ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Арда сауғанның ары кетеді.
  2. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
  3. Аттың жемін жеп, тайдың жүгін көтереді.
  4. Арыған ат шұқанақ санайды,
    Ашыққан ат қолыңды жалайды,
    Жараған ат көзіне қарайды.
  5. Ат болар құлынның артқы аяғы талтақ келер.
  6. Асау атты таға тоқтатады.
  7. Ат биеден, аруана түйеден.
  8. Ат жанды болсын, ет қанды болсын.
  9. Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер.
  10. Атты тойдан аясаң да қойдан аяма.
  11. Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
  12. Атқа мінген кісінің
    Тайға тақымы толмайды.
  13. Атың артық болса бір шап ,отының аз болса бір жақ.
  14. Ат семірсе иесін тебер.
  15. Ат аяған ат мінер, тон аяған тон киер.
  16. Азулы ат арымас.
  17. Атты кісі жаяудың ақысын жемейді,
    Ақысын жесе оны жұрт мақұл демейді.
  18. Ат жүрісімен пұл болады, жаман жүрісімен құл болады.
  19. Ат қосақсыз жүрмейді.
  20. Ат айында құлындайды, бие жылында құлындайды.
  21. Аты ақысын жаяуға жібермейді.
  22. Атың жаман болса, арманың кетер,
    Балаң жаман болса, дәрменің кетер,
    Қатының жаман болса, келгенің кетер.
  23. Атты күнде мінсең- туақ,
    Аптада мінсең – кунақ .
    Айында мінсең – ат,
    Жылында мінсең – тұлпар.
  24. Атсыздың атасы құнсыз кетеді.
  25. Ат қызығы арығанша, адам қызығы қарығанша.
  26. Ат пен ат ақырлас болса, меңі жұғады,
    Ат пен есек ақырлас болса, зеңі жұғады
  27. Ат арбадан қашып құтылмас , түйе жүктен қашып құтылмас.
  28. Аты бардың тынысы бар, асы бардың ырысы бар.
  29. Атына әлі келмеген, арысын төбелейді.
  30. Атқа міндің – ажалға міндің.
  31. Арғымақтың белгісі – аз оттап, көп жусайды.
  32. Ат жақсысы – кермеде, ер жақсысы – түрмеде.
  33. Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.
  34. Ат айналып қазығын табар, сөз айналып жүйесін табар.
  35. Арғымақ аттың тұяғы тасты басса кетілер.
  36. Арық атқа жал бітсе,
    Жанына торсық байлатпас,
    Жаман адамға мал бітсе,
    Жанына қоңсы қондырмас.
  37. Арғымақ ат жабы болмайды, жалы кетіп арыса да,
    Назары аштың көзі тоймайды, бақ пен қыдыр дарыса да.
  38. Арқымақ жүйрікпін деп мақтанба, алдында талай өр бар.
  39. Айғырды неден салсаң, атты содан мнесің.
  40. Артқы айылым берік болса,
    Атым тулап не етерсің?
    Ағайын ым берік болса,
    Жатым маған не етерсің?
  41. Арық деген жаман тай, жазға шығып ат болар.
    Жамандығы сезілсе, жақын кісің жат болар.
  42. Ант ұрмай, ат жығылмас.
  43. Алысты жақындататын ат, жақынды алыстататын хат.
  44. Ақырлас аттың мінезі жұғады.
  45. Аласаны атқа санама,жақсыны жатқа санама.
  46. Арқанды ат қазығына оралар.
  47. Ай мінбей атыңды мақтама, жыл тұрмай әйеліңді мақтама.
  48. Ат иесіз болмас, қазан күйесіз болмас.
  49. Ат жақсысы-бозы болар, ит жақсысы- тазы болар.
  50. Ат жүйрігі-асқақ, тіл жүйрігі-басқа.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *