МАҚАЛ-МӘТЕЛ #2

  1. Батпаққа батқан пілді- піл ғана шығара алады.
  2. Барыстың құйрығынан алма, алсаң айырылма.
  3. Бақа да аяғын бір нәрсеге тіреп тұрып бақылдайды.
  4. Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа.
  5. Битке пышақ суырма.
  6. Балақтағы бит басқа шықты.
  7. Борсық ұрған сайын семіреді.
  8. Бозбала бастаған ел оңбас,
    Құралай бастаған киік оңбас.
  9. Бұлбұл гүлдің ашылғаның көрем деп сайрайды.
  10. Бұлбұлдың да жемсауы бар.
  11. Бұтаға паналаған торғай да аман қалды.
  12. Бақа да батпағын сағынар.
  13. Бүркіт ұя басса, тышқан тыншығанына қуанады.
  14. Бүркіт саңқылдаса, киік күбектейді.
  15. Баба бүркіт барлап ұшса, бала бүркіт парлап ұшады.
  16. Бүркіт қартайса тышқаншы болады,
    Ер қартайса қазаншы болады.
  17. Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазады.
  18. Есті сұңқар енесінен үш бұтақ төмен қонады.
  19. Жаралы киік жата алмас.
    Жалғыз жатып оттамас.
    Қас жақсының белгісі,
    Қара сөзді қостамас.
  20. Жапалақ көрсең сатып ал,
    Жаманнан басыңды ашып ал.
  21. Жапалақты тасқа ұрсаң да- жапалақ өледі,
    Таспен жапалақты ұрсаң да- жапалақ өледі.
  22. Жапалақ керекке жараса, мерген неге менсінбесін?!
  23. Жапалаққа күннен түн жарық.
  24. Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас,
    Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас.
  25. Жер жүзін топан су қаптаса,
    Үйрек несіне қайғырсын?!
  26. Жолбарыстың үстінде келе жатып тебінбейді.
  27. Жомарт жүрекке иман қонады,
    Жомарт қолға аспандағы лашын қонады.
  28. Жұғын бар жерде- шыбын бар.
    Шыбын бар жерде- шығын бар.
  29. Ителгі баласы ілмей қалмас.
  30. Ителгі салған ет жейді,
    Атының етін ит жейді.
  31. Ителгінің қызығына қызыұсаң,
    Қаршығаңды қамшы етерсің.
  32. Күндіз бүркіт алса, түнде үкі алады.
  33. Киікті құралай бүлдірер,
    Елді күрегей бүлдірер.
  34. Көп суыр ін қазбас,
    Ін қазса, кең қазбас.
  35. Көш басшысы жоқ болса ел оңбайды.
    Құралай бастаған киік оңбайды.
  36. Көршілестің тауығы
    Қаз болып көрінеді.
  37. Көлмін деп мақтанасың,
    Суында бір балық жоқ.
  38. Керекейді өлтірме,
    Қонжығы қор болмасын.
  39. Киікті көрінбеген атады,
    Не ерінбеген атады.
  40. Кімнің тарысы піссе,
    Соның тауығы.
  41. Көкек өз атын өзі шақырады.
  42. Керуеннің түнгі жүрісін бозторғай біледі.
  43. Кенді жерде жылан бар,
    Шөлді жерде қыран бар.
  44. Кептер болып тусаң,
    Қарға болып өлме.
  45. Көрмеген көлде,
    Естімеген құстың үні бар.
  46. «Кімнің басы әдемі?» десе,
    Тасбақа мойнын созыпты.
  47. Кәрі араның балы тәтті болады.
  48. Көп құмырсқа жабылса түйені де өлтіреді.
  49. Қарға қарқылдаса,
    Қысты шақырады.
    Қаз қаңқылдаса,
    Жазды шақырады.
  50. Құстың қайдан екенің сұрама, сайрағанын сұра.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *