ЕКІНШІ XИКАЯ
Ақындармен айтысқанда. Ананда Шанкар Рай.
«Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шытады»
Бұл күні мен ертеңгілік ешқайда шықпадым. Бенарес, хикаясы үздік — создың қысқаша түрде ғана блокнотқа түсті. Кісілермен кездескен жерде, көбіне машинаның үстін де, үзіп-жұлып мейманханада блокнотқа түртіп отырдым. Асықпай отырып дұрыс жазуға уақыт болмай-ақ қойды. Ол ол ма, Аграда болған бір күн әсерін тауысуға мұрсат болмады. Бүгін түске дейін жолдастарымнан бөлініп қалып, сол Агра әсерін аяқтадым.
Сағат төрт жарымда ұшатын болып аэропортқа келсек, самолет екі сағатқа кешігіпті. Қайнап тұрған ыстықта екі сағат самолет тосу әжептәуір азап. Бірақ шыдамасқа амал бар ма.
Самолет Бенарестен Калькуттаға дейін сағат жарымнан сәл көбірек ұшады екен. Біз мінген самолет, моторы қанатының астында, біздің АИ-24 самолетінен аумайды. Мұнда да жолаушыларға қызмет етушілер қыздар. Алғашқы біз Делиден шыққан күнгі Исаактың стюардесса қызға таңырқап кеңескені есімде. Біздің тілмәшіміздің бұдан үш-төрт жыл бұрынғы көрген — білгені ескірін қалыпты. Қазір Үндістанда қызмет істейтін қыздар мен әйелдер онша таңсық емес сияқты. Оның үстіне үнді әйелдері еркектермен қысылып-қымтырылмай, еркін, салауатты сөйлеседі.
Біз мінген самолет жан қинамай жақсы-ақ келе жатыр еді, Калькуттаға жақындаған кезде мықтап тұрып шайқап берді дейсің. Біз өзімізді креслоға байлап тастадық.
Қараңғы түскен мезгіл еді. Самсан қаланың оты көрінді. Шеті — қиыры жоқ от теңізі. Қалың оттың арасында иретілген қара жолақ боп Гәңгі өзенінің сілемі жатыр.
Нағыз үлкен қалаға келгеніңді аэропорттан — ақ сезесің.
Аэропорттың құрметті қонақтарға арналған бөлмесінен кешкі ас ішіп, машинаға мінуге сыртқа шықсақ жаңбыр құйып тұр. Қаланың ортасындағы мейманханаға дейін ұзақ жүрдік. Жауын-шашынды түнде қаланы дұрыстап қарай алмадық. Тек бір байқағаным, Бенарестей емес, осы күнгі қалаға ұқсас. Көшелері кең. Жаңбыр қатты құйса керек, шет көшелерде тізеден келетін озон ағын барады. Машинаның терезесінен көріп қалдым: қара көлеңкеде қалтылдап рикша кетіп барады. Жаяу рикша. Тізеден су кешіп күйменің бүркеніштен астына жауыннан бұғын отырған екі адамды ентіге сүйреп барады. Бұл менің бірінші көрген жаяу рикшам. Бенарестен қараған сайын дәтім шыдамай, жаным удай ашып жүргенде — жаяу рикшаны көрдім. Осы бір азабынан қорлығы, қорлығынан азабы басым «мамандық» жер бетінен әлі жойылмаған екен.
Біздің программамызды әдетте қонақ иесі жасайды. Біз еркектер жағы теріміз қалыңдау, көне береміз. Бірақ ішіміздегі жалғыз әйел Майя Ганина кінәмшіл. Қандай программа болса да оған жағу қиын. Әйтеуір бүйректен сирақ шығарады. Әйтсе де оның кейбір талаптары орынды боп шығады. Ол ең алдымен программаның тығыздығына қарсы. (Дауын «мен жас әйел емеспін, шаршаймын» деп бастайды. Оның жасындағы әйел «бас жағына бармас» болар еді, мынау дене бітімі, бет ажары жасаң көрінген соң «кокетничать» ететін болар). Сонымен бәріміз, ақылдасып келіп қысқартқанымыз библиотека болды. Қалғандарын қысқартуға қол батпады.
Түске дейін музейді араладық. Музей әр қабаты аса биік екі қабат үй — айнала салынған. Ортасында жасыл алаң, шағын бассейн бар. Бұл бүкіл үнді мәдениеті мен жануарлар дүниесін толық көрсететін үлкен музей екен. Жер астынан табылған, ертеден сақталған біраз бағалы скульптуралары бар. Ескі мәдениет үлгілерімен өнер маманы — арықша келген, өңі де қағылез, құс тұмсық, балапан көз нәзік бенгал қызы таныстырды. Білегі де жіп-жіңішке, етсіз кішкене саусақтары сынып кетейін деп майысып тұр. Менің бір байқағаным — көптеген үнді әйелдерінің қолдарына ет бітпейді, сүйек пен тері.
Музейде сонау арғы замандағы үндінің императоры дәуірінен бері қарай сақталған талай тамаша скульптуралар бар. Әр дәуірдің тамаша ескерткіштері тұр. Мұнда өнердегі өзгерісті, өзге елдердің үнді өнеріне жасаған ықпалын, үнді өнерінің бірде биікке көтеріп, бірде төменге құлдыраған шырғалаң жолын байқауға болады. Әттең өнер маманы болса — үңіліп зерттейтін талай қызғылықты нәрселер бар. Тіпті біз сияқты «иіс алмастардың» өзі ұлы халық өнерінің сұлулығынан ләззат алып, әр нәрсені тұспалдағандай боламыз.
Үнді жазушыларына қазақтың оннан артық ән-күйі жазылған грампластинканы сыйға тартып, жылы қоштасып ажырастық. Олар да біздің әрқайсымызға бенгал тілінде шыққан бес-алты қалың кітапты арқалатып жіберді.
Мейманханаға қайтар жолда үлкен көшенің дәл бұрышына тоқтадық. Бұл жақта автоинспекцияның аты ғана бар болу керек. Көше тәртібі әркімнің өз еркінде. Машинаны дәл бұрышқа тоқтатып қойып, басшымыз Мукерджи біздің Мадрасқа ұшатын авиабилетімізді реттеуге кетті.
Машинадан шығын төңірекке зер салып едім: соншалық үлкен қаланың орталық көшесінің екі жиегінде цыганның кеші сияқты орналасқан халық. Тек арба, көлігі жоқ. Бар мүлкі — кенеп төсеніш, бірді-екілі түйіншек. Кішкене темір пешке жүрек жалғайтын пісіріп жатыр. Қастарында быжынаған ұсақ қап-қара балалар. Кішкентайы асфальт тротуарда еңбектеп, үш — төрт, бес-алты жасарлары лас суды кешіп өздерінше ойнап жүр.
Үндіден гөрі қытайға тартыңқыраған, орта бойлыдан жоғары, толық кісі — үнді радиосы председателінің орынбасары екенін айтып өзін таныстырып, уақытты пайдаланып менен интервью алмақ болды.
Сұрақтары аяқ астынан болды және сұрақты берген бойда микрофонды тұмсығымның астына тоса қояды. Мен дайындықсыз болсам да, іркілмей, жаңылып шашалмай, байсалды жауап бердім — ау деп ойлаймын.
1- сұрақ. Совет әдебиетінде қазір қандай ағымдар бар? Сіз соның қайсысын жақтайсыз?
2- сұрақ. Толстойға қалай қарайсыз? Қазір оның ізін қуушылар бар ма?
3- сұрақ. Біздің үнді әдебиетінен Советтер Одағында ең белгілі болған жазушылар кім?
Интервью біткенше жұрттың бас-аяғы айналып қалды.
Орта бойлыдан төмен, қатпа қара кісі төрге шығып сөйлеп кетті. Өзі жүйкесі тозған күйгелектеу адам тәрізді. Сөйлегенде өлең оқыған ақындар екі иығын қомдап, желпініп қопаңдап отырады екен. Байсалды, биязы дана қимылды үндіден гөрі елгезек кавказдыққа ұқсайды. Бұл Бүкіл Индиялық ақындар конференциясының президенті — Сатьяканта Гуха екен. Ол конференция жайында біраз жақсы сөздер айтты. Өзін президент етіп сайлаған үлкен сенімді зор мақтаныш тұтып қадірлейтінін білдірді. Конференцияның биік мақсаты әр тілде жазатын ақындардың басып қосып, ұлттық поэзияны өркендету дей келіп, тағы басқа да әйтеуір тәуір сөздер айтты. Бәрі бірдей менің жадымда қалмапты. Сөз аяғында бізді — совет жазушыларын құттықтап, екі жағымыз пікір алысып, достықты нығайтуға білдірді.
Маған сәл қиғаштау қарсы — жасы алпыстар алқындырған, тықырлау ақ шашты, ірі денелі, қыр мұрын, ат жақты қара кісі отырған. Үстінде үндінің дәстүрлі етегі ұзын, қысқа тік жағалы ақ көйлегі мен ақ дамбалы. Өзінің түрі қызық — қалың ерні бұртиып, ұрты салбырап, толық қарнын кеудесіне тіреп қойып, екі қолын салбыратып жіберіп, ұстаздың алдындағы шәкірттей тік отыр. Бірақ сырт түрі қандай қолапайсыз болса, жымиған қуаты көзқарасы сондай ақылды. Маған тіке қарап, быттиған қара көзі қуақы күлімсіреп бір мейірбан сиқыршыдай әншейін іші-бауырымды тінтіп отыр. Мен өзім тіке қадалған көзқарасты ұнатпаушы едім. Бірақ мына кісіден көзімді тайдырып әкетпедім.
Бұл Индияның нағыз ірі жазушыларының бірі Ананда Шанкар Рай екен. Президент өзінен кейінгі бірінші сөзді соған берді.
Рай сол отырған қиянатын өзгертпестен, қолын да қимылдатпастан, байсалды сөйледі. Ақылды сөйледі. Мен де күткенім дәл шыққандай риза көңілмен тыңдадым.
«Біз орыс әдебиетін ең ұлы әдебиет санаймыз. Мен он жасымда Достоевскийді оқыдық, он екі жасымда Толстойды оқыдық: Чеховты, Бунинді оқыдым. Маған жазушы есебінде Тагордан гөрі Толстой көп әсер етті. Біз орыс әдебиетіне суарылып өскенбіз. Бұдан кейін жағдай солай болды ма, отызыншы жылдардан кейін орыс әдебиетінен көз жазып қалдық», — деп өкініш білдіре келіп, бұдан былай әдебиеттер достығын нығайту жайлы біраз тәуір пікірлер айтты. Ар жағында бір күрсінісі, әлде бір іркіліп, түйнектеліп қалған нәрсесі бар тәрізді көрінгенмен, Райдың сөзі маған қатты ұнады.
Почивалов мұндай мәжілістердің бұрын-соңды да болғанын, оған тек коммунистер ғана емес, әр түрлі бағыттағы талай атақты жазушылар қатысқанын, мысалы Испан республикасын жақтап фашизмге қарсы Хәмипгуәй сияқты ірі жазушылардың талай конференцияларға қатысқанын айтты.
Қонақ иелері біздің пікірімізге қарсы тілге тиек боларлықтай мықты дәлел келтіре қойған жоқ. Тағы да сол үндіге ерсілеу шапшаң Гуха «біз әдебиет саясатқа араласпауға тиіс деген қағиданы жақтаймыз», — деп баяғыдан келе жатқан ескі әуенді көлденең тартты. Оны Примендро Митро қостады, сабырлы Ананда Шанкар Рай үндемеді.
Мәжілісіміздің аяғы да, бас жағы сияқты, жылы шыраймен, бір-бірімізге айтылған мол алғыс, игі тілектермен бітті.
Тентек шал. Тагор шаңырағы.
Миллионер әйел леди Мукерджи.
Біздің бар уақытымыз өлшеніп — пішіліп қойылған графиктен шықпай өмір сүреміз. Бүгін Бенгал әдеби академиясының президент) Тарашанкар Баиерджидің (Бандуопадһайя) үйіне барып сәлемдесуіміз керек. Делегацияның өзге мүшелері басқа шаруаларымен кетті де, бұл миссияны мен өз мойныма алып, тілмәшіміз Исаак Голубев, мұндағы жолбасшымыз — аз сөзді, іске тындырымды, сыпайы ғана, кішілеу қара жігіт Мукерджи үшеуміз солай қарай кеттік. Шалдың үйіне дейін ұзақ жүрдік.
Сағат тоғыздың кезінде-ақ Калькуттаның күні қызып кетеді. Ауаның дымқылдығы 90 проценттен асады екен. Машинаның ашық терезесінен жел соғып салқындатып келе жатады да, көше тығындалып тұрып қалған кезде — ыстық тымырсық тынысыңды бітеп, терлетіп қоя береді.
Тарашанкар ақсақалдың үйі көп үйлердің ортасындағы үлкен алаңның бір шетін жағалай салған екі қабат коттедждердің бірі екен. Біз машинадан түсе бергенде-ақ кішкене жүзді, келте мұрын, арық қара шал сергек басып қасымызға келіп қалды. Меймандостық ықыласын білдіріп, сампылдап сөйлеп, жөн сұрап жақсы тілектерін айтып үйіне шақырды.
Үнді үйлерінде коридор бола қоймайды, оның орнын айнала веранда мен балкондар басады. Верандадан тура қонақжай бөлмеге кірдік. Бізде журнал столы аталатын аласа столды айнала қойылған аласа креслоға жайғасып әңгімеге кірістік.
Бірден көзге түсетін нәрсе бөлменің төрт қабырғасы майлы бояумен салған әр түрлі суреттерге толы екен. Біздің кәрі шөңге суретшілер қолданып жүрген фотографияға жуық реалистік суреттер емес, абстракцияға қарай ойысып келген суретшінің еңбектері сияқты. Бояу талғамы да өзінен ерекше, жасыл мен сарғыш бояу ақпен әдемі қабысады. Горький мен Тагордың суреттерін таныдым. Бір-екі әйел бейнелері ұнады. Сатып алып жинаған картинаға ұқсамайды. Оның үстіне шын мәніндегі профессионализм де сезіле қоймайды. Шамасы осы үйдегі біреудің еңбегі болар деп топшыладым.
Креслоға отырып болмай-ақ Тарашанкар қарт: «Осы сізді мен бұрын керген сияқтымын. Сіз 1958 жылы Ташкент конференциясына қатысқан жоқсыз ба?»— деп кимелей жөнелді.
Мен Ташкент конференциясына қатыспағанымды айтып едім, онда да болмай, не де болса бір көрген адамымсыз, совет жазушыларының әңгімелері бар еді осында, әйтпесе сонда суретіңізді көрген шығармын деп орнынан ұшып тұрып, қабырғаға тіреулі столдың үстіп де жатқан азғана кітапты ақтарып, қапелімде қолына еш нәрсе түспеген соң қайтадан отырды. Өзі ұмытшақ, жаңғалақтау шал екен.
Содан әдеттегі әңгімеге ауыстық. Шалдың төрт баласы, он алты немересі бар екен. Екі немересі докторлық қорғапты. Шал балаларын онша ауызға алмай, немерелерін көбірек әңгіме қылды. Біз әңгімелесіп отырғанда маған қарсы түпкі есіктен он жасар қыз бала мен жетілер мен бестер шамасындағы екі қара бала жылтыңдап қарай берді. Олар тіпті осы шалдың шөберелері болса да өздері білсін. «Екі күппен кейін жасым жетпіс екіге толады. Өз өмірімде жүз кітап жаздым», — деді Тарашанкар Банерджи.
— Дәл қазір Ленин туралы үлкен мақала жазып жатырмын. Ол 22 апрель күні газетке шығады, — деді бір сөзінде.
— Ленин тарихтағы ең үлкен революционер. Ол адам баласына жаңа дәуір ашты. Ленинді дүние жүзіндегі барлық ниеті дұрыс адамдар құрметтейді. Менің өзім Лениннің алдында басымды иемін.
Қайдан аузымызға түскенін білмеймін, осы арада да Азия — Африка жазушыларының Делиге белгіленген конференциясы тілімізге оралыпты. Сөз орайы келіп қалған соң мен Тарашанкар Бандуопадһайя қарияның осы конференцияға көзқарасын білгім келді. Бұл сұраққа ол ірі толғап, өкпе-назы аралас, әжептәуір жауап берді. Сөзінің қысқаша мазмұны мынау:
— Мен Африка — Азия жазушыларының бұл қозғалысына басында қатты араласқан адаммын. 1956 жылы Индияда, Делиде болған конференцияда үнді жазушыларының үлкен делегациясы қатысты. Мен сол делегацияның басшысы болдым. Одан 1958 жылғы Ташкент конференциясына тағы да үнді жазушыларының делегациясын бастап барғанмын. Сол жылы конференция председателі Азия — Африка жазушыларының тұрақты органын құруға ұсыныс жасады. Мен бұл органға кіруден бас тарттым, өйткені біздің бүкіл үнді жазушыларының атынан енуге өкілдігіміз жоқ болатын. Үнді тарапынан енетін жазушыларды Делидегі бүкіл үнді әдеби академиясының президиумы ұсынуға тиісті екенін айттым.
Уақыт түс болып қалды. Калькуттаның таңертеңнен қызған дымқыл ауасы — қазір бетіңе ыстық пар сияқты соғады. Мейманханаға барып аптығымызды басып, жуынып, түстік ішеміз. Содан кейін ауаны суытатын кондиционері шуылдап тұрған қоңыржай бөлмеде бірер сағат тыныс алып жан шақырамыз.
Сағат кешкі бес жарымда әсем Өнер академиясына визит жасауымыз керек. Бұл Академия жайлы алдын ала білгеніміз — мұнда үндінің қол өнері, тоқыма өнері және көркем суретінің (живопись) жақсы музейі бар. Көп нарық шығарып осының бәрін жинаған, ұйымдастырған леди Рану Мукерджи. Леди Мукерджидің семьясы дәулеті жағынан Индияда бесінші семья боп саналатын көрінеді.
Бізге, осы арадағы жөн білетін жолдастар: «леди Мукерджи сіздерді күтеді. Ол кісіні ренжітуге болмайды, керек адам», — деп ескертті. Және де ағылшынның үлкен ақсүйек семьясынан шыққан әйелдеріне тағылатын леди» атағын алған Индиядағы жалғыз әйел осы болса керек. Сонымен бай, меценат1 әйелмен дидарласуды біз де жек көрмедік.
Шаһардың орталық жеріндегі, ертеде ағылшындар салған атақты шіркеудің қасындағы музейдің алдына келіп машинадан түсе бергенімізде — сымбатты, ірі жүзді үлкен көзді, қағылез қара торы әйел шапшаң басын қасымызға келіп те қалды. Ол орыс тілін қиналып, үлкен акцентпен сөйлеп:
— С приездом. Здравствуйте, — деп қинала күлімсіреді де, — я по русски очень плохо знаю,— деп ар жағын ағылшын тілінде сөйлеп кетті.
Леди Мукерджи осы әйел екен. Сыпайы қауымда әйел адамның жасын сұрамайды, сондықтан біз де леди Мукерджидің жасын топшыламай-ақ қоялық. Бірақ әйтеуір еді бермеген, денесі де толыспаған қағылез кісі. Бет әлпеті әдеттегі үнді әйелінен гөрі, ескі суреттерден көз десетін үлкен қиық көзді фарсы сұлуларына келіңкірейді. Мұрны да имек емес, биік тік мұрын. Қимылы биязы, шапшаң. Тосын кісімен бұрынғы ескі танысына қиналмай, лезде еркін сөйлесіп кететін адам екен. Машинадан музейдің есігіне жеткенше -ақ бізбен жөн-жосық сұрасып үлгеріп, өзі бастап екінші қабатқа алып шықты. Іркілмей, гидтің қызметін өзі атқарып баяндай жөнелді.
Көтеріліп келе жатқанда коридордың екі қабырғасында ілулі тұрған абстракциялық стильдегі суреттерге қарайлатпай — екінші қабаттағы үлкен залға алып кірді.
— Бұл залда біздің ең үлкен қазынамыз — Рабиндранат Тагордың алғашқы салған жиырма суреті бар, — деді леди Мукерджи. — Ұлы жазушы Тагор жасы жетпіске келгенде қолына қыл қалам алып, сурет салатын өнер ашқан. Оның алғашқы картиналарын көріп, Францияның атақты суреткерлері мен өнер білгіштері қайран қалған.
Леди Мукерджидің бұл айтқан сөзі мен үшін үлкен жаңалық еді. Тагордың жазушылық талантына табынғанмен, өмірбаянының бүге-шігесін біле бермеуші едім. Оның суретшілік өнерін бұрын да естігем. Мана күндіз Тагор музейінде жазушының өзі салған суреттерін көріп қайран қалғанмын. Бір бөлмеде Тагордың талай белгілі суретшілер салған портреттері тұр екен. Соның ішінде маған қатты ұнаған, Тагорды бір түрлі аруақты, киелі, терең ойлы көрсеткені оның өзі салған автопортреті болатын. Соған қарап мен оны жасынан — ақ жазушылық пен суретшілік өнерін қатар бастаған екен-ау деп ойлап қалып едім.
Біз тұрған мейманхананың қасында — көлденең көшенің арғы бетінде — зәулім ақ үй губернатор сарайы бар. Сарайдың алып тұрған аумағы үлкен екі квартал шамасы. Айналасы түгел бақ. Сарайдың айналасында жалғыз-жарым ғана өткінші болмаса — адам жоқ. Ал, оңды-солды Калькутта көшесінде қайнаған халық. Ол жақты аралауға қайыршылар жүргізбейтін болған соң — губернатор сарайын айнала қыдыруға ұйғардық. Сарайдың жаны тыныш, қара көлеңке көшемен келе жатып тротуарда қарайып жатқан бір нәрсені басып кете жаздадым. «Ол не нәрсе екен?» деп үңіле қарасам — ұйықтап жатқан адам. Жоқ, бұл мас болып құлап жатқан біреу емес. Губернатор сарайын айналып шыққанша біз тротуарда ұйықтап жатқан бес-алты адамды көрдік. Бір жерде он үш — он төрттегі бала жатыр. Мұндайлар көше сайын жиі кездеседі.
Калькуттаның түнгі ауасы да күндізгідей ауыр. Тұла бойыңды қою дымқыл басып, денең жабысқақ, жылымшы болып кетеді.
Хикматы көп күн. Ақ еспе капитан.
Губернатор сарайында. Түнгі ойлар
Ертеңгі шайдың үстіне Юра Фролов келді. Жүзі жайдары.
— Жігіттер, өте жақсы болды. Баспасөз бен радио сіздің делегацияға жақсылап назар аударып жатыр. Кеше кеште радиодан хабар болды. Бүгін «Эмрита Патрика Базар» газеті жақсы хабар берді. Ал, «Стейтсменнің» мына мақаласы тіпті жақсы,— деді қолындағы газеттің бетін ақтарып,— Бұл өзі оң газет болатын. Теріс бір нәрсені қыстырып жібере ме деп қорқып едім. Әйтеуір шындықты бұрмалапты. Тілшісі тәуір жігіт еді.
— Кәне, оқып жіберші. Тілшісі бізге де ұнап қалған.
— Шайларыңды ішіп алыңдаршы. Кешегі сіздерден алған интервьюді радиодан бүгін кешке береді. Тыңдауларыңызға болады. Бүкіл үнді радиосы. Содан кейін Юра аудара отырып, бізге Мақала «Совет туралы, қашқындар жазушылары бостандық және Джеймс Бонд жайлы айтты».
«Баяу сөйлеген орыс сөзінің үнді дыбысы аудармашының бір ырғақты ағылшын тіліне қабаттасып кетеді,— біз мейманхананың самаладай жарық, кілемге бөленген кең залында отырмыз. Үндінің жиырма шақты таңдаулы ақындары — кең денелі қазақ жазушысы Тахауи Ахтановтың әдеби енер, әдебиеттегі хал-жағдай туралы әңгімесін тыңдап тек оқта-текте құптап бас изеп қояды.
Сырттағы ыстық ауадан суытқыш кондиционері гуілдеген мейманханаға кіріп келгенде — салқын ауа тершіген денеңе қылқандай қадалады. Исі мұрныңды жаратып салқын кока-коланы сіміріп жібергенде, маңдайыңнан тер бұрқ ете түседі. Аз уақыт есеңгіреп барып есіңді жиып, теріңді басасың.
Сағат төртте күн әлі қайнап тұр. Біз шағын катерге мініп өзенмен серуенге шықтық. Қасиетті Гәңгінің бір тармағы — шаһарды қақ жарып өтетіп, ені бес-алты жүз метр кең арна.
Біз жоғары өрлеп келеміз. Алдымыздан алып көпір көрінді. Астында тіреу жоқ, үстінде астын ұстап тұрған зәулім темір арналары бар. Бұл осыдан он-он бес жылдар шамасында дүниедегі ең үлкен де ұзын тіреусіз көпір болған екен. Өзенді өрлеп қарсы келе жатқанда көрер көзге мықты әсер етеді.
Өзеннің екі беті кәдімгі қала. Мұнда халықтың серуендеуіне арнап әдейі бөліп қойған жасыл жағалау жоқтың қасы. Сығылысқан қала өзенге тәнін келіп тұмсығын тіреп әзер тоқтаған.
Қаланың орта деңгейіне өрлегенде — үш-төрт қабат шағын үйлер көрінді. Архитектурасы әсем, балкон бар тұрғын үйлер. Шамасы, ертерек кезде ағылшын байларының самалды өзен жағасына салдырған жайлары болар. Заманында сұлу болған. Енді қазір қартайып, «нық үстіне өзін күтпей салақсып азып кеткен сұлу сияқты, ажары қашқан. Балконы тозып, кірпіштері мүжіліп, өзен жиегімен дәл түбінен өтетін темір жол паровоздарының түтіні ыстан, сиқы қашқан.
Моторлы катердің жүрісі кәдімгідей жел соқтырып, Калькуттаның дымқыл аптабын кейін серпіп, кісіні сергітіп тастады. Енді алды-артымызға байыптай қарап төңірегімізге зер салатын болдық.
Біздің бастаушымыз үндемейтін, сыпайы Мукерджиге катер үстінде тағы бір жігіт қосылған. Ол осы порттың қызметкері екен. Өзі біздің Аградағы жолбасшымыз Шармаға ұқсас. Бес жүз елу миллион адамның ішінде бір-біріне ұқсайтындар көп болатын шығар. Әйтеуір менің бір байқағаным — дәл осындай орта бойлыдан сәл төмендеу, жуан болмаса да тығыршықтай жұмыр денелі, кішкене жүзді, құс мұрын қара жігіттер Индияда тіпті көп тәрізді. Бұл өзі сыпайы, ізетті жігіт екен — бізге жылы ықыласын сездіріп келеді.
Өзенде мая сияқты үйілген күріштің сабанын тиеген нән қайықтар тұр. Сабанды қып үйген, іші қуыс, тұрғын үй тәрізді. Арлы-берлі баркасқа ұқсас шұңғыл қара қайықтар жүзіп жүр. Кішілеу ғана мотормен зырғып кететін осы қайықты жиырма шақты адам екі жақ бортында түрегеп есіп барады. Индияда артық өндірілетін бір нәрсе болса — ол адам болар.
Біз екі жағалаудағы қаланың көркін тамашалап отыр едік — әлгі порт басқармасының қызметкері сыпайы жігіт жағдайын айта бастады. Цифрлары мен проценттерін жатқа соғады.
Цифрлар мен процент аталған жерде… Өндірісті жазуға әккі боп қалған совет жазушылары мен журналистері емеспіз бе — бәріміз де блокноттарымызды суырып алып жаза бастаппыз.
Әрине Калькутта Индияда ғана емес, бүкіл Азиядағы үлкен порттардың бірі. Индияға сырттан келетін заттардың 40 проценті және Индиядан сыртқа шығатын заттардың 30 проценті осы порт арқылы өтеді екен. Елдің тіршілігі мен өндірісіне қажетті шет ел валютасының қақ жартысы да осы порт арқылы көп құйылатын көрінеді.
Ел қажеті цемент, астық, тыңайтқыш, химиялық препараттар, механизмдер, мұнай сияқты заттар сырттан қасиетті Гәңгінің осы өңешіне көп құйылып жатса, шетке сататын шай, джут, болат, темір рудалары сол өзеннің сағасынан шығып жатады.
Бұл портта күніне жүз қаралы кемелер болады екен. Порттың өз темір жолы 250 километр.
Әрине портты ұлғайту, өркендету жөнінде істеліп жатқан көп жұмыстар, жоспарлар бар көрінеді. Оны да біз блокнотымызға жазып алдық.
Біздің серігіміз Индия туралы очерк жазғысы келіп жүр. Бізбен бірге жүрген жүріске ол әрине қанағат етпейді. Біз программа бойынша көбіне мәдени қайраткерлермен араласып, мәдени муралармен танысып жүрміз. Бұл әрине совет жазушыларының очеркіне жеткіліксіз.
Қонақ иелері бізге осы қорықта аялдап, біраз серуен құрып, дем алуды ұсынып еді, бірақ қанша қызықсаң та рақмет айтуға тура келді. Өйткені сағат алтыға осы портта тұрған совет кемесіне баруға уағда жасап қойып едік. Шетте жүрген адам бауырмал келеді, олар да бізді күтін отырған болар.
Біз катерден түскен пристань мен советтің сауда өкілдігінің арасы аз-ақ жер екен. Бірақ сонда да өзенмен осы екі арада ыстықтап үлгеріппіз.
Бұл сауда өкілдігінде үш үй грузин бар екен, (Бұлар негізінен шайдың мамандары, үнді шайын таңдап алатын мықтылар осылар.) Бала-шағаларын ертіп олар да серуеннен қайтыпты. Өздері кәдімгі бір ауыл. Балалары грузин сөйлейді.
Портқа бізді Советтің Калькуттадағы теңіз өкілі ертіп апаруға тиіс. Оның машинасының дипломаттық номері бар — ешкім тоқтатып, тексермейді. Көн күттірмей о да жетіп келді. Бұл капитаннан алғашқы әсерім тура ала құйын соғып өткендей болды. Өзі жас отыздың орта шеніндегі, еңкіштеу сұңғақ бойлы, ат жақты, қоңқақ мұрын, аққұба жігіт екен. Самай сақалын езуінің түбіне әкеліп шорт қырыққан, әсем фуражкасын бір шекесіне аударып, мөңкіте киген — нағыз теңіздің кербез сәрісі. Ағылшынның теңіз романдарындағы өжет капитандарға ұқсай ма, әлде соған ұқсағысы келген бе…
Есіктен кіре біздің төртеуміз түгел үйіріп алды. Әрқайсымыздың қолымызды қатты қысып, беттерімізге де тесіле тез қарап, өзінің аты-жөнін, біздің барар жеріміз бен мақсатымызды да айтып салды. Сол екі арада Исаактың атам заманда одессалық болғанын біліп, Одесса жайында екеуі тамсанысып, Одессалықтар мақтаныш етісіп те үлгерді. Бізді сөзге кейін тастап, есімізді жиғызбай машинаға әкеп сүңгітіп жіберді.
Аз уақыттың ішінде көп нәрсе айтуға болатынын мен осы жолы аңғардым — ау деймін. Совет — Үнді сауда қатынасы, Калькутта порты, біз бара жатқан кеменің жай-жапсары, Бенгалиядағы саяси жағдай мен ауа райы, тағысын тағыларды капитан біздің құлағымызға шелектеп құйып келеді. Ол аз болғандай ауық-ауық Исаак пен екеуі қайран Одессаны еске алып тамсанысып қоятыны жөне бар. Менің байғұс басым қазандай болғанмен осынша информацияны сыйғыза алмай қақ болдым. Әйтсе де осы капитан оңды жігіт пе деп қалдым. Ар жағында қалтқысы жоқ, ақ жарқын, ақ еспенің өзі.
Біз келген совет кемесінің аты «Марнеули». Бұл сырт адамға түсініксіз, тілге ауыр есім — грузиннің шағындау бір қаласының аты көрінеді. Бұл кеме осында біздің көмегімізбен салынып жатқан қара металлургия комбинатына керек-жарақтар әкелген екен. Портта біраз тұрып қалыпты. Әлі де тұратын түрлері бар. Өйткені Калькутта портының жұмысшылары ұзақ забастовка жариялаған. Солардың бір тобы қызыл ту көтеріп кеменің жанынан өтіп бара жатты. Сататын шай, джут, болат, темір рудалары сол өзеннің сағасынан шығып жатады.
Бұл портта күніне жүз қаралы кемелер болады екен. Порттың өз темір жолы 250 километр.
Әрине портты ұлғайту, өркендету жөнінде істеліп жатқан көп жұмыстар, жоспарлар бар көрінеді. Оны да біз блокнотымызға жазып алдық.
Біздің серігіміз Индия туралы очерк жазғысы келін жүр. Бізбен бірге жүрген жүріске ол әрине қанағат етпейді. Біз программа бойынша көбіне мәдени қайраткерлермен араласып, мәдени муралармен танысып жүрміз. Бұл әрине совет жазушыларының очеркіне жеткіліксіз.
Сондықтан да мен кеше Тарашанкар Бандуопадһайяға кеткенде ол госпитальға барып хирург әйелдің операциясын көрді. Бірақ көңілі толмай келді. Кәдімгі біздегі сияқты — аппаратура, сол скальпель, сол зажим, тампон. Тіпті айырмашылығы жоқ көрінеді. Мен ол жолдастың халін түсінемін. Сонша жерден іздеп келгендегі көретінін үйдегі бар нәрсе болса… Енді ол өндірісті, балықшылар мен шаруалардың өмірін көргісі кеп жүр.
…Калькутта портына байланысты цифр босаған соң бір-бір шыны аяқ кофе ішіп алып өзен бойын тамашаладық. Төменгі жақтан самсаған жүк түсіргіш крандар, үлкен-үлкен шаққан боз кемелер көзге түсе бастады. Олар өзен арнасынан бұрылыс, қолтық — қолтық суларда тұр. Ал, өзен арнасында бір кіп-кішкене ескі пароход кездесті. Аты «Мадагаскар». Мені таңырқатқаны бұл Жапонның кемесі екен. «Қазір кеме жасауда дүние жүзінің маңдай алдына шыққан, 300 мың тонналық кемелер жасап жатқан елде де осындай ескінің көзі әлі жүр екен — ау» деген ой еді ол.
Төменірек түскен кезде өзеннің оң жағы — ғажайып бір жасыл қорық екен. Онда пальмалардың неше түрі бар, асыр салып ойнап жүрген маймылдар да көзге шалына бастады.
Қонақ иелері бізге осы қорықта аялдап, біраз серуен құрып, дем алуды ұсынып еді, бірақ қанша қызықсақ та рақмет айтуға тура келді. Өйткені сағат алтыға осы портта тұрған совет кемесіне баруға уағда жасап қойып едік. Шетте жүрген адам бауырмал келеді, олар да бізді күтіп отырған болар.
Біз катерден түскен пристань мен советтің сауда өкілдігінің арасы аз-ақ жер екен. Бірақ сонда да өзенмен осы екі арада ыстықтап үлгеріппіз.
Бұл сауда өкілдігінде үш үй грузин бар екен, (Бұлар негізінен шайдың мамандары, үнді шайын таңдап алатын мықтылар осылар.) Бала-шағаларын ертіп олар да серуеннен қайтыпты. Өздері кәдімгі бір ауыл. Балалары грузиніне сөйлейді.
Портқа бізді Советтің Калькуттадағы теңіз өкілі ертіп апаруға тиіс. Оның машинасының дипломаттық номері бар — ешкім тоқтатып, тексермейді. Күн күттірмей о да жетіп келді. Бұл капитаннан алғашқы әсерім тура ала құйын соғып өткендей болды. Өзі жас шамасы отыздың орта шеніндегі, еңкіштеу сұңғақ бойлы, ат жақты, қоңқақ мұрын, аққұба жігіт екен. Самай сақалын езуінің түбіне әкеліп шорт қырыққан, әсем фуражкасын бір шекесіне аударып, мөңкіте киген — нағыз теңіздің кербез сәрісі. Ағылшынның теңіз романдарындағы өжет капитандарға ұқсай ма, әлде соған ұқсағысы келген бе…
Бүгін күн демалыс. Программа бойынша манағы бесін кезіндегі катермен саяхаттан өзге еш нәрсе жоқ-ты. Бірақ Калькуттадағы ең тығыз күніміз осы жексенбі болайын деп тұр. Кешкі сағат сегізден аса совет кемесінен мейманханаға қайтып оралдың. Жолда келе жатып «губернатордың адъютанты бізді қонаққа шақырмақ уағдасын ұмытып кетпей-ақ» деп тіледік.
Біз губернатордың адъютанты Тэлвар деген жас капитанмен алдыңғы күні кешкі ас үстінде танысқанбыз. Бұл өзі ұзын бойлы, аққұба, бидай өңді үндіден гөрі европалыққа ұқсастау дөң маңдай, үш жағы сәл имектеу биік мұрынды жігіт. Еркін, ерке мінезіне қарағанда бір байдың бұлақ өскен мырзасы тәрізді. Онымен танысқанда қасында біз жатқан «Спенсер» мейманханасының жасы — аласа тығыршық денелі, момақан жүзді Ананда болған. Танысқаннан кейін біз оларға аздаған сый-сияпат көрсетіп едік, алдында «әйелім Парижден бүгін ғана келіп еді»,— деп отырған Ананд елп ете қалып бізді үйіне қонаққа шақырған. Үйі мейманхананың біз жатқан екінші қабатының түп жағында боп шықты. Ананданың «Парижден келген» әйелі бөксесі мен кеудесі мол пішілген ажарсыз, аласа қара келіншек екен. Үш-төрт айлық баласын көтеріп Тэлвардың келіншегі де келді. Бұл күйеуі сияқты ұзын бойлы, арық, Кавказ әйелдерінде биік қабақ, қоңқақ мұрын. Бірақ өрт қара өңі мен кісінің әңгімеден өтетін үлкен қара көзі оны нағыз цыган әйеліне ұқсатып тұр.
Ағылшынға Исаактан кейінгі жүйрігіміз Леонид Почивалов. Бұл өзі моральдық тақырыпқа ғақлия — нақыл әңгімелер жазуға жүйрік жазушы. Жасы қырықтан енді ғана асқан, жіңішке тап, қағылез кісі. Ат жақты, ірілеу қыр мұрынды кішкене бет өңі сары ма, аққұба ма ажырату қиын, бір кезде сол екеуінің бірі болған шығар, қазіргісі бір түрлі қуқыл күлгін, артқа қайырған селдір шашы да күлгін бозамық тартып ағарған. Леонид бұдан біраз жыл бұрын осы Үндістанда, Азияның күнгей шығысында тілшілік қызмет атқарған. Содан қалған жұқана аздаған ағылшынша бар.
Ал, Леонид ағылшынша сөйлегенде ішпей-жемей тонсыз. Ол сөйлер алдында иығын қиқақ еткізіп қомдап алып, кеңірдегін үзердей созып, иегін көтеріп Умм… Ооо… Эээ… Мистер Тэлвар… Умм… Май фред… мистер Ахтанов… Эээ…— деп аттамай жатып-ақ етегіне сүрініп әлек болады. Өзі білетін азғана ағылшын сөздерінің нәшін келтіремін деп ыстың картопты аузына салып жіберіп енді не жұта алмай, не түкіріп тастай алмай қиналған адамдай — таңдайының астында тілін шүйіріп, әр дыбысты күмпілдетіп, мұрнынан шығарып әлекке түседі. Осылай бес-алты минут сөйлегенде тіпті қасында қарап отырған сіздің өзіңіз шаршайсыз. Білмеймін, басқалар сөйлегенде ағылшын тілі майлы қасықтай жылпылдайды және олар мынау сияқты әр дауысты дыбысты бүйірін қампитып, ырғап созып діңкесі құрымайды.
Біздің жігіттердің тамсануына жетпейтін шай қасың виски алпамсадай Тэлварға әжептәуір әсер еткен сияқты. Сөзге араласпай теңселе басын бөлменің ортасына кеп төңірекке сүзе қарап тұрады да, ортайған стаканды толтырып кетеді.
Тэлвардың әйелі нәрестесін диванға ұйықтатып тастап, ауық-ауық кішкене подноспен қонақтарға үндінің әр түрлі тәттілерін — печенье, банан ұсынады. Подносты алдына әкеп, «алыңыз» деп тостағандай цыган көзімен шарпып еткенде, қолын ұсынған тағамыңа тимей ауаны қармалайды.
…Түн ортасы жуықтап қалды. Калькуттаның бусанған тымырсық ауасына лып еткен бір салқын леп енетін емес. Дымқыл тұтқан көйлек, шалбарым қаудырап денеме қатты тиеді. Көшеде жалғыз жүрмін. Біраз шаршасам да түнгі Калькуттаны азғана жаяу аралағым келеді. Ертең ертеңгілік ұшамыз.
Бірақ енді бір ойнап қарасам, көргенім тіпті аз. Болмашы… жоқтың қасы.
«Жер» деп аталатын алып шардың экваторға қарай қампиған жалпақ бүйіріне кең кесілін Үндістан атты зор ел жатыр. Бұл сияқты терең де, мұхит сияқты үлкен ел. Дели… Агра… Бенарес… Калькутта… Солтүстіктен оңтүстік шығысқа қарай тартылған сызық бұл. Құмырсқаның ізіндей жіңішке сызық. Аттам жердің ар жағы мен үшін қараңғы тұман. Оның үстіне мен осының қазіргі бір сәтін ғана көріп келем, ал ар жағы ертегіге астасып бес мың жылдан әріге кетіп бара жатқан ұлы тарих. Ол да менің әлі сусындап қанып болмаған дүнием.
Мынау төрт тәуліктен бері мен малтығып жүрген алып дала Калькутта. Үндінің он алты штатының бірі Бенгалия… Кешегі улы Тагор бастап, бүгінгі Бандуопадһайя, Рай, Босу, Де Вишну тәрізді кесек жазушылар жалғап қанша үңгіп суреттесе де тауыса алмай жатқан өмір бар мұнда.
Мен не білдім осыдан? Индуизмнің орталығы кешегі Бенарестен қанша қазына алдым бойыма?
Менің білгенім де, түйгенім де теңіздің бір тамшысы ғана тәрізді. Жол ұзақ, өмір қысқа деген осы. Іші бітеу қалып бара жатқан елдің көзіміз шалған сыртқы көрінісіне қанағат етеміз де.
Сағат түнгі бірді орталағанда бөлмеме қайтып орал дым. Төбені тесіп орнатқан кондиционерден төсегімнің үстіне қаракүйе жауып қалыпты. Бұл таң атқанша мені көміп тастайды ғой. Кеше Майя Ганинаның бөлмесінде сондай хал болып, оны басқа номерге ауыстырған-ды. Ер тең ертеңгілік жүретін болған соң жарты түнге бола жұртты мазалап жатқым келмеді. Сөйтіп даналап тұрғанда байқасам, іргедегі кереуеттің үсті таза екен. Соған ауысып жата кеттім.
Байқаймын, біздің досымыз Анандтың бұл мейманханасы нағыз гүлденіп келе жатқан дүние емес. Әйелі Парижден келген. Өзі жуырда Совет Одағына соғып, одан Европаны араламақ. Егер мұнысы рас болса… Әй мына тозығы жеткен кішкене мейманхана сондай мол сілтейтін табыс бере қояр ма екен.
Қой, Анандтың бюджетіндегі шаруам қанша, ұйықтайын.