Орманы мен тоғайы, шөлі мен көлі, тауы мен қыраты, ойпаты мен жазығы қабаттаса өріліп, созыла аққан сансыз өзен-дариялармен өрнектеліп жатқан осынау «Ұлы Дала» деп аталатын алып аймақтың батыс және орта бөлегін есте жоқ ескі замандарда мекендеген тұрғындардың кімдер болғаны әлі күнге белгісіз. Ал олардың тарихқа танылған кезден кейін мәлім болғандарын қазіргі таңда «скиф-сақ халықтары» деп атау қалыптасқан. Алайда бұл халықтарды жалпылама осылай атағанымен, олардың да тегі тектеліп, нақты кімдер екені анықталып, ақиқаты ашыла қойған жоқ. Есесіне, антикалық заман мен ерте ортағасырлардан жеткен көне жазбаларға, археологиялық қазба материалдар дерегіне, тілдік айғақтарға сүйеніп, әр кезеңде өз топшылауларын айтқан тарихшылар мен тілші ғалымдардың олар жөніндегі бір-біріне кереғар түрлі тұжырымдары баршылық. Бұларды жүйелей топтастырсақ, негізінен өзара екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобы – скиф-сақ халықтарын «бірыңғай үндіеуропа тілінде сөйлеген бүгінгі еуропалықтардың ататегі» десе, екіншісі – «бірыңғай түрік тілінде сөйлеген бүгінгі түрік халықтарының ататегі» дейді. Екі жақ та өз пайымдауларын дұрыс санайды. Өз тараптарынан толып жатқан айғақтар ұсынады. Бұлардың пікір қағыстырып, осы екі бағытты ұстанғандарына да ғасырдан астам уақыт өтіп барады. Бірақ ымыраға келтірер шешімін тапқан ортақ ғылыми нәтиже әлі табылмады десе де болады.
Нақты жағдай осылай болғаныменен, еуропалық таным-түсініктің ғылымдағы үстемдігі, жеме-жемге келгенде, үндіеуропашыл ғалымдардың атын оздырып, ресми тарих өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап, «скиф халықтары үндіеуропа тілінде сөйлеген» дегенді ақиқаты анықталған тұжырым ретінде ғылыми айналымға енгізіп жіберді. Сол себепті қазіргі ресми тарих ғылымында «скиф-сақ халықтары – еуропалықтардың арғы түп аталары, үндіеуропа тілінде сөйлеген» деген тұжырымның мерейі үстем. Бірақ, солай екен деп, өз пайымдауларынан бас тартып жатқан түріктанушылар тағы жоқ. Олар да өз пайымдауларының дұрыстығына сенімді. Осы бағытта әр кезде әр жерде том-том болып жарияланып жатқан зерттеу еңбектері осының айғағы іспеттес.
Қалай десек те, төрелгін айтып, тоқтатар төбе биі болмаған айтыстың нәтижелі қорытындыға қол жеткізе алмай, жаңа мыңжылдықтың, яғни ХХІ ғасырдың есігін таласа ашып, табалдырық аттағаны шындық. Егер өткен ХХ ғасырдың аяғында қол жеткен генетика ғылымының соңғы жетістігі болмағанда, бұл жағдай одан әрі жалғаса беруі әбден мүмкін еді. Бұл мәселеге генетик ғалымдардың араласуы ғылыми таластың ортақ шешімін табуға кәдімгідей жағдай жасады.
Генетика ғылымының соңғы жетістігі – ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) тәсілі көмегімен генетиктер есте жоқ ескі заманда өмір сүрген, бүгінге дейін бізге беймәлім болып келген, халықтардың тегін жаңсақсыз дәл анықтауға қол жеткізді. Сөйтіп генеалогия ДНК-сы мәліметтерінің негізінде көне замандарда Атлант мұхитына дейінгі барлық Еуразия кеңістігін түрік тектес халықтар мен еуропалық халықтардың сонау есте жоқ ескі заманнан христиан эрасына дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына шейін кезектесе мекендеп келгені белгілі болды. Бұл халықтар араларына 1-2 мыңжылдықты салып, бір-біріне қарсы бағытта, көбіне белгілі бір өңірлер арқылы қоныс аударып отырған көрінеді. Міне, осы қоныс алмасулардан кейінгіге қалған айғақ мұралардың еуроцентристік бағыттағы ғалымдардың «бұл өңірлерді үндіеуропалықтардың ежелгі отаны» деп жаңсақ тұжырым жасауына себепші болғаны анықталды.
Айтылған ойдың түсінікті болуы үшін жақында жарық көрген Американың Гарвард университетінің профессоры, Дүниежүзілік ғылым және өнер академиясының мүшесі А.А. Клесовтың бес бөлімнен тұратын «Үндіеуропа және түрік тілдері семьясының өзара қатынасындағы негізгі жұмбақтар және оны генеалогия ДНК-сы көмегімен шешуге талпыныс» атты көлемді мақаласында келтірілген, ДНК арқылы анықталған нәтижелерге назар аударып, зерделеп көрелік. Мұнда түрік тектес халықтардың Оңтүстік Сібірден басталған қоныс аударуларының бағыт-бағдары көрсетіліп, қай кезде қайда болғаны айтылған. Жаңсақтық болмас үшін жаңағы мақаладан алған үзіндіні түпнұсқа күйінде, яғни орыс тілінде берелік.
«Тюркскоязычная» гаплогруппа RІb продвигалась из Южной Сибири, где образовалась 16 тысяч лет назад, через территории средневолжской, самарской, хвалынской (в среднем течении Волги) и древнеямной («курганной») археологических культур и культурно-исторических общностей (8-6 тысяч лет назад и позднее; общий предок этнических русских гаплогруппы R1b1 жил 6775±830 лет назад), северного Казахстана (пример – ботайская культура, фиксируемая археологами 5700-5100 лет назад, на самом деле намного древнее), перешла через Кавказ в Анатолию (6000±800 л.н. по датировке гаплотипов современных кавказцев гаплогруппы R1b1b2), и через Ближний Восток (Ливан, 5300±700 л.н.; древние предки современных евреев, 5150±620 л.н.) и Северную Африку (берберы гаплогруппы R1b, 3875±670 л.н.) перешла на Пиренейский полуостров (3750±520 л.н., баски 3625±370
л.н.) и далее на Британские острова (в Ирландии 3800±380 и 3350±360 л.н. по разным популяциям) и в континентальную Европу (Фландрия, 4150±500 л.н., Швеция 4225±520 л.н.). Путь в континентальную Европу с Пиренеев – это путь и времена культуры колоколовидных кубков, предков пракельтов и праиталиков.
Параллельно следы древних носителей R1b прослеживаются на Балканах (4050±890 л.н.), отдельно в Словении (4050±540 л.н.), в Италии (4125±500 л.н.). Это – начало времен тюркских языков в Европе…» (Клесов А.А. narod 2. ru. – Стр. 1-2.)
Үзінді жеке автордың мақаласынан алынғанымен, мұндағы айтылғандардың бәрі генетика институттарының зертханаларында генеалогия ДНК-сы арқылы анықталған, дұрыстығын ғылым мойындаған деректер деп ұққан жөн. Сондай-ақ мұндағы қолданылған терминдер де соларға тән. Сол себепті келтірілген үзінді мәтінінің, тек арнайы мамандарға ғана емес, жалпы оқырмандарға да түсінікті болуы үшін, алдымен, осындағы «гаплогруппа» терминінің және латын әріпімен көрсетілген белгілердің мәнін түсіндіре кетелік.
Гаплогруппа – гректің haploos – «жекеленген», «жай» («простой») және группа – «топ» деген мағына білдіретін екі сөздің бірігуінен құралған термин. Мағынасы, бұл арада, «белгілі бір негізден тармақталып жекеленген тілдік, тектік топ» деген ұғымды білдіреді.
R – Адамзат баласының өсіп-өніп, төрт құбылаға тарқатыла тарағанда түпкі тектен, ортақ тілден алшақтап, түрлі тектік, тілдік топтарға бөліну үрдісі барысында өзінен арийлік (үзіндідегі қолданыста: «үндіеуропа») және түріктік тектік топтардың (гаплогруппалардың) жіктеліп, бөлініп шығуына негіз болған бастапқы бір тектік топты білдіретін әріптік белгі. Бұл арада RIa және RIb тектік топтарының бөлінбеген бастапқы негізі.
RIb – әлгі бастапқы тектік топтан (R-ден) бөлініп, жекеленгендердің тек түрік тектестерін ғана білдіретін белгі. Ал RIbI, RIb2 – кейін осы RIb-дан тарап жекеленіп шыққан бірінші, екінші буынды білдіретін тектік топтар.
RIa – бастапқы тектік топтан (R-ден) бөлініп, жекеленгендердің тек арий (үндіеуропа) тектестерін ғана білдіретін белгі. Ал RIaI, RIa2 – кейін осы RIa-дан тарап жекеленіп шыққан бірінші, екінші буынды білдіретін тектік топтар. Л.н. – «лет назад» (жылдан кейін) сөздерінің алғашқы әріптері…
Осы арада ескерте кетер бір жай – мақала авторы А. Клесов бұлардың бәрін тілдік айырымды көрсететін термин ретінде қолданады. Оның RIb-ны ежелгі «түрік тілдестер», RIa-ны ежелгі «үндіеуропа тілдестер» деп, тілдік тұрғыдан ажырата айырып қолдануы содан. Бірақ бұл негізінде дұрыс емес секілді. Дәлелді нақтылықты білдірмейді. Өйткені автордың бұл арада тілге тиек етіп, пайдаланып отырғаны – тек генеалогия ДНК-сының мәліметі ғана. Ал ДНК-ның дәрмені, біздің пайымдауымызша, адам баласының есте жоқ ескі замандарда қай тілде сөйлегенін емес, молекулада «жазылған» мұрагерлік тегін ғана анықтаумен шектелсе керек. Бұл арада автор қорғандардан табылған қаңқалардың антропологиялық кескіні (бас сүйегі) еуропоидтарға ұқсайтындардың бәрін үндіеуропа тілінде сөйлегендерге жатқызып келген бұрынғы қалыптасқан түсінікпен ДНК-ның тектік дерегін тілдік дерекке айналдырып жіберіп отырған тәрізді. Әйтпесе христиан эрасынан 16 мың жыл бұрын өмір сүрген халықтардың қайсысының қай тілде сөйлегенін әзірге ешкім дәл тауып, анықтай алмағаны белгілі. Сондықтан үзіндіде келтірілген ДНКның RIb, RIa көрсеткіштерін жоғарыдағы үзіндіде көрсетілген аймақтарды кезінде мекендегендердің мутациялық жіктелістегі тектік айғағы ретінде ғана қабылдаған жөн бе дейміз. Сонда үзіндіде келтірілген ДНК көрсеткіштері арқылы біз 16 мың жыл бұрын Оңтүстік Сібірден күнгей жаққа қарай жылжыған халықтардың сөйлеген тілін дәл танымағанмен, шыққан тегінің түріктер (RIb) екенін және олардың қай өңірге қашан барғанын біле аламыз.
Осы орайда айтылғанға қосымша ретінде мына жайды да еске сала кеткеннің артықтығы жоқ секілді. Бізге белгілі тарихта отырықшылар бауыр басқан өңірлерге сырттан келген арғы-бергі көшкіншілердің қай-қайсысы да барған жерлерінің тұрғындарымен араласып, солардың салт-дәстүрін, тілін қабылдап, біржола соларға сіңісіп, отырықшыларға айналып кетіп отырған. Бұған керісінше, барған жерлерлерінде өз салт-дәстүрін сақтап, өз тілдерін енгізген бірде-бір көшкінші халық не тайпа кездеспейді. Олай болса, бір кезде солтүстік батыстан ауып келіп, Иран мен Солтүстік Үнді жерін мекендеген арий тайпаларының осынау тарихи заңдылыққа керісінше өз тілдерін енгізіп, жергілікті халықтарды арий тілінде сөйлетті дейтіндей қандай негіз, қандай тарихи айғақ бар?! Бұл арадағы бар заңдылық: сырттан келген көшкіншілердің өздері жаулап алған елдің халқынан сан жағынан әлдеқайда аз болуында, яғни аздың көпке «жұтылып», тез сіңісіп кетуінде ғой. Бұған, басқаны айтпағанда, ХІІІ ғасырда осы Иран жерін жаулап алған моңғолдардың түгелдей иран тілінде (парсыша) сөйлеп, жергілікті халыққа сіңісіп, парсыланып кеткендері де айқын мысал бола алады. Олай болса, көне заманда Иран мен Үнді жеріне солтүстік батыстан келген арийлерді кейінгі заман деректеріне қарап, иран тілдес (кең мағынасында үндіеуропа тілдес) болған деп үзілді-кесілді тұжырым жасау қай тұрғыдан қарағанда да шындықпен еншілеспейтін сияқты.
Бұл – мақала авторының «арий тілі (Ria) үндіеуропа тілі» деп нақтылауына қатысты айтылып жатқан ой. Ал оның материалындағы келтірілген генеалогия ДНК-сы деректерінің жөні бөлек. Онда ғылыми негіз бар. Бұл деректер өз тарапынан, екі бірдей мәселені шешуге көмектеседі. Оның біріншісі – түріктердің, қазіргі ресми тарихта қалыптасқандай, х.э. кейінгі VI ғасырда ғана пайда болған жас халық емес, әлемнің ежелгі көне халықтарының бірі еке ніне куәлік береді. Бұған дау жоқ. Өйткені бұл арада ДНК көрсеткіші түріктердің ең кем дегенде 16 мың жылдық тарихы барын айғақтап тұр. Бұл және өз тарапынан генеалогия ДНК-сы арқылы Америка үндістерінің тегін анықтаған ғалымдардың «олардың Азиядан кеткеніне 20000-30000 жыл болған» деген тұжырымдарының да негізсіз еместігін көрсетсе керек.
Екіншіден, түрік тектестердің (RIb-дің) сол көне замандардың өзінде бүгінгі Ресей жеріне, Қазақстанға, Кавказға, Анатолыға, Таяу Шығысқа, Теріскей Африкаға, Британ аралдарына, континентальді Еуропаға кеңінен таралғанын көреміз. Демек, бұл – ендігі жерде бұл өңірлерден табылған археологиялық мұ раларды бұрынғыдай ешқандай негізсіз, талдап, танып білмей жатып, бірден бірыңғай еуропалықтарға еншілей салудың ағаттығын, онда түрік тектес ха лықтардың да үлесі болу мүмкіндігін ескеру қажетілігін дәлелдейтін нақты дерек деген сөз. Мұны мойындау тарихи шындыққа жеткізетін жаңа ізденістерге жол ашпақ.
Осыған орай тағы бір ескеретін мәселе – мұның бәрі, яғни үзіндіде келтірілгендердің бәрі ДНК дерегі бойынша: х.э. дейінгі 16000 жыл мен 3500 жыл аралығындағы жағдай екендігі. Ал Ресейдің Н.И. Вавилов атындағы Генетика институты ғалымдарының анықтауынша: адамзат баласының бастапқы, түпкі тегі Оңтүстік Шығыс Африкада пайда болған және оған 200000 жыл өткен көрінеді. Осы дерек рас болса, үзіндіде сөз болып отырған, бұдан 16 000 жыл бұрын Сібірден оңтүстікке қарай беттеген түрік тектестердің (RIb-ның) арғы ата-бабаларының да бұл өңірге (Сібірге) қайдан, қашан, қалай келгеніне қарамастан, олардың да бір кезде өкше көтерген жері – Оңтүстік Шығыс Африка болғанынан хабар береді. Мұны да кейінгі зерттеушілердің есте ұстағаны жөн секілді. Оның үстіне генеалогия ДНК-сы х.э. дейінгі 35-25 мың жылдар шамасында бұл халықтардың әлі Q (сібір халықтары мен моңғол тайпаларының тегін білдіретін тектік топ) және R (R1b және R1a тектік топтарының тектестік бірлігін білдіретін тектік топ) тектік тобына бөлінбей, бәрінің ортақ P тектік тобында жүргенін айтады. Соған қарап, олардың тілдері де ол кезде бөлінбеген, бәрі ортақ бір тілде сөйлеген деген тұжырым жасалады. Мақала авторы А. Клесов мырза да осы пікірде. Бірақ, соған қарамастан, ол R тектік тобынан жекеленген R1b тектік тобын прототүріктер, ал R1a тектік тобын пра-арийлер деп танып, бірін агглютинативті түрік тілі, екіншісін флективті иран тілі (кең мағынасында «үндіеуропа тілі») дегенді айтады және өз ойларын осы түсінік негізінде түйіндеп отырады.
Бұл арада да автордың мутация негізінде болатын адам баласының антропологиялық өзгеріске ұшырауы арқылы тектік топтарға жіктелуін тілдік жіктелуге айғақ етуі – мәселенің шешімін тапқандыққа жатпаса керек. Бұл, жоғарыда айтқанымыздай, автордың еуропоид кескінділердің бәрін үндіеуропа тілінде сөйлеген деген ескі түсініктің ықпалында кеткендігінің салдары ғана. Өйткені жалпы адамзат баласының алғашқы бастау тілінің қашан, қандай жағдайда, қандай себеп-салдардың негізінде агглютинативтік және флективтік тіл болып бөлінгені әлі ғылымға белгісіз. Бір тілде сөйлеп жүрген R тектік тобының кейін өзара R1b және R1a тектік топтарына жіктелгенде, қалай ша, қандай негізде осының біреуінің – агглютинативті, екіншісінің – флективті тілге айналғанының себеп-салдарын автор ашпаған, тұжырымға тірек болар айғағы жоқ. Содан да болар, автордың өзі де: «По какой причине один и тот же язык рода R и далее R1 разошелся на флективный (R1a1) и агглютинативный (R1b1) – мы не знаем» (Клесов А. Аталған еңбек. – 15-б), – деп шындықты мойындауға мәжбүр болады.
Біздің пайымдауымызша, тілдің жіктелу негізі тармақтала тарағанымен, түпкі тамыры ортақ кейінгі тектік топтардың бөлінуіне қатысты болмауға тиіс. Оның негізі сонау адамзат баласының тіршілік бастау кезеңіндегі түпкі бөліністе жатқан сыңайлы. Қалай болғанда да, бұл мәселенің нақты шешімін келер күндердің еншісіне қалдырып, ендігі ойымызды негізгі тақырыбымыз ежелгі замандарда Еуразия кеңістігін мекендеген скиф-сақ халықтарының тегін «үндіеуропалықтар» деп келген тұжырымның қате екенін ДНК деректері арқылы анықтаған осы автордың: «Концепция о степях Евразии как «прародине» «индоевропейской общности» совершенно непродуктивна и ложна. Во-первых, «пра-индоевропейцы» не могли появиться в степях ниоткуда, ни о какой языковой «прародине» там не может быть и речи. Они и не появились ниоткуд (Клесов А. Аталған еңбек. – 57-б.), – деген тұжырымымен түйіндеуді жөн көрдік. Өйткені осы айтылғандардың өзі-ақ түрік тектес халықтардың ежелден бар көне халықтар екеніне және олардың сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ дүниенің төрт құбыласына түгел тарағанына қатысты оқырман көңіліндегі күдікті сейілтіп, біздің осы орайда алда айтылар, бұрынғы қалыптасқан қағидалармен үндесе бермейтін пікірлерімізге түсіністікпен қарауға мүмкіндік береді ғой деген үміттеміз. Осы үмітті тірек етіп, жоғарыда айтылғандарды тарихшы және тілші ғалымдардың бұған дейінгі зерттеу еңбектерінде айтылған ойларымен тұздықтай отырып, түрік халықтарының жазылмаған тарихын танып-білуге, жаңадан жазуға негіз бар екенін өзімізше дәлелдеп көрмекпіз.
Генетик ғалымдардың мәлімдеуінше: адамзат баласының ең бастапқы ататегінің пайда болған жері – Оңтүстік Шығыс Африка екенін айттық. Міне, осы арадан өсіп-өніп, жер бетіне тараған Адам-ата мен Хауа-ана ұрпақтарының бүгінгі таңда түрлі нәсілге бөлініп, түрлі наным-сенімді иеленгені; сан алуан тілде сөйлейтін халықтарға жіктеліп, толып жатқан мемлекеттер құрағаны және белгілі. Осыған орай түрлі жолмен халық болып қалыптасқан осылардың әрқайсысы қазіргі бауыр басып, мекендеп отырған жерлеріне жеткенше ұлы мөлшері екіжүзмыңдық жол жүріп, талай тарихи-әлеуметтік оқиғаларды бастан кешіргендері де зерде мойындар шындық. Осынау таралу бағытындағы ұлы қозғалыстың бастауында тұрған алғашқы әулеттік (үйірлік) топтардың терімшіліктен шығып, аңшылықты кәсіп етулеріне байланысты бірте-бірте рулық бірлікке ұйысып, одан тайпалық жүйеге ауысқаны, одан кейін түрлі жолмен өзара бірігіп, тайпалар одағын құрағаны тарихтан мәлім. Осындай жолмен өмірге келген тайпалардың әу бастағы атаулары, тарихтың тапшы деректерінен байқағанымыз, тек бір буынды сөздерден ғана тұрған сыңайлы. Екі және одан да көп буынды сөздерден құралған тайпалық, халықтық атаулар кейін пайда болған. Әлем халықтарының көне заманнан кейінгіге жеткен мифтерінің, гимндерінің, аңыздарының, ертегілерінің, эпостарының дерегіне сүйенген ғалымдардың зерттеулері арқылы әзірше бізге мәлім болғаны: ас, қай, тұр, қаз, маң, қаң, құт, дай, қой, сан тәрізді біраз атаулар ғана. Бұлардың әрқайсысы да өз алдына жеке-жеке зертеудің тақырыбы. Бұл арада оларға арнайы тоқталмай, тек ескі замандарда осылай аталған әлгі тайпалар мен халықтардың болғанын айғақтар мағлұмат ретінде әрқайсысына қысқаша анықтамалық түсініктеме берумен шектелмекпіз.
Бізге белгілі ежелгі тайпалардың ең көнелерінің бірі – Ас тайпалар бірлестігі. Жерорта теңізі төңірегінде қалыптасқан алғашқы тайпалар мен халықтардың арасында орталық билікке бірінші болып қол жеткізгендер де осылар – Астар. Содан да болар заманында астардың билеушілері өзге пенделерден ерекшеленіп, өздерін «Құдайдың баласымыз», «Күннің баласымыз» деп есептеген. Уақыт өте келе ас билеушілерінің өсіп-өнген ұрпақтары өз алдына рулы елге айналып, өздерін «Күнас» деп атаған. Кейін дүниенің төрт бұрышына түгел тараған астардың Скандинавия түбегіне барғандарының Один басқаратын көп құдайларының әкесінің атының Ас болуына да, бүгінгі біздің санамызда қалыптасқан «төре», «ақсүйек» ұғымдарының алғашқы негізінің қалануына да, сондай-ақ ауыспалы мағынасы арқылы түрік тілінің сөздік қорындағы «ас» (ағашқа ас), ас-у (таудың өткел берер биігі), ас-пан, ас-қақ, ас-қар, ас-там, асыр тәріздес биіктік, жоғарылық, үстемдік мағынаны беретін көптеген сөздердің жасалуына да осы Ас тайпасы атауының тікелей қатысы бар.
Заманында көптеген тайпалар мен халықтар Астар билігінің қарамағында болғандықтан, олар да бұрынғы төл атауларын тастап, кейін өздерін «Аспыз» деп атап кеткен. Солардың өсіп-өніп жан-жаққа тараған ұрпақтарының кейіннен күншығысқа қарай кең етек жайып, өріс ұзартуы арқылы өздері мекендеген құрлықтың атын Асұя (Азия) деп атауға негіз болған. Бұл көне түрікше «астар мекені», «ас елі» деген ұғымды білдіреді.
Көне жазба деректерден ас атауының «аз», «аш», «иш», «ис», «яс» секілді фонетикалық нұсқаларын да, су-ас, борт-ас, иш-тяк, каңгал-ас, караг-ас, ал-аш тәріздес көптеген этнонимдерге тіркескен нұсқаларын да кездестіруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінде ас жұрты «az bodun» (аз халқы») деп берілген (Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. – Астана, 2003. – 168-б.).
Қай – Жерорта теңізі төңірегінде қалыптасқан ежелгі тайпалардың бірі. Қайдың сөздік мағынасы көне түрк тілінде «аяқ киім», «кебіс» деген ұғымды білдіреді (М. Қашқари). Осыған қарағанда, қай тайпасының адамдары Адам-ата ұрпағы ішінде аяқ киімді бірінші кигендер болуы да мүмкін. Қайлар арасынан саяхатшылар мен жаңа жер ашушылардың көп шығуы да осы ойға жетелейді. Ұзақ көп жүріске жалаң аяқтың шыдас беруі қиын ғой. Кейбір зерттеушілер Америка құрлығын Колумбтан әлдеқайда бұрын қайлар (қай-бөрілер) ашқан деп есептейді (Айзахметов А. Рождение тюркского мира. – Тараз, 2004. – Стр. 15). Ю.Н. Дроздовтың «Тюркская этнонимия древнеевропейских народов» деген еңбегінде келтірілген көптеген тарихи деректерге қарағанда, қайлар астармен бірдей дүниежүзіне кең тараған халық және өзен-суға қайық салып, теңіз жолын алғаш ашушылар да осылар.(Дроздов Ю.Н. Аталған еңбек. – М., 2008.).
Осы орайда «қайық» сөзінің этимологиясы да осы аталған екі зерттеушінің ойларын шындыққа шығарып тұрғандай. Қайық – көне түріктің, жоғарыда айтқанымыздай, «аяқ киім», «кебіс» дегенді білдіретін «қай» және су дегенді білдіретін «ық» деген сөздерінің бірігуінен жасалып, «су кебісі» деген ұғымды білдіреді. «Ық-тың» көне заманда су деген мағынада қолданылғанына «құт су» дегенді білдіретін «құд+ық» сөзі де айғақ. Осыларға қарағанда, «қай» аталғандардың суға алғаш қайық салушылар болуы да бек мүмкін.
Кей деректерде «қай» сөзін жылан таңбасының аты делінеді. Ас тайпа бірлестігіндегі бір тайпаның жыланды тотемі (киесі) етуіне байланысты кейін ол тайпаның атына айналған көрінеді. Мұны мифтік әңгімелер де құптайды. Біраз халықтың мифтік таным-түсінігінде жылан – дүниенің бастауында тұрған киелі мақұлық, су иесі (Аспан мен жер біртұтас болған, жерді су қоршап, ал суды жылан орап қорғап жатқан). Көне түріктер сол суды қорғап жатқан жыланды «Оран» деп атаған. Гректердің аспан құдайын «Уран» («Оран») атауы да осындай түсінікпен сабақтасып жатыр. Біздің пайымдауымызша, жыланды кие тұтушылардың кейінгі ұрпағы осы «оран» атын тергеп, тура атаудан қашу негізінде «қай» атауын өмірге келтірген секілді. Мұны жылан тотемділердің кейінгі ұрпақтарының Оранқай (Уранкай) болып бірге аталуы да шындыққа айналдыра түсетіндей.
Жерорта теңізі төңірегінен Ұлы Дала кеңістігіне өткен түрік тілдес тайпалар мен халықтардың ішінде қайлар негізінен кейінгі ғұз бірестігіндегі халықтардың құрамында кездеседі. VIII-ІХ ғасырларда оғыз тайпаларының құрамында аталады. Кей зерттеушілер қайлардың бір бөлігінің қыпшақ бірлестігінің де құрамында болғанын айтады (Ахынжанов. С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. – А., 1989.; Салғараұлы Қ. Түріктер. – Астана, 2007).
Тұр – Африканың оңтүстік шығыс өңірінде құрылған алғашқы тайпалардың бірі. Жазба деректерде оларды «тур» деп атайды. Олар кейін Жерорта теңізінің төңірегіне келгенде алғашқылардың бірі болып қалалық мемлекетке қол жеткізген. Солардың бірі – антикалық авторлардың еңбектерінде ерекше айтылатын әйгілі троялықтар. Троя – түріктердің «тұр» және «ұя» деген екі сөзінен құралған, мағынасы – отырықшы «тұрлардың мекені» деген ұғымды білдіреді (Үндіеуропа тілдестер «ұ» дыбысын көбіне «о» дыбысымен береді). Қазіргі кездегі әлем халықтарының мемлекеттік атауларына жалғанатын «ия» жұрнағы көне түріктің «мекен», «ел» деген мағынаны білдіретін осы «ұя» деген сөзінен шыққан. Мысалы, Грекия – гректер мекені, грек елі; Албания – албандар мекені, албан елі; Германия – германдар мекені, герман елі; Түркия – түріктер мекені, түрік елі және тағы басқалар.
Тұр тайпалары жөніндегі алғашқы жазба дерек Авестада кездеседі. Онда Иранның терістігіндегі көшкінші тайпалардың бәрі «турлар» деген ортақ бір атаумен аталады. Фирдаусидің «Шахнамасындағы» тұрандықтар осы тұр тайпасынан тарағандар. Мұндағы Тұран да көне түріктің «тұр» және «ан» деген екі сөзінен құралған, мағынасы көшкінші «тұрлар мекені» дегенді білдіреді.
Осы арадағы назар аударар жай – көне түріктің «мекен» деген бір ұғымды білдіретін «ұя» және «ан» сөздерінің қолданыста екі мағынаға иелігі; ұя сөзі қосақталған атау – қалалы жерді мекендейтіндерге, яғни отырықшыларға; ал ан сөзі тіркелген атау – далалы жерді мекендейтіндерге, яғни көшкіншілерге ба ғышталып айтылатындығы.
Біздің пайымдауымызша, жоғарыда айтқанымыздай, түрік тектес халықтардың ортақ атауы түрік те осы тұр сөзіне жинақтаушы ік жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Түрік – тұр тайпасынан өсіп-өніп тараған жұрттың басын біріктіріп құрылған алғашқы далалық патшалықтың аты. Дүниежүзілік топан судан кейінгі Иафеттің (Яфеттің) баласы Түріктің патша болатыны жөніндегі аңызды еске алыңыз.
Қаз – алғашқы адамдардың терімшіліктен шығып, аңшылықты тұрақты кәсіп ете бастаған кезде өз алдына жеке бөлінген ежелгі іргелі тайпалардың бірі. Тайпаның негізін үлкен апан шұңқыр қазып, зіл (мамонт) тәріздес ірі аңдарды соған қамалап әкеліп құлатып ұстайтын аңшылар тобы құраған. Кейбір зерттеушілердің қаз атауының шығу тегін аңшылыққа байланыстыратыны да осыдан (Салғараұлы Қ. Қазақтар. – Алматы, 1995. – 18-19-бб.) .
Қаздардың тарихқа танылып іргелі ел ретінде мекендеген жері – Қапқаз тауы мен оның төңірегі. Қапқаз атауы – көне түрікше «қаздың қорғаны» деген мағынаны білдіреді. Қаздардың кейінгі ұрпақтары Еуразия кеңістігінің біраз жеріне билігін жүргізген Қазар (Хазар) қағанатын құрған.
Қазар қағанаты құлағаннан кейін оның құрамындағы тайпалар ыдырап, көрші түрік тектес халықтар құрған мемлекеттердің құрамына барып қосыл ған. Кешегі Алтын Орда ыдыраған кезде қаздардың бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына келіп енді. Сол қаздардың ұрпағы бұл күнде қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданының халқының негізін құрайды.
Қаң – Еуразия кеңістігін мекендеген түрік халықтарының біріне жататын ежелгі тайпа. Олар ерте замандарда ғұз бірлестігінің құрамында болған. Ғұздар «ішғұз», «сырт ғұз» болып бөлінгенде, қаңдар сырт ғұздардың құрамына енген. Орта Азияны мекендеген қаңдар іргелі елге айналғанда, ежелгі түріктердің ел басқару дәстүрі бойынша бір орталыққа бағынған үш бірлестікке бөлінген: шығыс жақ бөлігін «Басқан», орта бөлігін «Сарқан» (Сарықан) батыс бөлігін «Самарқан» деп атаған. Бұл атаулар қазіргі таңда кезінде сол қандардың мекендеген өңірлерінің жер-су атауларында ғана сақталып қалған.
Қаңдар құрған мемлекет жөнінде қытайдың көне жазбаларында біраз деректер бар. Соларға түсінік берген «Анықтамалықта»: «Қаң мемлекеті – тоғыз ху (жабайылар! – Қ.С.) мемлекетінің бас мемлекеті. Оны «Шивәнжин», «Саможиән» деп те атайды. …Олар Орта Азияның билеушісі болған. Ал қалған суты (соғды – Қ.С) адамдарының құрған немесе солар мекендеген Ми, Шы, Цау, Хы, Ән, Кіші Ән, Насыбо, Унагы, Му секілді атауы қытайша берілген шағын мемлекеттердің, билеушілері Қаң мемлекеті билеушілерінің туыстарынан тағайындалған.
Таң патшалығының соңғы кезінде оларды арабтар бағындыр ды. Қаң мемлекетінің музыкасы ішкі жерлерге (қытайға – Қ.С.) кеңінен таралып, патша сарайының негізгі музыкасы болды. Қан мемлекетінің «бо хән ху» ойыны Қытайдың оңтүстігіне тарап, ол қазіргі «су шашу» мерекесі болып қалыптасты» (Қытай деректері: атаулар мен терминдер (анықтамалық). – Астана, 2000. – 91-б.), – деген дерек берілген.
Дәстүрлі тарих ғылымына белгілі кешегі Жетісу өңірінен Еуропа жеріне жөңкіле қоныс аударған каңарлар да, бүгінгі қазақ халқының құрамындағы қаңлылар да осы ежелгі қаңдардың ұрпағы.
Маң – қаңдармен бірге Орта Азияны мекен еткен ежелгі тайпа. Ғұз бірлестінің сырт ғұздарының құрамында болған. Зерттеушілер оларды кейінгі кезде бесене (пешенек, печенег) тайпалар бірлестінің құрамында болды деген пікір айтады. Оғыз-қыпшақтар бесенелерді батысқа қарай ығыстырғанда маңдар олардан бөлініп, Каспий теңізінің оңтүстік шығысындағы өңірге барып қоныстанған (Маңдардың Каспий бойын, Маңқыстау өңірін одан да бұрын мекендеуі ғажап емес – Қ.С.). Шығыстан Орта Азияға жылжыған қыпшақтар мен оғыздар түрік халықтарының түп тегінің ортақтығын таныту мақсатымен халықтық атаулардың алдына «түрік» сөзін тіркеп айтатын ортағасырлық түріктердің дәстүрі бойынша, мысалы, «түрік-сыр», «түрік-едіз» деген сияқты, маңдардың да бір бөлегін түрік-ман деп атаған. Бүгінгі түрікмен халқының құрамына енген тайпалар – негізінен осы ежелгі маң тайпасының ұрпақтары.
Маңдар да дәуірлеп, құрамындағы ел мен жер көбейген кезде бір орталыққа бағынған үш бірлестікке бөлініп, солтүстік бөлігін – қараман, орта бөлігін – сарыман, батыс бөлігін ақман (ақпан) деп атаған. Осылардың кейбір ру-тайпалары түрлі тарихи жағдайларға байланысты өз бірлестіктерінен бөлініп шығып, басқа түрік тілдес халықтардың құрамына енгенде бұрынғы ортақ маң атауымен аталмай, өздерінің жеке осы атауларын сақтап қалған. Мысалы, қазақ халқының құрамында осының қараманы да, ақманы (ақпаны) да бар. Екеуі де ортажүздегі белгілі рулар. Сарымандар Еділ бойына кеткен.
Ман атауы осы маң тайпалары жайлаған аймақтардағы жер-су аттарында сақталып қалған. Мысалы, маңқыстау, маңқыры, маңойы, маңащы, маңсуалмас секілді жер-су атаулары заманында осы аймақтарды маң тайпасы мекендегеніне куәлік береді (Қондыбай С. Маңғыстау-нама. – Алматы, 2006. 45-56-бб.). Генеалогия ДНК-сы деректері мен тілдік айғақтарға сүйенген біраз зерттеушілер кейінгі кезде герман халқын да осы мандардың ұрпағы деген болжамдарын айта бастады. Байырғы көне деректерде «герман» атауының «ерман», «эрман», «ирман» деген нұсқалары да кездеседі. Мысалы, ІХ ғасырдағы араб географы Мұхаммед ибн Мұса әл-Хваризми Германияны: «Ирманийа, а она – земля ас-сакалиба» (Калинина Т. М. Сведения ранных ученых Арабского халифата. – М., 1988. – Стр. 48), – деген дерек береді. Мұндағы ас-скалибаның Геодот жазатын «сколоттар» екенін, ал оның түрікше «асаколыты» деп аталатынын тілші ғалымдар дәлелдеген болатын (Ю.Н. Дроздов, М. Закиев).
Құт – ерте замандарда Еуразия кеңістігін мекендеген іргелі тайпалардың бірі. Көне жазба деректерден тайпа атауының «хет», «гет», «гот» деген секілді түрлі нұсқалары кездеседі. Геродот жазатын парсының әйгілі патшасы Кирді (Құрышты) ашық шайқаста жеңіп, басын кесіп алып, адам қаны толтырылған торсыққа салатын Тұмар (Томарис) патшайымның елі осы құт тайпасының халқынан құралған. Гректер бұл елді «Массагет» деп атайды, мағынасы геттердің, яғни құттардың көпшілігі ұйысқан ел дегенге саяды.
Құт тайпасынан тараған ұрпақтың дені кейін Шығыс Еуропаға қарай кең етек жайып, сонда құрылған бірнеше мемлекеттің құрамына енген. Мысалы, солардың «Вестгот», «тиссагет» секілді бірнеше халықтық атауларындағы «гот», «гет» жалғамалары олардың құрамында сол құт тайпасынан тараған ұрпақтардың жүргенінен хабар береді. Иорданның «О происхождении и деяниях готов» деген әйгілі еңбегіндегі готтар да осы түрік тектес ежелгі құт тайпаларының ұрпақтары.
Қой – Оңтүстік және Шығыс Африканың ежелгі тұрғыны болып саналатын готтентот тайпасының ежелгі төл атауы. Оларды көне жазба деректерде «койн», «койын» деп те атайды. Кейін Еуразия кеңістігін мекендеген түрік тектес халықтардың құрамына енген «ақ қойын» («ақ қойлы»), «қара қойын» («қара қойлы») тайпалары осы қой тайпасынан тараған ұрпақтар болса керек.
Сан – Оңтүстік және Шығыс Африканың ежелгі тұрғыны болып саналатын бушмен тайпаларының ежелгі төл атауы. Қой тайпасымен тектес әрі тілдес. Олардың тілдерін ғылымда осы екі тайпаның атымен «Қойсан» («қойсана») тілдері деп атайды. Қазақ зерттеушісі А. Айзахметов бұл тілдің көне түрік тіліне қатысы барын айтады (Айзахметов А. Рождение тюркского мира. – Тараз, 2004.) Екі тайпаның ұрпақтары есте жоқ ескі замандардан бері бір өңірде қатар өмір сүріп келеді.
Қой және сан тайпаларының тұқымтектік негізін зерттеген ғалымдар олардың Африканың басқа халықтарының біреуіне де, тіпті, өздерімен баяғы замандардан көрші болып, аралас-құралас келе жатқан банту тайпасына да не түрлері, не тілдері ұқсамайтынын айтады. Қойсан тілдерін әлем тілдері жүйесінің ешкімге ұқсамайтын, өзгелерден оқшауланған ерекше бір бұтағы деп есептейді, митохондриалды ДНК (мтДНК) зерттеулері өз тарапынан бұл екі тайпаның халықтарының Африканың автохтонды тұрғындары екенін дәлелдейді. Кейбір бушменнің Y-хромосомасы зерттеуден өткен әлемнің бірде-бір халқынан кездеспеген, Адам-ата ұрпағында пайда болған алғашқы мутация белгісі табылғ ан (Янкоский И.К., Боринская С.А. Наша история написанная в ДНК. // Природа, №6, 2001.). Бұл бушмен тайпасы адамдарының түрлі жағдайға байланысты сырттан қоныс аударып келгендер емес, сол баяғы Африкада жаралған адамзат баласының кіндік қаны тамған атамекенінен әлі күнге табан аудармай, тұрақты мекендеп келе жатқан аборигендерінің ұрпағы екеніне куәлік береді.
Осы айтылғандардың бәрін саралай келіп, біз жер бетінде өмір сүріп жатқан қазіргі таңдағы түрік тектес халықтардың түпкі ататегінен таралып, шартарап қа өріс жайған ежелгі тайпалардың бәрінің бірдей әуелдегі атауы тек бір буынды сөзден болғанын аңғарамыз. Ал бұл күнде әрқайсысы өз алдына жеке-жеке атауға ие бірнеше ұлт мен ұлыстың негізін қалап отырғандар – осы ежелгі тайпалардың ұрпақтары.
Міне, осы ұлттар мен ұлыстардың қайсысының қашан, қайдан шығып, қайда келгенін, қандай қоғамдық құрылымдарды бастан кешкенін саралап көрсе тіп, бүгінге жеткізу – қазіргі таңда бізден дәстүрлі тарих ғылымы қалыптастырғ ан қағидалар шеңберінен шыға ой толғап, ғылымның соңғы жетіст іктерінің нәтижесінде қол жеткен мәліметтерге сүйене отырып, бұрынғы жазылған тарих материалдарын қайта зерделеуді талап етеді. Осы талап үддесінен шығу мақсатында түрік халықтары жөніндегі бұған дейін жазылған еңбектер мен танысу мүмкіндігі болған көне дереккөздеріне сын көзімен қарай отырып, солар берер мәліметтер арқылы ендігі әңгіме ауанын генеалогиялық ДНК деректерінің түрік тектес (Rib) тайпалар болды деген өңірдің байырғы тұрғындарына қатысты тарихқа қарай бұралық.
Алғашқы сөзді бүгінгі қалыптасқан түсінік бойынша түрік тектестердің болуы мүмкін еместей көрінген Британ аралының ежелгі тұрғындарына қатысты тарих деректерінен басталық.
Британ аралдарын ежелгі замандарда мекендеген тайпалар мен халықтар жөнінде негізінен англо-саксон хроникалары мен тағы басқа тарихи дереккөздерінде кездеседі. Әсіресе ІХ ғасырдың авторы Неннийдің «Бриттондар тарихынан» мол мағлұмат алуға болады. Мысалы, англо-саксон хроникасы сол замандарда Британ аралдарын бес халықтың өкілдері мекендеді десе (The Anglo-Saхon Chronicle. Translated by the rev. James Ingram. Reprint. London, Toronto, 1923. – P.21), Ненний төрт халықтың өкілдері болды дейді (Ненний. История бриттонов. Формы исторического сознания от поздней античности до эпохи возрождения. – Иваново, 2000. – Стр. 224). Бірақ екі дереккөзі де халықтың өздерінің ауызша тарихы (аңыз-әңгімелері) мен жазба деректерінің берер мәліметтеріне сүйене отырып, Британияның алғашқы тұрғындарының бриттер болғанын айғақтайды. Неннийдің өз шығармасында «біздің ата-бабаларымыз» деген тіркесті жиі қолдануына қарап, оның өзін брит халқының перзентімін деп есептейтінін бірден аңғаруға болады. Ол Брит халқының шыққан тегі мен аралдың атауына қатысты атадан балаға беріліп, ел аузында сақталып келген аңыз-әңгімелерді дереккөзі ретінде пайдаланып, солардың маңызды екі нұсқасын алға тартады.
Оның біреуі – брит халқының өздерінің төл аңызы, екіншісі римдіктерден алынған. Осының алғашқысына қатысты Неннийдің өзі: «Я попытаюсь, следуя преданию предков, открыт, что известно о Британском острове. Остров Британия был назван именем Бриттона, сына Исиокона, который был сыном Алана из рода Яфета», – дей келіп, осы деректің аталарынан қалған ескі кітаптарда да қайталанатынын айтады: «Другие сведения об Бритте я обнаружил в древних книгах наши предков… первый человек из рода Яфета, который пришел в Еуропу, был Алан со своими тремья сыновьями…» (Ненний. Аталған еңбек. – 224-228-бб.).
Брит халқының шыққан тегіне қатысты тарихшы Ненний келтірген бір аңыздың осы екі нұсқасына талдау жасай келіп, Ю.Н. Дроздов: «Отсюда видно, что у самих бритов было две версии о своем происхождении. По одной из них, бриты были потомками внука Алана из рода Яфета, который первым пришел в Европу со своими сыновьями. Но самоназванием алан было асы. Согласно Снорри Стурулсону, асы пришли сюда из Предуралья, расселившись в континентальной Еуропе и на Скандинавском полуострове. Если принять во внимание, что в древних преданиях имя предводителя, как правило, соответствовало названию его народа, то переселившиеся в Британию бриты, потомки Алана, были этническими асами. Не трудно заметить, что Аланом бриты называли того самого человека, которого скандинавы называли Одином. Алан или ас – это его этническая принадлежность, а Один – это его имя» (Дроздов Ю.Н. Тюркская этнонимия древнеевропейских народов. – М., 2008. – Стр. 174).
Осы айтылғандарға зер салып қарасаңыз, халықтың төл аңызы да, оны талдаған ғалым түсіндірмесі де бриттердің түпкі тегінің ежелгі ас тайпалар бірлестігінен шыққанын айқындап тұр. Мұны түрік тектестердің (RibI) Оңтүстік Сібірден Еуропаға қоныс аударғанда тек еуропалық континент пен Скандинавияға ғана емес, Британияға да барды деген жоғарыда келтірілген генеалогиялық ДНК-ның дерегі де нақтылай түседі. Осыған орай қасиетті кітап арқылы жеткен, бұл күнде сауатты жұрттың бәрі білетін шежіре дерегі бойынша түріктердің Нұх (Ной) пайғамбардың баласы Яфеттен тарайтынын ескерсек, бриттердің түп атасы Аланның ас тайпасынан шығуы да, оның және Яфеттің тұқымы болуы да, олардың, яғни бриттердің түп негізінің түрік тектестер екеніне одан әрі сендіре түседі. Бұлардың сыртында, қоныс аударып барып, жаңадан тұрақтаған жеріне көшкіншілер дәстүрімен олардың «Брит» деген атына түріктік «ан» сөзінің тіркесіп, «Британ» (Бриттер мекені», «брит елі») аталуы да біраз жайды аңғартса керек.
Бұл арада назар аударар ең басты мәселе – бриттердің ата-бабаларының өздерінің шыққан тегінің түрік екенін өздерінің танып, мойындап, ұрпағына аманаттап қалдыруында. Брит халқының төл перзенті тарихшы Неннийдің өз халқының шыққан тегін анықтауда ата-бабалары қалдырған аңыз дерегіне жүгінуі – осының айғағы.
«Аңыз арқауы – шындық» екенін тарих сан рет дәлелдеген. Ешбір халық өзінің шыққан тегін өзгелермен шатыстырған емес. Сол себепті брит халқының төл аңызында да шындық дәні бар дей аламыз. Оның солай екенін бриттердің шығу тегіне қатысты келтірілген римдік нұсқаның (версияның) дерегі де құптай түседі.
Римдік нұсқа бойынша: Брит – атақты Троя соғысының кейіпкері Энейдің тұқымы. Брит Италияда өмірге келген, бірақ одан қуылып, Грекияға барған. Алайда ол мұнда да ұзақ тұрақтай алмай, кетуге мәжбүр болады. Осыған қатысты тарихшы Ненний: «После этого он прибыл к галлам и построил там город туронов, который называют Турном. Позже он достиг того острова, который получил название от его имени, то есть Бриттании, остался там и заседил своим родом» (Ненний. Аталған еңбек. – 225-б.), – деген дерек берсе, ал Бриттің түп атасы делінген осы Эней жөнінде гректік және римдік тарихи шығармаларда былай делінеді: «Троянец Эней, сын богини Афродиты и смертного Анхиза, уцелел при разрушении Трои. Вместо с сыном своим Асканием (или Юлом) Эней бежел и после долгих странствий прибыл к берегам Лация (Ковалевский С.И. История Рима. – С-Пб., 2003. – Стр. 74).
