1. Дарияға ат салмай тұрып кешуін тап.
  2. Жаман жабы жемқор босла, дорбанын түбін тесер.
  3. Жаман айғырда жал болмас.
  4. Жалғыз тайды үйреткен,
    Сайыс болып аталмас.
    Жалғыс терек көгерткен,
    Бағбан болып аталмас.
  5. Жақсы ат аяғынан майрылар,ер жігіт езден майлырар.
  6. Жабағы тай деп қорлама,жолға шықса ат болар.
  7. Жалы семіз есектен,жауыр болса да ат жақсы.
  8. Жалғыз атта дамыл жоқ, жалғыз жігіте әмір жоқ.
  9. Жақсыда мін жоқ ,жүйректе сын жоқ.
  10. Жаман ат соқпақшыл,жаман кісі тоқпақшыл.
  11. Жауынды күні ат көрме,айт күні қыз көрме.
  12. Жүйрік шабан болады,мойынынан жал кетсе
    Жақсы жаман болады, қолынан мал кетсе.
  13. Жақсы ат-жанға серік,жақсы ит- малға серік.
  14. Жақсы ат алдынан сүрінбейді,артынан сүрінеді.
  15. Жақсы атқа бір қамшы,жаман атқа мын қамшы.
  16. Жақсы ат ажалға ара тұрмаса да, жаудан құтқарады.
  17. Жақсы айғырдын үйірін ат жақтайды.
  18. Жаман айғыр енесіне шабар.
  19. Жақсы аттын тісін ашпа,жақсы кісінің жасын сұрама.
  20. Жорғадан туған жортақ бар ,батырдан туған қорқақ бар.
  21. Жылқы жылың ілгері.
  22. Жауыр мен жауыр қасынып табысады.
  23. Жауыр атқа жіп құйысқан.
  24. Жылқының шұбырған таусар,
    Етті қуырған таусар.
  25. Жортар аттың тоғы игі.
  26. Жаман айғыр үйірін жауға алғызар.
  27. Жаман айғыр үйірсек,жаман күйеу қайынсақ.
  28. Жалаң аттың жалымен жалаң қылыш жүзімен.
  29. Жылқыны бөгелек аздырар.
  30. Жүйрік атқа мінген Құдайды ұмытады.
  31. Жылқы бақтым- жорғалаттым.
  32. Жаман айғыр енесіне тап берер.
  33. Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.
  34. Жауыр атқа қамшы ауыр.
  35. Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.
  36. Жаман ұры жақындағысын қармайды.
  37. Желі құтты болса,бие сүтті болады.
  38. Жақсы айғыр енесіне шаппайды.
  39. Жылқының сүті шекер,еті бал.
  40. Жақсы атпен жақсы жігіт көптік.
  41. Жетелеген ат аңға жарамайды.
  42. Жүйіріктің шашасына шаң жұқпайды.
  43. Жылқының басы мың қаладан қайтады.
  44. Жүйрік ат бірде ат,бірде қанат.
  45. Жарамсыз ат жан қинар.
  46. Жаман ат өршіл,жаман адам төршіл.
  47. Жаман да болса жылқы жасағы.
  48. Жаман биені жабула да, құлынын ал.
  49. Жылқы құлынынан өнеді,
    Ақша тиыннан өнеді.
  50. Жоңға салсаң-жүйрік,
    Жолға саласаң-жорға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *