- Арзан мүлік сатып алатын бай емеспыз
- Ақшасыз базарға барғанша,кетпен алып мазарға бар.
- Алмада бадам піспейді.
- Алушы мал таныса,сатушыға не тұрыс?
- Арзанның сорпасы татымас
- Алшаң- алшаң басқаным,
Ақ дамбалдың арқасы. - Аузын ашпай – жарлы өлер,
Көзін ашпай – малды өлер. - Алтын тыққан адам аштан өлер.
- Астық жоқ жылы тіленші қыстайды.
- Алтын табылса, түйірге түйіншек табылмайды.
- Ақша болса, алақанда сорпа қайнатады.
- Ақша ашпайтын құлып жоқ.
- Ақшада көз жоқ
- Байдан жұғар, балдан тамар.
- Барды – жоқты білмейді,
Бал тілейді тамағым - Бай бір борандық,
Батыр бір оқтық. - Бай болған адам бақырып болмайды.
- Бай болып көргенім жоқ,
Жарлы болып өлгенім жоқ. - Бай балпаң келер,
Жарлы қалтаң келер. - Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа,
Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа. - Бай мейірінен – күн мейірі.
- Бай тойғанына кекіреді,
Жарлы аштығына секіреді. - Байды Құдай атқаны-
Жабағы жүнді сатқаны. - Байдың бір жоқтығы бар,
Жабағы жүнді тоқтығы бар. - Базар –бай,алушы-кедей.
- Байдан сәурік,жарлыдан байтал.
- Бардың базары жанында.
- Берекелі дәулет кеш келер.
- Бай барын бермес,
Жоқ қарап тұрмас. - Бір жоқты-бір жоқ табады.
- Барынан –жоғы ,ашынан –тоғы.
- Бір теңге бие болмас,екі теңге түйе болмас.
- Бір ердің дәулетіне қырық адам мас болады.
- Байлықтың атасы-еңбек,анасы-жер.
- Бадың малы-теңіз,ептен жемеген –доңыз.
- Баймен жарысып базарға барма.
- Балықшының аты шөлден өліпті.
- Бай ауызында семіз сөз.
- Бай да мінер бір атқа,кедей де мінер бір атқа,
- Бірі кемнің бәрі кем.
- Барға мәзір,жоққа сабыр.
- Байдан бақ таярда азынатып айғыр мінеді.
- Барымен базар,жоқты қайдан қазар.
- Бірде-көл,бірде-шөл.
- Байдан пайда құтылмас.
- Бай байға құяды,сай сайға құяды.
- Жаралы пақыр жамауына қуанар.
- Жарлының аузы аққа тисе,мұрын қанайды.
- Жарлылығын жасырған байымас.
- Жетіскен жеті шапан киер.