Ежелгі Еуропа халықтарының халықтық атауларына (этнониміне) тілдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасау арқылы олардың тегін анықтап, «Тюркская этнонимия древнеевропейских народов» атты арнайы көлемді монография жазған Ю.Н. Дроздов осы дерекке арнайы тоқталып, осындағы Энейдің баласы Асканийдің есімін халықтың тегімен байланыстырып, өзіндік пайымдау жа сайды. Оның түсіндіруінде: «Аскан» – түріктің «ас» және «хан» деген екі сөзінің бірігуінен шыққан «Астың ханы» деген ұғымды білдіретін атау. Ал бұл өз тарапынан бриттердің аталарының бірі кезінде ас тайпасының ханы болғанын көрсетеді дей келіп: «И это вполне понятно, если учесть, что Эней со своим сыном Асканием (вероятно со всем родом) вышел из Малой Азии, то есть из Асии – «Страны асов». По этой версии получается, что предками бритов были асы, вышедщие из Малой Азии. Во всяком случае, в двух версиях (бриттердің төл аңызы мен римдік аңызда – Қ.С.) о происхождении этого племени общим является то, что бруты или бриты были потомками тюркскоязычного асского народа» (Дроздов Ю.Н. Аталған еңбек. – 175-б.), – деп тұжырым жасайды. Біздің пайымдауымызша да, осы тұжырымда тарихи шындық бар. Сол себепті байырғы замандарда Британ аралына Азиядан қоныс аударып келген бриттерді де, олардың соңын ала келген скоттарды да, пиктыларды да, саксондарды да кезінде түрік тілдес халықтар болған дегіміз келеді. Бұлай ойлауға осы аталған халықтардың кезінде бриттер өкше көтерген жерден келгендіктері де, ал ол жерлерді түгелдей түріктілдестер мекендеді деген ДНК деректері де мүмкіндік береді.
Енді германдар жайында бірер сөз. Біз, жоғарыда, ежелгі түрік тілдес тайпалар жөнінде айтқанда «маң» деген тайпаның болғандығын, герман халықтарының негізін де заманында осы маң тайпасынан бөлініп шыққандар құраған дейтін болжамдардың да бар екенін айтқанбыз. Сондай-ақ герман атауының антикалық және ерте ортағасырлық деректерде «ерман», «эрман», «ирман» деген нұсқаларының кездесетіні және бұлардың алдына тамақтық «х», «г» дыбыстарының қосылып, «Herman» немесе «German» болып айтылуы грек тілі транскрипциясының ерекшелігі екені де сөз болған.
Көне дереккөздерінде кездесетін осы «Эрман» атауының семантикасын талдағанда, оның «ер» және «ман» деген екі сөзден құралғанын, ал мұндағы ер (эр, ир) байырғы түріктің «батыр», «нағыз» деген ұғымды білдіретін сөзі мен ежелгі ман тайпасының атауының бірігуі арқылы жасалғанын тану онш а қиындық туғызбайды. Сонда «ерман» атауы – «батыр ман», «нағыз ман» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі заман авторларының германдарды ірі денелі, өжет, аяушылығы аз, қатыгез, жауынгер жұрт ретінде сипаттаулары да олардың неліктен Ерман аталғанының мәнін ашып тұрғандай. Асылы, германдарға бұл атауды кезінде түрік тілдес басқа көршілері берген секілді. Бұлай деуге Рим тарихшысы Тациттің (58-117 жж.): «Напротив, слово Германия – новое и недавно вошедшее в обиход, ибо те, кто первыми переправились через Рейн и прогнали галлов, ныне известные под именем тунгров, тогда прозывались германцами. Таким образом, наименование племени постепенно возобладало и распространилось на весь народ; вначале все из страха обозначали его по имени победителей, а затем, после того, как это название укренилось, он и сам стал называть себя германцами» (Тацит. Сочинения. – М., 1993. – Стр. 354), – деген дерегі де мүмкіндік беретіндей.
Тарихшының осы дерегінен екі бірдей мәселенің түйінін тарқатуға болады. Оның біріншісі – Рейннен өтіп галлдарды талқандаған, еуропалықтар «тунгр» деп атап жүрген халықтың бұрын «герман» («ерман») деп аталғаны және осы герман атауының кейін барлық халыққа ортақ болып тарағаны. Бұдан «германның» жекелеген тайпаның не халықтың аты емес, бір кезеңде бір этноаумақта өмір сүріп жатқан бірнеше тайпаның (халықтың) жалпылама ортақ атауы екенін тануға болады. Тунгр да сондай герман құрамындағы тайпалардың бірі.
Екіншісі – «герман» атауының жаулаушы халыққа берілуі, яғни оларды «герман» атандырушылардың жеңілушілер екендігі. Ал бұл өз тарапынан «ерман» атауының «батыр ман», «нағыз ман» делінуінің мәнін де аша түседі. Өйткені мұнда жеңіліп, біреуге тәуелді болған жақтың өздерін жаулап алушыларды «батырлар», «нағыз ерлер» деп мойындаулары жатыр. Тарихшы Тациттің жаңағы «әуелде қорыққаннан оларды «герман» (ерман) атап кетті» деп ерекшелей көрсетуі де осы ойды айқындай түседі. Заманында төңірегіне осындай үрей, қорқыныш тудырып, көршілерін дүрліктіріп, атып, шауып кетіп жүрген ежелгі ман тайпасының ержүрек батыр ұлдарының содырлы әрекеттері оларды өзгелердің «шабар-ман», «атар-ман» деп, ал сондай әрекетке басшы болып жүргендерді «ата-ман» атандыруына жағдай жасаған. Осыдан келіп, «ман» деген тайпа атауы еуропалықтар түсінігінде бірте-бірте «адам», «кісі» деген ұғымды иеленіп, ол кейін жаңа сөз тудыратын өнімді жұрнаққа айналған. Оның бүгінгі нәтижесі: оқырман, көрермен, тыңдарман, т.б.
Германдардың шындығында осындай жаужүрек батыр, ірі адамдар болғанын көне заманның тағы бір авторы Страбон да теріске шығармайды. Оның: «Области за Рейном, обращенные на восток и лежащие за территорией кельтов, населяют германцы. Последние мало отличаются от кельтского племени: большей дикостью, рослостью и более светлыми волосами, во всем остальном они схожи: по телесложению, нравам и образу жизни они таковы, как я описал кельтов. Поэтому, мне кажется, и римляне называли их германцами, как бы желая указать, что это «истинные» галлаты. Ведь слово «Germanі» на языке римлян означает «подлинные» (Страбон. География. М. 1994. – Стр. 265), – деп жазуы да осыған куәлік береді. Страбонның осындағы: «Germanі» на языке ремлян означает «подлинные» дегеніне ежелгі заманда Еуропаны мекендеген халықтардың халықтық атауларының төркінін талдап, арнайы зерттеу жүргізген қазіргі заман ғалымы Ю.Н. Дроздов кәдімгідей күдік келтіреді. Оның айтуынша: римдіктердің бәрі латын тілінде сөйлеген. Осыған орай Страбонның айтып отырған «римдіктер тілі» дегені латын тілі десек, онда латын тілінде «подлинный» сөзі verus, certus, praesens, propis деген сөздер арқылы беріледі. Ал бұлардың бір де біреуі «germanі» сөзіне жуықтамайды, ұқсамайды. Демек, Страбонның «римдіктер тілі» деп отырғаны түрік тілі болуы керек. Өйткені Апеннин түбегі тұрғындарының дені антикалық заманда түрік тілдестер болған деген тәріздес пікір айтады. Бұл автордың ойын ерман атауындағы «батыр», «нағыз» деген мағына беретін түріктік «ер» сөзінің «подлинный» сөзінің шынайы мағыналық баламасы екендігі де нақтылай түседі. Осыған орай түрік ғалымы Адиля Аиданың Апеннин түбегінің ежелгі тұрғындары этрускилерді түріктер деп дәлелдеп арнайы еңбек жазғанын да еске сала кеткен артық болмас (Adile Ayda. Etruskler (Tursakalar) Turk idiler. – Ankara, 1992).
Жалпы германдар жайында сөз болғанда, оқырмандардың көз алдына қазіргі Германияның келері сөзсіз. Бірақ антикалық заманда «Германия» деп аталған этноаумақтың аясы бүгінгіден әлдеқайда кең болған. Мысалы, Рим тарихшысы Тацит ол замандағы германдар мекенін: «Германия отделена от галлов, ретов и паннонцев реками Рейном и Дунаем, от сарматов и даков – обоюдной боязнью и горами; все прочие ее части охватывает Океан, омывающий обширные выступы суши и огромной протяженности острова с некоторыми, недавно узнанными нами народами и царями, которых нам открыла война» (Тацит. Сочинения. – М., 1993. – Стр. 354), – деп суреттейді. Бұған қарағанда, атал ған этноаумаққа қазіргі Германияны қоса алғанда бүгінгі Орталық Еуропа ел дерінің дені қамтылатыны анық байқалады. Және Тацит осы этноаумақтың ежелгі тұрғылықты тұрғындары, басқа халықтардан бөлініп келіп, сіңісіп кеткен мардымсыз кірмелерді есептемегенде, негізінен германдар болатын дегенді айтады.
Ал осы германдардың тегі кімдер дегенге келгенде, көне заман авторларының біразы оларды «скиф халқы», енді бір тобы «сармат халқы» деп таниды. Мысалы, IV ғасырдың авторы епископ Астерий Амасийский өзінің «Речь о начале постов» деген еңбегінде оларды «скиф» деп атайды: «…кочевы скифы, которые живут по Боспору и которые сидият по реке Рейну, не имеют домов, ни очагов. Они живут в шалашах, устраивая себе покрышку из шерсти, овечьих шкур и всего, чем можно покрытся. Поэтому они не употревляют в пищу хлеба, не знают плуга и не вспахивают земли» (ВДИ, 1948. – №3. – Стр. 266), – деген дерек береді. Бұдан Тацит көрсеткен Германия аталатын этноаумақты скиф халықтарының мекендегені бірден аңғарылады. Ал скиф халықтары мекендеген аумақтың «Скифия» аталатыны және оның Азия мен Еуропа құрлығын қоса қамтитындығы белгілі. Ол жөнінде ХІІІ ғасырдың авторы Бартоломей Английский «О свойствах вещей» атты энциклопедиясының география бөлімінде: «Сифия (Скифия) – огромная область. Ее верхняя часть расположена в Азии, а нижняя в Еуропе» (Матузова В.И. Английские средневековые источники. – М., 1979. – Стр. 86-87), – деп атап көрсетеді. Бір ғажабы, көне заман авторлары Скифия мен Сарматия атауларын бір мағынада, бір-біріне синоним ұғым есебінде қолданады. Мұның солай екенін кейінгі орыс тарихшысы В.Н. Татищев те теріске шығармайды. Өзгелер германдарды «скифтер» десе, ол «сарматтар» деп біледі. Ол жөнінде: «Посему вся Германия в то включена и есть не бездоказательно, что германе древле со сарматы един народ сочиняли, если не все, то по малой мере часть восточная около Ельбы…» (Татищев В.Н. История россиская. Т. 1. – М.-Л., 1962. – Стр. 245), – дейді. Ал ресми тарихтың скифтер мен сарматтарды үндіеуропа тілінде сөйлеген деген тұжырымды ғылымға енгізіп жібергеніне қарамастан, түріктанушы ғалымдар онымен келіспей, скиф-сарматтардың сол заманда түрік тілінде сөйлегенін жан-жақты дәлелдеумен келеді. Бұл орайдағы әңгімені соза бермес үшін айтылар ойды белгілі тілші ғалым М.З. Закиевтің: «Примечательно то, что все тюркологи, которые дошли до скифских матер иалов и сами изучали их, обязательно признают тюркскоязычность основного состава скифов и сарматов и доказывают это лингвистическими, этнологическими,, мифологическими, археологическими данными» (Закиев М.З. Проис хождение тюрков и татар. – М., 2003. – Стр. 143), – деген пікірімен түйіндеуді жөн көрдік. Тек бұған қосарымыз: германдардың шыққан тегі жөнінен олардың фольк лорында барлық германдардың түпкі атасының – Туистон, баласының – Ман аталатындығы. Туистон – әке-құдай делінеді. Есім сөздің төркініне талдау жасаған Ю.Н. Дроздов: «Имя отца прародителя всех германцев Туистона, на составные части можно разделить так: Туис-тон. В первой составляющей тиус последняя буква с – это предвнесенное латинизированное оканчание. Формат тиу восходит к тюркскоязычному слову деу «исполин», «богатырь». У некоторых народов это слово (различных фонетических вариантах) используется до сих пор в значении «бог», «божество». Так греческом оно имеет форму «теос», а в латинском – «део». Вторая составляющая тон – это слово, которое в древности, означало не только «шуба», но и просто «одежда». Отсюда семантика этого имени могла быть такая – «Божественная одежда» (Дроздов Ю.Н. – М., 2008. – Стр. 125), – деп түсіндіреді. Егер ғалымның осы талдауы дұрыс болса, онда оның баласының Ман деген есімінің тайпа атауына айналуы өз-өзінен түсінікті болмақ. Бір кезде маң тайпасының мекені болған Маңғыстау түбегінде «Ман-ата» деп аталатын жердің барлығы да халық жадының құдіретін көрсетсе керек. Кей зерттеушілер осы Ман-атаны Адам-атамен шендестіреді (Назарбекұлы С. Шығармалар жинағы. 6-т. – 127-б). Мұның бәрі жиналып келгенде, ежелгі ерман, кейін герман аталған халықтың түпкі шыққан тегінің түрік тектестермен еншілес екеніне сендіре түседі.
Байыптай зерделесек, осындай жайларды Балтық бойы мен Скандивания елдері халықтарының тарихына қатысты да айтуға болады екен. Мыңжылдықтар бойы ұмытылмай, халықтың жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен деректерді кейінгі генеалогия ДНК-сының мәліметтерінің шындыққа айналдырып, нақтылап жатуы – таңғаларлық құбылыс. Бұдан анық байқалатыны: заманында уақыт тегерішінің айналымына ықпал етуге тырысып, өзіне дейінгінің бәрін жойып, бар тарихты өзінен бастатуға ұмтылған өзімшіл әр түрлі билеушілердің пендешілік әрекеттері де; кейінгі әлемге үстемдігін жүргізген қуатты елдердің сан қилы қитұрқы саясаттары да; соған сай пайда болған түрлі ағымдар да халық жадын өшіре алмайды екен. Қоғамның дамуы, ғылымның жетілуі, сананың өзгеруі – кәрі ағаштың бойына нәр жүгірткен көктемнің құдіретіндей, әр халықтың өзінен шыққан зерделі перзенттерінің ізденістері арқылы әр кезеңде халық жадын қайта жаңғыртып, түлетіп отыратынға ұқсайды. Бұл, әсіресе, халықтардың шыққан тегін анықтауда нақтылыққа жол ашқан генетика ғылымының соңғы жетістігі – ДНК деректерінен кейін ерекше көріне бастады. Соның нәтижесінде қазіргі ресми тарих қалыптастырған таным бойынша осы күнге дейін «жабайы», «тағы» деп келген түрік халықтарының керісінше жалпы адамзат өркениетіне елеулі үлес қосқан ежелгі көне халықтардың бірі екеніне көз жете бастады. Түрік халықтары, ресми тарих ұғындырғандай, х.э. кейінгі VI ғасырда Алтайда пайда болып, шығыстан батысқа тарамапты. Олар да өзгелер сияқты адамзат бастауынан тамыр тартып, тек шығыс халықтарының ғана емес, бұл күнде өздерін еуропалықпыз деп жүрген талай халықтың негізін қаласыпты. Сондай түрік негіздестердің қатарына Балтық бойы мен Скандинавия түбегіндегі елдердің халқы да жатады екен. Бірақ біздің негізгі мақсатымыз басқа болғандықтан, бұл арада бұл халықтардың бәріне бірдей талдау жасап жатпай, тек айтылғанның жалаң сөз болмауы үшін солардың кейбіреулеріне ғана тоқталғанды жөн көрдік.
Сонымен, Балтық бойы елдерінен – литвалықтарға қатысты бірер сөз.
Көне заманда Балтық бойын мекендеген біраз тайпалардың тілі жөнінде ХVI ғасырдың авторы Матвей Меховский мынандай дерек береді: «Язык литовский имеет четыре наречия. Первое – наречие яцвингов, т.е. тех, что жили около Дрогичинского замка, но теперь остались лишь в небольшом числе. Другое – наречие литовское и самогиттское. Третье – прусское. Четвертое – в Лотве или Лотиголе, т.е. Ливонии, в окрестонстях реки Двины и города Риги. Хотя все это – один и тот же язык, но люди одного наречия не вполне понимают другие, кроме бывалых людей, путешествующих по тем землям (Меховский М. Трактат о двух Сарматиях. – М.-Л., 1936. – Стр. 108). Мұнда М. Меховский өз заманында ятвягтердің, литовалықтардың, самагиттердің, прусстардың және Земгалия мен Латгалия (қазіргі латыштардың ата-бабалары) тұрғындарының ептеген айырмашылықтары болмаса, жалпы бір-ақ тілде, литова тілінде сөйлегенін анық айтқанымен, бұл тілдің түп тегі жөнінде ешқандай дерек бермейді. Балтық бойын мекендеген халықтардың халықтық атауларына талдау жасай отырып, олардың бүгінгі тілдік топтастыруда қай тілдік семьяға жататынын анықтаған қазіргі заман ғалымы Ю. Дроздов бұған жауаптың ортағасырлық басқа авторлардың, атап айтқанда М. Стрийковский, М. Бельский және Ваповскийлердің шығармаларында болғанын, бірақ олардың қазір таптырмайтынын баяндай келіп, өзінің осы ғалымдардың еңбектерін оқып, оның мазмұнын өзінше әңгімелеп берген орыстың ХVIІ ғасырдағы белгілі тарихшысы Андрей Лызловтың «Скиф тарихын» оқығанын айтады. Осы ортағасыр ғалымдарының литовалықтардың этникалық тегі жөніндегі айтқандарын қайталаған А. Лызловтың еңбегінен үзінді келтіреді. Онда: «Половцы же и печенези бяше народ военный и мужественный, изшедший от народа готов и цымбров, от Цыммериа Босфора названных, от них же гепидов и литву и прусов старых изшедших явно произведе Стрийковский в начале книг своих, еже и Ваповский свидетельствует. Такожде и Белский, в Деяниях Казмириа Перваго, краля полского, на листу 239 сице глаголя: Народ печенегов и половцев и ятвижев истинныя суть литва, точию имяху между собою в наречии малую разность, яко поляки и россианы, житие имуще в Подлесии, где ныне Дрогичин» (Лызл ов А. Скифская история. – М., 1990. – Стр. 19-20), – делінген. Мұнда А. Лызлов Стрийковский мен Ваповскийдің половцылардың, печенегтердің, гепидтердің, литва мен көне прустардың түрік тілдес кимбрлар мен готтардан шыққандығын ашып жазғанын атап көрсетіп отыр. Ал Бельский болса: «Половцылар, печенегтер және ятвягилер шын мәнінде литвалықтар, олардан еш айырмашылығы жоқ, бәрі бір тілде сөйлеген», – дейді.
Ю. Дроздов болса, осы айтылғандарды өз тарапынан қорытындылай келіп: «Таким образом, представленные данные свидетельствуют о том, что, как минимум, до ХVI века «литовским» языком в Прибалтике назывался тюркский язык и, соответственно, «литвой» – тюркскоязычный народ» (Дроздов Ю.А. Аталған еңбек. – 95-б.), – деген тұжырым жасайды. Ал мұны теріске шығаруға біздің қолымызда қазіргі тарихтың негізсіз бопса тұжырымдарынан басқа ештеме жоқ. Сондықтан Балтық бойы елдері халықтарының да бір кезде түрік тілінде сөйлеген түрік тектес халықтар болғанына ден қоямыз. Осы орайда кезінде Алтын Орда билеушілері Мамайдың, Тоқтамыстың, Едігенің литвалықтармен неге тығыз байланыста болғандығының себептері де бой көрсете бастайтын секілді.
Қалай дегенде де, Балтық бойы елдері халықтарының шыққан тегінің тү рікке қатыстылығы жөнінде көне авторлар берер деректерге қарағанда, Скандинавия халықтарының ежелгі тарихы әлдеқайда нақтылау секілді. Басқалар дың түрік тектес екендігін жанама деректер арқылы анықтауға тура келсе, мұнда скандинавтықтардың түріктің ас деп аталатын ежелгі тайпа бірлестігінен шыққаны, қоныс аударғанда әуелгі өкше көтерген жерлерінің «Түрік елі» (Тюрк ланд) деп аталатыны ашық айтылады. Бұл олардың бастау тарихтарының бар дерегін бойына сіңірген халықтың төл аңыз-әңгімелерінің, ерлік жырларының көбірек сақталып қалуынан болса керек. Шежірелік мұндай аңыз-әңгімелердің мол болуы, оларды ХІ-ХІІ ғасырдан бастап, әдебиеттің белгілі бір жанры ретінде «сага» деп аталған. Осы саганы айтушыларды «скальда» деген. Ең бастысы, мұндай шежірелік аңыз-әңгімелерде халықтың тұрмыссалты, тарихы молынан сақталған.
Зерттеушілердің айтуынша: скандинавтықтардың сагаларында мифологиялық элементтер мен оқиғалар араласып жүргенімен, олардың негізгі өзегі тарихтық шындықтан онша ауытқымайтын көрінеді. Сондықтан оларды нақты дереккөзі ретінде пайдалануға толық болатындығын айтады. Осыны ескере отырып, Скандинавия жеріне қоныс аударып келгендердің ата-бабаларының қайдан келгенін және кімдер болғанын баяндайтын белгісіз автордың «Саге о Скьельдунгах» атты шығармасынан алынған қысқа үзіндіге назар аударып көрелік: «Норвежские комментарии историю Дании начинают не с Дана, как Саксон Грамматик, а с некоего Скьелда, сына Одина (обычно его называют Отином). Сообщается, что этот Один, придя из Азии (Asia) и подчинив местных жителей, стал властвовать над северной частью Европы (Саксонией, Данией, Свецией). При этом он отдал Данию (которая тогда еще не имела этого имена) своему сыну Скьельду, а Свецию – сыну Ингону. И отсюда те, которые сейчас называются данами от имени тех областей, откуда Один со своими впервые вышел, тех, что лежат к северу от Меотийского болота и которые древние скандинавы называли Свитьод Великой, или Холодной (Джакон. Т.Н. Исландские королевские саги о Восточной Европе. – М., 1993. – Стр. 63).
Мұндағы айтылған деректерді талдамас бұрын, осы деректерді өз тарапынан бұданда гөрі нақтыландыра түсетін скальд Снорри Стурулсонның «Саге о Инглингах» атты еңбегінен тағы бір үзінді келтірелік. «…Земля в Азии к востоку от Танаквисла звались Асаландом или Асахеймом, а главный город, который был в той стране, называли они Асгардом. И в этом городе был хедвинг, который звался Одином. Там было большое капище. Там существовал такой обычай, что верховных жерцов было двенадцать. Они должны были совершать жертвоприношения и судить людей. Их называли диями и дроттинами. Все люди должны были служить им и оказывать им почтение. Один был великим воином и много странствовал, и завладел многими государствами… Большой горный хребет тянется с севера-востока на юго-запад. Он отделяет Великую Свитьод от других стран. К югу от этих гор недалеко до Тюркланда. Там у Одина были большие владения. В те времена римские хедвинги ходили походами по всей земле и подчиняли себе все народы, и многие хедвинши бежали из-за этих войн из своих владений. Но так как Один был провидцем и колдуном, он знал, что его потомство будеть жить в северной части земли. Тогда посадил он своих братьев Ве и Вили правителями над Асгардом, а сам пустился в путь, и сним все дии и много другого народа. Он отправился сначало на запад в Гардарики, а затем на юг в Саксланд. У него было много сыновей. Он завладел землями во мнгих местах в Саксланде и поставил там правителями своих сыновей. Затем он отправился на север к морю и поселился там на одном острове. Это место теперь называется Одинсей на Фьоне» (Джакон. Аталған еңбек. – Стр. 52-53).
Міне, ел тарихында бірінің аты белгісіз, екіншісі белгілі екі автор ежелгі екі халықтың (Скьельдунгтер мен Инглингтердің) шыққан тегіне қатысты осындай дерек береді. Байқап отырсаңыз, екеуінің деректерінде, ептеп бірін-бірі толықтырғаны болмаса, пәлендей айырмашылық жоқ, негізгі өзегі – бір. Осыған қарағанда, екі автордың өз шығармаларына арқау еткен халықтың төл шежіре әңгімелері айтушысының кім болғанына қарамастан, нақты тарихтық оқиғалардан алшақ кетпейтіні шындық болса керек. Соған орай енді осы үзінді деректері берер мәліметтердің айтпағын тарқата талдап, тануға ұмтылып көрелік.
Екі дерек те скандинавтықтардың қазіргі мекендеріне сырттан қоныс аударып келгендігін және олардың Азиядан шыққандықтарын нақтылайды. Қоныс аударып келген елдің басшысын көріпкел әулие әрі батыр Один деген кісі еді дейді. Осы Одиннің басшылығымен олар жаңадан келген жерінің бұрынғы тұрғылықты жұртын өздеріне бағындырып, Еуропаның солтүстік бөлігін (Саксонияны, Данияны, Швецияны) түгел жаулап алып, өз биліктерін жүргізген. Сонымен бірге екі дерек те осы Один бастаған елдің мұнда қайдан келгенін, олардың бастапқы өкше көтерген жерінің ұлан-байтақ Азияның қай өңірі екенін нақты көрсетеді. Бұл ретте белгісіз автор ол өңірді Меотий ұйығынан (қазіргі Азов теңізінен) солтүстікке қарай жатқан жер, оны ежелгі скандинавтар «Ұлы Свитьод» деп атайды деп көрсетсе, екінші автор Снорри Стурлусон ол жердің аты «Асаланд», ал басты қаласының аты «Асгард» деп ашып жазады.
Былай қарағанда екі автор екі аймақты көрсетіп тұрған сияқты. Бірақ Снорри Стурулсонның «Терістік шығыстан күнгей батысқа қарай созылып жатқан үлкен тау жоталары Ұлы Свитьодты басқа елдерден бөліп тастаған. Осы таудың оңтүстігінен Тюркландқа дейінгі жер – Один елінің бұрынғы иелігі» деген түсіндірмесіне қарап, екі автордың да бір жерді, бір аймақты айтып отырғанын түсіну онша қиындық туғызбайды. Өйткені антикалық және ерте ортағасырлық авторлардың түсінігіндегі «к северу от Меотийского болота» деген ұғым Азов пен Каспий теңіздерінің бойындағы кең даладан бастап Мұзды мұхитқа дейінгі аймақты білдіретіні белгілі. Орталық және Батыс Еуропаға қоныс аударған тайпалар осы аймақтан кеткен ежелгі көшкіншілер ұрпағы болатын.
Мұның осылай екенін ортағасырлық байырғы тарихтық-географиялық шығармалар да теріске шығармайды. Айтылғанға айғақ ретінде ХІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған «Описание Земли ІІІ» (Жер сипаттамасы ІІІ) атты еңбектен алынған мына бір үзіндіге назар аударып көрелік. Онда: «В начале всех достоверных рассказов на северном языке (norrcena tunga) говорится, что север заселили тюрки и люди из Азии. Поэтому с уверенностью можно сказать, что вместе с ними пришел сюда на север и язык, который мы называем северным, и распространился этот язык по Саксланду, Данмору и Свитьод, Норвегии и по некоторой части Энгланда. Главой этого народа был Один, сын Тора, у него было много сыновей. К Одину возводят свой род многие люди. Он разделил землю между свойми сыновьями и одного из них сделал хедвингом (Мельникова Е.А. Древнескандинавские географические сочинения. – М., 1986. – Стр. 95), – делінген. Мұнда да сол жағдай. ХІІІ ғасырдың авторлары да сага деректерін тарихи шындық деп таныған. Соған орай кейінгі өз түсініктері негізінде олар да Азиядан Один бастап, ауып келген жұртты – түріктер, өздері «теріскейлік тілі» («мы называем северным») деп атап кеткен олардың тілін түрік тілі деп нақтылай түседі. Заманында бұл тілдің Саксландқа, Данмор мен Свитьодқа, Норвегияға кеңінен тарағанына күдік келтірмейді. Сондай-ақ осындағы миф дерегіндегі Один бастаған құдайлардың атасының «Ас», болмаса бриттердің аңызындағы Аланның әкесінің «Один», скандинавтықтар сагасындағы Одиннің әкесінің «Тор» деп аталуы және бәрінің Яфеттің ұрпағы болуы – тамырласқан тектік желінің бірлігінен хабар берсе керек. Олай болса, осылардың бәрі бүгінгі «Ұлы Дала» деп аталатын ұлы кеңістікті бір кезде, сонау есте жоқ ескі замандарда мекендеген ежелгі тұрғындардың тегі бір болған және олардың осы арадан таралып, жан-жаққа өріс ашқан деген тұжырымға келуге мүмкіндік береді ғой деп ойлаймыз.
Сөз жоқ, әр халықтың шыққан тегіне қатысты жоғарыда айтылған әңгіменің қай-қайсысы да өз алдына арнайы жеке зерттеуді, ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды қажет ететін өте күрделі тақырып. Бірақ біз жасаған осы қысқаша шолудың өзі генеалогия ДНК-сы деректерімен үндестік тауып, халықтардың бастау тарихын уақыт талабына сай қайтадан жаңаша пайымдау керегіне негіз бола алады деп білеміз. Ал мұның бәрі бір халықтың мәртебесін асыру не кеміту, болмаса бірін көнертіп, екіншісін жасарту үшін емес, бүкіл адамзат баласына тән ортақ тарихты әртүрлі себептермен кезінде кеткен жаңсақтықтан, жалғандықтан тазартып, оның шынайы болмысын танып-білу үшін қажет.
Қойшығара Салғарин