Тоқтасынова Нұржамал Қуатбекқызы
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Адам арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Адам өмірінің ең негізгі бөлшегі болып саналады. Ата-бабаларымыз «Адам екі жағдайда қателеспеу керек: біріншісі – екінші жартыңды таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда», — деп бекер айтпаса керек. Мамандық таңдау – бұл адам өмірінің ең маңызды ісі. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандығымызда өмір бақи қызмет атқарамыз. Адам өз мамандығының нағыз иесі болу үшін, оны бар жан-тәнімен жақсы көру керек. Абай атамыз айтпақшы «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан». Кез келген адам өмірден өз орыны таба білу керек.
Ұстаз – ұлылықтың символындай ұғым. «Екі түрлі адамды нағыз адам деуге болады, бірі – үйретуші адам, екіншісі – үйренуші адам», — дейді Жүсіп Баласағұн. Адамдықтың белгісін бұлайша пайымдау, ақиқатында дұрыс.
Ана жарық дүниеге адамзат баласының тән көзін ашушы болса, екінші мәрте фәни дүниеге көкірек көзіңді ашушы – ұстаз. Сондық да өмірге адамдық қалыппен қайта тудырып, көкірек көзіңді ашушы ұстаздың қадір-қасиеті жеке адам үшін де, анадан кем емес. Белгілі қоғамның бет-бейнесі, тағдыры сол қоғамды құрушы әрбір адамға байланысты десек, осы адамдарды тәрбиелейтін ұстаздардың қолында аса жауапты міндет, ұлы құдірет бар. Бұл тұрғыдан алғанда, ұстаздар бүкіл қоғамның тәрбиешісі, жаратылыстық дүниенің болашағына әсер етуші ең негізгі субьекті болады. Сондықтан да ұстазының алдында жүгінбеген ғұлама, ұстазына бас имеген ұлы қолбасшы жоқ.
Ұстаз – өскелең ұрпаққа білім мен тәрбиенің дәнін қатар егіп, жас шыбықты баптап, жемісін күтетін бағбандай тер төге еңбек ететін тіршілік иесі. Алайда, адам баласының жер басып жүрген пенденің бәрі бірдей емес. Осынау адамзат баласының ішіндегі шәкірт жанын терең үңіліп, оның белгілі бір қабілетін шыңдауға, қызығушылығын арттыруға жан-тәнімен еңбек ететін ұстаздар қауымы да ауыз толтырып айтарлықтай көп емес. Менің ұстаз болуыма негіз болған, ол менің мектептегі ұстазым. 5-11 сыныптар аралығында өзімнің сынып жетекшіме қатты еліктеп өстім. Айгүл есімді ұстазым бар болмысымен, жүріс-тұрысымен, сабақ беру, балалармен жұмыс жасау тәсілдермен мені тәнті етті. Осы күнге дейін сол ұстазыма деген құрметім шексіз. Сол себепті, мен де өз мамандығымның нағыз иесі болғым келеді. Кәсіпте биік белестерге жету үшін барынша еңбектеніп, жаңашыл болу қажет. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Мұғалім қоғам өмірінің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді», — деген екен.
Бүгінде елімізде білім саласына байланысты көптеген бағдарламалар бар. Атап айтатын болсақ «Болашақ». Бұл бағдарлама қазақ жастарының да ешбір бір елден кеп түспей, тең дәреже де кейде, олардан да озып жатқандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеп жүр. Бұл осы саладағы тиісті реформалардың тиімділігін арттырмақ. Ұстаздар қауымын қуанышқа бөлеген тағы бір жаңалық – мұғалімдердің статусы айқындалуы. «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң келер жылы қабылданбақ. Аскен Мұхамбетқалиев, ғалым – ұстаз: Педагогтың мәртебесі, яғни оның қоғам алдындағы беделі, оның болмысы, оның атқарып жатқан қызметі және сол қызметінің тиісті дәрежеде бағалануы.
Менің есімім Нұржамал. Мен жас маманмын. Осы салада жұмыс жасап жатқаныма биыл үш жыл толады. Өзімнің жетістіктеріме тоқталатын болсам. «Рухани жаңғыру» бағадарламасы аясында облыстық жас мұғалімдер форумына, 2016 жылы Астана қаласында өткен Республикалық «Тамыз кеңесіне» қатыстым. Осы жылы Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында курстан өттім. Көптеген аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алдым. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. «Бұл — тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік туады» — деген тұжырым Қазақстан тарихшыларына үлкен сенім, әрі міндет артады. Елбасының мақаласы отандық тарихты дамытудың жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсетеді. Бұл туынды Президентіміз айтып кеткендей, оның «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылады Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз. Болашақ біздің қолымызда!