Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!
Иә…
Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.
Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов.
Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, ұлттық салт — дәстүрімізді құрметтеуге, Отансүйгіштікке, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу мен қоғамдық сананы жаңғырту – заман талабы болып отыр.
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.
Осы мақсатта: Шымкент қаласы «Асар» ш/а №89 мектеп – лицейде атқарылған іс – шаралар қыруар…
2017 жылы 10 қазанда күні Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «100 кітап» жобасы аясында «Сиқырлы кітаптар елінде» 1-4 сыныптарда көлемді іс – шара өтті. Сонымен бірге, «100 кітап» жобасы аясында «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында эссе байқауы өтсе, сол жоба аясында «Артық білім – кітапта» атты дөңгелек үстел 9-11 сыныптар арасындағы тағылымы терең ой — пікірлер көптің көңілінен шықты.
Кітап сенің ақылшың, сенің ой – санаңның дамуында кітаптың атқарар қызметі мол. Рухани жаны байдың, рухы биік азаматтары болары хақ…
2017 жылы қараша айында оқушылардың туған елдің, туған жердің тарихын үйрету, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қазақстанда өлкетанудың дамуы мен қалыптасуы» тақырыбында мектеп – лицей оқушылары Шымкент қаласындағы «ТАРИХИ – ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА» саяхатқа барды. Мұндағы негізгі мақсат: Н.Ә.Назарбаевтың «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі»- деген пікірімен байланысты екендігін оқушыларға насихаттау болып табылады.
«Туған жерге туыңды тік» — демекші, еліміздің көк туын желбірететін азаматтар, халық болашағы жастар екендігіне көз жеткізу. Мұражайлар — бұл тарихи естеліктер мен өткен ғасырлардың мұрасын сақтайтын орындар. Мұражайлардың біздің өмірімізде орны өте маңызды, мұны оқушылардың білуі тиіс…
Қазақстанның тарихи орындарын дәріптеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Өлкетану» бағыты бойынша, 2018 жылы 15 сәуір күні рухани қаламыз Түркістанға саяхатқа барды, «Ата – баба мұрасы мәңгілік», «Бабтардың бабы Арыстан баб», «Аталар рухы мәңгілік өшпес» атты ұстаным негізінде жүзеге асырылды.
Мақсаты: Оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы жайлы және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылғаны жөнінде таныстырылып, Әмір Темір тікелей өзі қатысып, құрылысы басталғаны, архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынғаны, кесене жобасының ерекшелігі — онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған сәулет өнерінің құрылысы басталғаны туралы мәліметтермен оқушылар танысып, рухани азық алды. Сондай – ақ, осы тақырып аясында «Сайрамда бар сансыз бап», «Сайрам елді мекенінің географиялық жағдайы» тақырыптарында, Сайрам елді мекеніндегі тарихи – мәдени орындарға зиярат етіп, елді мекен тіршілігімен танысып қайтты. Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту – негізгі мақсат болды.
Қазіргі заманда өскелең ұрпаққа, заттай дәлелдемелер, өткен ғасырлар сырын шертетін мұражайлар өте маңызды.
Мұражайларға бару, өз тарихын, өткен мен бүгіннің бір-бірімен тығыз байланысты екенін білу, сезу әр адамның адамилық қасиеттері болып саналады.
Экскурссиялық саяхатты ұйымдастырып, оқушыларға жақсы көңіл – күй сыйлаған мектебіміздің ДТІЖО –лары: Қожбанова Нұржамал Исмайылқызы мен Якубаев Шоқан Халиұлаұлына мектеп – лицей оқушылары мен ата – аналары дән риза.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиелеуші адам өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек» — деген екен.
Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – жас буын. Олар заман талабына сай, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салтты, тілі мен ділді, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алатындай болу керек. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы,тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.
№89 мектеп – лицей
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Байрбекова Фарида Закировна