Жалқаулыққа жоқ дейік!

Жалқаулықты жеңіп және өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау

екендігіңізді мойындаңыз. Егер логикалық жағынан қарасақ,

жалқаулық деген шынымен жоқ, өйткені біз ұзақ уақыт жай жата

алмаймыз, ол мүмкін емес. Өйткені біз жүреміз, тамақ ішеміз,

демаламыз, ойлаймыз, бұны жалқаулық деп айтуға болмас.

Шынымен жалқаулық дегеніміз, адамның мақсатына жетуге

бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету үшін өз

ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін өз

ісіңізбен айналысқаныңыз жөн.

Өз еркіңді жеңу өте қиын. Яғни, қаламай тұрған істі істеу

немесе қалап тұрған нәрседен өзіңді тию тек ерік-күшін басқара

алатын адамдардың ғана қолынан келеді. Мәселен,

алдыңызға арықтаймын деп мақсат қойдыңыз, бірақ, еркіңізді жеңе

алмай «бүгінше жей тұрайын, ертеңнен бастап диетаға отырамын»

дейсіз. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дегендей ертеңіне тағы да

осылай жалғаса береді. Бірақ, қанша уақыт сырғып өтсе де дегеніңізге

жете алмайсыз.

Өйткені, сіз жалқаусыз. Өз денеңізді өзіңіз басқара алмайсыз.

Біліп қойыңыз, мұндай адам еш жетістіктерге жете алмайды. Ал ерік-

күшін жеңе алатын, өзінің бойын да, ойын да басқара алатындар

уақытты ерттеп мініп алады да мақсатына жетіп, айналасындағыларды

таң қалдырады. Ерік-жігерді қалай бағындыруға болады?

Жалқаулықтан арылу үшін, өзіндік даму ғылымын жетік

меңгерген, қайыршыдан миллионер болған Алекс Яновскийдің

айтуынша, ең алдымен, бүгін жаасайтын шаруаңды ешқашан ертеңге

қалдырмау қажет. Тіпті, уақытыңыз болмай, басқа шаруалар киіп кетіп

жатса да, бүгінгі ісіңізді міндетті түрде бүгін істеп машықтаныңыз. Бұл –

жалқаулықты жеңудің бірінші және негізгі тәсілі.

Екіншіден, арнайы блокнот сатып алыңыз. Сөйтіп, кешкілік

ертеңгі күнге жоспар құрып жазыңыз. Не істеу керек, қайда баруыңыз

қажет, кімге қалай сөйлегеніңіз дұрыс, үстіңізге не киесіз? Таңертең

үйіңізден шыққаннан кейін кешке үйіңізге келгенге дейін бәрі-бәрі

жоспарлы болуы керек. Және блокнотыңызда жазылғандардың

барлығын рет-ретімен орындауға өзіңізді мәжбүрлеңіз. Кежегіңіз кейін

тартса да бүгінгі атқарылуы керек жұмысты ертеңге қалдырмаңыз.

Мұны күнделікті берік әдетке айналдырыңыз.

Міне, қарапайым осы екі жаттығу арқылы сіз жалқаулықтан жүз

пайыз болмаса да, 90 пайыз көлемінде құтыла аласыз. Бұны жүзеге

асыру сізден ақшалай шығынды, көп күш-қуат немесе уақыт жұмсауды

қажет етпейді. Тек ниет пен ынта болса болғаны.

Аманжол Рысмендиев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *