ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ ӨЛЕҢДЕР

ТҮР, ОҚУШЫМ, ҚҰЛАҒЫҢДЫ
Алдыңда «Қазақстан мұғалімі»,3
Сөзіне тұр, оқушым, құлағыңды,
Сыйлығы өз елінің саған тартқан,
Ұстаздық өміріңе болсын үлгі.
Ал, бүгін сәнді өмірдің арайында,
Ғылымның сансыз сұлу сарайында —
Жас ұрпақ санасына сәуле құйған,
Соларды мақтан етем қараймын да.
Анадай омырауын балаға ашып,
Сәулетті мектептер тұр сананы ашып,
Сол жерден жас ұландар қанат қағып
Өмірдің шыңына өрлеп барады асып.
Мектепке тұңғыш рет кірген күннен
Оқушының мұғалім жанын білген.
Сөзінің арқауы боп бейбітшілік,
Білімге бар баланы сүйіндірген.
Жас ұрпақ мектептерден алып өнер,—
Сан маман, агроном, шықты инженер.
Бастаған қамқоршымыз — Отанымыз,
Ғылымды шыңға өрлеген кім кенже дер.
Кенже емес, өнеріміз қанат қақты,
Өзендер қуатынан жұлдыз жақты.
Қотарып бір теңізді бір теңізге
Бағынтып алдық біздер табиғатты.
Өсіріп шығаратын маманды ірі,
Сәулелі біздің сұлу заман нұры.
Білімді әр мұғалім өз орнында —
Ғылымның солдатының командирі.
1956 Тайыр Жароков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *