ТҮН ЖӘНЕ КҮН
Қайғы-қасіреттің сезімі,
Жарқ етті де түске енді.
Елестер жарқылы…
құдайлар секілді,
Тоғысқан уақытта
күшке енді?

Пайғамбар еркіндігі
тыйымға тап болып…
Ғаламшар алланың
қолында,
Қайдан біз,
бұл әлемге тап болдық?
Адамзат құдайдың жолында.

Таң алды…
Түнгі әсер алдында телефон шырылы,
Балабақша, бала апару, тіршілік сыбдыры.
Күнде осы бір өмір бастағы…
Қой баққан қойшыдай
ақынның ғұмыры.

Бақытжан Қанапиянов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *