МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #1

  1. Тентектің тобасы болмас,
    Ақымақтың обасы болмас.
  2. Тентектің түбі теңіз.
  3. Тентекті тентек десең,
    Бөркі қазандай болады.
  4. Тентек өзін дәу санайды,
    Жантақ өзін бау санайды.
  5. Тентек отты тебемін деп,
    Аяғын күйдірер.
    Ділмәр шындықты жеңемін деп,
    Тілін күйдірер.
  6. Тентек жұртқа тентек,
    Өзіне мақұл.
  7. Тентек шоқпар жинар.
  8. Тигенге тиіп,
    Тимегенге сідігін шашады.
  9. Тентекті тентек десең,
    Телпегі қалпақтай болады.
  10. Тебегеннен тер,
    Қашағаннан қан жаудырады.
  11. Тұщы тәнге ащы таяқ.
  12. Тентекке күнде той.
  13. Тентекке тіл жаңғырақ.
  14. Тозбас жасау болмас,
    Бас білмес асау болмас.
  15. Түйедей бой бергенше,
    Түймедей ой бер.
  16. Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айт.
  17. Үлкен үй- ортақ,
    Кіші үй- бұлтақ.
  18. Ұрысқақ қоразға шыр бітпес.
  19. Ұлы дүбірдегі ұрыншақ,
    Ұрыншақ болса құлыншақ.
  20. Ұялған тек тұрмас.
  21. Ұят қатты дегенше,
    Етегін ашты дей бер.
  22. Ұялмаған ұялтады.
  23. Үйрене алмаған ұстазынан көреді.
  24. Үгіті келіссе үміті жанады.
  25. Шақпақ, шақпаққа от берген ақымақ.
  26. Шариғат ағып бір жатқан бұлақ
    Бұрынғының сөздері жағалай біткен құрақ.
  27. Шешеннің нақылы ортақ,
    Көсемнің ақылы ортақ.
  28. Міселі- абырой сақтайды,
    Місесіз- аруақ аттайды.
  29. Ойын түбі шынға кетеді,
    Шайтан түбі жынға кетеді.
  30. Түн кезе берген түбінде,
    Шайтанға жолығар.
  31. Ажалды шошқа орда оттайды,
  32. Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
  33. Ажалды киік адырға қашады.
  34. Айыр құйрық шаяннан,
    Айыр тілді адам жаман.
  35. Ақсұңқардың баласы,
    Алдына қоймай ас жемес.
    Анық жақсы баласы,
    Адамнан туса жат жемес.
  36. Аққу- құстың төресі.
  37. Аққу көлін аңсайды,
    Адам туған жерін аңсайды.
  38. Арпа арасындағы бөдененің көкейінтары теседі.
  39. Арыстан ауыздағысын алдырмас.
  40. Аң бар жерде ашуы да болады.
  41. Аспандағы сұңқардан, қолдағы тұрымтай артық.
  42. Арқар құлжасымен,
    Өзен жылғасымен.
  43. Ақбөкенді жатыр деме, көшпелі елді отыр деме.
  44. Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
    Қолындағы шымшығынан айырылыпты.
  45. Аюдың қасында шошқа жіптіктей.
  46. Аюға намаз үйреткен таяқ.
  47. Әр татудың басын аңсаған арқар аштан өледі.
  48. Әупілдек деген бір құс бар:
    Дауысы жер жарады,
    Қасына барсаң торғайдай.
  49. Бір тау- бір арқарды асырайды.
  50. Бір оқты бұлан көтереді,
    Екі оқты ұлан көтереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *