Үндістан хикаясы
Повесть
БІРІНШІ ХИКАЯ
Түнгі сапар. Құйрықты жұлдыз.
“Жат жұрттық бала”
Москвадан қырық-елу шақырым шықпай жатып-ақ өзіңді шекарадан өтіп кеткендей сезінетін бір жер бар. Ол Шереметьево аэродромы. Шереметьево екеу. Менің айтып отырғаным соның халықаралық аэродромы. Заттарыңды тапсырып, көк жағалы лейтенантқа тиісті документтеріңді көрсетіп, бөгеттің арғы бетіне шыққанда өзіңді шекарадан өтіп кеткендей сезінесің. Сені өткізіп жіберіп, қайта жабыла қоятын лейтенанттың кішкене ысырылмалы тор қақпасы, шынында да шекараның бір түрі. Енді бергі бетке тек алыс сапардан қайтып оралғанда ғана өтесің.
Москва уақытымен кешкі сағат онның шамасында ИЛ-62 самолеті аспанға көтеріліп, Делиге қарай бағыт алды. Осы кезде біз де «уһ» деп дем алып көңілімізді бірлегендей болдық. Біз дегенім — Советтің жазушылар делегациясы. Төрт адамбыз. Жазушы, әрі журналист, «Правда» газетінің арнаулы тілшісі Леонид Почивалов, жазушы-драматург Майя Ганина, «Совет әйелі» журналының үнді тілінің редакторы Исаак Голубев және мен. Ал «көңілімізді бірледік» дегенім… мұның әжептәуір хикаясы бар.
Осы сапардың біз үшін біраз әбігері мен машақаты болды. Басында өткен жылдың октябрь айына белгіленген бұл сапар одан декабрьге, декабрьден январьға сырылды. Мұндай дәйексіздік кісінің көңілін қобалжытып, елегізітіп қоятыны өз алдына, қысқа қарай байыздап үлкен бір шығарма жазам ба деген адамды шаруасынан қалдырады. Бірақ… барар жерің Үндістан болса, оны бұрын көрмеген болсаң — қолыңды бір сілтеп бас тартуға дәтің жетпейді. Амалың жоқ, төзесің.
Сөйтіп барлық уколдарын алып, дайындалып жүргенде «Индияға ұшу мерзімі 27 февральға белгіленіп отыр, 25-нен қалмай келіңіз» деген қуанышты телеграмма сарт ете қалды. Мен жиырма бесі емес, жиырма төрті күні Москваға жеттім. Бірақ жүру мерзімі бізді қобалжытып, ақырындап ысырыла беріп алтыншы мартқа, одан оныншы мартқа шегінді.
Мен «Россия» аталатын алып мейманханаға орналасқан едім. Терезем Кремль жадта. Сегізінші қабаттан Кремльдің іші алақандағыдай көрінеді.
— Бөлмең ғажап, «Блаженный», Спасс қақпасы, Кремль — орыстың бар сәулеті күндіз-түні көз алдыңда, несіне асығасың, жата бермейсің бе?!— деген, маған қонаққа келген орыстың тамаша шебер жазушысы Юрий Казаков.
Бірақ Кремльдің көрінісі қанша ғажап болса да менің сабырым сарқылайын деді. Осындай кезде бесінші март күні маған СССР Жазушылар одағының шетел комиссиясынан телефон соқты.
— Тахауи, құттықтаймын! Сіздерге виза алынды. Билетті оныншы мартқа алатын болдың. Жетінші март күні кеште Үнді елшілігінің мәдениет ішіндегі советнигі Матан Синхтың үйіне қонаққа барасыз.
Жетінші март күні кешкі жетіге жарты сағат қалғанда шығып, советниктің әйеліне апаратын гүл іздесем… Орталықта гүл сататын екі-үш жерге бардым. Құдай екен сақтасын, гүл емес, гүлден қалған қиқымға тұрған адам тізбегі ат шаптырымға созылған. Ертең сегізінші март…
Содан езер дегенде бір такси ұстап алып, Садовое кольцоны айнала шауып, аңыры жап-жақсы хризантема гүлін тауып алдым. Жолдастарым да менің алдымда ғана келіпті. Советник Матан Синх денелі келген, үсті-басы банты, қырықтар шамасындағы ажарлы кісі екен.
Біз амандасып үлгергенше оның келіншегі де келді. Мен аузымды ашып қалыппын. Әй, бұл әйелді көрген адамның таңырқамағаны, сірә, бола қоймас. Көргеннен — ақ Үнді емес, Индонезия елінің қызы екенін айтпай білдім. Жіп-жіңішке қуыршақ тұлғалы, әдемі қаз мойын, сұлу жұмыр бойында мін жоқ. Қазақ айтатын оймақ ауыз, әсем ерні үлбіреген, моншақтай қарақат көз, кішкене пісте мұрны да жұқалаң құба жүзіне келісе кеткен. Небір бармағынан бал тамған шеберіңіз қуыршақ жасаса дәл мынадай нәшін келтіре алмас. Аш белін үзілдіре орап, бір шетін иығынан асыра тастаған қызғылт сары, жалаң аяғының башайына ілген жаппасы да жараса қалған. Абзалы мынадай денеге жараспайтын нәрсе болмасқа керек.
Москваны айнала шауып гүл іздеген еңбегім қайтты.
Сұлулықтың төңірегін шарпитын буы болады. Сол бу осы кеште біздің бәрімізді де мол шарпыған.
— Апырау, қуыршақ емес, сурет емес, мынадай нәзік сұлулықты тірі адам бейнесінде де көретін күн бар екен — ау, — деп тамсанып қалды Майя Ганина.
Әйелдің сұлулығына әйел таңырқаған соң, енді мен аржағын суреттеп әуре болмай-ақ қояйын.
Советник мырза өнер маманы екен. Гималай халықтарының өнері жайында ағылшын тілінде үлкен кітап жазыпты. Суретшілік өнері және бар. Үйінде өзі салған бірнеше абстракциялық картиналары ілулі тұр.
Кеште елшілікте істейтін үндінің қылқандай жас жігіттері болды. Олар кәдімгідей орысша үйреніп қалыпты.
Әжептәуір ұзақ отырыппыз. Соған қарағанда көп жаман болмаған тәрізді. Советник бізге оң сапар тілеп, Индиядағы сапарымыздың сәтті де, қызғылықты боларына сенім білдіріп ажырасты.
Сөйтіп күте — күте келіп «ал кеттік» дегенде, үнді үкіметі таранынан біздің сапарымызды 27 мартқа шегеруге өтініш болыпты.
Москвада қашанғы жатам, салым суға кетіп Алматыға қайттым.
Мұндағы жұрттың көзіне көріну де қиын. «Ау, аман — сау келіп қалдың ба, ал Индия қалай екен?» деген сұрақты жұрт шын көңілмен берсе де, саған көкесін боп естіледі.
Осылай екі ойлы, дал боп жүргенде Москвадан қайта шақыру келді. Ұшардан бір күн бұрын «Зенит» деген фотоаппарат сатып алып едім, жүрер кезде мойныма іле кетейін десем әлгі құрғыр жоқ. Үйдің ішін астан-кестен қып олай іздедім, былай іздедім, ақыры табылмады. Енді самолетке әзер үлгеріп аэропортқа келсем қалтамда билетім жоқ.
Диспетчер «қайтадан билет сатып алыңыз» деді. Оған да шүкір. Дүниесі құрғыр жаныңа батқанмен адамға, яғни денсаулық керек. Ескі үрім, Грек азаматтары жорыққа, не ұзақ сапарға шыққанда құрбандық беретін болған. Соны есіме алдым. Ескі заманғы қазақтар да «қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып» аттанатын болған. Сірә, Үнді сапарының менен алған құрбандығы болар деп өзімді жұбатып, көңілімді бірлеп алғанмын. Ұшар алдындағы біздің тартқан тауқыметіміз осындай болғандықтан, самолет көтерілгенде «уһ» деп дем алмағанда қайтесің.
Қазақта «көңілі алып ұшады» деген әдемі сөз бар. Ұзақ сапарға, бейтаныс елге кетіп бара жатқан адамның көңілі соған жуық болуға тиіс. Самолеттің ішінде қалғып-мүлгіп отырған адамды көре алмадым.
Делиге дейін ИЛ-62 самолеті бес жарым сағат ұшады екен. Бұл ИЛ-18 самолетінің Алматы мен Москваның арасына ұшатын уақыты. Мен Қазақстанның үстін басып қайтадан ұшып келемін. Ас ішіп өйтіп — бүйткенше Ташкентке де келіп қалдың. Аздан кейін сол қапталдан Самарқанның оттары көрінді. Оң жақтан Бұхардың оты жарқырады. ИЛ-62 он мың метр биікке көтеріледі. Арасы жүз елу шақырым екі қаланың оттары қатар көрінуі де сол биіктігінен болар.
Осы түні ай жарық болды ма білмеймін, бірақ, әйтеуір, төмендегі тау бедері соншалықты айқын, анық көрінді. Біз шекарадан өтіп Ауғанстанның үстімен ұшып келе жаттық. Кенет самолет командасының бір мүшесі — сол жад иллюминатордан кометаны көрулеріңізге болады деп хабарлап кетті.
Сол жақ қапталға ауысып, дөңгелек терезеден түнгі қара күңгірт аспанға қадалып тұрған кометаны көзім шалды. Бұл осы кезде жерге өте жақындап келген Бейнет кометасы болатын. Үлкендігі кіші-гірім тостағандай, өзі аппақ, құйрығынан ақшыл тозақ сәуле шұбатылған. Кәдімгі аспанға қарап көтерілген прожектордың сәулесі сияқты. Әсіресе самолет теріс қырындағанда жерден самолетке жол сілтеп тұрған прожектор тәрізді елестейді.
Сағаттан артық құйрықты жұлдыздан көз алмадым. Бірақ қараған сайын ойым тіксініп, алғашқы қобалжуым басылар емес. Кішкене тостағандай дөңгелене жарқыраған комета ана шеті мен мына шеті талай жүз шақырымға созылған үлкен тас бітім. Түпсіз тұңғиықта кішкене ғана шеңбер сызып күнді айналып жүр. Сонда жер қандай? Әлемнің аумағынан қарағанда жұмырықтай… бармақтай… Макро — космос атты шексіз қуыстың сансыз пұшпағының бірінде алақанның аумағын айналып жүрген титтей шар. Анау әлем тұңғиығын жалғыз кешіп жүрген кометаны көрген сайын — көз алдыма жер елестейді. О да осы түнсіз, тылсым қуыста кіп-кішкентай; боп, жалғыз дөңгелеп, панасыз кетіп барады.
Құйрықты жұлдыз сөне бастады. Алдымен құйрығындағы тозаң — сәулесі сейіліп, содан өзінің дөңгелек жүзінің нұры да қуқыл тартты.
Таң биіктен атты. Әуелі биік аспан бозарып, қараңғылықты етекке қарай ысырып, көкжиектің ернеуіне апарып жентектеп, нығыздап тастағандай болды. Жиырма шақырым төменде жатқан жер бедері енді көрінбей кетті. Үстіміз жарық, астымыз қараңғы — біз соның шекарасында келеміз. Жердегі «таң қараңғысы» дейтін мезгіл дәл осы сәт болса керек.
Біздің дәл алдымызда арықша келген, жұқа өңді ақ — сары орыс келіншегі отыр. Бір жасар шамасындағы жылтылдаған қара домалақ баласын әзер ұйықтатты. Көңілі толқыма, өзі ұйқысыз келеді. Баласы үлкен қара көзді, бұйра шашты, қоңқақ мұрын көксіл қара… Нағыз үнді. Күйеуі Москвада оқу бітірген үнді жігіті екен. Соған келе жатыр. Оның күйеуін Исаак Голубев біледі екен. Келіншектің ойы дұрыс — ақ — егер көнсе күйеуін үгіттеп Советтер Одағына қызметке көшірмек. Егер көнбесе…
Индиядан алғашқы күнгі алған әсерімде экзотика аз. Тек мейманхана алдындағы сақал-шаштарына ұстара тимеген, төбесінде шоғы бар әсем сәлделі швейцар синхтер және жолаушыға қызмет қылатын жұрттың елпілдеген ерекше ықылас — ізеті болмаса — мен мұндалап көзге ұрып тұрған айрықша бөлектігі жоқ сияқты. Әрине сонша ыстық, оңтүстік халқының өңі, киім киісі мен жүріс-тұрысының бөлектеу болатыны өз алдына.
Ертең ерте жүреміз. Аралап айызым қанбаған Дели шаһары әзірге бітеу қалып барады. Мен үшін әлі сыры ашылмаған алын ел — Үндістан алда жатыр.
Сұлулық сиқыры. Әкесін қамауға алған патша.
«Жұмақ бағында»
Делидегі «Джан Патх» мейманханасында таңғы төртте телефон сылдыры оятты. Шамасы кезекші болар —ағылшын тілінде маған бір нәрсе деді. Әрине, онысын мен түсінгенім жоқ. Ұмытшақтығымды ескерін түнде барша қамалымды жиып, буып-түйіп жатқанмын. Даяшы шай әкелді. «Адамға қамқорлық» жайлы үнділіктердің қанша айқайлайтынын білмеймін, бірақ әйтеуір іс жүзінде қамқорлығы тәуір.
Почивалов бұрын Үндіде біраз болған, талайды көрген, содан болар, денсаулығын сылтауратып Делиде қалып қойды. Бізді Калькуттада қуып жетпек.
М. Ганина, аудармашы Исаак Голубев үшеуміз самолетке міндік. Жол қысқа — 45 минут. Жеңіл болды. Тек әттең үш күннен бері ұйқы шала. Әйтсе де оқасы жоқ. Сариге оранған әдемі үнді қызы — стюардесса назарымызды аударды. Шетелге арналған «Советская женщина» журналының үнді тіліндегі редакторы Исаак — стюардесса қыздың жай-жапсарын білгісі келді. Өйткені бұл жақта әйелдің жұмыс істеуі сирек жағдай. (Журналист емес ие, журналына аяқ астынан материал іздеп жатыр). Бірақ өзі тікелей сұрақ беруге қыз ұялып қалар деп Майяға өтініш айтты. «Сіз жай-жапсарын сұрастырыңыз, мен сіздің сөзіңізді аударайын» деп, және қандай сұрақтар беру керек екенін де айтып берді.
Аздан кейін-ақ қыз Майяның сұрағына алаң болмай Исаакпен тікелей шүйіркелесіп сөйлесіп кетті.
Жасы жиырма екіде. Әке-шешесі жоқ. Бір ағасы бар. Ол Америкада турады. Өзі жалғызсырап жүрмей — ағасына бармақ ойда. Мұсылман семьясынан шыққан. Есімі… Муһабуда… Әйел затының қызмет істегенін дұрыс көреді. Бірақ әйелдің жартыдан көп уақыты — үй, бала қамына жұмсалу керек дейді.
Қыз кете бергенде Майя:
— Жүретін жігіті бар ма екен, сұра, — деп еді. Бұл қақтың жайына жетік Исаак:
— Жүретін жігіті болмауға тиіс, егер жігітпен жүрген сыбысы білінсе — күйеу алмайды. Бу жақта ондайға қатал, — деп жауап берді.
Сөйткенше самолет те аэродромға келіп қонды.
Агра… Алғашқы көзге түскені аэродром маңын айнала бау-бақша. Қалың да емес, онша сирек те емес жасыл ағаштар. Аспан ашық. Көкпеңбек. Күн жаңа ғана шығып іле жатқан ертеңгі балауса мезгіл. Самолеттің моторы сынған кезде — сан түрлі торғай сайрап қоя берді. Алматының, одан зор Москваның шуынан құлағы тұнған адамға — осы ара бір тыныш бау-бақшаның ішіндей көрінді. Ауасы да жақсы, көкіректі ашып жібереді. Осы заманғы алып шаһарлардың есіңді тандырған даңғаза шуынан, қапқан газы мен түтінінен, арс — гүрс шекеңді шаңқан мотор зіркілінен қапелімде құтылып, өткен ғасыр замандарынан оқыған, немесе сол кездегі суретшінің көгілдір картинасынан көрген — оңаша, тыныш маужыратып түкпірге келгендей әсерленіп, қиялдана бастаған көңілді, қайтадан шыңғырып қоя берген самолет моторы бүгінгі тіршілікке қайтып әкелді.
Бізді осындағы оқу бөлімінің инспекторы Ума Шанкар Шарма қарсы алды. Бұл өзі кішілеу келген, шымыр жігіт екен. Жасы отыздың үстінде, қошқыл — қоңыр, кішкене, сыпайы жүзді, биік құс мұрынды.
Аэропорттың алдында бізді кешегі «форд» сияқты жатаған, жалпақ сұр машина күтіп тұр екен. Мұның маркасы басқа, артқы екі қанаты ракетаның құйрығы сияқты шоршып көтерілген.
Агра… Кешегі Дели тәрізді тағы да үлкен шаһарға кіргендей әсер жоқ. Қазіргі транспортқа көшесі тар болғанмен — үй аралары кеңістік, жасыл ағаш. Және дені аласа үйлер. «Бұл шаһардың шет-пұшпағы болар» деп отырғанда мейманханаға қалай келіп қалғанымызды байқамадық.
Жолдан жуынып, ас ішіп алған соң кідірместен «Тәж — Мәһалды» көруге жүріп кеттік. Әрине Аграға келген адамның арманы — жер бетіндегі жеті кереметтің бірі аталған — осы Тәж — Мәһалды көру болмақ. Біз де соның біріміз.
Тәж — Мәһал… Мен біраз жерге сілтейтін шығармыз десем… машина ұзақ жүрген жоқ, Аздан кейін-ақ жан-жағы биік, әсем қызыл тас қабырғамен қоршалған көк алаңға кірді. Көлемі ширек шаршы километрге жуық алаңның көк шөбін әсем тықыр қырқып алған. Жас ағаштардың арасында әр жерде түп жағына үш адамның құшағы жетпес кәрі ағаштар тұр. Ал айнала қоршалған қызыл қабырға дегеніңіздің өзі — мұсылман архитектурасының стилімен ойылған қаптаған құжыралар. Аулаға кірген беттен оңға қарасаң — жаңағы қызыл тас әсем қабырғаның қақ ортасында, мешіт тәрізді күмбездеген сұлу бір сарай көресіз. Осының өзі ескіден қалған архитектураның тамаша бір ескерткіші тәрізді. Таңырқай қарап қалдыңыз. Бұл не ғажап деп сұрасаң — бұл… Біз іздеп келе жатқан Тәж -Мәһалдың оңтүстіктегі бірінші қақпасы екен.
Енді солға қарасақ — жаңағы әсем қызыл сарайды айнадан көргендей болдық. Анық көз салсаң бұл одан әлдеқайда сұлу және аумағы да ірі жатыр. Неше түрлі өрнек оюмен айшықталын, құран сөзімен көмкерілген кең қақпасы бар. Жоғары жағы күмбезделіп келген осы ересен биік те кең қақпаны екі қабатқа бөліп әсем балкон созылған. Балконның тереңінде сұлу ойылған үш терезе болса, балконның астында — соған тамаша ұйқасып үлкен үш есік тұр. Оның ортаңғысы ашық та, қалған екеуі — бітеу, жарастық үшін жасалған. Бұл негізгі маңдай — портал. Енді оның өзінен сәл төмендеу екі қанаты бар. Онда да әлгі үлкен қақпаға симметрия жасап, соның кішілеу қайталамасы есебінде бірінің үстінде бірі — екі-екіден төрт әшекей терезе орналасқан. Ал екі қанаттың шеті — осы құрылыстың төрт бұрышы — жуан колонна сияқты жұмырланып көтерілген. Сол төрт бұрыштағы төрт колоннаның үстінде — шатыры сияқты жіңішке бағандармен көтеріп қойған — төбесі үшкір төрт ақ күмбез тұр. Ал, бұл төртеуінен биігірек ортадағы үлкен қақпаның үстінде жұмыртқадай он бір ақ күмбез тізілген. Бұлардың да жоғарғы жағы найзаның ұшындай әсем сүйірленіп көкке қадалған. Екі жағын жіптіктей сидам үшкір мұнарашықтар көмкерген.
Біз ақ мәрмәрмен айшықтап оюлаған, көздің жауып алған әсем қызыл сарайға қарай бердік.
Бізбен бірге келген үнді жігіт Шанкар Шарма да осы кезде сайрай жөнелді.
— Мына құрылыстың төбесіндегі он бір күмбезді көріп тұрсыздар ма? Ал, мұның арғы бетінің көрінісі дәл осы бергі бетінде. Арғы бетінде де мынадай тізілген он бір күмбез бар. Сонымен бұл құрылыстың төбесінде жиырма екі күмбез қатар түзеген.
Тәж-Мәһал жиырма екі жылда салынып біткен екен. Бұл соның белгісі, — деді Шарма.
Бұл Тәж — Мәһалдың оңтүстік кірер жаңғағы екінші қақпасы екен.
Тәж — Мәһал… Мен сенің айналаңды көріп таңырқап тұрмын. Айналаң ғажап екен. Ал, өзің қандайсың. Бірақ мен сенің өзіңді білем. Баяғыда көргенмін. Сан кергенмін. Суреттен, бояулы суреттен… кинодан. Талай кітаптың ішінде, дүние мүліктің сыртындағы этикеткада жүрсің. Ей… сенің суретіңді көрмеген адам аз-ақ шығар.
Ал сені қоршаған айналаң суретке жөнді түсе қоймайтын. Ол жөнінде шу да жоқ. Шынымды айтқанда мұндай ғажайып қоршауыңның барын білмеуші едім.
Мінекей, Шарма бастап келеді. Қазір Тәж — Мәһалдың өзі көз алдыма келеді. Мен кідіріп қалдым. Туфлиімнің бауы шешіліп кетті. Жоқ, шешіле қойған жоқ… Босаңдау сияқты, қайта байлау керек. Жолдастарым маған қарайлайды. Мен кідіре тұрғым келеді. Іркіле тұрғым келеді. Таңырқай алмай қалам ба деп жүрексінем. Өйткені сенің түрің таныс қой. Күмбездің төрт бұрышындағы төрт мұнараң, ою, ернек әшекейің… Сенің өзіңнен бұрын көпшілікке көлеңкең жетті. Сенің сұлулығың сан открытканың бетінде жауыр болды. Сен беті жылтыр, іші салқын, қолдан қолға тимей кеткен сұлу келіншек сияқтысың… О, ғафу ет.
Шарма бастап келеді. Түсіндіріп келеді.
— Бері жүріңіздер. Мынау қақпаның қаң ортасынан өтетін сызық. Мінекей осы арадан тура қарасаңыз — бергі қақпа мен Тәж — Мәһалдың қақпасы қабысын бір қақпа боп көрінеді. Осыдан тіке жүре берсеңіз Тәж — Мәһал бергі қақпаның ішінде рамкада тұрғандай бон түгел көрінеді.
Мен жүре бердім.
Тәж — Мәһал… Ертеңгі мөлдір көк аспанның реңкінде күн нұрына шомылған ақҚұдай шаққан бейне қалықтап көтеріле берді. Танып қалдым — Тәж — Мәһал. Өзі. Менің суреттен, қынадан көргеніме ұқсайды. Бірақ сөйтсе де мына сабазыңның көркі бөлек жатыр.
Бұл адам қолынан шыққан мүсін бейне емес, шебер табиғаттың өзі құн салған мінсіз сұлулық. Алыстан таңырқап ұзақ қарадық. Ортадан шыққан жалғыз бір күмбез бен төрт бұрышындағы төрт мұнарадан өзге алып-жұлып бара жатқан айшық жоқ осы құрылысқа қараған сайын кезің тоймайды. Әшекей, әлемішсіз сұлулықтың терең сырына бойлай бересің. Әлде — осы бір сұлулықтың сиқыры қазақтың теңкиген ақбоз үшін еске салатын, алтын айшық пен көкке қадалған ақ күмбезінде ме екен? Өзі күмбездің де күмбезі болады екен-ау. Мына күмбездің геометриялық формасының өзі ғажап. Жоғарғы жағы әсем сүйірленіп келіп шаңырақтың дөңгелек ағашына ұқсас қырналып бөлектенген. Осы жарты шар күмбездің төменгі жағы қыздың белінде жіңішкере түсіп, алтындаған сұлу өрнекті белбеу буынған. Белбеудің астындағы ақ мәрмәрді қырнап ойып, төменгі жағын бедерлі қара сызықпен бөліп тастаған. Тәж — Мәһалдың бүкіл ықшам, жұмыр тұлғасы осы күмбезді көтеруге жаратылғандай — қазақ әнінің шырқап көтерілер алдындағы қоңыр толқыннан ширатылып, шымырланып келе жатқан ырғағы сияқты.
Үлкен күмбездің баурына балапандай тығылған кішкене төрт күмбез, зираттан бөлек тұрған төрт бұрыштағы төрт ақ мұнара… Былай қарасақ осында айтарлықтай еш нәрсе жоқ. Бәрі шығыс архитектурасына белгілі элементтер. Қайта осында әшекей — айшық кәдімгідей сараңдық жасаған. Сонда осыншама жарастық пен сұлулықтың сыры қайда? Мұнаралар, күмбездер, жоғарғы жағы күмбезделіп келетін үйреншікті қақпа, соған ұйқас ойылған лоджия терезелер, ою-өрнек, азғана гүл бедері. Архитектураның әбден жаттанды жауыр болған деталь. Осындай азғана дүниеден мынадай керемет жасау… Жоқ, бұл анау-мынау шебердің қолынан келер іс емес, бұл нағыз сиқыршының, ұлы сиқыршы, ұлы суреткердің ісі.
Тәж — Мәһалдың сиқыры көп, тереңдеп танысқан сайын таңдайыңды қақтырып тамсандыра береді.
— Тәж — Мәһал үлкен құрылыс, — дейді Шарма.— Өз заманында мұндай алып құрылыс болмаған. Мұның етегінен күмбезіне дейінгі биіктігі жетпіс тоғыз метр. Яғни қазіргі жиырма бес қабат үйден биігірек.
Мәссаған… Мынау жұмыртқадай аппақ сарай соншама зор болғаны ма? Мына сұлулық мыңдаған тонна тас болғаны ма? Жоқ, жоқ. Мен оған сене алмаймын. Сонша үлкен, сонша ауыр дүние мынадай сұлу бола алмайды. Сұлулық сипаты — жеңілдік пен ұшқырлық емес пе. Әнекей бүкіл дене бітімі бауырынан жараған бедеудей әсем де сидақ, аққудың мамығынан соққан ақ сарай аспанға қалқып кетейін деп тұр.
Жоғарыда айттық Тәж — Мәһал Үндістандағы қасиетті екі өзеннің бірі Джәмнаның жағасына салынған. Бұл ма қайда Джәмна ирек-ирек. Шахжаһан соның бір шақырымға жуық түзу жағалауын таңдап алыпты. Мавзолейдің мәрмәр парапетінің өзен жағы биік үйдің балконы сияқты биік қабырғамен бітеді. Арғы бетте бастала түсіп қалым қойған алып құрылыстың табаны көрінеді.
Иә… Қара мәрмәр Тәж — Мәһал сол арада болуға тиіс екен. Мен қиялыммен арғы беттен дәл осындай сұлу, мөп-мөлдір шымқай қара Тәж — Мәһалды көз алдыма елестетпек болдым. Екі ортада ақ көмір…
Бірақ оған қиял күші жетпеді. Көз алдымдағы тек жердей үш-төрт метр көтерілген, аралары үзіліп-үзіліп қалған, сырты мәрмәрмен қапталмаған тас табан ғана…
Ғажайып дастанның екінші бөлімінің қиқалап жазып ұнатып сызып тасталған бастапқы жолдары…
* * *
Ескі қамал. Тәж — Мәһалдан өзенді бойлай жоғарыға көз жіберсең төрт-бес шақырымдай жерде Джәмнаның биік жарқабағында қазақтың ескі теңеуімен айтқанда айналасы ат шаптырым қызыл қамал тұр. Оның көрінісі әсіресе осы арадан сұлу. Ол кәдімгі Москва Кремлінің қабырғасын еске салады. Бірақ өзеннің биік жарқабағында тұрғандықтан — одан әлдеқайда биік, айбынды көрінеді.
Біз айналып отырып ескі қамалға келдік. Жасы төрт ғасырдан асып кетті демесең — бұл қамалдың қабырғасының мұрты шағылмаған, күні кеше ғана қызыл тастан қиып қаланғандай жайпап тұр. Ескі деп айтудың орайы жоқ тәрізді.
Қамалдың айбынды мығым қақпасынан кіріп, қазіргі заманның көлігіне тар жіңішке тас жолмен жоғары өрледік. Орап келіп — кілем түгіндей тықыр шоп өскен, жолына қызыл шиыршық тас төккен алаңға кірдік. Алаңның төрт жағы дызыл қабырға. Осы арада машинадан түсіп сарайға беттедік.
Бұл сарайдың сырт мүсіні белгілі патша сарайларынан өзгеше. Мұнда сәнді фасад, архитектуралық мүсінмен сомдалған сыртқы көрініс жоқ. Алаңдап бөліп тұрған қызыл қабырғаның есігінен кірген соң-ақ сарайдың залдары басталады.
Мұндай әсер сарайды тереңірек аралаған сайын ұлғая түседі. Біріншіден, екінші қабатқа көтеріліп біз аралағалы сағаттай боп қалды. Таусылар емес. Кілең қызыл тастың ішінде келеміз. Кенет қызыл тас пышақ кескендей тыйылып, алдыңыз аппақ боп кетті. Сарайдың ендігі жартысы шымқай ақ, мәрмәрдан салыныпты.
Қызыл сарайды салдырған Акбар да, оны ақпен жалғаған баласы — Жиһангер екен. Әкесі мен баласының талғамы екі түрлі болса керек, бірі қызылды, бірі ақ түсті жақсы көрген.
Аң сарай қызыл сарайдан да сәнді екен. Мұнда екінші қабаттағы залдар бірыңғай тұтас, жалғас емес, кейде аралары бөлініп, бөлек үй боп кетеді. Олардың орталары — екінші қабаттың үсті — кәдімгідей алаң боп келеді. Сондай бір аралықта ақ мәрмәрдан салған құйттай ғана екі сарай тұр. Заманында патшаның екі қызының мекен-жайы бопты. Зәулім залдардың қасында ойыншық сияқты осы екі үйдің кәдімгідей биік — терезелері бар. Ал өзге зал, бөлмелерде терезе көрген жоқпыз, ашық қабырға немесе төбеден сыздықтап сәуле түсіретін саңлау.
Бізді әжептәуір сұқтандырған айналы бөлме болды. Бұл патшаның тыныс бөлмесі екен. Жадағай ашық емес, қара күңгірт ауыз бөлме арқылы кіреді. Бұл бөлменің өзі де күңгірт — сәуле төбеден сыздықтап түседі. Қабырға түгел айна. Айна болғанда әйнек емес, күміске жарқырауық металл жалатқан. Және әйнектей жазық емес, қыр — қырымен келген бұжыр. Бұл сәулені сындырып, бір шырақтың сәулесін мың жерден жылтыратып ғажайып көріністер береді екен. Патшаның оңашаға алдырған сұлуының мүсінін де мың құбылтып, нұрымен арбататын болыпты. Бөлменің ортасында қабырғадан ыстық — суық су келіп тұратын бассейн бар. Осы бөлмеге кірер есіктің қабырғасы барабан. Қабырғаға орнатылған екі ақ мәрмәр саусағыңмен ұрсақ екі түрлі үн шығарады.
Қазір ескінің қалдығы — ескерткішке айналған бұл сарайдың байлығында кемдік болмаған. Ұлы моғолдар империясы қулағанда көтеріліс жасаған халың осы сарайдың бірнеше залының ортасына от жағып, төбесі мен қабырғаларын аптаған алтындарын ерітіп алыпты.
Аласа жайылған шаһар шетіне қайта кірдік. Жаяулар, велосипедшілер, машиналар. Кенет жүрегім зырқ ете қалды. Рикша… бар екен-ау әлі. Велосипедтің арты қос доңғалақ — кішкене қалқанды күйме. Онда салмақ бесті аттың белін қайыстырар, қуандық мұрт қара торы жігіт шынтақтап темекі тартып отыр. Шақырайған пен басын қара шүберекпен орап алған ақсақалды шал өрге қарай мықшыңдап соны әзер сүйреп қара терге түскен. Бүкіл тарамыс денесімен шіреніп велосипедтің педалін әзер айналдырады. Жуан пассажирі желке жағынан ұзын сигареттің түтінін будақтатып келеді.
* * *
Біз түскен мейманхана жалғыз қабат. Шағын ортада кеңсесі мен рестораны, киоскілер, сәл алға қарай иілген екі ұзын қанаты — қонақжай бөлмелер. Коридор жоқ. Ұзыннан ұзақ созылған верандадан кіресіз. Өзіне лайықты шағын рестораны бар. Асты содан ішеміз. Алдымен көз тартатын сондағы официанттар. Үстерінде қынама бел ұзын аң қамзол. Белдерін түрме белбеуі қынап буған. Бастарында сәлде. Біразының шарлап тастаған мұрты бар. Шалаң аяқ. Мысықша басқан дыбысы білінбейді. Ізетті де сыпайы. жағып соншама ұлттық ресторан бола қалған десе жасы ағылшын екен. Ол көбіне ресторан залы болады. Орта бойлыдан ірілеу, ашаң денелі, көзінің алды қатпарланған, ұзын бет сары кісі. Көбіне үнсіз бақылайды да, тек оқта-текте официанттарға күңк етіп бір нәрсе айтып қояды. Бірақ аяғының ұшымен басқан епті официанттар қамшы салдырар емес.
Түскі астан шығарда Исаак кішкене сөйлесіп қалып еді. Жай-жапсарын біліп келіпті. Ол өзі осында туып-өскен адам екен. Қазір қартайған, жалғыз басты. Англиядан екі нағашы қарындасы келіп жатыр екен. Олардың келгені де өзіне кәдімгідей жұбаныш бопты. Ендігі мақсаты ресторанын сатып, ата мекеніне барып, қалған өмірін сонда өткізбек.
Әсіресе негізгі үлкен қақпасы — шығыс архитектура өнерінің ғажап үлгісі. Сырт тұлғасы, силуэті өзге жерде қайталанбас пішін. Мұнда да сол көтеріңкі портал, порталдың үстінде жеңіл көтерілген төрт шатыр күмбез. Күмбездер дөңгелек емес төрт бұрышты. Порталдың екі жағында соның әуенін қайталайтын сәл төмендеу екі қанат. Сол маңдайды түгелге жуық алып тұрған негізгі үлкен қақпасы — жоғарғы жағы сүйір көрінеді. Бірін-бірі тасаламайды. Бұл сондай есеппен салынған. Патша мәжіліс шақырғанда бағыныштыларының жүзін түгел көріп отыратын болған. Бас уәзірдің орнынан да дәл солай көрінеді.
Біз қадағалап-ақ қарап шықтық. Шынында да быжынаған бағандардың бірі тасада қалған жоқ. «Ой, рас — ай», — деп мәз боп жатырмыз.
Біз бүгін сұлулық пен жаңалықты тым көбірек сіміріп жібердік. Әй, бәрі баттасып, қойыртпақтап кетпей бойымызға сіңіре алсаң жарар еді. Қыза бастаған күннің ыстығын емес, соны ауырлан келеміз.
Аласа жайылған шаһар шетіне қайта кірдік. Жаяулар, велосипедшілер, машиналар. Кенет жүрегім зырқ ете қалды. Рикша… бар екен-ау әлі. Велосипедтің арты қос доңғалақ — кішкене қаланды күйме. Онда салмағы бесті аттың белін қайыстырар, қуандың мұрт қара торы жігіт шынтақтан темекі тартып отыр. Шақырайған күннен басын қара шүберекпен орап алған ақсақалды арық шал өрге қарай мықшыңдап соны әзер сүйреп келеді. Қара терге түскен. Бүкіл тарамыс денесімен шіреніп велосипедтің педалін әзер айналдырады. Жуан пассажирі желке жағынан ұзын сигареттің түтінін будақтатып келеді.
* * *
Біз түскен мейманхана жалғыз қабат. Шағын ғана. Ортада кеңсесі мен рестораны, киоскілер, сол алға қарай иілген екі ұзын қанаты — қонақжай бөлмелер. Коридор жоқ. Ұзыннан ұзақ созылған верандадан кіресіз. Өзіне лайықты жағын рестораны бар. Асты содан ішеміз. Алдымен көз тартатын сондағы официанттар. Үстерінде қынама бел ұзын ақ қамзол. Белдерін түрме белбеумен қынап буған. Бастарында сәлде. Біразының ширатып тастаған мұрты бар. Жалаң аяқ. Мысықша басқан қадамдарының дыбысы білінбейді. Ізетті де сыпайы. Бұл нағып соншама ұлттық ресторан бола қалған десек, қожасы ағылшын екен. Ол көбіне ресторанның залында болады. Орта бойлыдан ірілеу, ашаң денелі, көзінің алды қатпарланған, ұзын бет сары кісі. Көбіне үнсіз бақылайды да, тек оқта-текте официанттарға күңк етіп бір нәрсе айтып қояды. Бірақ аяғының ұшымен басқан епті официанттар қамшы салдырар емес.
Түскі астан шығарда Исаак кішкене сөйлесіп қалып еді. Жай-жапсарын біліп келіпті. Ол өзі осында туып-өскен адам екен. Қазір қартайған, жалғыз басты. Англиядан екі нағашы қарындасы келіп жатыр екен. Олардың келгені де өзіне кәдімгідей жұбаныш бопты. Ендігі мақсаты ресторанын сатып, ата мекеніне барып, қалған өмірін сонда өткізбек.
Жазған құлда шаршау бар ма. Азғана тыныс алып бесінге қарай тағы жолға шықтық. Ендігі көрмегіміз Ақ бар зираты. Бұл жолы манағы ескі қамалға қарама-қарсы басқа жаққа қарай келеміз. Агра үлкен қала емес тәрізді. Әйтеуір біздің жолымызда пәлендей үлкен дұрыс кездесе қойған жоқ. Тығыз орналасқан бірер қабат шағын үйлер. Үй алдындағы қалқаларда ұста дүкені, ұсақ-түйек бұйым, миуа, жеміс сататын быжынаған, дәл сол арада көше бойында дөңгелек темір пешке қазан қайнатып тамақ та сатып жатыр — ресторан. Көшенің өзі ескі шығыстың құжынаған базары.
Шаһардың шетіне шығып, тура жолға түсер алдында оң қанатта салып жатқан шағындау үйге көзіміз түсті. Таңданатын түгі жоқ, екінші қабатын қалап жатыр. Бірақ бір түрлі әсер етіп, бізді елең еткізгені — маңында кәдімгі көз үйренген техника жоқ. Төменнен жоғары қарай тізілген қырық-елу адам кірпішті қолдан қолға жүгіртіп беріп жатыр. Анау Тәж -Мәһал, ескі қамал дәл осындай «техникамен» салынған. Содан бері…
Бұ жолғы сапарымыз да ұзақ болмады. Оп екі шақырымға қалт еткенше келіп те қалдық. Ал, кәне, әкеле бер. Көруге біз дайын. Бірақ…
Кім біледі, мөлшерінен асып кетсе сұлулықтың да кісіні күшті қылатын кезі бар шығар. Әйтсе де құдай оңдап біздің көркемдікке деген қоғамы басылмай келеді. Акбар зираты да таңырқатпай қоймады.
Бұл алып құрылыс — аумағы талай-талай гектар; керді алып жатыр. Төрт жағында әрқайсысының ұзындығы жарты километр төрт қабырға. Қызыл тастан соғылған, беріктігі мен биіктігі қамалға бергісіз. Сол төрт қабырғада төрт қақпа. Әр қақпасы қайталанбас архитектуралық ескерткіш.
Әсіресе негізгі үлкен қақпасы — шығыс архитектура өнерінің ғажап үлгісі. Сырт тұлғасы, силуэті өзге жерде болмаған, қайталанбас пішін. Мұнда да сол көтеріңкі биік портал, порталдың үстінде жеңіл көтерілген төрт шатыр күмбез. Күмбездер дөңгелек емес төрт бұрышты. Порталдың екі жағында соның әуенін қайталайтын сәл төмендеу екі қанат. Сол маңдайды түгелге жуық алып тұрған негізгі үлкен қақпасы — жоғарғы жағы сүйір күмбезделіп, екі қабырғасы тік түскен «А» әрпі сияқты. Бұл сыртқы сызық жарты метрдей ойып, қабырғаға батып тұр, енді соның ішінен осы «А» әрпін сондай түрде кішірейтіп қайталап, ортасынан қалың белбеу тартсаңыз, соның үстіңгі күмбездісі екі жағы ашық әсем балкон болады да, астыңғы төрт бұрыштысы Акбар зиратына өтетін есік болады. Архитектуралық пропорциясы дұрыс, тұлғасы шымыр болғандықтан шығар, осы үлкен құрылыс ықшам, жинақы көрінеді. Ал анау әсем қызыл тастың бетіне түскен өрнек… Бұл алып қақпаның бетін — фарсы ма, түрікпен бе, қайсынікі болса да кілемге теңеу — кемсіту сияқты. Жоқ, ең жақсы, асыл кілемге мына қызыл тастың бетіне аң мәрмәрмен салған ғажайып өрнекті көшіріп ала алса ..» қарт қызыл тасқа түскен шымқай ақ ою қанша тығыз, қою болғанмен көзіңді талдырмайды, басыңды ауыртпайды. Кезектесіп келін, әсем ырғағымен қайталанып отыратын алуан түрлі ою-өрнегі — нәзік, күміс сазды музыкадай сыңғырлайды. Ал, осы бір ерке назды, сиқырлы әуенге еліге бастағаныңызда — кенет шыңғыра шығып, шығып көтерілген Бір жан даусы құлағыңызға саң ете қалса қайтер едіңіз? Жеңіл ақ шілтермен өңін жұмсартқан қызыл сарайдың төрт бұрышынан аспанға шырқай жөнелген төрт аппақ мұнара… От пен судай екі түс. Ақ пен қызыл. Пышақпен кесіп алғандай бөлек тұр. Және мұнаралардың биіктігі керемет, алып сарайды аласартып, көк аспанға қарай кетіп барады. Әрқайсысының сыпайы оранған үш-үштен белдеу -балконы бар. Ал, ұшар бастарында саусақтың ұшымен көтергендей жіңішке колонналар шатыр күмбездерін күнге тосып тұр.
Музыка сияқты бояу мен мүсіннің де ырғағы, даму зады, бояу мен форма үндестігі болушы еді. Мына тұрған тентек ақ мұнаралар сол заңды оқыс бұзып, ойда жоқта ырғақтан жаңылтып, шамаң келсе шоқ пен мұзды қабат қауып көр деп тұрған сияқты. Мамандардың не дейтінін қайдам, бірақ әйтеуір мына көрініс тамаша, әрі-беріден соң ойда жоқ оқыстығымен, сенің барлы-жоқты эстетикаңның шырқын бұзған сотқарлығымен — ақ ғажап.
Осы қақпадан өтіп Ақ бардың зиратына көз саласыз. Кең алаңның ортасында тұрған осы ескерткіштің екі қанаты ұзыннан — ұзаққа созылған да, үсті қатпарланып, бірнеше қабат боп жоғары өрлеген. Құжынаған күмбездер, қабаттасқан архитектуралық деталь. Ақ кей қызыл. Тағы да асты қызыл, жоғары жағы ақ. Бірақ бу жолғы әсер басқа. Бәрі қабаттасып, сығылыса шоғырланып, бір-біріне мінгесіп, баттасып жатқан дүние.
Асықпай байыздап қарағанда барып бұл құрылыстың мәнін аңғарып, симметриясын тапқандай болдық. Қызыл тастан салған осы бір мавзолейдің астыңғы қабатының биіктігі — осы күнгі төрт қабат үйдей және ұзыннан — ұзаққа созылған. Ортада әдеттегі, күмбез қақпалы биік портал ақ мәрмәрмен оюланған, порталдың үстінде үнді стиліндегі күмбез шатыр. Пілдің арқасына қондыратын шатырдан аумайды. Одан арғы төрт қабаты біріншідей биік емес, пирамида сияқты барған сайын шегініп, кішірейіп көтеріледі.
Төмен қарай тереңдеген үңгір сияқты жолмен Ақ бардың қабірінің басына бардық. Қабірі тұрған залдың төбесі аса биік күмбез. Жоғарыдан сызаттап сәуле түседі. Шарма бізге түсіндіріп жатыр.
— Мұсылман дінінің символы — ай. Индуизм дінінің символы — күн. Түс кезінде мына саңылаудан күн түседі. Акбар мұсылман болғанмен индуизмге жақын болған адам. Үнді халқының дініне көп кеңшілік жасаған. Ал, осы зираттың өзінде үндінің стилі басым. О да үнді өнерін қастерлей білгендігін көрсетеді.
Шарма Ақ барды өзіне қарай ие береді. Онысына біз дауласпаймыз. Шынында жаңағы үлкен қақпа — сарай біздің Орта Азия архитектурасына қаншалық жақын болса, зираттың өзі үнді стиліне соншалық бетін бұрған. Мұнда мұсылман архитектурасының нәзіктігі, әшекейге сараң ұтқырлығы мен сидам, шымыр сызықты ұшқырлығы жоқ.
Бірақ бұл зират тағы үнді стиліне жатпайды. Қысқасы, бір-бірінен алшақ екі стильдің арасы қабыспай қалған тәрізді. Шымқай қызыл тастан соққан осы зор зираттың төртінші қабаты мен құжынаған көп мұнаралары ақ мәрмәр. Осы жолы алшақ екі стиль сияқты ақ пен қызылдың да арасы ажырайып тұр.
Мына зираттағы ақ тас пен қызыл тастың тарихы да манағы ескі қамалдағы ақ сарай мен қызыл сарайдың тарихына жалғасады. Бұл зиратты Акбар көзінің тірісінде салдырған, бірақ бітіре алмай кеткен. Акбар қызыл тасты жақсы көрген адам. Ал, Акбар қайтыс болғасын оның баласы Жиһангер өз талғамына тартып, қалған жоғарғы жағын аң таспен бітірген. Акбар бастапқы жобасында стильді араластырса, енді баласы келіп бояуды араластырған.
Менің жаман білгіштігім бойынша мемориал деген нәрсенің бас-аяғы жинақы, тұлғасы тұтас, сымбат — мүсіні бірден көз тартатын өзіне ғана тән бейнесі болуға тиіс. Ал мынаның етек-жеңі дамып кеткен, қаптаған терезе, мұнаралары сапырылысып, формасын болжыратып жіберген. Маған салса Акбар зиратының бейнесі деп, анау ақ мұнаралары ышқына көтерілген ғажайып қызыл қақпа — сарайды айтар едім.
Әрине мен сынағаннан төрт ғасыр бойы мыңқ етпей тұрған Акбар зиратының мұрты шағылмайтын болар. Қалай десек те бұл да өзінше қайталанбас, тамаша ескерткіш. Мінекей көп өрлеп бірінші қабатта көтерілдік. Жатқан кең алаң. Айнала қыдырып жан -жаққа көз салып серуендеп жүрміз. Одан үшінші, төртінші қабатқа көтерілдік. Әр қабат сатылап шегініп аумағы кішірейе береді. Айнала қыдыратын алаң да тарылады. Бесінші қабат тұтас ақ мәрмәрдан оған шілтерлі тормен қоршалған. Осы төрт бұрышты күмбезді, төбесі ашық залдың қаң ортасында — үлкен текше сандықтай оюлы құлпытас жатыр. Бұл жаңағы төменде біз көрген Акбар қабірінің үстіне тұп-тура келеді екен. Сол қабірдің үстін, ұшқан құс болмаса жоғары шыққан адам аяғы басып өтпеу үшін қойылыпты.
Бесінші қабаттың торы төңіректі қалқалай берген соң, қайтадан төртінші қабатқа түсіп, айналаға көз салып тұрмын. Енді төрт қақпа түгел көрінді. Әрқайсысы бір ескерткіш. Тек теріскей қақпасы мүжіліп қапты. Одан өзге төрт ғасырдан бері мұрты шағылған еш нәрсені көре алмадым.
Күн кештетіп келеді. Бұл — март айында үнділіктерге қоңыр салқын көрінгенмен, біз үшін жап — жақсы-ақ шыңғырған ыстықтың пен қайтқан тәуір мезгіл. Жер көкпеңбек мақпалдай. Төрт жақтан көмкерген дызыл қабырғаның іші — зираттың айналасы бау -бақша.
— Мұсылман зиратының төрт жағы бірдей бау-бақша болуы шарт. Акбар зираты да солай салынған, — дейді Шарма.
«Біз де мұсылманбыз» деп жүрген қазақтардың зираттары түседі есіме. «Төрт я?ағы бірдей бау-бақша болуы шарт…» Қазақты қоя тұрып, Самарқандағы атақты есіме аламын. Оны бұған тіпті де тоқайластыра алмаймын. Оның төрт жағы емес-ау, бір жағынан да бау-бақша көре алмап едім. Тіпті оны қойғанда, аты әлемге әйгілі — әмірдің өзінің төңірегі жалаңаш емес пе? Ол — осы Акбар Шах жаһандардың арғы бабасы — кәдімгі дүниені дүр сілкіндірген Ақсақ Темірдің зираты емес пе. Айтпақшы ұлы ғалым, астроном Ұлықбек те сонда жатыр-ау.
Мына кейінгі ұрпақтарының батырлығы Ақсақ Темірге жете алды ма, жоқ па, ол арасын айта алмаймын, бірақ дәулеті мен сән-салтанаты асып кеткені көрініп-ақ тұр.
Зират үстінде адам аз. Бізден өзге ешкім жоқ десе де болады. Сапарластарым фотоаппараттарын көздеріне тосып, төңіректегі тамаша көріністі түсіріп жатыр. Мен оңашалана бастаған айналаға үнсіз қарап тұрмын. Зираттың төрт жағы түгел бақша. Әр жердей нарттай қызыл гүлдер жарқырайды. Беттерін қара түк басқан, ұзын құйрық маймылдар асыр салып ойнап жүр. Ағаштан шашқа секіреді. Ағаш бастарында мүлгіп гриф аталатын жауыр мойын күшігендер отыр. Төңірек торғай шырылына толы.
— Мынау нағыз жұмақ қой, — деп қалыппын.
— Мұның аты да солай, «Жұмақ бағы» деп аталады, — деді Шанкар Шарма.
Күн батуға жақындап қалды. Сонда да төңірек көгілдір мұнартып тұр. Кешкі ауаның реңі мұндай емес, ашық болушы еді. Бұл көгілдір — сонау көз жеткісіз жазықты түгел жапқан бақтың бусанған лебі ме екен. Әр жерден тірек қана үйлер көрінеді. Алыстағы үш-төрт труба болмаса табиғаттың шырқын бұзар еш нәрсе жоқ. Сонау армандай тәтті, алыс көгілдірлікке астасып жатқан бақ. Шілтерлі перде сияқты жер бетін селдір жапқан сыпайы бақ.
Міне ғажап… Көк жібектей керілген аспан аясында, мұнартқан көкжиектен бозарып, қылаң беріп тұрған Тәж — Мәһалдың бедерін таныдым. «Әнекей, анаң қара !» деп, қол шошайтып, тамсанып, шұрқырасуға зауқым болмады. Далалың қиялшыл шағым қайтып оралғандай, кеудеме құйылған нұрды шайқағым келмеді.
Маужыраған тыныштық. Кешкі көгілдір тыныштық. Жұмақ бағы» кештеткен сайын әсем қарауытып, қоюланып келеді. Өшіп болмаған күн жарығынан ұялғандай нұрсыз жылтырап қала жақтан қуқыл оттар көрінді. Қайтар уақыт болып қапты. Көз алдымда манағы Аградағы елес жалт етті. Велосипедтің руліне кеудесін тірей мың — мыңдаған ақсақалды шал — рикша. Онсыз да күнге күюін қара жүзі тотығып көмірдей боп кеткен. Артқы күймесінде теңкиген қырдың мұртты қара торы жігіт түтіні будақтайды…
От ойнағы. «Ван рупий»
Қасиетті өзен жағасында.
Жаннатқа баратын жандар
Үнді дінінің Меккесі саналатын Бенарес шаһары — суы шипа, қасиетті. Тәнті өзенінің бойында. Кердері кірмен айтысқан татар молдасы «Қазанда қырық мың мешіт бар» деп бөскен екен. Бенаресте мың жарым храм бар. Булары белгілі, елеулілері, ал ұсақ-түйегін қосқанда сол татар молдасы сілтеген шамаға барып та қалуы ғажап емес.
Кешегі — аңын патша Захреддин Бабур әулеті салдырған мұсылман шығысының стиліндегі ескерткіштерге толы Аградан кейін — Бенаресте нағыз таза Үнді топырағына келгендей боласыз. Агра мен Бенарес арасы жалғаспаған екі дүние. Әрине екеуі де шығыс. Бірақ…
Тар көше, қайнаған базар, қызылды-жасылды киінген тобыр, есек пен түйе көрсе «О, шығыс» деп тамсанады европалықтар. Әрине бұлар шығыс көрінісі. Бенаресте до осы айтылғандардың көбі бар. (Тек есек пен түйе көзімізге түспеді.) Бірақ бұл өзгеден бөлек шығыс — бұл Үндістан. Менің өзім де шығыспын, шығыстан шығысты ажырата аламын. Европа бір-біріне ұқсас, ал шығыста бір-біріне ұқсамайтын талай елдер, талай дүниелер бар.
Кешеден бері қаймағы бұзылмаған Үндістанның қалың ортасында малтығып жүрміз. Төңірегің толған дүниенің бірден мән-мағынасын ұғып, түрін түстеп бойыңа сіңіру де қиын. Тығыз салынған тар қала, үскірік боран, аязың тұрсын, күзгі қара суыққа да бейқам ашық-тесік жаңарған қала. Аттаған сайын үнді дәстүріндегі қалақ бас, — жалпақ күмбезді, төрт қырлы немесе жұмыр, қарлығаштың ұясында сырты бұжырмақ сүйір күмбезді храмдар. Жоғарғы жағы қытай, бирма құрылыстарына ұқсап әшекейленіп, ширатылып үшкір бітетіндері және бар. Бұлар бір белгілі тәртіппен салынбаған. Үлкенді-кішілі, ескілі-жаңалы, неше түрлі стильдегі, тіпті ешқандай стильде жоқ үйлері сапырылысқан қаланың көз келген бұрышынан шыға келеді. Тар көшелерде қаптаға, қайнаған халық. Ақ көйлек, ақ дамбал киген еркектер мен неше түрлі түсті оранған, жеңіл орамалдарын желбегей жамылған әйелдер. Осылардың арасында, жаурынында жалғыз өркеші шошайған, ыңыршағы айналған арық сиырлар жүр сенделіп.
Біз бұл қалаға кеше түске таман келгенбіз. Сол Аградағы мейманханадан аумайтын, сырты дуалмен қоршалған жалғыз қабат кішкентай мейманханаға түстік. Бірақ өзінің аты дардай — Париж. Түс қайта осындағы жазушы, журналистермен кездесуге бардық. Мұнда — Делидегі біз барған Бүкіл Индиялық академияның бір тармағы — үнді ішіндегі әдебиеттің академиясы бар екен. Журналистер мен жазушылардың басын қосып бізді шақырған солар.
Аз уақыт кітапханасымен таныстырып, шығарған кітаптарын көрсеткеннен кейін үлкен ұзын залға алып келді. Мұнда есіктен төрге дейін созылған ұзын столдың екі жағына қырық-елу адам отырған.
Бізді бастап келген Академияның секретары орта жастағы қара торы, шымыр денелі кісі. Жиналған қауыммен таныстырып, өздерінің істен жатқан істері жайлы, әжептеуір уақыт ұтып, айтын берді, — Бұлардың негізгі тірлігі, негізгі міндеті үнді тілін, үнді әдебиетін дамыту. Осы салада істен жатқан істері қой — ақ. Әсіресе, біздің есімізде қылғаны — үнді энциклопедиясының он алты томын шығарып үлгіріпті.
Одан кейінгі кезек маған тиді. Осы жиналған жазушылар мен журналистердің алдында Совет жазушылар делегациясының басшысы есебінде ресми сөйлеуге мәжбүр қылдым. «Басқа түссе баспақшыл» осылай боларын ескеріп, мына қайнаған ыстықта үстіме пиджак киіп, мойныма қылғындырып галстук тағып, сіресіп келгенмін. Тегістегі зырылдаған желдеткіш болмағанда халым мүшкіл екен.
Менің бір ұнатпайтын нәрсем цифр болатын. Әсіресе оның ішіндегі цифрлар миыма кірмейтін. Бірақ мұным қате екен. Москвадан аттанарда біздегі Индия шайлы істеліп жатқан істердің біраз мағлұматын қалтама сала шыққанмын. Әрине екі ел арасындағы достың жайын, өзіңнің еліңнің Индияға деген ықыласын айтып тіліңді қанша безегенмен, «мың сіз — бізден, бір шыж-быж» істен емес ие, тілге тиек, сөзі де мәйек болар нәрсе керек екен. Мен бізде аударылған үнді халықтары әдебиетінің көптеген классиктері мен белгілі жазушыларының атын атадым. Татардың жүз жылдығы қарсаңында оның көп томды шығармалар жинағын шығарғанымызды айтып өттім. Сөз соңына сақтаған қомақты бір цифр бар еді — тоны көлденең тастай салғанда — жиналған жұрт гу ете қалды. Соңғы он бес-жиырма жылда орыс тіліне үнді жазушыларының 702 кітабы аударылып басылып шықты. — Жұртты гуілдеткен осы цифр. Шынында да осал дүние рас.
Осы цифр бүгінгі газеттердің басына шыға келіпті. «Үнді жазушыларының 702 кітабы орыс тілінде» деп атапты бізбен кездесу есебін жергілікті газет. «Совет жазушылар делегациясының жетекшісі үнді ұлтының атасы Маһатма Гандидің туғанына жүз жыл толған мерекесін совет халықтарының зор құрметпен атап өткенін айта келіп, үнді халықтары да Совет елінің ұлы көсемі В. И. Лениннің жүз жылдық мерекесін соған лайықты құрметпен атап өтер деген сенім білдірді» деп аяқтапты бұл мақаланы.
Кездесу тез тарады. Өйткені журналистер тағы бір пресс-конференцияға асығып отыр екен. Бізге сұрақтар беріп, біраз сілкілеуге уақыттары қалмады. Бірақ оның есесіне бүгінгі берген газеттегі есептері біздің көңілімізден шықты.
Біз түскен «Париж» мейманханасы қаланын шетінде. Мынадай тығыз қалада мұнысы абырой болды. Қора жайы кең, тыныс алатын жері бар. Бірақ «тыныс алуға тәуір» ден шетте шалқайып жатып алуға шамаң жоқ, сонша жерден келгеннен кейін көрмек керек. Бесін ауа тәнті жағасына бардық.
Кешке қарай мұндағы жұртты біреу үйлерінен көшеге айдап шыға ма, әйтеуір көше атаулы халыққа лық толады. Сол көптің арасынан сыналап жол тауып шұбатылған өтіп жатады.
Аграда ондай емес еді, мына Бенаресте дегеннен көз тұнады. Бұрын екі аяқ арбаға жегіліп алын, жортақтан адам таситын жаяу рикша болған ғой. Енді төбесінде қалқаны бар екі кісілік екі аяқ арба велосипедтің артына көшкен. Бұл жаяуға қарағанда аз да болса прогресс шығар, бірақ маған осы тіпті жаман әсер етті. Коляскада екі адам, кейде үш адам отырады, қол-аяғы шидей қатып қалған қара қайыс рикша сорлы мықшыңдап соларды әзер сүйреп бара жатады. Әсіресе ыстықта жаман, күн өтпесін дей ме екен, бастарына шүберек орап алады, қара терге шомылын ышқына қимылдайды. Мен тіпті осы көрініске үйрене алмай-ақ қойдым. Ауыр жұмысты, керек болса азапты жұмысты кім-кім де істейді ғой. Бірақ мына адамның адамды жеккені жаман екен.
Осы қалада мен байқаған көше тәртібі — ен алдымен көшенің қақ ортасын жаяулар жайлап алады, екінші кезек велосипедтікі, солардың шет жағынан сызаттап жол тауып, құнжыңдап өтіп жатады. Ал содан кейін көшеде қос, қуыс қалса — машинаның жүруіне рұқсат. Құдай бұл қалада автомашина тіпті аз екен.
Біздің келе жатқан бағытымыз Гәңгі өзенінің жағалауы. Бірақ біз сол жағалауға жете алмай тоқтадық. Әрі қарай сығылысқан топтың ішімен жаяу кеттік.
Басшымыз бізді қараңғыда біраз жетелеп апарып, жіңішке, сықырлауық басқышпен екінші қабатқа көтеріліп, бір үйге кіргізді. Мұнда шам бар, тек терезелерін қараңғылап қойған. Бұл мата дүкені екен. Мата дегенде жай мата емес өрнек тоқыған алуан түрлі орамалдар мен сары және де сондай әшекейлі маталар. Біз осы арада аяқталуын тосамыз. «Қонақтар қарап отыр— масын, кім біледі көзі түссе көңілі қызығар» дегендей осындағы ибалы сатушылар бұйымдарын алдымызға жайып салды. Бүкіл Индия бойынша Бенарес атаққа шыққан. Мұнда сол Бенарестің небір төресі бар екен. Өзі, өрнек, кесте төгу шеберлерінің де шегі болмайды екен ғой. Жұп-жұқа мөлдір көк, жалын қызыл жібектерге төгілген зер кестелер… әр сызығы мен әр гүлінің сұлулығы йен нәзіктігі. Бір кезде тұтас зерден, жұқа зерден тоқыған Бенарес алдымызға жайып салып еді… Сари дейтін әйелдің көйлек орнына беліне орайтын бес — алты метр мата ғой. Ал енді, сол алты метр сап-сары алтын көз алдыңда жарқ ете қалғанда… Самала шам жарығымен құлпырып, «жанып -сөніп», құбылып — төгіліп тұрған алтын өрнек… Жоқ, мұны қанша аузыңды ауыртқанмен жеткізе алмайсың. Тек көру керек.
Осы алтын өрнекте алтын саусақтың өнері бар.
Бүгін ертеңгілік шағындау қайыққа мініп, Гәңгінің бойына серуенге шықтық. Өзенге дәл кешегі ізімізбен келдік. Бірақ кеше түндегі жарқылдаған от ойнағы өшкен, түнгі сиқыр тарап кеткен. Кәдімгі ескілеу шаһарларда болатын асфальт көше. Тек өзен бойында адам көп. Біреулер кір-қоңын жуып, біреулер беті-қолын шайып, біраз адам су ішінде шомылып жүр. Жиекте балық тазартып, ыдыс-аяғын жуып жатқандар да баршылық. Жағасындағы қаланы барлық қоқысы мен кір-қоңынан тазартатын осы қасиетті өзен болу керек. Иығы пышақтай арың қара кісі кеудесінен судың ішінде тұр. Әлсін — әлсін суды қауып алып, екі ұртын солқылдатып аузын шаяды — ай келіп. Мына жуындыға толы судан жиренер емес.
Біз қайықпен ақырын есіп, жоғары өрлеп келеміз. Тік жар қабақты кемерлеп, ұзыннан -ұзаққа созылған қалаға көз саламыз. Кешеден бергі біздің осы қаладан алғашқы алған әсеріміз — таршылық. Ыстық жақтың балкондары көп, ашық-тесік жаққа үйлерінің өзін сығып тастаған. Шешесінің етегіне тығылған баладай үлкен үйлердің іргесіне кішкентай үйлер жапсырылған, немесе екі үйдің арасындағы сәл ғана саңлауға екі қабат дүкен сыналап кіріп кеткен. Кей жерде ертеде салынған екі қабат үйлердің еңсесін басып, ту сыртынан бес-алты қабат биік үйлер ентелейді.
Сендей сығылысқан халық пен велосипедтерін қалай жол тауып жүргеніне қайран қаласың. Бір алып күш осы қаланың халқы мен үйлерін сырт жағынан сығып әкеліп, аядай жерге қысып тастаған сияқты.
Көп шаһарлардың өзен жағалауы бау-бақша, аллея болушы еді. Ең болмағанда жиекпен жол өтетін. Мұнда олай емес. Үйлер бірін-бірі кимелеп, кейінгілері ілгерісінің иығына артылып өзенге төніп тұр. Тағы да сол алып күш өзенге қарай итеріп әкелгенде — қала суға аяғын малып әзер тоқтаған сияқты. Енді бір лықсытса суға күмп беретін түрі бар.
Жұрт серуендейтін алады бар бос жағалау жоқ болғанмен мұнда өзенге түсетін гранит тастап қиған сатылар көп. Біздің Одессалықтар өздерінің теңізге түсетін Жалғыз баспалдағын мақтаныш етуші еді ғой. Ал, мұнда содан артық болмаса бір де кем емес, талай-талай саты — баспалдақтар толып жатыр. Өздерін және ғасырларға шыдайтын мығым, қанша адам топырласа да сыятын кең етіп жасаған. Жаңбыр маусымында тасыған кезде Гәңгінің суы кей жылдары бес-алты метрге дейін көтеріледі екен. Кей сатылардың су тасығанда басып қалған құмын енді ғана аршып жатыр.
Бұл сатылар неге көп десеңіз — олардың анау-мынау шіркеуің құрлы қадірі болады екен. Баспалдақтардың суға келіп таянған жерінде — төрт бұрышты биік сәкілер бар. Үнді дінін тұтынған жұрт осы арада қасиетті өзенге тауап қылады.
Жағалауда төбесі шошайған храмдар да көп. Солардың бірі кішілеу ғана әп-әдемі, тастан соққан храм өзенге ете таяу салыныпты да, астындағы су шайған жер опырылып төмен түсіп кетіпті. Тас храм іргесінен жоғары судың ішінде тұр. Осындай нәрселерден әдемі адыз туғыза қоятын халықтың әдеті емес пе.
Қайтар жолымызда қаланың қалың ортасындағы тағы бір храмға соқтық. Бұл да жаңадан салынған. Еңсесі көтеріңкі, жаңаның аты жаңа емес пе, жайнап тұр. Іші-сырты мәрмәр. Бірақ Тәж — Мәһалдағыдай қайдан болсын, сырты шымқай аң емес, тамырланған көкшіл жүйелермен тарғылданып тұр. Тұтас түсі — сұрғылт боп көрінеді.
Осы әңгіменің басында Бенаресте мың жарым храм бар деп айтып кетіп едім. Менің ол айтқан цифр бұрынырақтағы ақпардан алынған. Университеттегі храм мен мынау екеуі сол мың жарымның сыртындағы дүниелер.
Храмға кіргенде сол жақ мүйісте үлкендігі орта бойлы кісідей бір құдайдың бейнесі бар. Кәдімгідей киіндіріп, қасы — қабағын, бетін бояп, нағыз тірі адамға ұқсатып отырғызып қойыпты. Осы күнгі балалардың қымбат қуыршағы сияқты, мойнын бұрып, басып изеп қояды.
Храмның мәрмәрмен қаптаған төрт қабырғасы түгел жазу. Санскрит жазуы. Осыған «Рамаяна» атты үлкен діни дастанның өледі түгел сыйыпты. Храмның ішінде кезіп жүрген сақал-мұртына ұстара тимеген кішкентай дара шал назарымызға түсе берді. Маңдайын ақ тайғақ балшықпен бояп, ортасынан қызыл сызық тартқан. Ышқырына байлап алған, әнде әзер жасыратын бір жапырақ шүберектен өзге үстінде тұлдыр жоқ. Қарына бір кенеп қапшық іліп алған, шамасы, қонар жердегі төсек орны болу керек. «Бар байлығым тула бойымда» деп жүргеннің нағыз өзі. Храмның ішінде қисалаңдап жүр. Қолымен қабырғадағы жазудың астын сызып, ернін жыбырлатып оқиды. Дін болған жерде диуанасыз бола ма, үндінің бір диуанасы осы болар деп топшыладым.
Біздің тағы бір тамаша танысымыз болды. Ол біз жатқан мейманхананың — метр де өткелі. Былай жалпақ тілге салып айтқанда — осындағы ресторан залының бастығы. Орта бойлыдан темен сіреңке дара жігіт. Жары сопақ келген қайрақ бет, ұзыншалау істік мұрын, аласа маңдай. Мұндайлар қазақ арасында жиі кездеседі. Менің дәл осыдан аумайтын бір нағашым бар. Тек мынау одан сәл қаралау. Осындайлар, ар жағы тайыз болғанмен, іске шапшаң, пысық болады. Жүрісі де сергек — кеудесін еңкіштеу ұстап, екі иығын изеңдетіп, аяғын екпінді басады. Өзі европаша киінген. Шаңқай түсте де галстук мен бешпентін тастамайды.
Біз тамақ ішер кезде — өзінің бұрыштағы бөлек тұрған столына барып, қағаз қарап отырған болады. Қасымызға официант келгенде көшеге үңіліп, қандай тағам таңдарымызды білмей қиқалай бастағанымызда изеңдей басып біздің столға жетіп келеді. Столды орағытып барып әсем қимылмен шекесінен қарап тұра қалады.
— Салатыңыз қалай, жақсы ма?
— Салат? О, йес, салат гуд!
— Кари? О, йес, кари гуд!
Үні ашық. Даусы шықырлап шығып, тура құлақ шекеңе қадалады. Оның айтуынша бәрі «гуд», ресторанда жаман тағам жоқ. Және ерекше бір сәнмен теңселе тұрып даусын созып айтады. Оның «О, йес гуд» деген қыршыл даусы екі күннен бері құлағының түбіне қадалып қалған, кейде кешеде келе жатып та соны естігендей болам.
Біз столға отырар отырмастан — ақ ол ұшып тұрып бізге қарай емпеңдейді.
— Осы жігіттің ықыласы тегін емес. Бізді қайтсын, көңілі сізде, Майя Анатольевна. Бай құстың жүрегіне өшпейтін от тастадыңыз, — деп Исаак екеуміз Ганинаны әзілдейтін болдық.
Бүгін кешкі ас кезінде өзімен тілдесіп жөн сұрастық. — Калькуттаның университетін бітіріпті. Осында «метр де» боп істегеніне жылдан асқан. Жұмысы жайлы. Болашағы бар. Бұл арадан жақсы мінездеме алып, үлкен ресторанға ауысуға үміткер.
— Университеттің қай факультетін бітірдіңіз?
— Көркем өнер колледжін.
— Көркем өнер?!
Біз басында кішкене ыңғайсызданып қалсақ та, өзімізге мамандығы жақын адам боп шыққан соң, шұрқырасып сұрақ бере бастадық.
— Тагорды әрине оқыдыңыз ғой. Оның шығармаларына қалай қарайсыз?
— Тагор? О, йес, Тагор гуд!
— Сіз Толстойды да білетін боларсыз?
— Толстой? О, йес, Толстой гуд!
Бетінде де, дауысында да түк өзгеріс жоқ. «Сәлет? О, йес, сәлет гуд!» «Кари? О, йес, кари гуд» деп тұрған қалпынан тіпті аумайды.
Маһараджа сарайында. Күзетудегі қыз.
Ақымақтар күні
Бірінші апрель күнгі қалжың, қатар-құрбы, жора-жолдастарын алдау бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен — ау деймін. Осы бір салт Үндістанда да алдымыздан шықты. Мұнда тіпті бірінші апрельде ақымақтар күнін өткізеді екен. Кешке қарай біз сол қауымға шақырылдық. Ал, қазір ертеңгі астан кейін Бенарес Маһараджасының музейін көруге аттандық.
Бізді бастан жүрген инспектордың фамилиясы өзінің Аградағы әріптесі Шармаға ұйқас — Варма. Аласа бойлы, дембелше, жас ортасындағы адам. Биік құс мұрын, қырынан қарағанда күшігенге ұқсайды. Мұның да кәдімгі қуандық мұрты бар. Осы жақта сондай мұрттар көп екен. Бұл Шармадай емес, сөзуарлау, ретін тауып кісіге еркінсігісі келеді. Кездеспей жатып:
— Сіздің балаңыз көптеу? Менің бес балам бар, — деп хабарлап та қойды.
Біз келе жатқанда:
— Маһараджа үкіметтен 500 мың рупий пенсия алады. Өз имениесінен де жарты миллион табысы бар. Сөйтіп тұрып мен кедеймін деп зарлайды бұл Маһараджа, — деді Варма.
Маһараджа сарайына кірер жер әжептәуір село. Сол село жарып өткен асфальт тура сарай қақпасына келіп тіреледі. Маһараджа өзі үй-ішімен осында тұрса да — сарайын музейге айналдырыпты. Кірер ауызда билет сатып жатыр. Көру хақы — бір рупий.
Кірер қақпаның сол жақ бүйіріндегі қалтарыста сәкінің үстінде жеті-сегіз солдат жатыр. Киімдерін шешін тастап, бейқам кесілген екен, бізді көріп қысылып қалды. Бұрын Маһараджаның өз полициясы болған, қазір оның қаржысын ауырлап полиция ұстамайтын болыпты. Мына жатқандар үкімет әскері. Маһараджалар сарайын — тарихи бағасы бар ескерткіш есебінде мемлекет қорғауына алыпты.
Сарайдың ішкі қорасы әсем. Қиыршық қызыл тас төккен жол, кілемдей тықыр көк шөп. Бөлектеу тұрған бір ұзын үйге кірдік. Сопақтау залда пілдің ер-тұрманы. Жалпақтығы сынық сүйем пілдің өмілдіріктері мен құйысқандары ілулі тұр. Оларды кәдімгі кемер белбеу тәрізді күміспен, қоламен оқалаған. Көрер көзге сәнді.
— Маһараджаның он тоғыз пілі бар. Шұрайлы жері көп, ақ аулайтын орманы да бар. Қаланың ішінде де мұның меншікті жерлері болатын. Соған мейманханалар салдырғалы жатыр, — деді Варма ренішті дауыспен.— Сонда да бұл Маһараджа өзін кедеймін дейді.
Ал, Маһараджаның алатын пенсиясы мен табысы өзіне аз көрінуі және ғажап емес. Бір миллионға жуық рупий. Жүз жиырма бес мың сом шамасындағы ақша. Капиталист елдегі орта қол саудагердің табысы. Маһараджаға қанағат боларлық дүние емес.
Оның үстіне Маһараджалардың пенсиясын жою жөнінде парламентте айтыс болып жатыр. Бұл жағынан да тықыр таянған. Сонымен Индияның денесіндегі аппендицит сияқты феодализмнің осы қалдықтары — қазір капиталист организмге сіңу үшін қарекет жасауда. Пайдалы болса хан тұқымы саудагер болудан да тартынбайды. Маһараджалар хандық салтанатын жинап қойып ендігі тірлігін бизнестен іздейтін сияқты.
* * *
«Адам психологиясы» дейміз. Соған қарағанда психологияның жалпы адам баласына ортақ заңдары болар. Кісіні шошытатын, немесе жаныңды удай ашытатын көріністер баршаға бірдей ғой деп ойлаушы едім. Бірақ олай бола бермейді екен. Адам психикасы не нәрсеге болса да көндігіп кететін, өзінің қиналмау жағына бейімделе беретін деп қалдым. Әрі-беріден соң жүректің де қабығы қалыңдап, ыстық — суық етпейтін түйе табан болып ала ма, қалай?!
Кейін қалай боларын қайдам, әзірге менің жүрегім жалаңаш, қымтаусыз қалпында. Аш-арық кемпір-шалдың зары, қолын созып жаутаңдаған сәбидің көз жанары — бәрі келіп, жүрегіме қылқандай қадалып жатыр.
Индияда рикшаға таңырқау — анохронизм, артта қалған, көргенсіздік. Оны айтып ешкімді елең еткізе алмайсың. Бірақ неше күннен бері осыған көзім үйрене алмай-ақ қойды. Оларға қиналмай қарай алмаймын.
Мінекей, біз қалаға қайтып келе жатып үлкен көпірге иек арттық. Бүкір көпірдің кәдімгідей биік өрі бар екен. Теңкиген екі ірі кісіні мінгізген бір рикша велосипедінен түсіп өрге қарай итеріп барады. Жоғарыдан құлап келе жатқан қара тасты тірегендей шіреніп барып әзер қозғалтады. Енді осылай біраз шіренсе байғұстың жұлыны үзіліп кететін сияқты. Коляскада отырған инабатты екі кісі өзара әңгіме соғып келеді. Қаннен-қаперсіз. Көлігі өрге қарай қиналғанда кісі мал екеш малды да аяп, түсіп жаяу жүруші еді…
Мен түсінбеймін. Анау алаңсыз әңгімелесіп отырған екі адам да нағыз шімірікпейтін без бүйрек емес шығар… Әлде кісіде, көре-көре, аяушылыққа қарсы иммунитет пайда бола ма екен?..
* * *
Бірінші апрельге арналған кешті тамашалауға барар алдында Үнді — Совет қоғамына соқтық. Қырық-елу адам бір үйдің үшінші қабатында қарсы алды. Әр түрлі жастағы адамдар жиналыпты. Іштерінде әйелдер, қыздар бар. Қоғамның бастығы жұтқыншағы жұдырықтай ұзын бойлы, қоңқақ мұрын, арық қара кісі екен. Өзі аң жарқын жақсы адам болу керек, сойдақ тістерін ақситын жиі күледі.
— Бүгін сіздермен кездесуге кісі жинау азан болды. Кімге телефон сок, сам да — білеміз, бүгін бірінші апрель, — деп сенбейді,— деп күлді ол…— осы жұртты ант — су ішіп әзер сендірдім.
Әйтеуір келгелі жағына тыныш жоқ. Жөне сөйлегендегі кескіні тамаша — көсіле ұзақ сілтеп, өз даусын өзі сүйсіне тыңдап, терісі кеңіп, балқып отырады. Күні бұрын күлімсіреп, кейде мырс етіп, жұртты риза қылар алдында өзі рақаттанады. Қайтсын, Москвада сонша оқыған үнді ұғар жан жоқ, зарығып көрген құлақтары ғой мына қалқиғандар. Мұндай тыңдаушылар табыла бере ме.
* * *
Жиырма-отыз адам сыятын шағындау қайықтың үстіңгі жағына тақтай төсеп палуба жасаған. Ал, төбең тимей еркін жүретін төменгі жағын ескекшілер орны дейсіз бе, әлде каюта, трюм компания дейсіз бе, өз еркіңізде. Қараңғы түсе біз осындай бір қайықтың палубасына жиналып жатырмыз. Адам көбейіп кетті. Сығылысып, бір-бірімізді қысып барамыз. Жұрт әлі келіп жатыр.
Жиналып жатқандар негізі интеллигент қауым. Жастарынан гөрі егде тартқандары басым. Бір-бірін жақсы танитын аралас-құралас адамдар. Бұлар бірінші апрель құрметіне — ақымақтар күніне жиналып жатыр. Қазақша тұспалдағанда — сайқымазақтар жиыны деп атаған тура боп қалар. Келген жұрт бір-бірімен қағыта амандасып, салғаннан-ақ шымшыма әзілге кетісіп жатқан сияқты.
Бір қайыққа сыймаған соң жұрт екі қайыққа бөлініп мінді де, екеуін өзен жағасынан жүз метрдей ысырын, судың ортасына апарып матастырып қойды. Содан соң бір ұзын бойлы кісі шығып сөз бастады. (Үнділіктерді сипаттағанда — «қара, кара торы» деген сөзді айтпаса да болар еді, өйткені осы ыстық жақтың халқында әзірге мен шикіл сарысы былай тұрсын ақ құбасын да кере алмай келемін. Оның есесіне «дара» деген кісілеріңіздің өзі талай түске бөлінеді екен, шымқай қара, көкшіл қара, қоңырқай дара, қошқыл қара, керек десеңіз ақ дақтанып тұратын қаралар да бар.).
Кеш бастаушы қызғылықты сөйлеген болар, жұрт күліп, мәз болысып тыңдады. Үнді әдетінде сыйлаған адамдарына гүлден алқа тағатын дәстүр бар ғой. Ол жабық құмыраны еденге ұрып сындырып, ішінен алқа алып әркімге тағып жатты. Бірақ бұл алқасы гүл емес әркімнің мінезіне, істейтін кәсібіне қарай таңдап алған болар, неше түрлі күлкілі заттардан тізілген. «Совет» («Совет әйелі») журналының редакторы еркек болуы алдында да біраз әзілге себеп болып еді, бұл жолы да біраз қалжың айтылып, жұртты күлдіріп, бір құмыраны Исаактың алдына әкеліп жарды. Құмыраның ішінен жөргекке ораулы қуыршақ бала шықты да, оның алқасы тізілген емізік болды. Және атын атауға болмайтын заттарды емізік қып тиіпті. Жұрт қыран-топан күліп жатыр. Исаак алқаны мойнына киіп, жөргектегі «баланы» әлдилеп жұбатуға мәжбүр болды. Өйткені осы кезде тұс-тұстан жылаған баланың даусы жамырап қоя берді.
Осы кезде екі жас жігіт жағалай жүріп подноспен шербетке ұқсас тәтті ұсынды. Дуылдаған ойын-күлкі басылар емес. Бірінен соң бірі шығып, суырыла сөйлеп жұртты күлдіріп жатыр. Олардың сөздерінің қаншалықты тапқыр, қу тілді екенін білмеймін, бірақ осындай кеште жұрттың өзі күлуге дайын тұрады ғой.
Үнді тілінің де диалектісі көп екен. Және анау-мынау емес ол диалект өзгелері түсінбейтін бон шықты. Бұлар енді өздерінің жергілікті Бенарес диалектісі көшіп кеткенде біздің мақтаулы Исаагымыз меңіреу бон қалды. Ендігі әзіл-қалжыңды осында бізбен бірге келген Үнді — Совет қоғамының бастығы Исаакқа жергілікті диалектісі үндінің әдеби тіліне аударып беріп отыр. Сөйтіп ол Исаакқа, Исаак бізге аударса шарт та жұрт ұшқыр қалжыңның сілімтігі шықпай ма! Сондықтан да Исаакқа «сен аудармай-ақ қой» деп жай бақылап отырдым.
Кейде түгін түсінбесең де күлген адамдарға қарап, өзіңнің күлкің келеді. Қараңғы түнде ортамызға жарқыратып газ фонарын жағып қойған. Күлкіден екі қайық бірдей солқылдайды. Жұрттың бәрі мәз-мейрам. Бірінің әзілін бірі қағып алып жалғап та кетеді. Менің қасымда тырнадай арың тарамыс қара кісі отыр. Жағы қушиған кішкене бет, үлкен ауызды кемиек, үшкір имек тұмсық. Түрі әлі мойын жүні шықпаған күшігеннің қызыл шақа балапанынан аумайды, Әсіресе аяқтай аузын кең ашып қарқылдан күлгенде — құдды жем сұраған балапан. «Ва, ва» деп айтушыны қостан қояды. Үнді — Совет қоғамы бастығының да езуі жиылмай қойды. Үстіңгі ернін керіп тұрған сойдақ тістері бір жабылмайды. Бір жұдырықтай ғана қатпа шал ұшып — ұшып тұрып, өлең бе, қара сөз бе, әйтеуір бір нәрсені судырата жөнеліп, жұртты ду күлдіреді.
Адам баласының қасіреті мен қуанышы ұқсас екен-ау. Мынау дуылдан мәз болып отырған жұрттың кескіні маған соншалық таныс сияқты. Осындай ұшқыр әзіл-қалжыңды, қарқын күлкіні қазақтар арасында да талай естігенмін.
Біраз әзіл-қалжыңнан кейін толықтау келген ірі жігіт ән бастап кетті. Құлаққа жағымды жуан қоңыр дауыс. Өзге жұртты қайдам, үндінің әндерінің мен үшін бір сиқыры бар. Әдемі майда қоңыр ақырындап бойыңа таралын, алпыс екі тамырыңды түгел жайлап алады. Асықпай еліктіріп, өзінің тәтті сырымен баурай береді. Мына жігіттің даусы түнгі Гәңгінің үстінде жайымен ерлеп, баяу ырғалып барады. Елітіп қалған жұрт ырғақтың нәшіне келгенде «ва, ва» ден дауыстап, қостап қояды. Бұл да қазақтың «Уа, пәлі!» деген көтермесі сияқты.
Жағалауда жылтыраған қаланың оттары бүкіл қараңғылықты қасиетті өзеннің үстіне сырып тастаған. Гәңгінің жоғарғы жағында жиекте лаулаған от. Байқап отырмын, мана бір әзірде тұтатып еді, қазір жалыны отау үйдей боп лапылдайды. Қараңғы түнде суға сәулесі түскен қызыл жалын сондай әсем. Бұл кеше біз керген мүрделерді өртейтін жерде. Ол жағалаудың оты күндіз-түні сенбейтін болар.
Тағы да ән басталды. Талдырмаш денелі бала жігіт ортаға шықты. Көзі жаудыраған қара торының сұлуы. Бізге сыбырлап жеткізіп жатыр, жаңа бастап жүрген талапкер ақын екен. Мұның даусы жіңішке, тал жібектей ширатылған жүрекке жағымды майда сазы бар. Нағыз үндінің лирикалық әндерін айтуға жаратылған. Дауысында ынтығу, аңсау бар, талмаусырап жетіп діңкеңді құртады. Кинодан, радио, магнитофоннан естіп есім кетіп жүргені әншейін үнді әндерінің көлеңкесі боп шықты. Үндінің әнін, бүгінгі техниканы жинап қойып, үндінің өз аузынан, қалың үндінің қақ ортасында тыңдау керек екен.
Бүгін бір ғажайып кеш болды. Маған тінті осылардың әзіл-оспағын, салған әндерінің өлең — сөзін түсінудің қажеті жоқ. Өзімше бәрін ұғып отырмын. Іргеміздегі түнгі тіршілігі қайнаған тар дала, манадан бері жүзі таныс болып үлгірген, көздері жылтырап, боп отыратын үнділер, дара мақпал жұмсақ түн, тамылжыған үндінің әні, анау жұлдызы жамыраған биік аспан — бәрі келіп кеудеме құйылып жатыр. Оған тілмаштың керегі жоқ.
Мына жұрттың бір тамшы ішімдіксіз сонша көңіл көгергені… шынында да ойландыратын нәрсе. Бізге рұқсат берер алдында төменге түсіріп, қара көлеңкеде аты белгісіз, әйтеуір бұрышы мықты бір тағаммен сыйлады — кішкене қайықпен жиекке шығарып салды.
Алдыңғы күнгі аралаған көшемізбен қайтып келеміз. Кешкі тіршілік әлі тоқталмаған. Сол баяғыдай құжынаған адам.
— Мынау актриса тағы да мұнда жүр ғой, — деді бір қағытып.
Әлгі жалаңаш денесін жолбарыс терісіндей жалап, етіп бояп алған үрпек бас кішкене қыз. Оның жасаураған ашқарақ көзін көргенде менің күлкім келген жоқ. Әлгі досымыз аянышын алғашқы күні есепсіз жұмсап таусып алыпты, дауысында кекесін бар.
Енді кішкене жүргенімде құлағыма сыбызғының таныс ырғағы сап ете қалды. Соған ілесе «ван рупий, ван руний» деп талмаусыраған сәби даусы естілді. Тағы неше күн, неше жыл кеше кезіп зарлар екенсің байғұс бала?..
Біз аттаған сайын бәрін танып келеміз. Көше алдыңғы күнгі тіршілігін айна қатесіз қайталайды.
Ертең аттанамыз. Байқайын. Үнді еліне кәдімгідей үңгіп кіріп келеміз. Енді қандай ғаламаттары бар? Онысын алдан күтеміз.