Ресейдің астанасы Мәскеу қаласындағы № 2053 мектептің жаңа дизаины маған қатты ұнады. Мектептің кабинеттері, асханасы, ауласы оқушы мен ұстазды өзіне тартады. Күнде жұмыстағы көңіл күйдің 20 пайызы сол жердің дизаинына да байланысты екен. Осындай ғажайып әсем әрі көркем мектептер оқушының санасына да жақсы әсер етіп, ал мұғалімнің шабыттануына үлкен септігін тигізері айқын.