ҚҰТТЫҚТАУ ҮЛГІСІ

Сізді мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылған ғалымдар еңбегі – тәуелсіздік негізі. Қай заманда, қандай күйде отырсақ та аяулы һәм ардақты зиялыларымыздың алашқа еткен адал қызметін ешқашанда естен шығарып, ұмытпауға тиіспіз. Құрметті ——————, Сіздің шешендік өнерді зерттеудегі, хәкім Абайды танудағы, әлемдік драматургияны зерделеудегі ерен еңбегіңіз тарих беттерінен өшпестей орын алды. Сіздің ел игілігі үшін атқарған еңбегіңіздің арқасында бүгінде ғылымға қызыққан талай жас мол ғылыми зерттеулермен сусындап отыр. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Сізді руханияттағы айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрған мәртебелі ғалым деп білемін. Тәуелсіздік тұғыры саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Сіздің айшықты мерекеңіздің биік деңгейде елеулі болғаны егемендігіміздің берік екендігінің айғағы.
Ата-бабамыздың арманын орындап, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Сіздей мәртебелі ғалымдардың арқасында ой бұғауынан шығып, бағытымызды түзедік. Ауыз әдебиетін жете түсініп өсіп келе жатқан жас ұрпақ Сіздей тұлғаларды қадірлеп, қастерлеп, ұшан-теңіз еңбегіңізді жан-жүрегімен сезініп өсуіне тілектеспін. Бүкіл ғұмырын ұлтының рухани мұрасын, мәңгілік құндылықтарын, мәдениеті мен әдебиетін байыту жолына арнаған Сіздей тұлғаны тек қазақтың ғана емес, туған елдің тұғырына да айнала білген жан деп білемін. Сіздің өлкемізді таныта білген, оның қадір-қасиетін ұрпаққа дарыта білген арда азаматтығыңыз ерекше құрметке лайық. Еліміздің көш бастаушы білім ордасында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген Сіздей ұлы ұстазға бар жақсылықты тілеймін, берекелі отбасыңызға бақыт, ұстаздық еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *