіндік туады.
Мұның бәрі сайып келгенде, оран (уран) сөзінің басқа тілден түрік тіліне ауысқан кірме сөз емес, өзінің ежелгі төл тумасы екенін айғақтайды. Бұған өте ежелгі таным-түсінік бойынша біртұтас делінген дүниенің екіге бөлінгенде жоғары бөлегінің – аспан, төменгі бөлегінің – жер аталуы да қосымша куәлік бергендей. Өйткені мұндағы аспан сөзі де, жер сөзі де түрік тілінің төл «перзенттері». Этимологиялық тұрғыдан талдағанда: Аспан – аспа және ан сөздерінің бірігуінен жасалған, «жоғары асылған мекен», «жоғары ілінген мекен» деген мағынаны білдірген. Ал жер – же және р (ыр) сөздерінің бірігуі арқылы жасалып, «коректендіруші», «асыраушы», «ырыздық, несібе беруші», «жегізуші» деген мағынаны білдірген. Мұндағы же де, р «ыр» да адамзат баласының бастапқы танымындағы ең көне ұғымдар. Же сөзі «қорек», «азық» деген мағынаға ие. Қазіргі қазақ тіліндегі «же-м», «же-міс» секілді сөздер осы же түбірінен туындаған. Сол секілді Р-да (ыр-да) ең көне сөз. Ол бүгінгі ұғымдағы «несібе» сөзімен мазмұндас. Қазіргі қазақ тіліндегі «ыр–ыс», «ыр–ыздық» сөздері осы ыр түбірінен туындаған. Осыған қарағанда, же жердің әуелгі бастапқы атауы болғанға ұқсайды. Мифологтар аспан құдайы Уранның өзінің жұбайы жер–Геяға қарағанда екінші, туынды образ екендігін атап көрсетеді. Демек, Жер – өзінен аспанды бөліп шығараған басты тұлға, өндіруші, асыраушы аналық тұлға. Олай болса, жер – Геяның есімі де үлкен мәнге ие. Бірақ, өкінішке қарай, ғалымдар «гея» сөзін грек тілінің еншісіне бергенімен, оның этимологиясын сараламайды. Біздің пайымдауымызша, Гея – ежелгі көне түрік тілінің же және ұя сөздерінің бірігуі арқалы жасалған, «жемекен» деген мағынаны білдірсе керек. Гректер «ж» дыбысын «г» деп қолданатындықтан, (Тюрксое ж (дж) … которое в греч. передается обычно через «г». Закиев М.З. Татары: проблемы истории и языка. – Казань, 1995. – Стр. 22) және «ұ», «ы» дыбыстарын айта алмайтындықтан, Жеұя Геяға айналып, сол дыбысталуда бүгінге жеткен сияқты.
Егер осы пайымдауымыз шындық болса, онда уран сөзінің де гректерге түрік тілінен ауысқанына күдік қалмайды. Олай болса, бұл өз тарапынан түрік халықтарының ежелден бар көне халық екенінің бірден-бір айғағы болмақ.
Ал уран сөзі грек тіліне қашан, қандай жағдайда ауысқан дегенге келсек, ол өз алдына басқа арнайы зерттеудің үлесі. Тіпті, бұл сөздер грек тіліне түрік тілінен ауыспады дегеннің өзін де, адамзат баласы танымындағы бастапқы ұғымдардың көне гректердегідей түріктерде де болуы және мифологиялық бастапқы ұғымдарды білдіретін сөздер осы екі-үш сөзбен шектелмейтіндігі – бұл халықтың, яғни бүгінгі тарих ғылымы мойындатқандай, түріктердің х.э. кейінгі VІ ғасырда пайда болған жас халық еместігін толық дәлелдей алады деп білеміз. Бұған көз жеткізе түскісі келген оқырман болса, оған әлемнің байырғы халықтарының мифологиялық танымдары мен түрік халықтарының мифологиясын салыстыра зерттеп, кімнен кімге қандай ауыс-түйіс жасалғанын саралап көрсеткен, саналы ғұмырын ғылымның тек осы саласына арнаған қазақ мифологы Серікбол Қондыбайдың он бес томдық еңбегін оқып шығуды ұсынамыз.
Серікбол Қондыбай