Алма түріндегі кітап сөресі

Кітаптану — баспасөз шығармаларын зерттеп, олардың пайда болуын, таралу және пайдаланылуын, сондай-ақ осы процестерді іс жүзінде асыратын мәдениет пен халық шаруашылығы салаларын да зерттейтін дербес ғылыми пән.

Кітап берілімі — оқырмандар мен абоненттердің сұранымы бойынша берілген кұжаттардың саны. Ол оқырмандарға кызмет көрсетудегі кітапхана қорының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады, сондай-ақ кордың айналымын, оқылымын және т.б. анықтауда қолданылады.

Кітап ұстағыш — сөреде немесе үстел үстінде кітапты тік ұстайтын (қоятын) тығыз материалдан жасалған тетік.

Кітап тасу — оқырмандарға кітапханадан тыс кызмет көрсету түрі. Жұмыстың бұл түрі бойынша кітапхана белсенділері (кітапханадан немесе көшпелі кітапханадан) оқырмандардың жұмыс орнына болмаса тұратын жерлеріне кітаптарды жеткізіп береді.

Кітаппен қамтамасыз ету — ауданның қаланың, елдің әрбір тұрғынына немесе кітапхананың, кәсіпорын, оқу орны ж.т.б. Ұжымының әрбір оқырмандарына шаққанда олардың әрқайсысына келетін кітапхана кітабының орташа саны. Кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіші кордың көлемін, оқырман санына қатысты сипаттайды.

Кітап алмасу — бір кітапханадан немесе ғылыми мекемелерден екіншісіне тегін немесе арнайы уағдаласқан жағдайларда тұрақты пайдалануға құжаттарды беру.

Кітап басу — 1. Баспа кітабын және жалпы баспасөз туындысын әзірлеп шығару жөніндегі өндіріс процестерінің шоғыры; 2. Полиграфия өнеркәсібіңдегідей өндіріс саласы.

Кітапханаларды кітаппен қаматамасыз ету — кітапханаларды жаңа шығып жатка құжатпен қамтамасыз ету; Мемлекеттік қаулылармен арнаулы келісімдерге негізделген, олар баспаханалардан, баспалардың, кітап сату ұйымдары мен кітапханалардың арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Кітап сауда библиографиялық құрал — баспасөз өнімдерін сатып өткізу мақсатын көздеп шығарылатын және пайдаланылатын библиографиялық кұрал.

Кітап сауда бюллетені — баспаның жылдық тақырыптық жоспарына енбеген және басқа да жарнама-ақпарат материалдары қамтитын ақпараттық бюллетень. Бұрынғы «Союзкнига» ВГО ақпарат бюллетені басылымдар туралы мәліметтердің жиналуына қарай (жылына 30-дан 70 нөмірге дейін) шығарылып отырылады. Негізінен кітап сауда ұйымдарына осы басылымдардың таралымын анықтауға көмектеседі.

Кітап сауда каталогы — белгілі бір кітап саудасы ұйымдарының, кітап дүкендерінің ассортиментінде бар әдебиетті көрсететін библиографиялық құрал.

Кітап белгісі — кітаптың қажетті бетін белгілеп қою үшін қатты қағаздан ақпараттық жарнама мәліметтері немесе әртүрлі бейнелерді бар жіңішке ұзын етіп қиып алынған қиыкша. Бұл кітаптың қажетті беттерін белгілеп қою үшін кызмет атқарады.

Кітап қойылатын сөре — кітаптар мен басқа құжаттарды сақтау үшін арнайы жасалған сөре.

Кітап дәптері — кітап шоғырының бөлігін құрайтын және қапталған (бірнеше парақ етіліп бүктелген) баспа бет парағы.

Кітап саудасы — 1. Мерзімді емес басылымдарды кітапты, кітапшыларды, плакаттарды, ашық хаттарды, ноталарды т.б. Сату және сатып алу жөніндегі кызмет; 2. Баспа өнімін тұтынушыларға жеткізу кызметін атқаратын кітаптардың қоғамдық өндірістегі айналым аясын ұйымдастыратын сала.

Кітап басылымы — мұқабада немесе түптеме де кез-келген ауқымдағы баспасөз материалының шоғыр түріндегі мерзімді емес басылым.

Кітап шоғыры — мұқабамен қаптау немесе түптеме қақпағына салу үшін барлық беті және болашақ басылымның белшектері бар бекітілген дәптерлер немесе па рактар шоғыры.

Кітап қоры — кітап басылымы белгілері бар баспасөз туындыларынан тұратын кітапхана қорының бөлігі. Кейде «кітап қоры» терминінің орнына «Кітапхана қоры» деген термин қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *